(С) Ширату
жаттығуы
Шарты: Оқушыларды
ортаға шақырамын. Қолдарына сандар жазылған карталар таратып
беремін де ретімен тұруларын
өтінемін.
-Неліктен бұл ретпен
тұрдыңыздар?
Осы тұрған ретпен
тура және кері санап шығуды
ұсынамын.
- Сандардан
заңдылықтар көрініп тұр ма?
-Балалар біз сапта
тұрып нені анықтадық?
Рақмет,
тамаша!
Олай болса
бүгін 20 көлеміндегі сандардың/
100-ге дейінгі ондықтардың тізбегін құрамыз, суреттер, фигуралар,
белгілер, 100-ге дейінгі сандар тізбегіндегі заңдылықтарды
анықтаймыз.
(МК) Заңдылық
туралы түсінік беру. /слайдта/

(МК.С) Оқушылармен бірлесе отырып сынып
бөлмесіндегі сануға болатын заттарды зерттеп шығамыз.(3 терезе, 3
жылу батереясы, 2 жарық шамы, 2 шкаф, 12 парта, 13орындық, 1 үстел,
1 тақта т.б.) Санап шығуларын
өтінемін.
-Не
анықтадыңыздар?
- Енді осы заттарды екіден
санап көрейік?
- Екіден санай отырып нені
анықтадыңыздар?
- Енді үштен санап
көрейік?
Мүмкіндігі жоғары оқушылардан
үшеуден санауды сұраймын. Оқушылардан үшеуден санайтын заңдылықты
қалай анықтауға болатыны туралы ұсыныстарын сұраймын. Оқушыларға
эксперимент жасауға мүмкіндік беремін және өздерінің жаңалықтарымен
бөлісуге шақырамын.
|