15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 қыркұйек тәрбие сағаты.
Тақырыбы: «Рухани жаңғыру –Еңселі Елорда белестері»
Тәрбие сағатының мақсаты:Оқушылардың туған жеріне, еліне, Елордаға деген, оның бүгіні мен болашағы туралы танымдық көзқарасы артады.Болашаққа деген сенімі, ой-өрісі дамиды.Оқушылар елінің мұрасын қастерлеп, оны жалғастырушы азамат болуға тәрбиеленеді.
Көрнекілік: проектор,слайдтар, видеофильмдер, сөзжұмбақ, флипчарт, түрлі-түсті фломастерлер,жапсырма қағаз.
Барысы:І.Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық дайындық:
Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Жер бетінің ажары ол – сәніміз.
Туған өлке табиғатын аялап,
Ұсынайық жүрек нәрін бәріміз.
II.Қызығушылықты ояту Сұрақ-жауап
1. Біздің еліміз қалай аталады?
2. Рәміздері ата?
4. Бал жинайтын жәндік?
5. Пайдалы қазба
6. Қамбар ата төлі
7. Рәміздердің бірі.
8. Астанадағы Қазақстан символы?
Ендеше бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Рухани жаңғыру - Еңселі Елорда белестері » деп аталады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында өлкетану бағытындағы «Туған жер» бағдарламасын қолға алуды ұсынды. .Осы бағыттың жүзеге асырылуына сендер де туған жерді дәріптеу, құрметтеу арқылы үлес қосаса аласыңдар.
Астана туралы слайдтар көрсетіледі
Қазақстан кеше,бүгін,ертең …
Кеше (өткен тарихқа шолу)
Қазақстан – тәуелсіз, азат ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Қазақ халқы ауыр, қайғыға толы кезеңдерді бастан кешірді. Шолу жасап өтейін.
Жоңғар шапқыншылығы ;1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс;1928-1932 жылдардағы аштық;1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы;
1986 жылғы жерді дүрсілкендірген желтоқсан оқиғасы.
Бұның барлығы да туған жерімізге ауыр жара салды. Қаншалықты биіктеп, өркендесек те біз кешегі тарихымызды ешқашан ұмытпаймыз.
Бүгін (бүгінгі күннің тарихына шолу)
Біздің туып -өскен жеріміз– Қазақстан. Еліміз тәуелсіз, дербес ел атанды. Ел өз қалауымен президентті сайлап, Ата Заңымыз бен мемлекеттік рәміздерді қабылдадық. Ана тіл-қазақ тілі мемлекеттік тіл болып жарияланды. Қазақстанның астанасы – Астана қаласы. Ол күннен күнге жаңарып, жаңа белестерге көтерілуде.
Бүгінгі Қазақстан 2017 жылы Алматы қаласында өткен қысқы Универсиада жане Астана қаласында өткен ЭКСПО көрмесі арқылы, спортшыларымыздың жеткен жетістіктерімен әлем назарына ілігуде.
Еліміз мұнайға, пайдалы қазбаларға өте бай. Қазір ынтымағы жарасқан көптеген ұлттың өкілдері тұрады. Ол бүгінде дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды.
Қазір еліміз алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылу үшін, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қарқынды жұмыстар атқаруда. Мемлекетіміз заман талабына сай заманауи техникалар мен машиналар, өнеркәсіптер күн санап дамып келеді.Біз осы тәуелсіз Қазақстан Республикасының азаматы болғанымызға мақтанамыз.
Ертең «Сұхбат алу» әдісі арқылы ертеңгі күнге болжау жасау
Үш тілділік;Латын әрпіне көшу үлкен жетістіктер әкеледі.
Мектептер,балалбақшалар, мәдени орындар жаңа заман талабына сай салынып, жабдықталады.Халық саны саны көбейіп, жаңа қалалар көбейеді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы толығымен жүзеге асып, дамыған мемлекеттердің ең алдыңғы қатарынан табыламыз.
Мұғалім: Рақмет, балалар! Сендердің ертеңгі күнге деген болжамдарың міндетті түрде жүзеге асырылады. Осы мақсатта елбасымыз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жариялағанын жақсы білесіңдер. - Осы бағдарлама жайлы не айта аласыңдар?
Мемлекет Басшысының «Рухани жаңғыру» жөніндегі бастамасына сәйкес бүгінде еліміздегі тарихи ескерткіштер мен киелі жерлердің мән-маңызы жан-жақты зерделеніп жатыр.Бұл жұмыстардың атқарылу себебі, болашақ ұрпаққа туған жеріміздің тарихын ұмыттырмау, оларға мұра етіп қалдыру. Бұл Отанға, туған жерге, туған елге деген сүйіспеншілік.
Туған жер туалы мақал-мәтел айту.
Шығармашылық жұмыс:
1-топ: «Еңселі Елорда» тақырыбына (сурет салу).
2-топ: «Синквейн» әдісін қолданып «Астана» тақырыбына өлең құрастыру.
Мұғалім: Енді сендердің Туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңді тексеріп көргім келіп тұр. Әр топтан бір оқушы шығып жауап береді («Ыстық орындық» әдісін қолдану).
1.Еліміздің астанасы қай қала?
1. Тәуелсіздігімізді қай жылы алдық? ( 16 желтоқсан 1991 жыл.)
2.Мемлекеттік рәміздерді ата.(ту, елтаңба,гимн)
3.Астанадағы ғимараттарды ата?
2-топ:
1. ЭКСПО көрмесі не жайлы болды?
2. Елордамызды қақ жарып өтетін өзен?
3. Тұңғыш Президент күні қашан?
Қорытынды сөз: Алда әлі ұзақ жол, үлкен асулар бар. Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім, талант пен талап керек. Қазақ елінің абыройын асырып, мерейін үстем етер, әлем таңғалар, талай - талай жаңалық ашар білімділер керек. Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік.
“Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та бар қалан!”- деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен сабағымды аяқтаймын.Рефлекция Оқушылар сабақтан алған әсерлерін түрлі-түсті стикерге жазып, «Білім ағашына» іледі.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген