400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

1-сынып математика

Материал туралы қысқаша түсінік
Санды өрнекті құрастырады,оқиды және жазады.Қосу мен азайту амалдары компонентерінің атауын өрнектерді оқу мен жазуда қолданады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән:Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:2

Күні:

Сынып: 1

Мектеп: Ақжар ауданы,Үлгілі орта мектебі

Мұғалімнің аты-жөні: Сафурина Гульнар Алтынбековна


Қатысқандар саны: 10

Қатыспағандар саны: 10


Сабақ тақырыбы:

Санды өрнек

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.1.1. санды өрнектерді құру,оқу,жазу және тану (қосындылар,айырмалар)

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Санды өрнекті құрастырады,оқиды және жазады.Қосу мен азайту амалдары компонентерінің атауын өрнектерді оқу мен жазуда қолданады.

Көптеген оқушылар:

Санды өрнектерді ажыратады.

Кейбір оқушылар:

Жұмбақты есептерді ауызша есептейді

Бағалау критерийлері

Санды өрнектерді оқиды,жазады және құрастыра алады

Санды өрнектерді ажырата алады

Жұмбақ есептерді ауызша есептейді

Тілдік мақсаттар

Санды өрнек – числовое выражение – numerical expression

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру

Пәнаралық байланыстар

Дүниетану,бейнелеу өнері

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтаны арқылы цирк өнерін көрсету

Бастапқы білім

20-ға дейінгі сандарды қосу мен азайту туралы түсінігі бар. «+», «-» амалымен берілген өрнектерді шығарады,оқиды.

Сабақ барысы



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жасалынған іс -әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин






3мин














2мин


Сабақ басында:

Тренинг «Мен бүгін қуаныштымын,себебі...»

  • Балалар,сіздерге циркке барған ұнайды ма?

  • Цирктегі қойылымдардың қандай түрлері ұнайды?


Ширату жаттығуы:

«Сантики, Фантики. Лимпопо»

Барлығы шеңбер бойына тұрып, бір баланы таңдап, бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі балалар қағаздарға жазылған сандар мен амал таңбаларын умаждап бір-біріне лақытады. Сантики. Фантики. Лимпопо деп айтқан кезде қолдарына түскен сандар мен амал таңбаларына байланысты өрнек құрастыра қояды. Бөлме сыртындағы бала кіріп шеңбердің ортасына тұрып, жылдам өрнектердің мәндерін табады.


Топқа бөлу

«Өрмекші торы» әдісі бойынша өткенге шолу.

  • Бір таңбалы сандарды атаңдар.Мысал келтіріңдер

  • Ондықтарды атаңдар.

  • Екі таңбалы сандарды атаңдар.

Өткен тақырыптарды қайталау мақсатында қайталауға берілген тапсырмалар арқылы топқа бөлу

  • 1,3,4,8,9,7

  • 80,40,60,50,10,20

  • 18,15,12,19,13,14

Бүгінгі математика сабағында біз цирк әлеміне саяхат жасаймыз.Ол жай цирк емес «математикалық цирк»














А4 қағазы








Жіп








Сандар жазылған карточкалар

Сабақтың ортасы

Ой қозғау.Енді ,балалар,цирктегі епті жүргізуші бізге тапсырмалар береді.Епті жүргізушіні Жонглер деп атайды.Жонглер ауаға бірнеше затты лақтырып,оларды қағып алатын цирктегі артисті атаймыз.Сабақта Жонглерлік міндет математикалық түрде болады.



5мин



















5мин
















Тапсырма 1. «Бинго » ойыны

Лотореядан ішінен санды өрнектерді тауып, дұрыс оқы.

5 + 10=15 19 – 8=11

5 + 3=8 60 – 20=40

90 – 60=30 6+2=8

Сандар мен арифметикалық амалдардың таңбаларынан құрастырылған математикалық жазба санды өрнек деп аталады.5 + 10 санды өрнегін былай оқуға болады.5 пен 10 сандарының қосындысы. 19 – 8 санды өрнегін былай оқуға болады. 19 бен 8 сандарының айырмасы.

Санды өрнек – числовое выражение – numerical expression

ҚБ. « Үш қол шапалақ» әдісі арқылы бағалау


Тапсырма 2. «Семантикалық карта» әдісі

Кестеден санды өрнектерді оқы. Олардың мәндерін тауып, белгіле.


Өрнектер

Мәндері

10

40

17

16

20

50

Жолбарыс

80-70







Ит

12+5







Арыстан

30+20







Піл

2+18







Аю

17-1







Жылқы

10+30









ҚБ. Оқушылар өзін-өзі «Сиқырлы сызғыш» әдісі арқылы бағалау

Рисунок 4

Оқушы дәптер шетіне сызғыш сызады. Шәкіл бойынша өзін-өзі бағалайды.Кейін бағалауды мұғалім тексереді.


Тапсырма 3. Дәптермен жұмыс (5мин)

Шарларды санды өрнектердің мәндеріне сәйкес бояулармен боя.Өз біліміңді қосу кестесі бойынша тексер.

Овал 1

17-4



Овал 2

18-6





Овал 5

12+3




Овал 3

11+3




Овал 6

13-1



Овал 7

4+3



сары

қызыл

көк

жасыл

қоңыр

7

12

13

14

15

ҚБ. Мұғалім тарапынан «Марапат» әдісі

Дескриптор.

Санды өрнектің мәнін табады.

Түстерді ажырата алады.

Сергіту сәті: «Сары клоун» (2)

Біздің клоун сап-сары да секпілді (балалар өздерінің бастарын сипап, секпілдерін көрсетеді)

Балаларға ол ұнайды (үш шапалақ)

Мұрны қызыл қызанақ (мұрындарын сипайды)

Көзінде оның екпін (қолдарымен ауада көз жасап, саусақтарымен кірпіктерін қаққан секілді болады)

Кейде жылайды, кейде күледі (сұқ саусағымен көздерінің бұрышын түсіріп, көтереді)

Кейде мейрімді, кейде төбелескек (екі қолын алға созып сипайды, жұдырықтарымен алға сермейді)

Ол сондай ебегейсіз (қолдарын мықынға қойып оңға-олға, алға-артка еңкейеді)

Бірақ бізге сондай керек (қолды кеуде тұсындаайқастыру, жан-жаққа, мықынға қою)


Тапсырма 4. Оқулықпен жұмыс

«Орындап көр» (6 мин)

Тізбекпен жүріп отырып,санды өрнектердің мәнін тап


ҚБ. Мұғалім тарапынан «Смайлик»

Дескриптор.

Тізбектелген санды өрнектердің мәндерін таба алады.

Санды өрнектен шыққан мәнін келесі өрнекті шығаруда пайдалана алады.

Лоторея билеттері


















Семантикалық карта














Сабақтың соңы

Тапсырма 5. (7 мин)

«Санды өрнектер аренасы» ойыны

Бірінші оқушы санды өрнек құрастырады,оны қағазға жазады да,келесі оқушыға береді.Ол берілген өрнектің мәнін тауып,бірінші саны өрнектің мәні болатын санмен басталатын өрнек құрастырып,келесі оқушыға береді.Осылай санды өрнектер жазылған қағаз шеңбер бойымен бір оқушыдан келесі оқушыға ауысып отырады.

Кейбір оқушылармен жұмыс:

1.Көлден ұшты жеті қаз, 
Қайтып қонды екі қаз, 
Қонбады оның нешеуі? 
Кәне, кім тез шешеді?

2.Аулада бес үйрек, 
Қорада үш үйрек. 
Бір үйрек тығылды, 
Бір үйрек жығылды, 
Қалғаны неше үйрек?

3.Мына алты ақ алма- 
Нұрбибі мен Жанарға. 
Үш сарысы-Анарға, 
Қызыл алма-Манарға.


ҚБ. Мұғалім тарапынан «Индекс карточкасы» әдісі арқылы бағалайды


Дескриптор.

Санды өрнектер құрастырады

Алдыңғы санды өрнектің мәнін қолдана отырып, жаңа санды өрнек құрастыра алады


А4 қағазы

3 мин














Рефлексия : «Хат»


«Жедел хат»

«Ашық хат»

«Жабық хат»

Бәрін де түсіндім

Біраз нәрсені түсінбедім

Көп нәрсе түсініксіз болды

Рисунок 5


Рисунок 6



Түрлі-түсті стикерлер


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 қаңтар
694
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі