жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
1 сынып Б дыбысы мен әрпі
-
Күні: 11.02.20
Сынып: 1
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы
Табиғатқа саяхат. Б дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
(оқу бағдарламасына сілтеме)
1.3.10.1 заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу және орынды қолдана білу.
Сабақтың мақсаттары
Барлығы:Дыбыс түрлерін ажыратады және дұрыс дыбыстай алады.
Көбі:Дауысты,дауыссыз дыбыстарды ажыратып, буынға бөле алады.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Құндылықтарды дарыту
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс
Музыка, сурет
АКТ қолдану дағдылары
Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік
Қарбыз-арбуз
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
Ресурстар
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
8 минут
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Аққу болып ұшамыз
Көлге келiп қонамыз
Көлдiң бетiн құшамыз
Қайта самғап ұшамыз.
-Жарайсыңдар!
Балаларды топқа бөлу.
топ «Балық»
топ «Банан»
топ «Бұрыш»
Өткен тақырыпқа шолу жасайық.
-Балалар барлығымыз аудиожазбаны тыңдайық.
«Жұлдызша» әдісі
Оқушыларға Б б дыбысынан басталатын сөздерді айтқызу арқылы сабақты ашу.
Шаттық шебері
Сабақтың ортасы
17 минут
№1 Суретке қарап, сұрақтардың көмегімен «Әсем табиғат» тақырыбында мәтін құра.
Есте сақтау, фонетикалық қабылдау және шапшаңдыққа баулу мақсатында «Ойлан тап!» әдісін пайдалану.
Саралау «Қарқын»әдісі
Көл жағасында не өсіп тұр?
Ағаштың айналасында нелерді көріп тұрсың?
Ағаш бұтағынан не байқадың?
Ағаш маңында нелер ұшып жүр?
1-топ Сәйкестендіру
2-топ Б әрпінен басталатын суреттер салу
3-топ Түсіп қалған әріптерді орналастыру
Критерий: Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталайды. Дыбыс түрлерін ажыратады және сөйлем құрастыра алады.
Дескриптор:
1.Оқушылар заттың атын атай алады.
2.Сұрақтарға жауап бере алады
3.топтық жұмыс жасай алады.
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
Сергіту сәті
2 минут
«Көңілді күн» сергіту сәті.
Сергіту сәтіне арналған жинақ
Аяқталуы
10 минут
Жұппен жұмыс.
Қызықты тапсырма
«Суреттер сөйлейді» әдісі
Критерий: Берілген суреттегі заттардың атауын атап, жазады. Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Дескриптор:
1.Суретпен жұмыс жасай алады.
2. Көкөністердің атауларын атай алады.
3. Көкөністердің атауларын қатесіз жаза алады.
Суреттер
А3 парақта
Сабақтың соңы
3 минут
Рефлексия
Бағдаршамды бояйды.
Жасыл-түсіндім
Сары-орташа
Қызыл- түсінбедім.
Бағдаршам боямақ арқылы
Саралау-қандай жолмен көбірек көмек көрсетуді жоспарлап отырсыз? Мүмкіншілігі жоғары оқушыларға қандай тапсырма бересіз?
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Саралау жұппен жұмысты ұйымдастырғанда пайдаланылады. Жақсы оқитын оқушылар басқаларына көмектеседі. Түсінбей қалған оқушылар сұрақ қоюға және түсіндірме алуға мүмкіндіктері бар.
Сабақта формативті бағалау.
Өзін-өзі бағалау.
Өзара бағалау.
Критерийлері бойынша сонымен қатар мұғалімнің бақылауы бойынша жүргізіледі.
Сабақ барысында сергіту сәті жүргізілді. Оқытудың белсенді тәсілдері қолданылады.
1.2.5.1 мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру.
1.3.10.1 заттың атын, санын, сынын,қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу және орынды қолдана білу.
Бб дыбысы мен әрпі

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген