Материалдар / 1 сынып Ана тілі. Соқпақ.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

1 сынып Ана тілі. Соқпақ.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Мұғалімнің қолдауымен мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қою, сұраққа жауап беру; Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату; дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып бөлінетінін түсіну.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Ақпан 2022
1482
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы облысы

Жамбыл ауданы Қарғалы ауылы

«СЕЕ Қ. Әбсәметов атындағы ОМ» КММ

Досмуратова Г.Ш.

1 сынып



Мақсаты:

Мұғалімнің қолдауымен мәтіннің мазмұны бойынша сұрақ қою, сұраққа жауап беру;

Дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату; дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке болып бөлінетінін түсіну.

Соқпақ

Әкесі мен баласы мектепке келе жатты. Қар аппақ. Бала анадай жердегі қалың қарға қарай жүрді. – Жолдан шығып, қалың қарды бекер омбыладың-ау, – деді әкесі. Түстен кейін әкесі мектепке тағы келді. Қайтар жолда бала өзінің ізін іздеді. Ізі жоқ. Өйткені бала жүрген жолмен біраз адам жүріпті. Соқпақ жасалыпты. Бұны байқаған әкесі баласына сүйсіне қарады.

Авторы: Жақсылық Кенжалиев

Тапсырма


1. Мәтін не туралы?

а/ қар туралы

ә/ соқпақ туралы

б/ әкесі мен баласы туралы


2. Бала не істеді?

а/ қарға қарай жүрді

ә/ мектепке қарай жүрді

б/ әкесіне қарай жүрді


3. Бала жүрген іздің басқаларға пайдасы тиді ме?

а/ пайдасы тимеді

ә/ пайдасы тиді

б/ ізі болмады


4. Қайтар жолда бала өзінің ізін неліктен іздеді?

а/ өзінің ізін көргісі келді

ә/ Өйткені бала жүрген жолмен біраз адам жүріпті.

б/ Себебі, бала өзінің жүрген жолымен біраз адам жүріп, адамдарға көмегі тиді ме? Соны білгісі келгендіктен өзінің ізін іздеді.


5. Әкесі баласына неліктен ренжігендей болды.

а/ баласы мектепке барғысы келмегендіктен.

ә/ бала жүрген жолмен біраз адам жүргендіктен.

б/ Жолдан шығып, қалың қарды бекер омбылағандықтан.


6. Мектеп, бала сөздеріндегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды тап және дыбыстық талдау жаса, буынға бөл. Неліктен екі буын екенін дәлелде, айт.

а/ е, а, б,м мектеп, бала. ме-ктеп, ба-ла

ә/ е, а мектеп, бала. мек-теп. Ба-ла.

б/ т, е, а, п мектеп, бала. мек-теп, бал-а


Мәтін жауаптарын бағалау

1. Мәтін не туралы?

ә/ соқпақ туралы /1/


2. Бала не істеді?

а/ қарға қарай жүрді /1/


3. Бала жүрген іздің басқаларға пайдасы тиді ме?

ә/ пайдасы тиді /1/

4. Қайтар жолда бала өзінің ізін неліктен іздеді?

б/ Себебі, бала өзінің жүрген жолымен біраз адам жүріп, адамдарға көмегі тиді ме? Соны білгісі келгендіктен өзінің ізін іздеді. /2/


5. Әкесі баласына неліктен ренжігендей болды.

б/ Жолдан шығып, қалың қарды бекер омбылағандықтан. /2/


6. Мектеп, бала сөздеріндегі дауысты, дауыссыз дыбыстарды тап және дыбыстық талдау жаса, буынға бөл. Неліктен екі буын екенін дәлелде, айт.

ә/ е, а Мектеп, бала. Мек-теп. Ба-ла. /3/


«5» 10-8 балл

«4» 7-6 балл

«3» 4-5 балл

«2» 0-3 балл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!