400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

1-Қыркүйек білім күні

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: « 1-қыркүйек – білім күні».

Мақсаты: Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу,сезіну.Білімге деген құштарлықтарын арттыру, еліміздің білімді, азаматын елжандылыққа тәрбиелеу. Елін сүйген, елі сүйген елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.Балаларға патриоттық тәрбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу. Балалардың қызығушылықтарын ояту.

Көрнекі-құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері, Әнұран,Елтаңба, Н.Ә. Назарбаевтың портреті.Шарлар,гүлдер.

Әдіс тәсілі: сұрақ жауап, түсіндіру, әңгімелесу т.б.

Оқу қызметінің барысы: Мемлекеттік әнұранды орындау.

Тәрбиеші: Балалар,бүгін бізде ерекше күн,бүгінгі оқу қызметімізде білім күніне,бірінші қыркүйек күніне арналған. 1-ші қыркүйек күні барлық балабақшаларда,мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін,яғни оқушылар үшін және біздер үшін,ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады.Әр бір мектептерде,балабақшаларда,басқа дабілім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады (тәрбиеші қоңырау соққан баланың суретін көрсетеді)

Осы тұңғыш қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады.Балалар жақсы,білімді,тәрбиелі азамат болу үшін,ерінбеи оқу оқып,білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп,сабақ оқып,тәрбие алу керексіңдер.

Балалар,біз екінші кіші тобында оқу оқығанда біздің Қазақстан Республикасының рәміздері жайында білім алғанбыз,ендеше есімізге түсірейікші, біз қандай Қазақстан рәміздерін білеміз.

(балалардың жауабын тыңдау)

Тәрбиеші: Дұрыс,әнұран,елтаңба,ту.

Балалар,айтыңдаршы,біз қай Республикада тұрамыз?

Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.

Тәрбиеші: Дұрыс.Қазақстан Республикасының президенті кім?

Балалар:Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Тәрбиеші: Өте жақсы. Біздің Қазақстан Респкбликасының елордасы қай қалада?

Балалар: Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласы.

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Айтыңдаршы, біз қай қалада туып,өмір сүріп жатырмыз?

Балалар: Біз Тараз қаласында туып өмір сүріп жатырмыз.

Тәрбиеші: Балалар,аитыңдаршы, біздің балабақшамыздың аты қалай?

Балалар: №19-бөбекжай бақшасы.

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар.Сендер өздеріннің Республикаларын,рәміздер жайында,елорда жайында барлығын білесіңдер.

Тәрбиеші: Отанды біз атамекен деп аялап атаймыз.

Өйткені оны мекен еткен,бабамыз бен атамыз.

Отанды әркім анасындай,қастерлейді бағалап

Өйткені Отан анасындай, бізді өсіріп аялап.

Тәрбиеші: Міне,осындай тату тәтті,бақытты мемлекетте біз өмір сүріп жатырмыз.Ендеше біз бүгінгі мерекеге арналған өлең тақпақтарымызбен сабағымызды жалғастырайық.

Ойын: «Менің сүйікті балабақшам».

Мақсаты: Балалардың сөздік қорын байыту, баиланыстырып сөйлеуге үйрету, өз туған жерлеріне, елдеріне, балабақшаларына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Тәрбиеші: Міне, балалар, осы күннен бастап бізде күнделікті оқу қызметтеріміз, қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз басталады.

Әрқашан бүгінгідей жақсы көңілмен, барлығын үйренеміз деген мақсатпен балабақшаларыңа келулеріңе тілектеспін. Бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатысқандарың үшін көп рахмет. Бүгінгі 1-ші қыркүйек – білім күніне арналған оқу қызметіміз осымен аяқталады.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
25 ақпан
538
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі