Тақырыбы: «1-қыркүйек-білім күні».
Мақсаты: Балаларға 1-қыркүйек күні-білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне,балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету.
Көрнекі-құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері, суреттер.
Мемлекеттік әнұранды орындау.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн,бүгінгі оқу қызметімізде біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1-ші қыркүйек күні барлық балабақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады.
Осы тұңғыш қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер.
Балалар, біз Қазақстан Республикасының рәміздері жайында білім алғанбыз, ендеше есімізге түсірейікші, біз қандай Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз.
(Балалардың жауаптары тыңдалады)
Тәрбиеші: Дұрыс, әнұран, елтаңба, ту.
Балалар, айтыңдаршы, біздің отанымыз қалай аталады? (Балалар:Қазақстан Республикасы)
Тәрбиеші:Өте жақсы балалар! Сендер өздеріңнің Республикаларың, рәміздер жайында, елорда жайында барлығын білесіңдер.
Міне, осындай тату тәтті, бақытты мемлекетте біз өмір сүріп жатырмыз. Ендеше біз бүгінгі мерекеге арналған өлең тақпақтарымызбен оқу қызметін жалғастырайық.
Әбдіхалық. Білім алған өзіңмен,
Дәрігер,ұшқыш, не ғалым.
Саған ыстық сезіммен,
Қарайды жұрт, тәрбиеші.
Зере. Өсті міне бойымыз,
Өсті міне ойымыз.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойымыз.
Әмина. Балабақша есігін,
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай мәпелеп,
Өсіруде бақшамыз.
Н. Кәусар Ғылымның көп тас қамалы,
Ғылымдықта асқарлы.
Бар білімнің нұр бастауы,
Балабақшадан басталады.
Ойын: « Ғажайып сурет »
Мақсаты: Балалардың шығармашылық бағытта қиялын дамыту мақсатында, сурет сырлау
Қорытынды.
Міне, балалар, осы күннен бастап бізде күнделікті оқу қызметтеріміз, қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз басталады.
Әрқашанда бүгінгідей жақсы көңілмен, барлығын үйренеміз деген мақсатпен балабақшаға келулеріңе тілектеспін. Бүгінгі оқу қызметіміз жақсы қатысқандарың үшін көп рахмет. Бүгінгі 1-ші қыркүйек- білім күніне арналған оқу қызметіміз аяқталды.
Маңғыстау облысының
білім басқармасының Қарақия ауданы
бойынша білім
бөлімінің
«Еркемай бөбекжайы» ЖБҚ МКҚК
ЖБҚ МКҚК «Еркемай» бөбекжайы Әдіскер:_________О.Б.Каирхожаева
«1-қыркүйек-білім күні».

Орындаған: Адилбаева Г.
2025ж
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1-қыркүйек білім күні
1-қыркүйек білім күні
Тақырыбы: «1-қыркүйек-білім күні».
Мақсаты: Балаларға 1-қыркүйек күні-білім күні жайында түсінік беру. Өз туған елдеріне, жерлеріне,балабақшасына сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге, сөйлем құра білуге үйрету.
Көрнекі-құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері, суреттер.
Мемлекеттік әнұранды орындау.
Тәрбиеші: Балалар, бүгін бізде ерекше күн,бүгінгі оқу қызметімізде біздің білім күніне, бірінші қыркүйек күніне арналған. 1-ші қыркүйек күні барлық балабақшаларда, мектептерде басқа да білім беру мекемелерде сабақтар басталады. Бұл күн сендер үшін үлкен мереке күні болып саналады. Әр бір мектептерде, балабақшаларда, басқа да білім беру мекемелерде тұңғыш қоңырау соғылады.
Осы тұңғыш қоңыраудан бастап күнделікті оқу басталады. Балалар, жақсы, білімді, тәрбиелі азамат болу үшін, ерінбей оқу оқып, білім алу керек. Ол үшін сендер балабақшаға күнде келіп, сабақ оқып, тәрбие алу керексіңдер.
Балалар, біз Қазақстан Республикасының рәміздері жайында білім алғанбыз, ендеше есімізге түсірейікші, біз қандай Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз.
(Балалардың жауаптары тыңдалады)
Тәрбиеші: Дұрыс, әнұран, елтаңба, ту.
Балалар, айтыңдаршы, біздің отанымыз қалай аталады? (Балалар:Қазақстан Республикасы)
Тәрбиеші:Өте жақсы балалар! Сендер өздеріңнің Республикаларың, рәміздер жайында, елорда жайында барлығын білесіңдер.
Міне, осындай тату тәтті, бақытты мемлекетте біз өмір сүріп жатырмыз. Ендеше біз бүгінгі мерекеге арналған өлең тақпақтарымызбен оқу қызметін жалғастырайық.
Әбдіхалық. Білім алған өзіңмен,
Дәрігер,ұшқыш, не ғалым.
Саған ыстық сезіммен,
Қарайды жұрт, тәрбиеші.
Зере. Өсті міне бойымыз,
Өсті міне ойымыз.
Қуанышқа ортақпыз,
Құтты болсын тойымыз.
Әмина. Балабақша есігін,
Үшке тола ашқанбыз.
Балапандай мәпелеп,
Өсіруде бақшамыз.
Н. Кәусар Ғылымның көп тас қамалы,
Ғылымдықта асқарлы.
Бар білімнің нұр бастауы,
Балабақшадан басталады.
Ойын: « Ғажайып сурет »
Мақсаты: Балалардың шығармашылық бағытта қиялын дамыту мақсатында, сурет сырлау
Қорытынды.
Міне, балалар, осы күннен бастап бізде күнделікті оқу қызметтеріміз, қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз басталады.
Әрқашанда бүгінгідей жақсы көңілмен, барлығын үйренеміз деген мақсатпен балабақшаға келулеріңе тілектеспін. Бүгінгі оқу қызметіміз жақсы қатысқандарың үшін көп рахмет. Бүгінгі 1-ші қыркүйек- білім күніне арналған оқу қызметіміз аяқталды.
Маңғыстау облысының
білім басқармасының Қарақия ауданы
бойынша білім
бөлімінің
«Еркемай бөбекжайы» ЖБҚ МКҚК
ЖБҚ МКҚК «Еркемай» бөбекжайы Әдіскер:_________О.Б.Каирхожаева
«1-қыркүйек-білім күні».

Орындаған: Адилбаева Г.
2025ж
шағым қалдыра аласыз













