Материалдар / 1 қыркүйек "Білім күні"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

1 қыркүйек "Білім күні"

Материал туралы қысқаша түсінік
1 қыркүйек "Білім күні" туралы тәрбиеленушілерге мағлұмат беру.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Білекті бірді жығар – білімді мыңды жығар»

Мақсаты: Балаларға 1 –Қыркүйек күні – білім күні жайында түсінік беру.

Әдіс тәсілдер: Өз туған елдеріне, жерлеріне, балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Көрнекілік, сөздік, сұрақ жауап.

Ойын түрі: Құрылымдалған

Тақырыбы: Мақалдың жалғасын тап

Мақсаты: . Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету.

Бақылау: Жаппай бақылау

Саралау: Нәтиже. Диалог сұрақтар қолдану

4 К моделі:

Бала үні:

сөздік: Білім – образование, мұғалім – учитель, тәрбиеші –воспитатель.

Кіріспе бөлім.

«Достық шеңбері»

Кел достарым, келіңдер

Қолдарыңды беріңдер

Шаттық толы шеңберге

Қуанышпен еніңдер

  • Арайлаған таңды сүйетін кім?

  • Мен

  • Ата ананы сүйетін кім?

  • Туған жерді сүйетін кім?

  • Мен

  • Еліміздің болашағы кімдер?

  • Біздер

Мемлекеттік ән ұранды орындау.

Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн, бүгінгі оқу қызметіміз білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1 – қыркүйек күні барлық балабақшада, мектептерде сабақтар басталады . Бұл күн сендер үшін, яғни оқушылар үшін және біздер үшін, ұстаздар үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерінде алғашқы қоңырау соғылады. (Тәрбиеші қоңырау соққан баланың суетін көрсету).

Осы алғаш қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер.

Халық айтқандай: «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»: «Білім инемен құдық қазғандай».

Және балалық шақтан бастап еңбек етуге бейімделу керек.

Балалар, біз ораңғы тобында оқу оқығанда біздің Қазақстан Республикасының рәміздері жайында білім алғанбыз, ендеше есімізге түсірейікші, біз қандай Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз.

(Балалардың жауабын тыңдау)

Тәрбиеші: Дұрыс , әнұран, елтаңба, ту.

Балалар айтыңдаршы, біз қай Республикада тұрамыз?

Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.

Тәрбиеші: Дұрыс. Қазақстан Республикасының ел басы кім?

Балалар: Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.

Тәрбиеші: Президенті кім ?

Балалар: Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев

Тәрбиеші: Өте жақсы. Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қалада?

Балалар: Қазақстан Республикасының елордасы Нұрсұлтан қаласы.

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Айтыңдаршы балалар, біз қай қалада туып, өмір сүріп жатырмыз?

Балалар: Біз Жетісай қаласында туып, өмір сүріп жатырмыз.

Тәрбиеші: Балалар айтыңдаршы біздің балабақшамыздың аты қалай?

Балалар: «Алпамыс батыр» балабақшасы.

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Сендер өздеріңнің қайда тұратындарыңды, рәміздеріңді білесіңдер.

Ендеше біз бүгінгі білім күніне арналған өлең тақпақтарымызбен ұйымдастырылған оқу қызметімізді

жалғастырайық.



Еркежан

Бүкіл елде басталып бүгінгі жыр

Бақ қоңырау шақырып ұғымдыны

Білім – ғылым бастауы мерекелі

құтты болсын бүгінгі білім күні!

Мүсілім

Білім керек бәріне,

Балалардың бәріне.

Білім болса егер де,

Жолың болады өмірде.

Білім керек әрқашан,

Өмір бойы бәріне.

Абзал

Балабақша базарлы үй

Ауылдағы ажарлы үй

Күлкісі бар шуақты

Өз үйіміз сияқты

Үйретеді мектепке.

Нұртас

Білім менің ертеңім

Өсу үшін өркенім

Жүзем оқу айдында

Жайып білім желкенін.

Мерей

Шырылдаған тыным алмай,

Қоңыраудың үні қандай,

Мақсатына жетеме адам,

Оқу оқып білім алмай.

Бекасыл

Ғылымның көп тас қамалы

Ғылымдықта асқарлы

Бар білімнің нұр бастауы

Балабақшадан басталады.

Рамазан

Берекесін сыйлауға

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға

Шақырады біздерді.

Айшанұр

Сайрап көңіл бұлбұлы, Соғылады бұл күні,

Гүлге толып омырау. Ең алғашқы қоңырау.

Әлиасқар

Туған ана тілің де,

Қасиетті дінің де,

Көкейіңе ұялар,

Құштар болсаң білімге.

Балым

Сәлем, саған балабақшам,

Алғыстарың көп менің.

Оқу, білім , тәрбие

Ой санама еккенің.

Нұртас

Білім менің ертеңім

Өсу үшін өркенім

Жүзем оқу айдында

Жайып білім желкенін.

Нұрасыл Әбілқасым

Қиындықтан өтуге

Армандарға жетуге

Білім алам ерінбей

Еліме қызмет етуге.

Сезім

Кел балалар оқылық !

Оқығанды көңілге

Ықыласпен тоқылық,

Оқысаңыз балалар

Шамнан шырақ жағылар,

Тілегенің алдыңнан

Іздемей – ақ табылар.

Мерей

Шырылдаған тыным алмай,

Қоңыраудың үні қандай,

Мақсатына жетеме адам ,

Оқу оқып білім алмай.

Айжан

Балабақша есігін

Үшке тола ашқанбыз

Балапандай мәпелеп

Өсіруде бақшамыз.

Бекасыл

Ғылымның көп тас қамалы

Ғылымдықта асқарлы

Бар білімнің нұр бастауы

Балабақшадан басталады.

Нұрали

Кел – кел досым бақшаға

Естимісің үнімді.

Сауат ашып, тіл дамытып

Үйренейік білімді

Тәрбиеші: - Балалар сендермен мақалды жалғастыр ойынын ойнаймыз.

Шарты мен мақалдың басын айтамын сендер жалғастырасыңдар, жарайма?

Балалар: - ия

Тәрбиеші: Балалар:

  1. Білім басы – бейнет, соңы зейнет.

  2. Оқығаныңды айтпа, тоқығаныңды айт.

  3. Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір.

  4. Білім арзан, білу қымбат.

  5. Күш - білімде, білім кітапта.

Тәрбиеші: Міне, балалар, осы күннен бастап бізде күнделікті сабақтарымыз, қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз басталады.

Әрқашан бүгінгідей жақсы көңілмен, барлығын үйренеміз деген мақсатпен балабақшаларыңа күнделікті келулеріңе тілектеспін.

Сергіту сәті:

КӨҢІЛ КҮЙ

Шығармашылық орталық

Қоңырауды жапсыру

Бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатысқандарың үшін көп рахмет. Бүгінгі 1 – ші қыркүйек – білім күніне арналған ашық оқу қызметіміз осымен аяқталды.

Күтілетән нәтиже:

Біледі: Бірінші қыркүйек білім күні екенін.

Түсінеді: Білім арзан, білу қымбат екенін.







































Конституция күні

Тақырыбы: «Ата Заң – Азат елдің ар намысы»

Мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, құқықтық сауаттылыққа және ұлтжанды ұрпаққа тәрбиелеу.

Әдіс – тәсілдер: Түсіндіру, сұрақ – жауап, өлең, би, сурет салу, сергіту.

Ойын түрі:

Тақырыбы:

Мақсаты:

Бақылау:

Саралау: Заттық кеңістік ортаны ұйымдастыру.

4К моделі:

Бала үні:

Барысы:

Ән ұран: Хор

Шаттық шеңбер

Кел достарым, келіңдер

Қолдарыңды беріңдер

Шаттық толы шеңберге

Қуанышпен еніңдер

  • Арайлаған таңды сүйетін кім?

  • Мен

  • Ата ананы сүйетін кім?

  • Туған жерді сүйетін кім?

  • Мен

  • Еліміздің болашағы кімдер?

  • Біздер

Тәрбиешінің сөзі:

Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егемен мемлекет. Еліміз тәуелсіздікті 1991 жылыалды.

Қазақстан Республикасының Конституциясы – Қазақстанның ата заңы.

Конституция 1995 жылы 30 тамызда бүкіл халықтық дауыс беру арқылы қабылданды.

Заңға бағыну тәртіп, тәртіп бар жерде тәрбие, тиянақтылық сияқты адамға тән қасиет бар. Өз отанын танып сүюі, өз елінің азаматтық борышын орындауы.

  • Балалар біз қай елде, қандай мемлекетте тұрамыз?

  • Қазақстан Республикасында тұрамыз.

  • Қазақстан елордасы қай қала?

  • Нұрсұлтан

  • Елбасымыз кім?

  • Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

  • Біз Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе?

  • Иә, Олар: Ән ұран, Ту, Елтаңба.

Шығармашылық жұмыс:

Ал енді балалар қағаз бетіндегі салынған тудың суретін сауатты бейнелеп үйренеміз.

Мемлекеттік ту ортасында сәуле тараған күн бейнеленген, күннің астында халықтаған дала қыраны бар, Ағаш сабына бекітілген тұста ұлттық оюлармен кестеленген. Күн, қыран, және ою өрнек алтын түсті қып бейнелейміз, ал туды аспан түстес түспен бейнелейміз.

Сергіту сәті:

« Көңілді күн»



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!