400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

1 сынып Ж дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сынып ҚМЖ "Ж дыбысы мен әрпі"
Материалдың қысқаша нұсқасы




Пәні: Сауат ашу

Күні: 24.01

Сынып: 1 «Б»

Мектеп: № 172 мектеп - гимназия

Мұғалімнің аты-жөні:Достарбек Акерке

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Табиғатқа саяхат. Ж дыбысы мен әрпі

Оқу мақсаттары

1.2.9.1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: Ж дыбысы мен әрпін біледі.

Көптеген оқушылар: Ж әрпінің емлесін біледі. Ж әрпін жаза алады.

Кейбір оқушылар: Ж дыбысының дауыссыз дыбыс екенін біледі. Ж әрпінен басталатын сөздерді буынға бөле алады.


Бағалау критерийлері

• Ж дыбысы мен әрпін біледі.

  • Ж әрпінің емлесін біледі.

  • Ж әрпін жаза алады.

  • Ж дыбысының дауыссыз дыбыс екенін біледі

  • Ж әрпінен басталатын сөздерді буынға бөле алады.

Тілдік мақсаттар


Жаңылтпаштар

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды үлкенге құрмет,кішіге ізет көрсеуге тәрбиелеу;

Топтық жұмыс барысында өзара жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтары қалыптастыруға үйрету;

Пәнаралық байланыстар

Қазақ тілі, дүниетану

АКТ қолдану дағдылары

Слайд сызба түрінде,бейнежазба


Алдыңғы меңгерілген білім


Ә дыбысы мен әрпі

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


Қызығушылықты ояту

-Оқушылармен амандасу;

-Түгендеу;

-Оқушылардың көңіл-күйлерін сұрау;

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Қолдарыңды көтеріңдер – бір дейік.

Көп отырып, қатты шаршап жүрмейік.

Қолды создық, басты бұрдық – екі деп,

Қозғалыспен әрбір адам жетіледі.

Алға, артқа қарадық та – үш дедік.

Тағы жаңа жаттығулар істедік.

Түсірейік қолды төрт пен бесті айтып,

Отырайық көңілді енді марқайтып.

Үй тапсырмасын тексеру.

«Ыстық орындық» әдісі.

Оқушылар ортадағы орындыққа кез

Аққала мәтінінің мазмұнын сұрау.гімен отыру арқылы «Аққала» мәтінінің мазмұнын айтып шығады.


Өткен тақырып бойынша Сұрақтар.

  • Ә қандай дыбыс?

  • Неліктен дауысты?

  • Ә әрпінен басталатын сөздерді атап шық.








Интербелсенді тақта, презента










«Ыстық орындық» әдісі.





Сабақтың ортасы

Жаңа сабақ


Ж әрпімен таныстыру. Ж әрпінің жазылуымен таныстыру. Оқушылармен бірге ауада жазып көру.


Ж әрпінен басталатын сөздермен таныстырып, оларды буынға бөлу.

Оқылым. (жеке оқу, топпен оқу түрлерін жүргізу)

№1 жаттығу. Оқы.

Жаға,жаса,, жалау, жасау, жасыл, жайлау, жақсы, жаман, жылтыр, жауын, жарыс, Жарас.


«Жарыс» мәтінін оқу.

Жарыс, жарыс! Жайлауда ат жарысы өтуде. Жанаттың аты желден де жүйрік. Жарастың жорғасы мықты. Кім жарыстың мәресіне тез жетеді?


Кері байланыс:

-мәтін не туралы?

-мәтіннен Ж әрпінен басталатын сөздерді тап.

-оларды буынға бөл.


№2 жаттығу. Топтық жұмыс.

«Ойлан, бірік, бөліс» әдісі арқылы топтар берілген үлестірмелі қағаздармен жұмыс жасайды.

Бұлттардан қандай сөздер құрауға болады?



Сергіту сәті

Бала, бала, балапан!

бейнежазба


Дәптермен жұмыс.

Жұмыс дәптеріндегі жаттығуларды орындату.

Ж әрпін Сауатты жазуға үйрету.



№3 жаттығу.

Қарамен берілген сөздердің мағынасын ажырат.

Тұрма жай,

Қамыр жай.

Суға жуа-жуа,

Тазаланды жуа.


Бағалау: «3 шапалақ» әдісі





Презентация, кітаппен жұмыс.


























«Ойлан, бірік, бөліс» әдісі

Үлестірмелі қағаздар, бұлттардың суреті бар қима қағаздар









Бейнежазба




Дәптермен жұмыс










«3 шапалақ» әдісі

Сабақтың соңы

Кері байланыс: Ауа –райы әдісі

Рефлексия:Менің көңіл-күйім әдісі

Оқушылар бүгінгі сабақтан түсінгендерін, өздерінің көңіл-күйлері жайында стикерлерге жазып, сәйкес бағанға жапсырады.

Бағалау: Топтарды орындаған тапсырмалары арқылы күлегештермен бағалау.

Білім шыңын бағындыру кезінде алған,бағындырған асулары арқылы қорытындылап, топтарды бағалау.

Үй тапсырмасы: «Жарыс» мәтінін мазмұндау.





Ауа –райы әдісі


Менің көңіл-күйім әдісі


Стикерлер,

күлегештер



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
4 мамыр
487
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі