жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
1 сынып . Б дыбысы мен әрпі
Пән:Жатылыстану Мектеп: №58жалпы орта мектеп Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Тірі табиғат» Бөлімше: 2.1 Өсімдіктер Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Муташова Қ Сынып: 1сынып Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
|
|
Сабақ тақырыбы |
Өсімдіктердің тіршілігіне не қажет? |
Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты |
1.2.1.4 өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу; |
Сабақ мақсаттары |
Барлық оқушылар:өсімдіктердің тіршілігіне қажет жағдайларды зерттейді Оқушылардың басым бөлігі:қоршаған әлемнің құбылыстарын, үдерістерін және нысандарын зерттеудің қажеттілігін түсінеді. Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады. |
Бағалау критерийлері |
Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды (ауа, су, жарық, жылу, қорек) анықтайды . Өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды табиғат құбылыстарымен сәйкестендіреді. |
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар орындай алады: Өсімдікке қандай жағдайлар керек екенін айтады. Сыныптағы диалог/жазылым үшін тіл стилі. Талқылауға арналған сұрақтар:
|
Құндылықтарды дарыту |
Мәңгілік ел №1- Қазақстанның Тәуелсіздігі және Астана Еліміздің табиғатын сүюге,тазалықты сақтауға үйрету |
Пәнаралық байланыстар |
Көркем еңбек.музыка,математика |
АКТ қолдану дағдылары |
Ақпаратты сын тұрғысынан және білікті түрде бағамдау. Ақпаратты қолдану және басқару |
Бастапқы білім |
Өсімдік түрлерін ажырата алады |
Сабақ барысы:
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
Сабақтың басы 2минут
1минут |
Жаңа топ құру Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Ғажайып жылулық шынжыры» жылулық шеңбері Балалар бір-бірінің қолдарынан гүл ұстап,жылы күлкілерімен бір-біріне тілек айтып сыйлайды. Сөл гүлдердің аттарымен топтасады. Әр оқушыға қандай гүл шоғы ұсынылды сол гүлдің атауларымен топтасады.
|
Түсті қағаздан жасалған гүлдер
|
Сабақтың ортасы 10минут
Сергіту сәті 2минут
10минут
10минут
|
Ширату тапсырмасы. ж.ж Белсенді оқу тапсырмалары «Көршіңе әңгімелеп бер» әдісі Бұл әдіс оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады. Сурет бойынша өсімдікке не қажет екенін топта талдайды.Сұрақ қойылады,талданады. 1-тапсырма. Өсу үшін өсімдікке не қажет? Тиісті сөздерді тауып, суретпен байланыстырып сызыңыз. Екі суреттегі өсімдіктерді салыстырыңдар. Қандай айырмашылықтарын байқадыңдар? Осы сұрақты жұппен талдап, өздерінің жасаған болжамдарының дұрыстығын дәлел деуді тапсырыңыз.
СУ ЖАПЫРАҚ АУА ҚОРЕК ЖЫЛУ КӨЛЕҢКЕ ЖАРЫҚ ТОПЫРАҚ
Дескриптор: - өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды анықтайды; - тиісті сөздерді тауып, суретпен байланыстырып сызады.
Қ.б. Бас бармақ арқылы бағалау жүргізіледі Видиоролик арқылы билету
2-тапсырма Саралап оқыту тәсілімен Т. Ж. «Тапқыр достар» әдісі арқылы жүргіземін. Мақсаты:Топта белсенді жұмыс жасау арқылы өсімдікке не керек екенін табады. 2-тапсырма.Суретке мұқият қараңыз. Қай өсімдіктердің қандай жағдайда өскенін анықтап, сәйкес сөздермен байланыстырып сызыңыз және түсіндіріңіз.
ЖАРЫҚ ЖЕРДЕ СУСЫЗ ЖЕРДЕ ҚАРАҢҒЫ ЖЕРДЕ Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларын орындау Дескриптор: Барлық оқушылар: - суреттегі өсімдіктердің қандай жағдайларда өскенін анықтайды және тиісті сөздермен байланыстырады; Оқушылардың басым бөлігі: бөлме өсімдіктерімен қарапайым тәжірибе жасайды; Кейбір оқушылар: - тәжірибенің нәтижесін салыстыра отырып, сипаттайды. Қ.б. Күлегештермен бағалау жүргізіледі.
Зерттейік Ұ.Ж М.К Өсімдіктерге өсу үшін не қажет?
Ұзақ мерзімді жұмыс. Өсімдіктерге қажетті жағдайларды анықтау үшін қарапайым тәжірибе жасап көріңіз. Ол үшін: 1. Үш түрлі бөлме өсімдігін таңдап алыңыз. 2. Олардың екеуін жарық жерге, үшіншісін қараңғы жерге қойыңыз. 3. Жарық жердегі өсімдіктердің біреуін мүлдем суармаңыз. 4. Қараңғы жердегі өсімдікке күтім жасап жүріңіз. 5. Оларды бірнеше күннен кейін салыстырып көріңіз. 6. Нәтижесін сипаттаңыз.
Сен білесің бе? О |
Суреттер Қалам,қағазғмаркер ,стикер
АКТ
.
Суреттер,жұмыс дәптері.Тірі бөлме өсімдіктері
Өсімдік көшеттері,отырғызатын қыш құмыра,топырақ,су.
Арнайы бақылау дәптері.
АКТ видиоролик. Балапан бағдарламасы.
|
Пәнаралық байланыс 5мин |
Қосымша тапсырмалар |
|
Математика. “Тексер” тапсырмасын орындаубарысында ұзындық өлшем бірліктерін пайдаланады.
|
Оқушылар өсімдіктердің өсуіне қажет жағдай ларды біледі. Өсімдікке жасалатын жағдай. Оқушылар су реттерді сәйкес сөздермен байланыстырады. Жұ мыс барысында оқушылар өсімдіктердің өсуіне және тіршілігіне қажет жағдайларды тағы бір рет түйіндейді, артық сөзді анықтайды. Егер уақыт болса, оқушылар суреттерді бояйды. Жауабы: Су, жарық, жылу, топырақ. Зерттеу нәтижесі. Оқушылар зерттеу жұмы сының нәтижелерінің суретін салып бере алады. Бұл үшін олар бірнеше күн бойы үш өсімдікті бақылайды, негізгісін таңдап, суретін салады. Оқушылар өсім діктің өзгеруіне назарын аударсын, маңызды өзге рістерге көңіл бөліп отырсын. |
|
Сабақтың соңы 5минут |
Кері байланыс
Білім
ағашы (оқушының өзін - өзі бағалауы)
|
Сабақты қаншалықты дәрежеже түсінгендіктерін стикер арқылы ағаштың деңгейіне жапсырады. |
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы өсімдіктер адамға таза ауа сыйлайды.Өсімдіктерге күтім жасағанда қолды ластап алма! |
Саралап оқыту тәсілімен «Тапқыр достар» әдісі арқылы жүргіземін. Суретке мұқият қараңыз. Қай өсімдіктердің қандай жағдайда өскенін анықтап, сәйкес сөздермен байланыстырып сызыңыз және түсіндіріңіз. |
|
|
Жалпы баға 1.Сабақта оқушылар белсенді жұмыс жасады 2.Тапсырмаларды түсініп,талдап, жинақтауды білді. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз) ? 1.Саралап оқыту тапсырмалары ықпал етті. 2.Кері байланыс жасауда мақтау мадақтаулар. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы не білдім,келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? Топқа бөлінуде шу болды. Өз ойларын ашық жеткізе алмауы.
|
||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген