Тақырыбы: "1-қыркүйек Білім күні" «Кел ,балалар ,оқылық!»
«Тәуелсіздік-тәңір берген тәтті сый»
Мақсаты:Балаларға 1-қыркүйек күні-білім күні жайында түсінік беру.Конституция күні туралы түсінік беру.Қазақстан республикасының рәмідерімен таныстыру.Өз туған елдеріне, жерлеріне, бөбекжайына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу. Байланыстырып сөйлеуге,сөйлем құра білуге үйрету.
Көрнекі-құралдар: Қазақстан Республикасының рәміздері,суреттер.
Әдіс-тәсілдер: көрнекілік, сөздік, сұрақ-жауап.Слайд
Тәрбиеші: Балалар, жадыраған жаз да аяқталып, күз келді. Бүгін күздің алғашқы күні 1-қыркүйек. 1-қыркүйек білім күні.Бұл ата-аналар үшін де, балалар үшңн де, тәрбиешілер мен ұстаздар үшін де ең бір қуанышты күндердің бірі. Жаз бойы демалған оұушылар сағынышпен мектептеріне оралып жатса, сендер де өз жастарыңа лайықты білім, тәрбие алып жүрсіңдер.
Білімге талпынған балапан қанаттарың қатая берсін. Білім күні құтты болсын!
Гимн. Мемлекеттік әнұранды орындау
Ыбырай Алтынсарин
Кел ,балалар,оқылық!
Бір құдайға сиынып,
Кел, балалар, оқылық ,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық..
Істің болар қайыры
Бастасаңыз аллалап,
Оқымаған жүреді
Қараңғыны қармалап.
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық.
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Негізгі бөлім
Балалар бүгін бізде ерекше күн.Бугін бізде мереке 1-қыркүйек білім күні.Бұл күні бәріміз үшін үлкен мереке болып саналады.Тұңғыш рет қоңырау соғылады.(Қоңырау соғылған баланың суретін көрсетеді.)Балалар білімді тәрбиелі азамат болуы үшін ерінбей оқу оқып,білім алуымыз керек.ол үшін сендер бөбекжайға күнделікті қалмай келіп, оқу қызметтерге қатысуларын керек.
Өмірдің бейбіт бағы бұл
Асудан асып асқарлы
Мінеки биыл тағы бір
Жаңа оқу жылы басталды
Балалар Қазақстан Республикасының Конституция күні 30-тамыз күні болды.Балалар біз еліміздің рәмідерің білемізбе? (Ту,елтаңба,гимн)
(балалардың жауабын тыңдау)
Тәрбиеші: Дұрыс, әнұран, елтаңба, ту.
Балалар, айтыңдаршы, біз қай Республикада тұрамыз?
Балалар: Біз Қазақстан Республикасында тұрамыз.
Тәрбиеші: Дұрыс. Қазақстан Республикасының президенті кім?
Балалар: Тоқаев Қасым Жомарт Кемелевич
Тәрбиеші: Өте жақсы. Біздің Қазақстан Республикасының елордасы қай қалада?
Балалар: Қазақстан Республикасының елордасы Нұрсұлтан қаласы.
Тәрбиеші: Балалар, айтыңдаршы, біздің бөбекжайымыздың аты қалай?
Балалар: «Батыр-2016» бөбекжайы.
Тәрбиеші: Өте жақсы балалар. Сендер өздеріннің Республикаларын, рәміздер жайында, елорда жайында барлығын білесіңдер
Енді балалар,Конституция күніне арналған слайдты қарайық
Балалар қазір біз қызық ойын ойнаймыз «Сұрақ-Жауап» .
Ал сендер тек қана «шапалақтап» немесе «шапалақ соқпай» қалуларың қажет. Мысалы, кім ақылды бала? «3рет шапалақ». Кім жылауық? «тыныштық» түсінікті ме балалар? Олай болса бастайық.
- Кім бүгін балабақшаға келді?
Балалар: «3рет шапалақ».
Жүргізуші: - Кім ерте тұрды, тісін тазалап қолын жуды?
Балалар: «3рет шапалақ».
Жүргізуші: - Кім таңертеңгі дене шынықтыру жаттығулар жасады?
Балалар: «3рет шапалақ».
Жүргізуші: Кім ойыншықты сындырды?
Балалар: «тыныштық»
Жүргізуші: Кім ойыншықпен ойнап, орнына жинады?
Балалар: «3 рет шапалақ»
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар!
Білім күнін жақсы түсініп алу үшін білім күніне арналған слайд көрейік
Балалар сергіп алу үшін ойын ойнайық
Ойын: « Мектеп құралдарын себетке салу»
Шарты: Ортаға 2 баланы шығарып ойнатады, мектеп құралдарын жинайды. Жүргізуші қателігін тапса түсіндіріп, басқа да балаларды шақырады.
Қорытынды бөлім
Балалар бүгін қандай күн?
Міне, балалар, осы күннен бастап бізде күнделікті оқу қызметіміз, қызықты да көп нәрсеге үйренетін күндеріміз басталды.
Әрқашан бүгінгідей жақсы көңілмен, барлығын үйренеміз деген мақсатпен бөбекжайға келулеріңе тілектеспін. Өте жақсы балалар сендер тақырыптық оқу қызметке жақсы қатыстыңдар,жарайсыңдар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"1-қыркүйек Білім күні" «Кел ,балалар ,оқылық!» «Тәуелсіздік-тәңір берген тәтті сый»

шағым қалдыра аласыз