1-сыныпта оқушыларда жиі кездесетін қиындықтар
бірнеше бағытта байқалады:
1. Оқу үдерісіндегі
қиындықтар
1-сынып оқушыларының оқу әрекетінде келесі
мәселелер жиі кездеседі:
-
Оқу мен жазуды меңгерудің баяулығы, әріптерді
тану және дыбыстарды қосып оқуда қиналу;
-
Қолдың ұсақ моторикасының жеткіліксіз дамуы. Бұл
сурет салуда, жапсыру мен қию жұмыстарында қайшыны дұрыс ұстай
алмауы арқылы көрінеді;
-
Сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктерінің
әртүрлілігі (5,5 жастан 7 жасқа дейін). Бұл оқу қарқынының тең
болмауына, кейбір оқушылардың тез шаршауына немесе тапсырманы
қабылдауда артта қалуына әкеледі.
-
Қыркүйек айында сыныптың тең
жартысында «КЕҢІСТІК КӨРУ» нашар дамыған. (Бала-бақшадан бастап
қалыптасады.)
2. Тілдік қиындықтар
Кейбір оқушыларда сөйлеу және тілдік даму
деңгейінің жеткіліксіздігі байқалады:
-
Сөздік қорының аздығы, күнделікті қарапайым
сөйлеу нормаларының (мысалы, «сіз» деп сөйлеу мәдениетінің)
отбасында қалыптаспауы;
-
Өз
ойын толық, жүйелі түрде жеткізе алмау;
-
Дыбыстарды дұрыс айта алмау, сөйлеу
кемшіліктерінің (логопедиялық мәселелердің)
болуы.
3. Отбасылық факторлар
Оқушының оқу жетістігіне отбасындағы жағдай
тікелей әсер етеді:
-
Үйде оқу режимінің болмауы, үй тапсырмасының
жүйесіз орындалуы;
-
Балаға ата-ана тарапынан жеткілікті назардың
бөлінбеуі;
Қорытынды және ұсыныс
Жоғарыда аталған қиындықтардың алдын алу үшін
1-сыныпқа қабылдау барысында алдын ала диагностика жүргізудің маңызы
зор.
Сонымен қатар ата-аналардың пікіріне, баласының мектепке дайындығы
жөніндегі алаңдаушылығына құлақ асу қажет. Ата-ананың
«Балам 1-сынып бағдарламасын меңгере алмайды,
әлі кішкентай» деген пікірлері ескерілмеген жағдайда, мұндай
оқушылар оқу процесінде мұғалімге қиындық тудырып қана қоймай,
сыныптың жалпы оқу сапасына да кері әсерін
тигізеді.
Сондықтан:
-
мектепке қабылдау кезінде
психологиялық-педагогикалық дайындық деңгейін
анықтау;
-
ата-анамен бірлескен шешім
қабылдау;
-
қажет жағдайда баланы мектепке бір жылға кеш
қабылдау немесе қосымша қолдау ұйымдастыру
сыныптағы оқу сапасын арттырудың маңызды алғышарты болып
табылады.