400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 13 материал табылды

1-сынып "Алғыс айту-игілік сыйлау"

Материал туралы қысқаша түсінік
Өзін-өзі тану мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы




Тарау

ІІ тарау Ынтымақты отбасы


Сынып

1 сынып

Сабақтың нөмірі мен тақырыбы

16

Алғыс айту-игілік сыйлау!

Құндылығы

Дұрыс әрекет

Қасиеттері

Сыпайылық, сыйластық, құрметтеу.

Сабақ мақсаты

Алғыс айту – адамның басты қасиеті. Отбасында, мектепте, қоғамда алғыс айта білу білігін дамыту.

Міндеттері

  • Оқушыларға алғыс айту, ризашылық білдірудің мәнін ұғындыру;

  • Оқушыларды риясыз жақсылық жасауға баули отырып, сыйластық қасиетін дамыту;

  • Оқушыларды сыпайылық, құрметтеу қасиеттеріне тәрбиелеу.

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Мұғалімнің сәлемдесуі

Сәлеметсіңдер ме! Өзін-өзі тану сабағына қош келдіңдер!

Бүгін біз: «Алғыс айту-игілік сыйлау!» тақырыбын әрі қарай жалғастырамыз.

Алғыс — біреудің екінші біреуге ықыласын білдіруі, рахмет айтуы. Алғысты сөзбен немесе қимыл, іс-әрекет, заттай сыйлық беру, тіпті жақсы қарым-қатынас түрінде де білдіруге болады. Әркім Алғыс алу арқылы өзінің басқалармен қарым-қатынасын, өмірдегі орнын бағалай алады. 






Дәйексөз

Бүгін де сабағымыздың дәйексөзі ретінде өткендегі «Алтын алма, алғыс ал,

Алғыс деген – ел сыйы» деген мақалды алдық.


Алтын алма, алғыс ал,

Алғыс деген – ел сыйы

Мақал

Балалар,сендер өткен сабақтан бері бұл дәйексөздің мағынасын жақсылап түсініп алды деп ойлаймын. Ендеше дәйексөзді жаттап алайық.


2-слайд







Әңгіме айту

Сабағымызды әрі қарай Төлеген Қажыбаевтың "Әдеп” тақырыбындағы әңгімесін тыңдауға шақырамын.

Әдеп

Төлеген Қажыбаев

Арман мен Аян қаланың ортасындағы бес қабатты биік үйде тұрады.Екеуі де екінші сыныпта оқиды.Бір мектепте оқитындықтан жолдары да бір.Бүгін мектепке келе жатты.Бір аялдамадан соң алдыңғы есіктен қолындағы сөмкесін әзер көтеріп бір әжей кірді.

Аян әжейдің қасына келіп:

-Әже,мына орынға отырыңыз,-деді.Арман болса қарт адамды көрмегенсіп,автобус терезесін өрнектеген қырауды саусағымен шимайлап,теріс қараған күйі отыра берді.

Екі аялдамадан кейін әжей орнынан тұрып,түсуге ыңғайланды да,сөмкесінен екі алма алып,балаларға ұсынды.

-Мә,қалқам,ала ғой.

-О,не дегеніңіз,рақмет,әже!

-Алманы орның үшін беріп тұрғаным жоқ.Әдептілігіңе сүйсінген алғысым ғой,-деді әжей Аянға күлімдей қарап.

Аян мен Арман автобустан түсіп,мектепке бет алды.Аян алманы жеп келе жатты,төңірегіне көңілдене қарайды.Арман қолындағы алманы бірер тістегені болмаса,тұтас жеп қоюға қысылып келеді.


Балалар,әңгіме ұнады ма?

Қандай ойға келдіңдер?

Олай болса,төмендегі сұрақтарға ойлана жауап беріңдер.


  • Әжей неліктен екі балаға да алма берді?

  • Арман не үшін қысылды?

  • Адамды қандай іс-әрекет қуантады?



Жарайсыңдар,сұрақтар арқылы алған білімдеріңді түйіндедіңдер.








Шығармашылық әрекет

Енді, шығармашылық жұмыстың алдында «Арыстан мен тышқан» ертегісін тыңдап, алған алғыстың қайтарымы болатынын ұғынып алыңдар.

Ал енді шығармашылық әрекетке кезекті берейік.

Тапсырма. Суреттердегі ризашылық іс-әрекеттерге әңгіме құрастырыңдар.



Сабақтың аяқталуы

Осымен бүгінгі сабағымыз аяқталды.Жылы сөз,қайырымды іс,жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңыздар. «Рахмет» деген сиқырлы сөзді жиі айтыңдар.Адам алғыс пен ризашылықты естіген сайын,жақсылық жасағысы келіп тұратынын есте сақтаңдар.Табиғат –Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ақ ұлпа бұлты үшін,жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңдар.

Бүгінгі сабақ ұнады деген ойдамын. Алған әсерлеріңді жүректеріңде сақтап алыңдар.

Келесі сабақта кездескенше, сау болыңдар балалар!













07:25

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
11.12.2020
818
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі