жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
1 санын қосу және азайту
10-сабақ 1-сынып
Математика
Тақырыбы: 1 санын қосу және азайту.
Мақсаты
1.Білімділігі: Сан қатарының қасиетіне сүйеніп, 1 санын қосу және азайту
тәсілімен таныстыру. Санға 1-ді қосу үшін келесі санды атау,
1-ді азайту үшін алдыңғы санды атау жеткілікті болатыны
туралы қорытындыны тұжырымдау.
2. Дамытушылығы: Математикалық ойлауын дамыту.
3.Тәрбиелілігі: Жеке тұлғаның танымдық қабілетін қалыптастыру.
Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Сабақ типі: Жаңа материалды игерту сабағы.
Көрнекілігі: Электронды оқулық, Кеспе сандар, Қалталы полотно,
Ойындар үшін заттар.
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру. Көңіл-күй ахуалы.
Балалар назарын тақтаға аудару.
А) Геометриялық фигураларды қайталау. (слаид)
Б) Тыныштық сәті. Көзді жұмып, ойша 0-10 сандарын санату.
2. Ойын «Өз орныңды тап»
Балаларға сандар беріледі. Әр бала қолындағы санға қарап өз орнын тауып тұрады. Сол санның көршілерін атайды. Сан қатары екені айтылады. Тура, кері санау. №3
Ойын «Жоғалған санды тап» (слаид)
1 * 3 4 * 6 7 * 8 * 10
Қайталау. * сан қатары,
* натурал сандар,
* бір таңбалы сандар,
* екі таңбалы сандар
0 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 - сан қатары
2 3 4 5 6 7 8 9 – бір таңбалы сандар
10 – екі таңбалы сан
3. Білімді еске түсіру.
А) Оқушылар өздерінің орындарынан жауап береді. Қолдарындағы санды көтереді.
4 санынан 1-еуі артық сан - 5
10- санынан 1-еуі кем сан - 9
7 санынан 1-еуі артық сан - 8
1-санынан 1-еуі кем сан - 0
4. Электронды оқулықпен түсінік беру.
1-ді қосу және азайту.
5. Мәселе қою.
Санға 1-ді қосқанда не шығады?
Саннан 1-ді азайтқанда не шығады?
(Оқушылар ой қорытуы тиіс)
6. Оқулықпен жұмыс. (82-83-бет)
№1. Суретпен жұмыс. Қыс мезгілі туралы әңгіме жүргізу. (слайд)
–Қазір қай мезгіл?
-Қыста қандай ойын ойналады?
-Қалай ойнайды?
-Төбешікте неше бала жүр? 5
-Неше бала келе жатыр? 1
-Сонда нешеу болады? 6 5+1=6 (теңдігін тақтаға жазғызу.)
1+5=6 (ережені қайталау)
-Біреуі сырғанап түсіп кетті. Неше бала қалды? 6-1=5 (қорыту)
№2 Электронды оқулықтан тапсырма орындау.
1+1=2 2-1=1
2+1=3 3-1=2
3+1=4 4-1=3
4+1=5 5-1=4
5+1=6 6-1=5
6+1=7 7-1=6
7+1=8 8-1=7
8+1=9 9-1=8
9+1=10 10-1=9
7. Сергіту.
Музыка тыңдау. «Егемен Қазақстан» әні. Оқушыларға сұрақ қою.
-Бұл ән не туралы?
-Әнді тыңдағанда қандай сезімде болдыңдар?
( Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі туралы әңгімелеу.)
8. Дәптермен жұмыс. 55-бет.
№1 Машиналар мен ұлулар жарысында ретімен сандар қатарын жазу.
2 3 4 5 6 7 8 9 10
9 8 7 6 5 4 3 2 1 ------ Бұлар Натурал сандар.
№2 Мысалдың мәнін өз беттерінше табады.
1 + 2 1 + 3 1 + 4 1 + 5
2 – 1 4 – 1 5 – 1 6 - 1
1 + 6 1 + 7 1 + 8 1 + 9
№3 Қолдың моторикасын дамыту үшін жүргізілетін тапсырма.
1 санын дұрыс жазу.
Оқулықтан көшіріп орындау.
№5 Қалып қойған санды орнына қояды. «Ұтыс» ойыны егер де оқушы қалып қойған санды тез таба білсе, онда ұтысты ұтып алады. Ұтысқа фишкалар тігіледі.
10 ═ 1 + * 9 ═ 1 + * 8 ═ 1 + * 7 ═ 1 + *
6 ═ 1 + * 5 ═ 1 + * 4 ═ 1 + * 3 ═ 1 + *
9. Сабақты аяқтау, бекіту.
-Бүгін не үйрендік?
10. Қорытындылау.
Сабақтың
тақырыбы: Ондықтарды салыстыру.
Сабақтың
мақсаты:
Ондықтарды салыстыруды үйрету.
Ондықтарды
атауды,
жазуды,
азайту білігін тиянақтау.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: есептерді шығару білігін, есептеулер дағдыларын арттыру.
Тәрбиелік:
еңбекқорлыққа, шапшаңдыққа, ұжымдағы
ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Дамытушылық:
Логикалық
ойлау қабілеттерін, есте сақтау
қабілеттерін дамыту. Танымдық
белсенділіктерін арттыру.
Сабақтың
түрі: саяхат сабақ.
Сабақтың
типі: жаңа сабақ.
Сабақтың
әдістері: түсіндіру, талдау, практикалық,
көрнекілік.
Сабақтың
көрнекілігі: кесте, суреттер, дидактикалық
материалдар, үлестірмелер.
Сабақтың
барысы:
І.Сабақтың басталуын ұйымдастыру.
А) зейіндерін аудару
Ә) психологиялық дайындық
ІІ. Өткенді еске түсіру
М:-23 қандай сан?
О: - Екі таңбалы натурал сан.
М: -Қандай натурал сандарды бір таңбалы натурал сандар деп атайды?
О: 1 2 3 4 5 6 7 8 9
М:- Натурал емес бір таңбалы сан бар ма?
О: - 0
ІІІ. Жаңf материалды меңгерту
Бірліктерді салыстырғандай ондықтарды да салыстыруға болады.
2>1 4<6 6=6
20>10 40<60 60=60
2 см <3см 20 см < 30 см 6 дм > 4 дм 60 дм > 40 дм
Бүгінгі сабағымызды саяхат түрінде өткіземіз. «Жануарлар ауруханасына» саяхатқа шығамыз. Ол аурухананың әрбір бөлмесіндегі жануарлардың жарақатын тапсырмаларды орындау арқылы жазатын боламыз. Сабақта белсенділік танытып, есептерді қатесіз шығарған балаларға Айболит дәрумендер береді.
«5 » - 5-тен жоғары дәрумен жинаса
«4» -3,4 дәрумен
«3» - 2 дәрумен
IV. Дәптермен жұмыс
А) күн жадын жазу
Ә) көркем жазу минуты
40
V. Оқулықпен жұмыс
-Бірінші бөлмедегі түлкінің жарақатын жазайық. Ол үшін тапсырмасын орындау керек.
№2
2 < 3 8 >5 6 =6
20 < 30 80 >50 60 =60
2 см< 3 см 8 см > 5 см 60 см > 6 дм
2 дм < 3 дм 80 см > 50 см 0 см <1 дм
8 дм > 6 дм 20 см > 2 дм 5 см <9см
-Балалар, түлкінің дәкесін Айболитке жөнелтейік. Енді екінші бөлмедегі қояннын да жарақатын жазайық. Ол үшін тапсырмасын орындау керек.
№3
Шешуін 30-10=20 түрінде жазу үшін әр есепте нені өзгерту керек?
А) бірінші жүйекке екіншідегіге қарағанда неше көшет артық отырғызылды?
1
-жүйек
– 30 к ? артық
2-жүйек – 10 к
Ш: 30-10=20 (к)
Ж: 20 көшет артық
Ә) есептің шартына өзгеріс (10 көшет кем) енгізу керек.
1
-жүйек
– 30 к
2-жүйек – ? 10-ы кем
Ш: 30-10=20 (к)
Ж: 20 көшет
Б) есептің сұрағы өзгеріледі. Бірінші жүйеккке екіншідегіге қарағанда неше көшет кем отырғызылды?
1
-жүйек
– 10 к ? кем
2-жүйек – 30 к
Ш: 30-10=20 (к)
Ж: 20 көшет кем
-Балалар, екінші бөлмедегі қоянның дәкесін Айболитке жөнелтейік.
VI. Сергіту сәті
Ұзын мұртты құмырсқа
Бара жатты жұмысқа
Допты алып қолына
Қойды оны жолына.
VII. – Үшінші бөлмедегі құрттын жарақатын жазуға көмектесейік.
«Кім жылдам?» ойыны
Оқушылар, бойымызды сергіттік. Енді ойымызды да бір сергітіп жіберейік. Әр қатарға өрнектер жазылған үлестірме таратылады, сол өрнекті жұппен жұмыс жасай отырып, артқы партадағы оқушыларға беру керек. Ең соңғы партадағы оқушылар мәнін тақтаға келіп жазу керек.
4+6-1-3+2=8
VIIІ. – Төртінші бөлмедегі қонжықтың жарақатын жазуға көмектесейік.
Суреттегі фигураларды атаңдар. Неше үшбұрыш бар? Неше төртбұрыш бар? Неше кесінді бар?
IX. - Бесінші бөлмедегі күшікке де көмек берейік.
№4
8+1=9 9-1=8 6+1=7
8 онд.+1 онд.=9 онд. 9 онд.-1 онд.=8 онд. 6 онд.+1 онд.=7 онд.
80+10=90 90-10=80 60+10=70
8 см+1 см=9 см 9 см-1см=8 см 6 см+1 см=7 см
8 дм+1 дм=9 дм 9 дм-1 дм=8дм 6 дм+1 дм=7 дм
X. Үйге тапсырма
№2 57 бет
XІ. Бағалау.
Жинаған дәрумендері арқылы бағалау.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген