1 сынып. Математика. Жазық фигуралар.

Тақырып бойынша 31 материал табылды

1 сынып. Математика. Жазық фигуралар.

Материал туралы қысқаша түсінік
1 сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру ұйымының атауы

«Академик Е.А.Бөкетов атыдағы мектеп-гимназиясы» КММ


Пәні

Математика

Бөлім

1В. Геометриялық фигуралар

Педагогтың аты-жөні

Бастауыш сынып мұғалімі Мухамеджанова Сымбат Сайлауовна

Күні

1 тоқсан (35 минут)

Сынып

1 сынып Қатысушылар саны: 16 Қатыспағандар: 0

Сабақтың тақырыбы

Жазық фигуралар

Оқыту бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.3.2.3 жазық фигуралардың модельдерінен және бөліктерінен композиция құрастыру

Сабақтың мақсаты

Жазық фигуралар модельдерін ажыратып, тапсырмада қолдана алады.

Фигуралар бөліктерінен композиция жасай алады.

Бағалау критерийлері (ойлау дағдыларының деңгейі)

Жазық фигураларды кеңістік фигуралардан ажырата алады. (қолдану)

Жазық фигура модельдерінен композиция құрастырады. (жоғарғы ойлау дағдылары)


ЕБҚ

Ауызша берген тапсырмаларды есте сақтауда қиындықтары бар

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

\уақыты

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстары


Ұйымдастыру кезеңі

3 мин

Ынтымақтастық атмосферасын құру

Мұғалім оқушыларға «Гүлмен тілек» әдісінің ережесін түсіндіреді.

Оқушылар шеңберде тұрып, жақсы лебіздер бір–біріне тілейді. Қолдарындағы гүлмен тілек айтады,бір-біріне ұсынады. (шеңбер,үшбұрыш,төртбұрыш)

Мадақтау, қол соғу

Алдын ала геометриялық фигурлар қоданып жасалынады.

https://www.youtube.com/watch?v=wL0LL0xyEVI


Сабақтың басы

5 мин

1 тапсырма. «Сәйкесін тап» әдісі Бағалау критерийлері: Жазық фигураларды кеңістік фигуралардан ажырата алады. Ойлау дағдылары деңгейі: қолдану. Мақсаты: Оқушылар өздеріне таныс, кеңістік фигураларын еске түсіріп, жазық фигуралардан ажыратып алады. Суреттегі сандықтарға сәйкесінше фигураларды үлестіреді. Оқушылардың сөздік қорын дамыту мақсатында, бірінші сандықшаға текшені салдым.- деп фигуралар атауын дауыстап айтып отырады.

Оқушылар сандыққа сәйкесінше, екіге бөліп салады.

Оқушылар қандай фигура салғанын атап айтып отырады.


ЕБҚ: Ауызша берген тапсырмаға жауап беруге қиналады. Суреттен қарындаштың көмегімен сызып қосып, сәйкес қобдишаға салады.


Дескриптор:

-Кеңістік фигураларды еске түсіреді

-Жазық фигураларды біледі

-Бір-бірінен ажырата алады


Мадақтау: Жарайсыңдар! Қол соғу.

Екі сандықша қораптан жасалған. Фигуралар пішіндері қатты қағаздан жасалған.


Сабақтың ортасы

5 мин

2 тапсырма. «Дәлелде» әдісі

Бағалау критерийлері

Қолдану

Мақсаты: Жазық фигуралардың ортақ белгілеріне қарап қалай сипаттауға болады?

Неліктен бұл –төртбұрыш,ал мынау төртбұрыш емес екенін айта аласыз ба? Шеңбер,тіктөртбұрыш, үшбұрыш,

Жазық фигураларды белгілерін айтады. Негізгі сөздер ( пәнге арналған сөздік және терминология) үшбұрыш,шеңбер, төртбұрыш, тіктөртбұрыш, фигура, жазық.


ЕБҚ: Жазбаша орындайды. Жазық фигураларды сызады, қасына ұқсас заттарды салады.

Дескриптор:

- терминологиямен атайды

- себебі, өйткені сөздерін қолданады.



Жұлдызшалар тарату




5 мин

3 тапсырма. «Сипаттау» әдісі

Бағалау критерийлері: Жазық фигураларды кеңістік фигуралардан ажырата алады.

Ойлау дағдылары деңгейі: қолдану

Мақсаты: сипатталған сөздер арқылы жазық фигураны табады. Бір сызықты үзбей дөңгелетіп сыздым. Бұл- шеңбер. Үйдің бір қабырғасын салдым. Бұл шаршы- деген сөз тіркестері арқылы жазық фигураны сызып шығады. Мұғалім көрсеткен кеңістік фигуралардан жазық фигуралардың сызбасын алып шығады.

Жазық фигураларды өмірде қай жерде жазық фигураны кездестіреміз - деген сұраққа оқушылардан жауап тыңдалады.


Мұғалім көрсеткен кеңістік фигуралардан жазық фигуралардың сызбасын алып шығады.

Сұрақтар:

-Өз оқу кабинетінен мысалдар келтіріңдер?

-Өз бөлмеңде қандай жазық фигураларға ұқсас заттар бар?

-Жол белгілерін ата?

Жауаптар:

-сағат, стенд

-картина

-тоқта белгісі, балалар жүреді, т.б. белгілер


ЕБҚ:. Ауызша берілген тапсырмаларға есте сақтауы қиын болғандықтан, сызбадан белгілейді. Суреттен қайда кездесетінен айтып береді.

Дескриптор:

екше туралы айтады: 4 бұрышы бар, қабырғалары тең,

- сіріңке қорабына ұқсатады.

-цилиндр: екі шеңбер, қосылған ұзынша дүрбіге ұқсайды.

-конус: 1 шеңбер, шатырға ұқсайды

-пирамида: қабырғалары үшбұрыш, асты шаршыға ұқсайды.

*Жазық фигураларды өмірде қай жерде жазық фигураны кездестіреміз?

Жұлдызшалар тарату


https://www.google.com/search?q=%D0%BA%D0%B0%D1%80%D1%82%D0%B8%D0%BD%D0%BA%D0%B8



Сергіту сәті

3 мин

«Бұғының үлкен үйі бар»

Терезеден карады ол. Қоян жүгіріп келеді. Достым достым есік аш. Орман толы аңшы қас. Достым достым үйге кір. Менімен бірге тұр.

Оқушылар геометриялық фигуралар пішінімен көрсетеді

Үйін- үшбұрышпен көрсетеді

Терезесі-төртбұрыш

Жүгіріп келеді-дөңгелек

Есік-тіктөртбұрыш



https://x-minus.me/track/276966/%D1%83


10 мин

4 тапсырма. «Кім жылдам?» әдісі (жұппен жұмыс) Бағалау критерийлері: Жазық фигура модельдерінен композиция құрастырады. Ойлау дағдыларының деңгейі: жоғары ойлау дағдылары

Оқушыларға түсті қағаздан жазық фигураларды құрастыру тапсырылады. Бөліктерге бөлінген фигураларды құрастырады. Екі оқушыдан бірігіп, жазық фигуралардан композиция жасайды. Дайын берілген фигура бөліктерін қолданады, үлгі суретке сүйенеді. Жазық фигураларды жапсырады, композиция жасайды. Оқушыға жұптық жұмыста қиындық болмайды, дайын фигураларды біріктіру арқылы композиция құрастырады.

Бөліктерге бөлінген фигураларды құрастырады. Екі оқушыдан бірігіп, жазық фигуралардан композиция жасайды.

Дескриптор: - жазық фигураларды жапсырады

-композиция жасайды

-үлгі суретке сүйенеді


-қолданған фигураларды атайды


-жұмысына ат қояды


Жұлдызшалар тарату

Оқушылар жұмыстарын тақтаңа ілу,галлерея ұйымдастыруды жопарлау.

https://montessoriself.ru/risunok-iz-geometricheskih-figur-dlya-detej-1-klass-2-klass-krug-oval-kvadrat-treugolnik-i-mnogougolnik/




Жұмыс кезінде қосылатын музыка:

https://zvukipro.com/music/

Сабақтың соңы

Бекіту

4 мин

-Жазық фигуралардың модельдерін атап беріңдер? -Қандай ерекшелігі бар? -Бөліктерінен қандай композиция жасадың? Үй жұмысына: Ауызша тапсырма, үйдегі баратын жолдан кездескен жазық фигураларды есте сақта және санап кел.

Жазық фигуралар атауын әрбір оқушы біледі (үшбұрыш,төртбұрыш, шеңбер, шаршы)


Ерекшелігін айтады. (қабырғалары, бұрыштары)


Жұптасып жасаған жұмысын сипаттап береді. (тақырып қояды)

Дескриптор: Жазық фигураларды атайды.

Үшбұрышта үш бұрыш бар,үш қабырға бар екенін айтады. Төртбұрыш 4 қабырға,4 бұрыш,4 төбесі бар.






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.12.2024
115
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі