1-сынып
Математика
Тақырыбы:
1 санын қосу және
азайту.
Мақсаты
1.Білімділігі: Сан қатарының
қасиетіне сүйеніп, 1 санын қосу және азайту
тәсілімен таныстыру. Санға
1-ді қосу үшін келесі санды атау,
1-ді азайту үшін алдыңғы
санды атау жеткілікті болатыны
туралы қорытындыны
тұжырымдау.
2. Дамытушылығы:
Математикалық ойлауын дамыту.
3.Тәрбиелілігі: Жеке
тұлғаның танымдық қабілетін қалыптастыру.
Салауатты өмір сүруге
тәрбиелеу.
Сабақ типі:
Жаңа материалды игерту
сабағы.
Көрнекілігі:
Электронды оқулық, Кеспе
сандар, Қалталы полотно,
Ойындар үшін
заттар.
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру. Көңіл-күй ахуалы.
Балалар назарын тақтаға
аудару.
А) Геометриялық фигураларды
қайталау. (слаид)
Б) Тыныштық сәті. Көзді
жұмып, ойша 0-10 сандарын санату.
2. Ойын «Өз
орныңды тап»
Балаларға сандар беріледі.
Әр бала қолындағы санға қарап өз орнын тауып тұрады. Сол санның
көршілерін атайды. Сан қатары екені айтылады. Тура, кері санау.
№3
Ойын «Жоғалған санды тап»
(слаид)
1 * 3 4 * 6 7 * 8 *
10
Қайталау. *
сан қатары,
* натурал сандар,
* бір таңбалы
сандар,
* екі таңбалы сандар
0 1 2
3 4 5 6 7 8 9 10 - сан қатары
-
2 3 4 5 6 7 8 9 – бір таңбалы
сандар
10 –
екі таңбалы сан
3. Білімді еске
түсіру.
А) Оқушылар өздерінің
орындарынан жауап береді. Қолдарындағы санды көтереді.
4 санынан 1-еуі артық сан -
5
10- санынан 1-еуі кем сан -
9
7 санынан 1-еуі артық сан -
8
1-санынан 1-еуі кем сан -
0
4. Электронды оқулықпен
түсінік беру.
1-ді қосу және
азайту.
5. Мәселе
қою.
Санға 1-ді қосқанда не
шығады?
Саннан 1-ді азайтқанда не
шығады?
(Оқушылар ой қорытуы
тиіс)
6. Оқулықпен жұмыс. (82-83-бет)
№1. Суретпен жұмыс. Қыс мезгілі туралы әңгіме жүргізу.
(слайд)
–Қазір қай мезгіл?
-Қыста қандай ойын ойналады?
-Қалай ойнайды?
-Төбешікте неше бала жүр? 5
-Неше бала келе жатыр? 1
-Сонда нешеу болады? 6 5+1=6 (теңдігін тақтаға
жазғызу.)
1+5=6 (ережені қайталау)
-Біреуі сырғанап түсіп кетті.
Неше бала қалды? 6-1=5 (қорыту)
№2 Электронды оқулықтан
тапсырма орындау.
1+1=2 2-1=1
2+1=3 3-1=2
3+1=4 4-1=3
4+1=5 5-1=4
5+1=6 6-1=5
6+1=7 7-1=6
7+1=8 8-1=7
8+1=9 9-1=8
9+1=10
10-1=9
7. Сергіту.
Музыка тыңдау. «Егемен Қазақстан» әні. Оқушыларға
сұрақ қою.
-Бұл ән не туралы?
-Әнді тыңдағанда қандай сезімде
болдыңдар?
( Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі
туралы әңгімелеу.)
8. Дәптермен жұмыс. 55-бет.
№1 Машиналар мен ұлулар жарысында ретімен сандар
қатарын жазу.
-
2 3 4 5 6 7 8 9 10
-
9 8 7 6 5 4 3 2 1 ------ Бұлар Натурал
сандар.
№2 Мысалдың мәнін өз беттерінше табады.
1 + 2 1 + 3 1 + 4 1 + 5
2 – 1 4 – 1 5 – 1 6 - 1
1 + 6 1 + 7 1 + 8 1 + 9
№3 Қолдың моторикасын дамыту үшін жүргізілетін
тапсырма.
1 санын дұрыс жазу.
Оқулықтан көшіріп орындау.
№5 Қалып қойған санды орнына қояды. «Ұтыс» ойыны
егер де оқушы қалып қойған санды тез таба білсе, онда ұтысты ұтып
алады. Ұтысқа фишкалар тігіледі.
10 ═ 1 + * 9 ═ 1 + * 8 ═ 1 + * 7 ═ 1 +
*
6 ═ 1 + * 5 ═ 1 + * 4 ═ 1 + * 3 ═ 1 +
*
9. Сабақты аяқтау, бекіту.
-Бүгін не үйрендік?
10. Қорытындылау.