Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
1 сынып Жаратылыстану Тақырыбы:Адам.Адамның дене мүшелері
Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал бастауыш сынып мұғалімдері үшін қажет деп ойлаймын. Жаңартылған білім мазмұны бойынша жоспар жасау үшін үлгі ретінде өте тиімді деп ойлаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
29 Қазан 2018
1518
5 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақ: жаратылыстану | Мектеп: №31 Сарыбұлақ орта мектебі | |
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Арепова Сұлушаш Сарсенбаевна | |
Сынып: 1 «А» | Қатысқандар: | Қатыспағандар: |
Сабақ тақырыбы | Бөлім: АдамБөлімше: Адамның дене мүшелері | |
Оқу мақсаттары | 1.2.3.1. адамның негізгі дене мүшелерін және олардың қызметтерін атау | |
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: Адам денесінің негізгі бөліктерін біледі. Адамның негізгі мүшелерінің қызметтерін атайды.Көптеген оқушылар: Адамдар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарын анықтайды.Кейбір оқушылар: Адамның дене мүшелерінің маңыздылығын біледі. | |
Бағалау критерийлері | | |
Тілдік мақсат | Адам денесінің басты бөліктерімен олардың функцияларын атайды. | |
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: | Бас,мойын,дене,аяқ,қол – адамның дене мүшелері Білезік,шынтақ,сан,тізе, жіліншек,башпай,табан | |
Талқылауға арналған сұрақтар: | ||
Құндылықтарды дарыту | Сыныптастарының пікірін тыңдай білу | |
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану,бейнелеу,дене шынықтыру | |
АКТ қолдану дағдылары | интерактивті тақта, слайд . | |
Алдыңғы оқу | Оқушылар адам дене мүшелерін біледі | |
Жоспар | ||
Жоспарланған уақыт есебі | Жоспарланған жаттығу түрлері | Ресурстар |
Басы | Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады. Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын. Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. «Болжау» әдісі бойынша тақырыпты ашуИнтерактивті тақтада жаттығу жасап жатырған балалар бейнеленген бейнежазба көрсетемін. | Суреттер,адам-ның қимыл қозғалыстағы суреттері Геометриялық пішіндер Ватман,маркерлер Желім,маркер,қайшы |
Ортасы | (Т) «Коллаж әңгіме» әдісі:1 тапсырма: Топтарға түрлі-түсті суреттер беріледі.Олар сол суреттерді флипчартқа жабыстырып, шыққан сурет бойынша әңгіме құрастырады. Дескриптор: -Суреттерді флипчартқа жабыстырды. - Сурет бойынша әңгіме құрастырды. (Т) «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі: 2 тапсырма: 1топ: Футбол ойнап жатырған адамдар суреті беріледі. Суретке қарап балалар бұл ойын кезіндегі қозғалысқа түсетін негізгі дене мүшелері туралы айтып береді. 2 топ: Волейбол ойнап жатырған адамдар суреті.Бұл спорт түрінде қай дене мүшеміздің қозғалысқа түсетінін айтып береді. 3 топ: Кітап оқып отырған балалар суреті.Кітап оқып отырғанда қай дене мүшеміз қозғалыста болатынын анықтау. Әр топ оқушылары суреттердегі адамдардың қай дене мүшесінің көп қимыл қозғалыс жасайтындығын айтып түсіндіреді. Дескриптор: (Топтар сағат тілінің бағыты бойынша бір-бірлерін «бағдаршам» әдісімен бағалап отырады) Сергіту сәті: Оңға түзу тұр,Солға түзу тұр.Алға бір адымАртқа бір адым.Оңға бұрылып,Солға үңіліпЖоғары, төмен қарайық,Орнымызды табайық. (Т) «Күш біріктіреміз» әдісі:3 тапсырма: 1 топ: Кластер жасау (қол,аяқ бөліктері) иық саусақтар жіліншік білезік тізе сан Білек шынтақ башпайлар табан 2 топ: Аяқ,қолға жасалатын жаттығуларын ұйымдастырып сынып оқушыларына жасату 3 топ: Берілген адам сұлбасына дене мүшелерінің атауы жазылған қима қағаздарды ретімен жапсырады. Дескриптор: Әр топ оқушылары дене мүшелеріне тәжірибе жасайды.1 топ: Оқушылар стақанға су құйып,суды түтікше арқылы ішеді. (ауыздың маңыздылығы) 2 топ: Көзді орамалмен байлап жүргізу.( көздің мағыздылығы) 3 топ: Заттарды қолмен ұстамай бір орыннан екінші орынға жеткізу. (қолдың маңыздылығы) Дескриптор:-адамның негізгі дене мүшелерін білді.-адамның негізгі дене мүшелерінің қызметтерін айтты. | |
Соңы | Рефлексия:«Аралдар» әдісі бойынша балалар қолдарындағы стикерлерін қалаған нұсқаға жапсырады. (1. «Қуаныш аралы – түсіндім.2. «Үрей» аралы-түсінігім толық емес. 3. «Қорқыныш» аралы - түсінбедім) | |
Қосымша мәліметтер | ||
Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?Қабілетті оқушыға тап-сырманы қалай түрлендіресіз? Әрбір дене мүшесінің маңыздылығы туралы мысалдар келтіріп айтып беру Қиналған оқушыларға көмектесу үшін оқушылармен жеке жұмыс жүргізіп,бағыт беру арқылы көмектесу «Сәйкестендіру»Суретпен сөздерді | Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз? Оқушылар бірін-бірі өзара бағалау және мұғалімнің жетекшілік етуі арқылы бағаланды. «Бағдаршам», геометриялық фигуралар. | Пәнаралық байланыс, денсаулық және қауіпсіздік, АҚТ-мен байланыс, тәрбие құндылықтары |
Рефлексия | Жауап жазылады | |
Сабақтың мақсаты мен міндеттері орындалды ма? | Қойылған мақсаттар тақырыпқа ,талапқа сай қойылды.Балалар бұл сабақ барысында бір-бірін бағалауды білді,топпен,жұппен жұмыс жасауды үйренді,тәжірибе жасады.Сынып оқушыларының көңіл-күйлері жақсы деңгейде болды.Берілген уақытты тиімді пайдаландым.Әр-түрлі тиімді әдіс- тәсілдерді қолдандым. | |
Бүгін оқушылар не үйренді? | Адам дене мүшелері және дене мүшелерінің қызметі туралы білді. | |
Сабақ қалай өтті? Қандай деңгейде өтті? | Қойылған әдіс тәсілдер балаларға қызықты болды,сабақ жоғары деңгейде болды. | |
Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма (тапсырмалар сәйкес болды ма?) | Жоспардағы саралау шаралары сабақ барысында тиімді болды.Тапсырмалар сабаққа негізделе алғандықтан,саралау жақсы іске асты.Тапсырмалар сәйкес болды. | |
Уақытты қалай пайдаландым? | Уақытты тиімді пайдаландым. | |
Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім? | Жоспарыма сабақ барысында белсенді оқыту әдістерін,тәжірибе жасауды енгіздім. | |
Қорытынды бағалау | ||
Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (оқыту мен оқуға қатысты)1: «Коллаж әңгіме» әдісі балалардың қызығушылығын арттырады.2: Әр топтың дене мүшелеріне жасалған тәжірибе жұмыстары. | ||
Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)1: Жұптық, топтық, жеке жұмыстар2: Оқушы тәжірибесі.Тәжірибелік дағдыларды қалыптастырады. | ||
Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажетті болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?1.Бірлескен оқу тәсілі арқылы тапсырмалар өте тиімді және қызықты.2:Оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай тапсырма дайындау. |
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)