400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

1 сынып математика пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспарлары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал 1 сынып мұғалімдеріне керек. мұғалімдерге менің жұмысымның көп септігі тиеді деп ойлаймын, мұғалімдердің уақыттары үнемделеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақ тақырыбы:

Уақытты анықтау

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

циферблат бойынша сағаттағы уақытты анықтайды; уақыттың өлшем бірліктерін (минут, сағат, күн, апта, ай) ажырата алады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

1-ден 12-ге дейінгі сандар жазылған парақшалар;­

қатты қағаздан жасалған сағаттық және минуттық­ тілдер;

интерактивті тақта;әр оқушыға арнап жасалған қозғалып тұратын­ тілдері бар сағат моделі.

Тірек сөздер

Уақытты анықтау

Сабақтың мақсаты:

Сағат циферблатында уақытты анықтау дағдысын қалыптастыру және сағаттың көмегі арқылы іс- әре­ кеттің басталуы мен аяқталуы арасындағы уақыт ара­ лығын өлшеуді (минутпен немесе сағатпен) үйрету.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Уақыт” ұғымы табиғи және тарихи құбылыстардың ауысып отыратынын білдіреді. Уақыт бір орнында тұрмайды. Ол еш нәрсеге қарамастан алға жылжи береді. Аспандағы Күн мен Айдың тұрған орнына қарап, Жердегі уақытты анықтаймыз. Тәулікті 24 сағатқа, сағатты 60 минутқа, ал әр минутты 60 секундқа бөледі.

Кіріспе тапсырма.

Сабақты өткен тақырыптарды еске түсіруден бастау. Ол үшін алдын ала 1-ден 12-ге дейінгі сандар жазылған парақшаларды дайындап қою. Ортаға он екі оқушыны шақыру. Оларға 1-ден 12-ге дейінгі сандар жазылған парақшаларды таратып беріп, шеңбер бойымен тұрғызу. Содан соң ортаға тағы бір оқушыны шақыру. Оны шеңбердің ортасына тұрғызу. Ортаға шыққан оқушыға сағаттың тілдерін беру. Сағат тілдерін де алдын ала дайындау. Басқа оқушыларға жақсы көрініп, түсінікті болу үшін сағаттың қысқа тілі қызыл түсті, ұзын тілі көк түсті болсын. Орындарында отырған оқушылардан кез келген уақытты айтуын сұрау. Ал шеңбердің ортасында тұрған оқушы орнында тұрып, айтылған уақытты көрсетуі тиіс. Егер қателесетін болса, онда басқа оқушы көрсетеді. Жаңа тақырыпты меңгерту үшін оқулық пен дәптердегі жаттығу тапсырмаларын орындатып, олардың білімін толықтыра түсуге жағдай жасау.

Кино.

Тапсырманы топта орындатуға болады. Осындай жұмыс түрін жасау арқылы оқушылар өздерінің пікірлерін айтуға, тыңдауға және достарының пікірлерімен санасып, бірге шешім қабылдауға үйренеді.

Ойын қашан басталды?

Оқушыларды топтастыру. Тапсырма оқушыларды сағаттағы уақытты дұрыс анықтауға жаттықтыра түседі. Тапсырманы орындау барысында минуттық тілдің ұзын болатынын, оның минутты көрсететінін, ал сағаттық тілдің қысқа болатынын, оның сағатты көрсететінін естерінде сақтап қалады.

Мектептегі сабақтар.

Тапсырма ойлау және санау дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Жұппен жасалатын жұмыс ұйымдастыру. Оқушы­ лардың есепті оқуы, талдауы және шешуі тиіс. Өткен сабақта дайындаған сағаттың моделін пайдалануына болады. Есептің шарты бойынша іс-әрекеттің басталу және аяқталу уақыты белгілі. Оқушылар сағат моделі бойынша тілді жылжыта отырып, әрекеттің қанша уақытқа созылғанын біле алады.

Жауабы: 4 сағат.

Шығарып көр.

Тапсырманы жұппен орындауды ұсыну. Оқушылар бір-бірімен сұхбаттасып, шешу жолын талқылайды. Тапсырманы орындау үшін оқушыларға уақыттың өлшем бірліктері — минут пен сағаттың арақатынасы туралы білімдерін қолдану қажет болады. Оқушыларға 2 сағат пен 60 минутты салыстыру керек. Олар 2 сағаттың 60 минуттан артық екенін біледі, бірақ тапсырманы орындау барысында олар бір тұжырымға келуі тиіс. Белгіленген жерге көп уақыт кететін көлік түрімен емес, керісінше аз уақыт кететін көлік түрімен жету керектігін ұғынуы қажет. Шешімін тапқан соң олар басқа оқушыларға түсіндіріп беруі қажет.

Жауабы: жеңіл мәшине.

Орындап көр.

Тапсырманы оқушыларға жұпта орындату. Оқушылар сағат моделімен жұмыс істейтін болады. Сағат моделіндегі тілдерді қозғалта отырып, олар циферблат шеңберін екі жарты шеңберге бөліп көрсететін жерде сағат тілдерінің орналасуын табуы тиіс. Осындай қалыпты тауып, онда минуттық және сағаттық тілдер орналасқан жағдайда уақытты анықтау керек. Біз сағат моделінде сағат тілдерін қалай, қай бағытта жылжытсақ та, шын өмірде сағаттағы тілдер тек қана бір бағытта ғана қозғалатынына оқушы назарын аудару қажет.

Жауабы: 6 : 00.


Үй тапсырмасы.

Тапсырма ойлау және ауызша есептеу дағдыларын дамытады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар уақытты есептеу жолдарын атаулы сандарды қосу арқылы дамытады. Бұл сандар іс-әрекеттің басталу уақыты мен оның өту уақытының ұзақтығын көрсетеді.

Атаулы сандар”деген термин қолданылмайды.


Жауабы: сағат 4 - те.


Ойлан.

Тапсырма оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға бағытталған. Оны орындау тиянақтылықты қажет етеді. Оқушылар суреттерді тігінен және көлденеңінен сәйкестендіре отырып, сұрақ белгісінің орнына қандай сурет тұратынын табуы тиіс.


Жауабы:


11 : 00-ді көрсетіп тұрған сағат бейнеленуі тиіс


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар

Дәптермен жұмыс. 17-18 бет

Өткен сабақтағы тірек сөздерді қайталату. Жаттығуға қабырға сағатын қолдану. Содан соң оқушыларды екі топқа бөлу. Топқа бөлу үшін өтілген уақыт өлшем бірліктерінен “минут” және “сағатты” қолдану. Ол үшін оқушыларды ортаға шақырып, сапқа тұрғызу. Содан соң кезек-кезек “минут”, “сағат” деп айтып шығуы қажеттігін ескерту. “Минут” деп айтқан оқушылар бірінші топ, “сағат” деп айтқан оқушылар екінші топ болатынын айтып түсіндіру. Оларға тапсырманың шартын түсіндіру. Уақытты айтып бастау (содан соң оқушылардың бірі жалғастырады). Екі топтың оқушылары кезекпен шығып, сағаттағы тілдерді (минуттық немесе сағаттық) айтылған уақыт бойынша дұрыс қалыпқа қойып көрсетуі тиіс.

Сағат тілдерін сал.

Тапсырма мәтінінде сағаттық және минуттық тілдердің орналасуы туралы айтылған. Оқушылар уақытты сағат моделінсіз (немесе суретсіз) тілдердің орналасуы бойынша анықтауы тиіс.

Оқушылар бос орынға сандарды тауып қоюы қажет. Тапсырма оқушылардың уақытты сағаттың көмегін­

сіз анықтау дағдысын дамытады Сағат тілдерінің орналасуына қарай уақытты анықта.

Жауабын жаз.

Оқушылар уақытты сағат тілдерінің орналасу сипатына қарап жазуы тиіс.

Жауабы: сағат 4; сағат 8;

сағат 9; сағат 12;

сағат 1; сағат 7;

сағат 3; сағат 11;

сағат 6.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

сағатқа қарап уақытты анықтауды және оны сағат тілдерімен көрсетуді үйренеді;

іс-әрекеттің минут немесе сағат жағынан ұзақтығын анықтауды үйренеді;

сағат пен минут арасындағы қатынасты біледі.

Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру дәрежесін тексеру мақсатында төмендегідей сұрақтарды қою:

уақытты не үшін өлшейміз?

Уақытты қандай құралдардың көмегімен өлшеуге болады?

Олар неден тұрады?

Сендер қалай ойлайсыңдар, сағатсыз уақытты анықтауға бола ма? Қалай?

Кейде анаң:

Бір минут күте тұр”, — деп айтады.

Қалай ойлайсыңдар, анаң нені айтпақшы болды?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойын­ша өзін-өзі бағалату.



































Сабақ тақырыбы:

Апта күндері

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

циферблат бойынша сағаттағы уақытты анықтайды;

уақыттың өлшем бірліктерін

­ (минут, сағат, күн, апта, ай) ажырата алады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

апта күндерінің атаулары жазылған парақшалар — 4 жинақ;

тірек сөздер жазылған парақшалар;

бір аптаға арналған сабақ кестесі;

бір аптаға арналған үйірме кестесі;

апта күндерінің атаулары жазылған қабырға күнтіз­ бесі;

Тірек сөздер

апта;

дүйсенбі;

сейсенбі;

сәрсенбі;

бейсенбі;

жұма;

сенбі;

жексенбі.

Сабақтың мақсаты:

Апта — уақыттың өлшем бірлігі деген түсінік қалыптастыру; практикалық тапсырмалардың көмегімен аптаның ұзақтығын түсіндіру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Апта — 7 тәулікке тең уақыт аралығы. Апта күндері бірінен кейін бірі ретімен келеді: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. “Апта” сөзі парсы тілінен аударғанда “жеті” деген мағына береді. Апта уақыттың негізгі өлшем бірлігіне жатпайды. Оны күнделікті өмірде қолданады.

Кіріспе тапсырма.

Сабақтың бас кезінде оқушылардың тақырып туралы қандай білімдері бар екенін анықтап алу қажет. Бұл тақырыпты әрі қарай дамыту үшін керек. Әңгімелесу барысында оқушылардың апта күндерінің атауы мен ретін білетінін анықтап алу. Содан соң апта күндерінің ретін (егер оқушылар білмесе) айту немесе (егер оқушылар білсе) қайталату. Ол үшін мынадай ойын өткізу. Оқушыларды ортаға шығарып, үлкен бір шеңберге тұрғызу. Оқушыларға апта күндерінің атаулары жазылған парақшаларды таратып шығу. Содан соң оқушылардан жеті-жетіден топқа (сөздер қайталанбайтындай етіп) бөлінуін сұрау. Осы жеті күнді бір сөзбен апта деп атайтынын айту. Әр күннің өз атауы бар. Өз топтарында оқушылардың ретімен тұруын сұрау: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

Апта күндерінің атауын ретімен бірнеше рет қайталап, әр айтқан сайын алдыңғысынан тезірек айтуын сұрау. Апта

күндерінің атауын және ретін есте сақтағаннан кейін бір апта келесі аптаны ауыстыратындай етіп, бір шеңберге тұруын сұрау. Апта күндерінің атауы бойынша жеті оқушыны тұрғызғаннан кейін сұрақ қою: “Жексенбіден кейін қай күн келеді?” . Содан кейін келесі аптаны тұрғызу. Осылайша, барлық топпен жұмыс жасау. Шын өмірде уақыттың бір орында тұрмай, үнемі қозғалыста болатынын, тәуліктен кейін тәулік келетінін, олардың апта құрайтынын, аптадан кейін апта келетінін түсіндіру. Егер сыныптағы оқушылардың саны жетіге жетпесе, онда басқа топтың оқушыларымен ауыстырып,­ оларға апта күндерінің атауы жазылған парақшаларды­ үлестіріп беруге болады. Сабақтың тақырыбын оқулық пен жұмыс дәптерінде берілген тапсырмалармен бекіту.

Бәйге.

Бұл тапсырмада оқушылар сұрақтарға жауап береді. Тапсырманы сабақтың басында жалпылама түрде немесе сабақтың соңында оқушыларды жұптастырып орындатуға болады.

Жауабы:

  1. 7 күн.

  2. Сабақ кестесіне байланысты.

  3. Бейсенбі.

  4. Жеті күн, яғни 1 апта.

  5. Үш күн өткен соң.

Шығарып көр.

Тапсырманы жұппен оқи отырып, апта күндерінің ретін еске түсіреді. Күндерді қоса отырып, өзіне қажетті апта күнін тауып үйренеді. Әркімнің сабақтан тыс қандай үйірмелерге қатысатыны туралы сұрау.

Жауабы:

домбыра үйірмесі бейсенбі күні болады.



Отбасылық демалыс.

Бұл тапсырманы жұппен орындауды ұсыну. Оқушылар тапсырманы талдау және орындау барысында 1 аптада 7 күн бар деген қорытынды жасайды.


Жауабы:

14 күн.


Орындап көр.

Тапсырмада оқушылар дүкенге бару кестесін құрады. Шарты:

дүкенге күнара бару керек. Жұмысты 4 оқушыдан тұратын топпен ұйымдастыру. Оқушылар еш қиындықсыз кесте құра алады. Бірақ тапсырманы орындау барысында апта күндерінің саны тақ екенін түсінуі, сондықтан бір аптаның кестесі келесі аптаға сәйкес келмейді деген тұжырымға келуі тиіс. Егер сынып дайын болса, онда оларға 3-4 аптаға дейін жалғастыруды ұсыну. Осылайша оқушылардың дүкенге бару кестесі бір аптадан кейін қайталанады деген тұжырымға келу мүмкіндігі пайда болады, яғни бірінші аптаның кестесі үшінші, бесінші және т. б. аптаға сәйкес келеді. Екінші аптаның кестесі төртінші, алтыншы және т.б. аптаға сәйкес келеді. Неге бұлай болып жатқанын түсіндіріп беруді сұрау.

Оқушылар екі аптада 14 күн барын ойлап табуы мүмкін, ал бұл — жұп сан.


Ертегілер оқу.

Берілген тапсырманы оқушыларға өз бетінше орындауға ұсыну. Оқушылар 1 аптада 7 күн бар деген тұжырым бойынша есептеу дағдысын бекітеді.


Ойлан.

Бұл тапсырманы оқушыларға өз бетінше орындатуға болады. Бұл апта күндерінің ретін, атауын еске сақтауға және 1 апта ішіндегі уақытты тәулікпен санау дағдысын бекітеді.

Жауабы:

жексенбі.



Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар

Дәптермен жұмыс 19-20 бет


Апта күндерінің атауын есте сақтап қалуы үшін оқушылармен “Үндемес” ойынын жүргізу. Алдымен оқушыларға ойынның шартын түсіндіру. Ойынды бастамас бұрын 1-ден 7-ге дейінгі аралықтағы сандар жазылған парақшаларды тақтаға іліп қойып көрсету. Әрбір сан апта күндерінің ретін білдіретінін айту.

Мысалы: 1 — аптаның бірінші күні, яғни дүйсенбі. 2 — аптаның екінші күні, яғни сейсенбі. 3 — аптаның үшінші күні, яғни сәрсенбі. 4 — аптаның төртінші күні, яғни бейсенбі. 5 — аптаның бесінші күні, яғни жұма. 6 — аптаның алтыншы күні, яғни сенбі.

7 — аптаның жетінші күні, яғни жексенбі.

Кез келген 1-ден 7-ге дейінгі санның біреуін көрсету. Олар сол санға сәйкес келетін күн атауын атайды.

Мозаика құрастыр.

Бұл тапсырма қалыптастырушы бағалау мен жаңа сабақ тақырыбын меңгеру деңгейін анықтауға арналған. Оқушылар пазлдарда апта күндерінің атауын жазып, күндердің ретін жалғастыру керек: жексенбіден кейін — бір бағытта; дүйсенбіге дейін — басқа бағытта.

Сен қай күні қандай үйірмеге қатысасың?


Оқушылар кестеге өздері апта ішінде қатысатын үйірме аттарын жазып толтырады. Берілген тап­ сырманы саралау бағытында дамыту үшін тек қана үйірме аттарын жазып қоймай, басталатын уақытын да жазуды сұрау. Толтырылған үйірме кестесін жұмыс дәптерінен кесіп алып, өз бөлмесіне іліп қоюына болады.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

апта 7 тәуліктен тұратын уақыт аралығы екенін түсінеді;

апта күндерінің ретін біледі.

Оқушылардың жаңа тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру үшін сұрақтар қоюға болады:


бір аптада неше күн бар?

Бүгін аптаның қай күні?

Сендер аптаның қай күнінде сабаққа келесіңдер?

Сейсенбі аптаның нешінші күні?

Дүйсенбіден кейін қай күн келеді?

Жексенбінің алдында қай күн?

Арғы күн қай күн болады?


Сендер қалай ойлайсыңдар, қандай іс-әрекеттердің ұзақтығын тәулікпен емес, аптамен өлшеуге болады?

Неге?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойынша өзін-өзі бағалату.














Сабақ тақырыбы:

Ұзындық. Масса. Көлем

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

ұзындық, масса, көлем (сыйымдылық) уақыт шамаларын ажыратып үйренеді;

оларды өлшеудiң жолы мен құралдарын таңдай алады, өлшеуді үйренеді.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

үлгі жасауға арналған қатты қағаз; қайшы;

Сөздер тақтасындағы” тірек сөздер жазылған парақшалар.

Тірек сөздер

ұзындық;

масса;

көлем

Сабақтың мақсаты:

Заттың ұзындығы, массасы мен көлемін олардың жартылай­ белгілі мәні бойынша есептеп шығару дағды­сының дамуына, осы шамаларды өлшеуге арналған құралдарды таңдау дағдысын бекітуге, шамаларды өлшеу бірлігіне сәйкес білімді қолдану дағдысының дамуына жағдай жасау.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Берілген сабақ бірінші жартыжылдықта өткен материалды қайталауға арналған. Оқушылар ұзындық, масса, көлем жөніндегі білетін түсініктерін бекітуге арналған тапсырмалармен қатар осы түсініктерді кеңейтетін тапсырмаларды да орындайды. Бұл сабақта шамалардың мәнін есептеу мен олардың айырмаларын салыстыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Кіріспе тапсырма.

Төмендегі ұғымдарды еске түсіру:

ұзындық, масса, көлем — шамалар;

сантиметр мен метр — ұзындықтың өлшем бірлігі;

10 см = 1 дм;

килограмм — массаның өлшем бірлігі;

литр — көлемнің өлшем бірлігі.

Заттардың ұзындықтары қандай? Берілген тапсырманы жалпы сыныппен орындаудан бастау. Оқушылардан суретке анықтап қарап, өшіргіштің, қайшының және сызғыштың ұзындығын анықтау. Оқушылар бұрын да сызғыштың ұзындығын анықтаған болатын. Алайда осы сабақтағы тапсы маның ерекше сипаты мынадай: ұзындықты өлшеу сызғыштағы 0 санынан басталмайды. Сөйтіп, оқушыларға қадамдарды сандық сәуле бойынша (сызғыш бойынша) басындағы сан мен соңындағы санның арасындағы айырманы есептеп шығаруға тура келеді. Әр заттың ұзындығын анықтаған соң оқулықтағы сұрақтар бойынша әңгіме жүргізу. Содан соң жұппен жұмыс ұйымдастыру. Оқушылардан сурет бойынша жаңа сұрақтар құрап, оның жауабын дайындауды сұрау.

Қай зат сызғыштан ұзын? Қанша сантиметр ұзын?

Қайшы қарындаштан қанша сантиметр қысқа?

Қарындаш өшіргіштен қанша сантиметр ұзын?

Өшіргіш пен сызғышты бір-біріне тіркестіріп көр. Екеуінің жалпы ұзындығы қарындаштан ұзын бола ма? Неге? Оны қалай білдің?


Жауабы:

өшіргіш — 5 см;

қайшы — 11 см;

қарындаш — 14 см.

Шығарып көр.

Оқушылардан суретке мұқият қарап шығып, қарбыз бен бір қап картоптың массасын анықтауды тапсыру. Талқылау барысында оқушылар алдымен бір қорап қанттың (1 кг) массасын есептеп, сосын қарбыздың (4 кг) массасын білуге болатынын айтады. Бір қап картоптың массасын анықтауда қиындықтар тууы мүмкін. Ондай жағдайда төмендегі сұрақтардың көмегіне сүйену:

Бір қап картоп тұрған таразының қалпы қандай күйде? (Тепе-теңдік күйде.)

Қандай заттардың массасы тең немесе бірдей? (Бір қап картоп пен 1 қорап қант және қарбыз бен 2 қорап қанттың массасы.)

Азық-түліктің массасын алдымен таразының қай жағынан бастап есептей аламыз?

(2 қорап қант пен қарбыздан.)

Олардың массасы қандай?

(6 кг.)

Бір қап картоп пен 1 қорап қанттың массасы да сондай. (6 кг.)

Егер бір қап картоп пен 1 қап қанттың массасы 6 кг болса, ал бір қорап қанттың массасы 1 кг болса, онда бір қап картоптың массасы қанша?

Жауабы:

қарбыз — 4 кг,

1 қап картоп — 5 кг.

Ойлан.

Шелектің сыйымдылығын анықтауды тапсыру. Тапсырманы орындауды үш кезеңге бөлуге болады:

  1. Құмыраның көлемін табу. (1 л.)

  2. Қазанның көлемін табу. (2 л.)

  3. Шелектің көлемін табу.

(2 л + 2 л + 1 л + 1 л + 1 л = 7 л.)

Жауабы:

7 л.


Орындап көр.

Берілген тапсырманы топтық жұмыстың барысында орындаған жөн. Оқушылар аквариум, шыны құмыра мен тостағанның үлгілерін дайындауы тиіс. Бұл суреттер немесе геометриялық фигуралар болуы мүмкін. Үлгілердің сыртына олардың көлемін жазуды тапсыру.

Жауабы:

нұсқалары:

бір рет 3 л және он жеті рет 1 л;

екі рет 3 л және он төрт рет 1л;

үш рет 3 л және он бір рет 1 л;

төрт рет 3 л және сегіз рет 1 л;

бес рет 3 л, бес рет 1 л;

алты рет 3 л, екі рет 1 л;

жиырма рет 1 л.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар

Дәптермен жұмыс 23-24 бет

Оқушыларға “Неге?”,

Оны қалай білдің?”,

Неліктен?”,

Сен қалай ойлайсың?”

деген сұрақтарды қою. Осындай және осы тәріздес сұрақтар оқушыларды ойлануға, өз әрекетін бағамдауға, қолданған тәсілді түсіндіруге ынталандырады, яғни оқушылардың математикалық тілін дамытады.

Заттардың ұзындығын анықта.

Жауабы:

қаламсауыт — 14 см; кілт — 6 см; қалам — 12 см.

Заттардың массасын анықта.

Оқушылар өз бетінше жұмыс жасау кезінде жұптық жұмыс нәтижесінде қалыптасқан дағдыларын қолданатын болады. Тапсырманы бірнеше кезеңге бөліп орындау керек.

Жауабы:

кітап — 1 кг;

сыйлық — 2 кг;

қарбыз — 4 кг.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

шамалар — ұзындық, масса, көлем жөніндегі білімін бекітеді; антиметр мен дециметр — ұзындықтың өлшем­ бірлігі, килограмм — массаның өлшем бірлігі, литр — көлемнің өлшем бірлігі екенін түсінеді;

ұзындықты сызғышпен, салмақты таразымен, кө­ лемді өлшеуіш ыдыспен өлшейтінін түсінеді;

ұзындық, масса, көлемнің мәнін кейбір мәлімет­тер­ бойынша анықтауды меңгереді.

Қалыптастырушы бағалаудың қорытындысы бойынша оқушыларға қандай көмек көрсету қажеттігін анықтау.




Сабақ тақырыбы:

Теңдік және теңсіздік. Теңдеу

Теңдік және теңсіздік

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

теңдік пен теңсіздікті, теңдеуді, тура және тура емес теңдіктерді ажырата біледі;

+”, “-”, “=”, “≠”, “>” , “<” таңбаларын, белгісіз сан таңбасын (□) қолдана біледі.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

әр топқа арналған табақшалы таразы;

массасы бірдей түйме жиынтығы, жетондар немесе монеталар;

массасы бірдей көгөніс муляждары;

А4 пiшiндегi қағаз парақтары;

әрбір оқушыға арналған маркерлер.

Тірек сөздер

теңдік;

теңсіздік.

Сабақтың мақсаты:

Теңдік” және “теңсіздік” ұғымдары туралы білімдерін­ толықтыру, теңдік пен теңсіздікті ажы­ рату, теңдіктерді “=” таңбасын, ал теңсіздіктерді “≠” таңбасын пайдаланып­ жазу дағдысын дамыту.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Сабаққа қатысты деректі материалдар

Математикада “=” таңбасы мәні бірдей өрнектердің немесе сандардың арасында қойылады. “≠” таңбасы, яғни теңсіздік белгісі мәні тең емес теңдіктерді белгілеуде қолданылады.

Оны қалай жазуға болады?

Тепе-теңдік математикада “теңдік” деп аталатынын айту. Теңдікті жазу үшін “ = ” (тең) математикалық белгісі пайдаланылады. Нәтижесі 3 = 3 түрінде жазылады да, оқуда “үш тең үш” деп оқылады.

Көрсетілімді жалғастыру.

Енді таразының бір табақшасына үш монета салу. Оқушылардың біреуіне қапшықтан бір уыс монета алып, таразының екінші табақшасына салуын сұрау. Содан кейін оқушыларға мынадай сұрақтар қою:

Сендер не байқадыңдар?

Таразы басы тең бе?

Таразының бір табақшасы екіншісінен неге төмен түсті?

Қалай ойлайсыңдар? Осы көріністі қалай жазып көрсетуге болады?

Оқушылардың жауабын тыңдап, теңдік болмайтын жағдайды математикада “теңсіздік” деп атайтынын хабарлау. Теңсіздікті жазу үшін “≠” (тең емес) белгісі пайдаланылады.

Нәтижесі былай жазылады:

3 ≠ 5 және “3 тең емес 5-ке” деп оқылады.

Қораптағы кәмпит санын салыстыр. Оқушыларға суреттің әр қорабындағы кәмпит санын салыстыруды ұсыну. Ол үшін бірге бір сәйкестендіру әдісін пайдалану. Оқушылардан екі қораптағы кәмпиттер санының тең әлде тең емес екенін анықтауға ұсыныс жасау. Оқушылардан­ неге олай ойлайтынын сұрау. Оларға теңсіздіктерді ламинатталған парақтарға­ жазып, жұмыс нәтижесін сыныпқа көрсетуді ұсыну.

Жауабы:

5 ≠ 7.

5 пен 7 тең емес немесе 5 ≠ 7 теңсіздіктер.

Теңдік пе, әлде теңсіздік пе?

Жұптық жұмыс.

Оқушылардан ауызша жауабын ламинатталған қағазға жазып көрсетуді сұрау. Олар жазған жауабын жоғары көтеріп, мұғалімге көрсетеді.

6 = 6 бұлар теңдіктер.

Кіріспе тапсырма.

Топтағы зерттеу жұмысы. Әр топта табақшалы таразы және құны және массасы бірдей тиындар болуы шарт. Егер әр топты таразымен қамтамасыз ету мүмкін болмаса, көрсетіліммен шектелу.

Таразының әр табақшасына үш монетадан салу. Оқушылардан мына сұрақтарға жауап беруін сұрау:

Таразы қандай жағдайда тұр?

Жауабы:

а) 5 = 5; ә) 6 ≠ 9.

Шығарып көр.

Оқушыларға тапсырманы жұппен орындатып, 12 ойыншықты 2 қорапқа қандай әдіспен тең бөліп салуға болатынын талқылауды ұсыну. Бірінші рет салғанда теңдік шығатындай, ал екінші рет теңсіздіктер шығатындай орналастыруды сұрау. Жауап нұсқаларын екі бағанға жазуға болады. Бірінші баған “теңдіктер”, екінші баған “теңсіздіктер” болады. Талдау барысында қай оқушының теңсіздік пен теңдік түрін көп жазғанын салыстыруға мүмкіндік туады.


Жауабы:

теңсіздіктер теңдіктер

1 ≠ 11; 6 = 6.

2 ≠ 10;

3 ≠ 9;

4 ≠ 8;

5 ≠ 7.




\


Орындап көр.

Оқушыларға таразы табағының тең емес жағдайын бағалауды ұсыну. Оларға таразы басын теңестіру үшін, яғни теңсіздікті теңдікке айналдыру үшін не істеуге болатынын ойланып көруді ұсыну. Оқушылар өз тобында талқылайды. Топпен бірлесіп талдағаннан кейін теориялық ұсыныстарды тәжірибеде сынап көруді ескерту. Ол үшін таразы табақтарының көмегімен массасы тең көгөніс муляждарын пайдалану.


Жауабы:


а) 1 алманы алып немесе 1 алманы қосу;

ә) 1 алманы сол жақтағы табақтан оң жақтағы табақ­

қа ауыстырып салу немесе оң жаққа 2 алма қосу (немесе сол жақтан 2 алманы алып тастау).




Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар

Жұмыс дәптерімен жұмыс 25-26 бет

Оқушыларды тірек сөздерді есте сақтауға жаттықтыру үшін ойын ұйымдастыру. Сынып оқушыларын төрт не алты адамнан тұратын топқа бөлу. Жүргізушінің “Теңдіктер!” деген бұйрығы бойынша оқушылар бірдей топтарға бөлінуі керек. Мысалы, сыныптағы оқушылардың санына байланысты 2 және 2 немесе 3 және 3 деп бөлініп тұруын ұсыну. Жүргізушінің “Теңсіздіктер!” деген бұйрығы бойынша оқушылар саны әртүрлі топтарға бөлінуі керек. Мысалы, егер топта 4 адамнан болса, оқушылар 1 және 3 адамнан бөлінеді. Егер топта 6 адамнан болса, онда 2 және 4,

1 және 5 адамнан бөлінеді.

Cуреттен теңдіктерді тап.

Оқушылар теңсіздіктер бейнеленген суретті таңдап алып, суреттің жанындағы дөңгелектерді кез келген түспен бояйды. Теңдік болатын суреттің жанына тиісті теңдіктерді жазу керек.




Жауабы:


а) теңдік 2 = 2; ә) теңсіздік 3 ≠ 4; б) теңдік 4 = 4.


Белгілерді қой.

Тапсырманың мақсаты — а) және ә) көлемді фигуралар тобының жұптарын салыстыру. Олардың­ арасына теңдік немесе теңсіздік белгілерін қою. Суреттің астына тиісті өрнекті жазады.


б) және в) тапсырмасының екінші бөлігі деңгейлік тапсырмаға жатады.

Білім деңгейі жоғары оқушылар теңдік пен теңсіздікті кеңестік фигуралардың көмегімен өз бетінше құрастыру керек. Фигуралар тобының арасына теңдік немесе теңсіздік белгілерінің тиістісін қойып жазу көзделеді.


Жауабы:


а) 8 = 8; ә) 5 ≠ 6.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында теңдік пен теңсіздікті ажыратып үйренеді.

Оқушылардың берілген тақырып бойынша алған білімінің деңгейін анықтау мақсатында оларға төмендегі сұрақтарды қою:

теңдікті жазу үшін қандай белгіні қоямыз? (“=”)

Теңсіздікті жазу үшін қандай белгіні қоямыз?­ (“≠”)

Азаматтың 3 қызыл мәшинесі, ал Серіктің 4 жасыл мәшинесі бар. Теңсіздік құрып жаз. (Теңсіздік: 3≠4.)

Гүлмираның жануарлар туралы 5 кітабы, ал Сәуленің өсімдіктер туралы 5 кітабы бар.

Берілген деректерге сүйеніп теңдік немесе теңсіздік құрастыр.

(Теңдік: 5 = 5.)

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойынша өзін-өзі бағалату.




















Сабақ тақырыбы:

Тура және тура емес теңдіктер

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

теңдікті және теңсіздікті, теңдеуді біледі; тура және тура емес теңдікті ажырата алады;

=”, “≠”, “>”, “<”, “+”, “-” таңбаларын қолдана алады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

салыстыруға арналған әртүрлі санды өрнек жазыл­ ған парақшалар;

салыстыру белгілері жазылған парақшалар;

ламинатталған қағаз парақтары;

маркерлер;

нұсқар тілі бар зырылдауық.

Тірек сөздер

Тура және тура емес теңдіктер

Сабақтың мақсаты:

Қосу және азайту амалдарымен берілген санды өрнектерді салыстыру; сандар, шамалар, санды өрнектер арасындағы қатынасты анықтау дағдысын дамыту. Салыстыру нәтижесін арнайы белгілер арқылы белгілеуді үйрену, есептеу дағдысын, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Ортасында қандай белгі тұрғанына байланысты санды теңсіздіктердің мәнін екі түрде көрсетуге болады. Егер екі санды өрнектің бірінің мәні екіншісінен артық немесе кем болса, берілген өрнек теңсіздік болады да, олардың арасына “>” немесе “<” таңбасы қойылады. Егер екі өрнектің мәндері бірдей болса, онда олар теңдік деп аталып, өрнектердің арасына “=” таңбасы қойылады. “≠” таңбасын теңсіздіктің екі бөлігін салыстыруға пайдалануға болады, бірақ біз нақтырақ нәтиже алу үшін “>” немесе “<” таңбалары арқылы салыстырып түрлендіреміз.

Кіріспе тапсырма.

Оқушыларды топқа бөлу. Оларға мынадай ойын ұсыну. Санды өрнектер және салыстыру белгілері бар парақшаларды дайындап қою. Санды өрнектер жазылған парақшаларды шеңбер бойымен орналастыру. Шеңбердің ортасына нұсқар тілді орнату. Оқушылар нұсқар тілді 2 рет айналдырып, қандай санды өрнектерді салыстыратынын анықтап алады. Олар осы мақсатта салыстыру белгілері бар парақшаларды пайдаланады.

Мысалы, егер оқушыларға 17 + 2; 18 – 4 парақшалары түссе, ол мына үлгіде салыстырылады: 17 + 2 > 18 – 4.

Егер 15 – 3; 10 + 2 өрнектері бар парақшалар түссе, олар былай салыстырып жазады: 15 – 3 = 10 + 2.

Барлық оқушылар өрнектері бар парақша жұптарын алып, салыстырған соң бір-бірінің жұмыстарын тексереді.

Құрастырған өрнектердің қалай аталатынын сұрау. Оқушылардың жауабын тыңдау. Өрнектерді салыстыру нәтижесін теңдік немесе теңсіздік түрінде жазуға болады.

Оқушыларға құрастырған өрнектерін қайтадан оқып, олардың теңдік не теңсіздік екенін анықтауды сұрау.

Саябақта.

Оқулықта бейнеленген сурет бойынша велосипедтегі және шанадағы балалардың санын анықтап салыстыруды тапсыру. Оқушылар тек балалардың санын ғана салыстырып қоймай, бөліктермен қоса санайды. Мысалы, 3 бала болды, тағы 4 бала келді немесе 7 бала болды, 4 бала кетіп қалды. Оқушыларға сурет бойынша шағын мәтін құрастыруды тапсыру. Бұл жұмыс түрі есеп шығаруға дайындық болады. Оқушыларға санды теңсіздіктерді салыстырып, оларды ажыраттыру.

Жауабы:

а) 1 + 4 < 3 + 4 — бұл теңсіздік;

ә) 5 – 2 < 7 – 3 — бұл теңсіздік;

б) 5 – 3 = 7 – 5 — бұл теңдік.

Шығарып көр.

Топпен жұмыс ұйымдастыру. Санды өрнектерді салыстырып, оларды қандай 3 топқа бөлуге болатынын сұрау.

Оқушыларға бұл тапсырманы қалай орындайтынын айтуға мүмкіндік беру. Мысалы, олар оны бірінен кейін бірі жалғастырып орындауы немесе барлық тапсырманы жеке орындауы мүмкін. Өзара тексеру жасауға мүмкіндік беру.

Жауабы:

үш қате:

20 + 40 = 70 – 30;

15 – 3 ≠ 16 – 4;

11 + 0 = 14 – 0.


Орындап көр.

Тапсырманы жұппен орындату. Сурет бойынша саябақ жолдарының сызбасы қандай геометриялық фигуралар беретінін айту керек. Санды теңсіздік құрастырып, берілген жолдардың ұзындығын салыстыруды тапсыру.


Жауабы:

20 дм + 20 дм + 20 дм + 20 дм< 30 дм + 30 дм + 30 дм;

80 дм < 90 дм.

Ойлан.

Оқушыларды топтарға біріктіру. Бірнеше амалдармен берілген санды өрнектерді салыстыру тәсілін табуды ұсыну. Оқушылардың топта ақылдасуына мүмкіндік беру. Олардың жауаптарын тыңдау.


Екі амалмен берілген санды өрнектердің мәнін есептеу міндетті емес. Салыстыратын өрнектердің құрамындағы бірдей сандарды сызып тастап, қалған сандарды салыстыруға болады.

Мысалы,

1 + 2 + 3 * 1 + 2 + 4; 3 < 4, яғни 1 + 2 + 3 < 1 + 2 + 4.

Жауабы:

10 + 20 + 40 * 10 + 20 + 50, 40 < 50, яғни 10 + 20 + 40 < 10 + 20 + 50.


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар

Жұмыс дәптері 27-28 бет

Теңдік және теңсіздік” тірек сөздерін қайталатып, ойын ұйымдастыру. Санды өрнектер және салыстыру белгілері жазылған парақшаларды пайдалану. Оқушыларды жұпқа бөлу. Оларға жұптаса отырып санды теңсіздіктерді салыстырып, тиісті салыстыру белгілерін қойып шығуды тапсыру. Тапсырманы орындап болған соң шыққан өрнекке байланысты “теңдік” немесе “теңсіздік” сөздерінің тиістісін айтқызу.

Шытырманнан жүріп өт.

Оқушылар санды өрнектерді салыстырып, тиісті белгіні қояды. Барлық өрнектердің ішінен санды теңдіктерді тауып, қоршап сызады.

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында: сандар, шамалар, санды өрнектер арасындағы қатынасты (=, >, <) анықтауды меңгереді. Оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін

анықтау мақсатында мынадай сұрақ­тарды қойыңыз:

өрнектерді салыстыру нәтижесін қалай жазуға болады? (Теңдік немесе теңсіздік түрінде.)

Санды өрнектердің мәнін салыстыр және оның түрін анықта:

6 + 8 * 9 + 4;

17 – 3 * 14 + 2;

28 – 4 * 20 + 4.

Кәмила бір пакетке 2 кг алмұрт және 3 кг өрік, ал екіншісіне 4 кг алма және 1 кг шие салды. Қай пакет ауыр?

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойынша өзін-өзі бағалату.












































Сабақ тақырыбы:

Белгісізі бар теңдік

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

қосу және азайту амалдарының негізінде теңдеуді таңдап алу әдісімен шешеді;

+”, “-”, “≠”, “=”, “>”, “<” таңбаларын, цифрларды, белгісіз санның белгісін (□) қолданады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

сандар жазылған парақшалар;

санды теңсіздіктер мен теңдіктер жазылған парақ­ шалар;

ламинатталған қағаз парақтары;

маркерлер.

Тірек сөздер

белгісіз сан.

Сабақтың мақсаты:

таңбасымен теңдіктегі белгісіз санды белгілеу, белгісіз ұғымымен таныстыру, белгісіз санды таңдау тәсілімен немесе санның құрамына сүйеніп табу, есептеу дағдысын дамыту, топпен және жұппен жұмыс істеу коммуникативтік дағдысын дамыту.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Сабақ теңдіктегі белгісізді табу арқылы теңдеу шешуге дайындық жүргізуге бағытталған. Оқушылар “белгісіз саны бар теңдік” ұғымымен танысады. Белгісіз санды табу үшін оқушылар бұрын меңгерген білімдеріне сүйенеді. Теңдіктің құрамындағы белгісізді санды таңдау тәсілімен немесе санның құрамына сүйеніп анықтайды.

Кіріспе тапсырма.

Оқушыларға ғарышқа саяхат жасауды ұсыну. Сондықтан ғарышкемелердің экипажы ретінде топтарға бөлінуді сұрау. Әрбір экипаж құрамында неше адамнан болу керектігін анықтау үшін теңсіздіктегі торкөзбен берілген белгісіз санды жазып, толықтыруды тапсыру. Теңдіктегі белгісіз санды бос төртбұрышпен көрсетеміз деп келісіп алу.

Теңсіздіктің жазылуы төмендегідей болуы тиіс: 6 + 2 > Оқушылардың жауап нұсқаларын тыңдау.

Жауаптың бірнеше нұсқасы айтылуы мүмкін. Сондықтан оқушылар теңсіздіктің жауабы болатын нақты бір сан табылмауы мүмкін деген қорытындыға келеді. Сонда оларға теңсіздікті 10 – 3 ≠ Тағы да оқушылардың жауабын тыңдау. Алдыңғы теңсіздіктегі жағдай қайталануы мүмкін. Оқушылар берілген теңсіздіктің құрамындағы белгісіз санның нақты жауабын таңдап алуға болмайды деген қорытындыға келуі мүмкін.


Оқушылардан төмендегі теңдік туралы не ойлайтындарын сұрау:


10 – 6 = Берілген теңдеудің бір ғана шешімі бар, ол — 4.


Сол себептен оқушылар 4 топқа бөлінеді. Оқушыларға ғарышқа саяхат жасау барысында төртбұрышпен көрсетілген белгісіз санды іздейтінін хабарлау. Бос орынға қоюға болатын сан белгісіз. Оны белгісіз сан деп атап, таңбасымен белгілейміз. Құрамындағы бір сан белгісіз болатын теңдік белгісізі теңдік деп аталады.


Ғарышкердің таңғы асы.

Саяхаттың алдында жаттығу жасап, ғарышкерге таңғы асын ішуді ұсыну. Оқушылар теңдіктің құрамындағы белгісіз санды берілген жауап нұсқаларының ішінен таңдап алады. Олар санды таңдау тәсілімен анықтап немесе санның құрамына байланысты білімдеріне сүйенеді.

Мына сұрақтарды қою:

7 саны шығу үшін 5-ке нешені қосамыз?

Белгісіз сан нешеге тең?

5 саны шығу үшін 8-ден қандай санды азайтамыз?

Белгісіз сан нешеге тең?

10 саны шығу үшін 6-ға нешені қосамыз?

3 саны шығу үшін 9-дан қандай санды азайтамыз?

Оқушыларды өз жауабын түсіндіруге үйрету.

Жауабы:

а) 2; ә) 3; б) 4; в) 6.

Шығарып көр.

Оқушылар теңдіктегі белгісіз сандардың қандай сан екенін анықтайды. Тапсырманы оқушылардың барлығын қатыстырып тізбектей отырып орындайтындай немесе топтағы әрбір оқушы­ қатыса алатындай етіп ұйымдастыру.


Жауабы:

8 + 2 = 10, 12 + 5 = 17, 40 – 20 = 20, 80 – 10 = 70.

10 – 9 = 1, 15 – 3 = 12, 20 + 30 = 50, 60 + 10 = 70.


Ойлан.

Есеп шығаруға дайындық түрінде ұсынылады. Оқушылармен бірге есеп мазмұнын оқу. Тапсырманы есеп деп атамау, тек ғарыш оқиғасы деп айту. Оқушылардан мәтін мазмұнынан не білгенін, нені білу керектігін сұрау.


Сынып оқушыларының дайындығы жоғары болса, тапсырманы жұппен орындауды ұсыну. Оқушылар тапсырма мазмұнын оқиды. Тапсырмаға белгісізі бар теңдік құрастырып, белгісіз санның мәнін табады. Егер оқушылардың дайындық деңгейі бірдей болса, тапсырманы сынып алдында орындату.


Жауабы:

10 – = 7;

10 – 3 = 7.





Орындап көр.

Логикалық тапсырманың шешуін топпен ақылдасып орындауды ұсыну. Мүмкін болса, берілген тапсырманы интерактивті тақтада көрсету. Тапсырма шаршы түрінде көрсетілген, бірдей суреттердің астында бірдей сандар жасырылған. Оқушыларға берілген қосындының мәні шығатындай белгісіз санды анықтау керек. Тапсырманы орындауда қиындық туған жағдайда оқушылардан:


қандай үш бірдей санның қосындысы 15-ке тең болады? — деп сұрау.

(5 + 5 + 5 = 15.)


Ғарышкеме суретінің орнына 5 санын қойып, өрнек құрастыруды ұсыну.


Ал белгісіз санды таңбасымен көрсету керектігін­ айту. Оқушыларда мынадай белгісізі бар теңдік шығуы керек: 5 + + 5 = 12. Санды таңдау тәсілін пайдаланып, берілген өрнектегі белгісіз санның мәні 2 саны болатынын анықтайды.


Осылайша шаршының басқа торкөздеріндегі бел­ гісіз сандарды табады.


Оларда 5 + + 2 = 10 теңдігі шығу керек. Санды таңдау тәсілімен оқушылар белгісіз санның мәні 3 саны болатынын оңай анықтай алады.


Жауабы:


зымыран — 5; телескоп — 2; ғарышкер — 3.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар

Жұмыс дәптері 29-30 бет

Оқушыларға ойын ұсыну. Олардың әрқай­ сысына сандар жазылған парақшаларды таратып беру. Оқушылар қолдарындағы парақшаларды басқа ойыншыларға көрсетпеуі керек.

Оқушыларды шеңбер жасап тұрғызып, ойынды бастау. Жүргізуші санамақтың көмегімен қолындағы санды суреттеп айтатын оқушыны таңдайды. Оқушы жасырып тұрған санын жұмбақтап айтады.



Мысалы,

егер бұл санға 7-ні қосса,

қосынды­ 9 санына тең болады.


Немесе егер 10-нан менің қолымдағы белгісіз санды азайтса, айырманың мәні 5 -ке тең болады т.с.с.

Ал қалған оқушылар осы санды табады. Қай оқушы бірінші тапса, тірек сөзді айтады. Егер ойыншы санды дұрыс тапса, онда жүру құқығы қалады. Ал дұрыс таппаса, жүру құқығы ойлаған санды дұрыс тапқан басқа ойыншыға ауысады. Ойын осылай жалғасады.




Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану.

Жер және ғарыш” тарауы.








Қосымша тапсырмалар


Өзге ғаламшарлықтарға көмектес.

Оқушылар теңдіктердегі белгісіз санды табады. Санды таңдау тәсілімен белгісіз санды тауып, теңдік пен белгісіз санның мәні болатын сандарды сызып сәйкестендіреді.


Жауабы;

20 + 10 = 30, 13 + 6 = 19, 18 – 4 = 14.

17 – 7 = 10, 14 – 3 = 11, 15 + 5 = 20.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

таңбасын теңдіктегі белгісізді көрсеткенде

пайдалануды­ меңгереді, мысалы 6 + = 10.

Оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін анықтау мақсатында жұмыс дәптеріндегі “Ғарыштық шытырманнан өт” тапсырмасын орындату.


Теңдіктегі белгісіз санды бос торкөздерге жазып көрсетеді.

Жауабы:




19 – 9 = 10,

17

12 = 5,

8 + 2 = 10,

4

+ 3 = 7.

10

2 = 8.

16 – 10 = 6.

8

+ 11 = 19,

3 + 14 = 17,


15 – 10 = 5.

17

+ 1 = 18.


Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойынша өзін-өзі бағалату.



















Сабақ тақырыбы:

Әріпті өрнек

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып



Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

санды және әріпті өрнектерді (қосынды, айырма) құрастырады, жазады, оқиды, ажыратады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

латын әріптері транскрипциясының кестесі: а — [а],

b — [бэ], с — [ц], d — [дэ], x — [икс], y — [игрек];

Әр оқушыға арналған:

1 ламинатталған қағаз парақтары;

1 маркер.

Тірек сөздер

әріпті өрнек.

Сабақтың мақсаты:

Әріпті өрнектер туралы түсінік беру; оқушы­ лардың­ әріпті өрнектерді құру, оқу және жазу дағ­ дыларын­ қалыптастыру; таңдау әдісі арқылы әріпті өрнектің мүмкін болатын мәнін табу.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Әріпті өрнек немесе белгісізі бар өрнек —

әріптер (белгісіздер) мен сандардан тұратын математикалық жазба және арифметикалық амал белгілерінің көмегімен берілген. Есептеу әріптің орнына қойылатын санды әріпті өрнектегі әріптің мәні деп атайды. Әріпті өрнектерде латын әліпбиінің кіші әріптері қолданылады.

Кіріспе тапсырма.

Сабақты топпен жұмыс істеуден бастау.

Әр топқа ламинатталған қағаздарды және маркерлерді таратып беру. Сыныпқа кестені көрсетіп таныстыру. Оқушылардан бос торкөздермен өрнектер құрастыруды сұрау.

1-қосылғыш

2-қосылғыш

Өрнек





1

+ 1




8







6





Мына бос торкөздердің орнына қандай сандарды қоюға болады? Сендер қалай ойлайсыңдар? (Кез келген.)

Ал мына бос торкөздің орнына ше? 6 – .

Қорытынды жасауды сұрау. Оқушылардың ойын тыңдау. Оқушыларды айырманың мағынасын табу кезінде, егер бос торкөз азайтқыштың орнында тұрса, онда ол азайғыштан артық мән қабылдай алмайды деген тұжырымға жетелеу. Бос торкөздің

орнына латын әліпбиінің кіші әріптерін

(a, b, c, d, x, y) жазуды ұсыну. Жазу барысында латын әліпбиінің әріптерінің айтылуына балалардың назарын аудару:

а — [а], b — [бэ], с — [ц],

d — [дэ], x — [икс], y — [игрек]. Оқушылардан алынған өрнектерді оқып беруін өтіну. Олардан мынаны сұрау:

Біз қандай жазу жаздық? (Өрнек.)

Егер өрнек әріптен, саннан және арифметикалық амалдардың белгілерінен тұрса, оны қалай атайды? Сендер қалай ойлайсыңдар?

Арифметикалық амал белгілерінің көмегімен байланысқан әріптер мен сандардан құралған өрнектердің әріпті өрнектер деп аталатынын табуға

оқушыларды жетелеу. Санды өрнектер сияқты әріпті өрнектерді де әртүрлі оқуға болады.

Мысалы,

5 – х өрнегін былай оқуға болады:

5 минус икс”, “5-тен икс-ті азайтамыз”, “5 пен икс-тің айырмасы” немесе

5 — азайғыш, икс — азайтқыш”.


Қай жолмен жүрген дұрыс?

Тапсырмада берілген өрнектерді санды және әріпті өрнектерге бөлу керек. Оқушыларға өрнектерді өздігінен санды және әріпті өрнектерге бөлуді ұсыну. Оларға өрнектерді кезекпен оқыту. Жолсеріктердің қай жолмен жүргені дұрыс екенін хабарлайды,­ өз таңдауын дәлелдейді.

Бұл тапсырманы бөлімнің “Саяхат” атты жалпы тақырыбымен байланыстыруға болады.

Жауабы:

санды өрнектер: 100 – 30; 7 + 3;

әріпті өрнектер: х + 8; 50 – у.


Әріпті өрнектерді оқы. Оқушыларға оқулықта берілген әріпті өрнектерді оқыту. Ол үшін оқушыларды жұпқа бөлу.

а + 3 50 + в с – а

а + с 16 – х 70 - d


Шығарып көр.

Оқушылар белгілі бір санды х әрпімен алмастыруды өздері аңғаруы тиіс. Тапсырманы орындау үшін жұмысты топпен ұйымдастыру. Олар ламинатталған қағазға алынған әріпті өрнектерді жазуы керек және жұмысты аяқтаған соң тақтаға бекітіп, өзара тексеруді орындауы керек.

Айырмаға қатысты өрнектерде санды әріппен алмастырғанда өрнектің әр компонентінің орнын қатаң сақтау қажет екенін ұмытпаған жөн. Бірақ оқушылар өз бетінше орындағанда қате жіберуі мүмкін. Сондықтан олардың қандай әріпті өрнектерді алғанын және олардың қанша екенін тексерген жөн.

Мысалы,

12 – 4 санды өрнегінен 12 – х және х – 4 әріпті өрнектерін алуға болады.

Біз сандарды қосқан кезде орындарын қалай ауыстыра аламыз?

Мысалы,

5 + 3-ті 3 + 5-ке ауыстыруға болады.


Азайтуда сандардың орындарын ауыстыруға бола ма? Неге?


12 – 11 өрнегін 11 – 12 деп ауыстыруға бола ма? Неге?

Қалай ойлайсыңдар, 12 – х өрнегін х – 12 деп ауыстыруға бола ма? Неге?


Екі өрнектегі х-тің орнына бір санды қойып көрейік.

Мысалы, 3-ті.

Не шықты?


Берілген тапсырма жауабына х – 12 және 11 – х өрнектері алынбайды деген тұжырымға жетелеу.


Жауабы:

ә) 8 + х, х + 8; х + 2, 2 + х;

б) 12 – х; х – 11;

в) 100 – х; х – 20.


Орындап көр.

Бұл тапсырманы оқушыларға жұпта орындауды ұсыну. Тапсырманы орындау оқушылардың топпен жұмыс үрдісінде үйренген дағдысын қолдануға мүмкіндік береді. Берілген әріпті қолданып әріпті өрнек құрастырады. Содан соң берілген әріптің орнына басқа кез келген әріпті қолдануға болатынын тексереді және бір-біріне түсіндіреді. Жауаптарын нақтылай түсу үшін олардың өздеріне осындай бірнеше өрнектерді басқа әріптерді қолданып жазуын ұсыну. Оқушылар ламинатталған қағаз парақтарына маркермен жазады.


Жауабы:

иә, кез келген басқа әріпті қолдануға болады.


Ойлан.

Бұл айдардың тапсырмасын орындау үшін топпен жұмыс ұйымдастыру. Оқушылардан автобустағы қалған жолаушылар санын көрсететін

(15 – х) түріндегі әріпті өрнек құрастыруды сұрау. Сонымен қатар олар бұл өрнектегі әріптердің мәндері 1 -ден 14-ке дейінгі мәнді қабылдайтыны туралы өз талдаулары бойынша қорытынды жасай алады.



Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар

Жұмыс дәптері 33-34 бет

Тапсырманы оқуда және айтуда, жатқа жазуда әріпті өрнектерді дұрыс атау. Әріпті өрнектерді әртүрлі тәсілмен оқу дағдыларына жаттықтыру. Арифметикалық амалды және белгісін атау, арифметикалық амалдың компоненттерін атау.

Барлық әріпті өрнектерді қоршап сыз.

Бұл тапсырма арқылы әрбір оқушының тақырыпты қаншалықты түсінгенін тексеруге болады.


Тапсырманы орындау үшін оқушылар санды және әріпті өрнектерді ажырата білуі тиіс.


Жауабы:


әріпті өрнек: 6 + a; 80 + b; 50 – c; d – 40; санды өрнектердің мәндері: 13, 9, 60, 70.

Әріпті өрнектер құрастыр.

Жұбын тап.

Қолғаптардағы тең өрнектерді тап. Оларды сызықпен қос. Алынған жұптарды бірдей түспен боя.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:

санды және әріпті өрнектерді ажырата біледі;

әріпті өрнектерді әртүрлі тәсілмен оқуды үйренеді.

Сабақ тақырыбын меңгеру деңгейін бағалау үшін сұрақтар қою:

әріпті өрнектердің санды өрнектерден айырмашылығы неде?

7 + b әріпті өрнегін әртүрлі тәсілмен оқыңдар.

7 – b әріпті өрнегін әртүрлі тәсілмен оқыңдар.

7 + b өрнегіндегі b-ның орнына қандай әріпті қоюға болады?

b-ның орнына қандай сан қоюға болады?

7 – b өрнегіндегі b-ның орнына қандай әріп пен сан қоюға болады? Оқушыларға өз жауаптарын түсіндіруді ұсыну.

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” арқылы өз-өзін бағалату.







Сабақ тақырыбы:

Әріпті өрнектегі әріптің мәні

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

әріпті символдардың берілген мәні бойынша бір әрпі бар өрнектің мәнін табады;

+”, “-”, “≠”, “=”, “>”, “<” таңбаларын, цифрларды,

(□) белгісіз сан символын қолданады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

Әр оқушыға арналған:

1 ламинатталған қағаз парағы;

1 маркер.

Тірек сөздер

Әріпті өрнектер

Сабақтың мақсаты:

Әріпті өрнектегі әріптің мәнін таңдап алу дағ­ дысын қалыптастыру, әріпті өрнектегі әріптің орны­на сан мәнін қою жолымен алынған теңдіктерді шешу дағдысын жетілдіру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Оқушылар бұл сабақта әріптің орнына санды қойып және нәтижесін есептеп санды өрнек алады, әріпті өрнектің сан мәнін анықтайды. Есептеуде әріптің орнын ауыстыратын санды әріпті өрнектегі әріптің мәні деп атайды. Оқушылар әріптің орнына

түрлі сандар, кей жағдайда кез келген сандарды қоюға болатынын білетін болады. “Айнымалы” атауы енгізілмейді.

Кіріспе тапсырма.

Сабақты сыныппен жалпы жұмыс істеуден бастау. Оқушыларға “=” таңбасының бір жағында әріпті өрнектің тұрғанын көрсету.

Мысалы, 6 + а = 18.

Оқушыларға тура теңдік шығу үшін әріптің орнына қоятын санды табуды ұсыну. Іріктеу тәсілі арқылы санды анықтату. Жауабын тапқан соң 18 саны шығу үшін

6 + а әріпті өрнегіндегі әріптің мәні 12 саны екенін айту.

Егер әріптің мәнін өзгертсе, одан кейін қосындыны табуды ұсыну. Мысалы, а = 14. Оқушылардан­ 6 + 14 өрнегін есептеуді сұрау.

Шыққан 20 саны а = 14 жағдайындағы 6 + а әріпті өрнегінің сан мәні екенін хабарлау.

Әріпті өрнектегі әріптің орнына түрлі сан тұратынына оқушылардың назарын аудару. Әріптің мәніне әріпті өрнектің сан мәні тәуелді.

Құпия код” ойыны.

Сабақтың тақырыбын пысықтау үшін топтық ойын ұйымдастыру. Мысал келтіре отырып сыныпқа ойынның шартын түсіндіру. Әрпі бар теңдікті ұсыну. Мысалы, 8 – х = 5. Әріптің мәнін табуды сұрау, бірақ дауыстап айтуға болмайтынын ескерту. Оқушы әріптің мәнін тапқанын білдіретін белгі беруі тиіс. Енді оған осы әріптің мәнін қолданып басқа теңдік құруды ұсыну. Мысалы, ол мынадай х + 4 = 7 теңдігін құрады, осылай ол “құпия кодты” тапқанын дәлелдеп көрсетеді. Келесі оқушы үшінші теңдікті берілген “кодпен” құрады да, оны шешуге ұсынады. Осылайша, топтағы барлық оқушылар әрпі бар бір-бір теңдіктен құрап бітпейінше,­ “құпия кодты” таба алмайды.

Әр үйде қанша қонақ бар?

Топпен жұмыс ұйымдастыру. Егер әріптің мәні белгілі болса, онда әріпті өрнектің сан мәнін табуды ұсыну. Тапсырманы орындау үшін топпен жұмыс ұйымдастыру. Тапсырманы бірінші болып орын­­ даған топ өз жауабын айтады, ал қалған топ­ өз жауаптарын тексереді. Тапсырма ламинатталған­ қағаздарда орындалады. Тексеру кезінде алынған санды өрнектерді үйлердің шатырының түстерімен ажыратуға болады.

Мысалы, “Сары шатырлы үйде … қонақ бар”.

Жауабы:

сары шатырлы үйде 3 қонақ;

жасыл шатырлы үйде 9 қонақ;

ал қызыл шатырлы үйде 4 қонақ;

қоңыр шатырлы үйде 6 қонақ;

көк шатырлы үйде 10 қонақ;

қызыл шатырлы үйде 8 қонақ;

күлгін шатырлы үйде 5 қонақ;


ашық қоңыр түсті шатырлы үйде 7 қонақ бар.


Шығарып көр.

Бұл тапсырманы жұпта орындату. Шелек қозғалғанда алынатын әріпті өрнектердегі әріптің мәнін табуды ұсыну. Шелек құдыққа түсіп, одан кейін қайта көтерілген кезде шелектегі х саны құдықтың қабырғасында жазылған теңдіктердегі бос торкөзге қойылады.


Мысалы, 4 + = 7 теңдігіндегі “бос торкөзді” шелекпен ауыстырғанда 4 + х = 7 теңдігіне ауысады да, оқушылар теңдіктегі х-тің мәндерін таңдап ала алады. Олар тапсырманы ламинатталған қағаз парақтарында орындайды.


Жауабы:

а) х = 3; ә) х = 5.


Орындап көр.

Тапсырманы жалпы сыныппен орындату. Әңгіме жүргізу.


а – 0 өрнегіндегі а-ның орнына қандай санды қоюға болады?


Қане, тексеріп көрейік, барлық сандар сәйкес келе ме?

Бірнеше оқушыдан кез келген санды атап және есептеп беруді өтіну. Сонымен қатар а – 0 өрнегіне кез келген санды қойып көру. Оқушылар екінші тоқсанда оқыған 0 санының қасиеті туралы білімдерін естеріне түсіреді.

Қандай тұжырым жасауға болады?

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар

Жұмыс дәптері 35-36 бет

Әріпті өрнектердің сандық мәндерін тап.


Оқушылар кестені толтыра отырып, әріпті өрнектегі әріп мәнінің қосындысы мен айырмасын табады.

Жауабы:

айырмаға — 7, 1, 3. қосындыға — 7, 19, 9.

Қосу амалымен берілген әріпті өрнектердің мәнін тап.

Азайту амалымен берілген әріпті өрнектердің мәнін тап. Оқушылар “математикалық

мәшинені” қолданып өз бетінше ойнауына болады.

Мәшинеге” түскеннің бәрі а-ға артады немесе а-ға кемиді. Оқушылар “мәшинеде” жетіспей тұрған сандарды жазып, арифметикалық амалдардың нәтижесін есептеуі тиіс.

Жауабы:

6, 9, 7, 7; 4, 0.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында:


  1. әріптің мәні арқылы әріпті өрнектің мәнін таба біледі;


  1. 0 санын қосу мен азайту ережесін өрнектейтін (а + 0 = а; а – 0 = а) әріпті өрнекпен берілген теңдіктің мағынасын түсінеді;


  1. әріпті өрнектің сан мәнін табуды меңгереді.


Оқушылардың сабақты меңгеру деңгейін бағалау үшін сұрақтар қою:


Әріпті өрнектегі әріптің мәні қалай аталады?


а + 0 = а өрнегіндегі әріп қандай мәнге ие болады?

Ал а – 0 = а өрнегінде ше?

Неліктен?


7 + b өрнегінде b әрпі қандай мағына береді?


7 – b өрнегінде ше?


7 – b әріпті өрнегінің сан мәнін қалай табуға болады?


Сабақ тақырыбы:

Санды өрнектерді салыстыру

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

теңдік пен теңсіздікті, тура және тура емес теңдіктер мен теңсіздіктерді ажыратады;

+”, “-”, “≠”, “=”, “>”, “<” таңбаларын, цифрларды,

(□) белгісіз сан символын қолданады.

Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

Әр жұп оқушыға арналған:

нүктелі ойын текшелері;

ламинатталған қағаз парақтары;

маркерлер;

санды өрнектер жазылған парақшалар;

өрнектердің жауабы жазылған парақшалар (саны сыныптағы оқушылардың санына байланысты).

Тірек сөздер

өрнектің мәні.

Сабақтың мақсаты:

Қосумен берілген өрнек мәндерін салыстыру мен өрнекті құрастыруды үйрету; сандар, шамалар және санды өрнектер арасындағы қатынасты анықтау дағдысын дамыту; салыстыру нәтижесін салыстыру белгілерінің көмегімен жазу, есептеу дағдыларын дамыту, сын тұрғысынан ойлау қабілетін дамыту.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Санды өрнектерді салыстырғанда, олардың сан мәндерін өзара салыстыру негізгі тәсіл болып табылады. Кез келген екі санды өрнектің мәндері бірдей болса, олар өзара тең болады. Ал өрнек мәндері тең болмаса, мәндерінің не артық, не кем екенін анықтауға болады.

Кіріспе тапсырма.

Оқушылармен жұптық жұмыс ұйымдастыру. Оларға бір-бірімен ойын ойнауды ұсыну. Әрбір жұпқа нүктелі ойын текшесін, ламинатталған қағаз парағын, маркер таратып беру.

Ойын шартымен таныстыру. Әр ойыншы текшені екі рет лақтырып, оның жоғары жағындағы нүкте санын қосып, өрнек түрінде жазып көрсетуі керек. Соңынан оқушылар жұбы бір-бірінің жұмысын салыстырып, кімде нүкте саны көп шыққанын салыстырады.

Мысалы:

бірінші ойыншы: 2 + 5;

екінші ойыншы: 6 + 4; 2 + 5 ? 6 + 4.


Оқушылардан құрастырылған санды өрнектерді қалай салыстыруға болатынын сұрау. Осы сұрақты жұппен талқылауды ұсыну. Оқушылардың жауап нұсқаларын тыңдау. Санды өрнектерді салыстыру — өрнек мәндерін салыстыру болып табылады деген қорытындыға келтіру.

Мысалы:

2 + 5 ? 6 + 4;

7 < 10;

2 + 5 < 6 + 4.

7 < 10;


Осы тұжырымды бекіту мақсатында ойынды тағы да екі рет ойнауды ұсыну. Өрнектерді ламинатталған парақтарға жазып, сынып оқушыларына көрсетеді.

Хайуанаттар дүкенінде.

Тапсырманы орындамас бұрын оқушылармен әңгіме жүргізу. Хайуанат дүкені туралы не білетінін сұрау. Хайуанат дүкенінде жануарларға арналған қорек түрлері, торлар, аквариумдар, түрлі аксессуар сатылады.

Оқулықтағы суреттердің әрқайсысы бойынша санды өрнек құрастыруды ұсыну. Құрастырған санды өрнектерді салыстырту. Тапсырманы орындауды топтық жұмыс ретінде ұйымдастыру. Тапсырманы тез орындап болған оқушыларға “Хайуанат дүкеніне саяхат” тақырыбына сурет салып, тиісті өрнектер құрастырып, салыстыруды ұсыну.

Жауабы:

3 + 4 = 2 + 5;

6 + 6 > 8 + 3;

4 + 4 < 2 + 8.

Шығарып көр.

Оқушылар санды өрнектерді салыстырады. Тапсырманы жеке парақтарға жазып беру. Мүмкіндік болса интерактивті тақтаны немесе ламинатталған бетті пайдалану. Тапсырманы топтар арасында сайыс түрінде де ұйымдастыруға болады. Жарыс кезінде тапсырма жазылған қағазды шеңбер бойымен бір оқушыдан келесі оқушыға беріп, жауаптарын жазуға барлық оқушылар қатысатындай етіп жағалатып жіберу. Сол сияқты тапсырманы тақтаға тізбектеп орындатуға да болады.

Тапсырманың орындалу жылдамдығы мен қатесіз орындалуын бағалату. Оқушылар тапсырманың орындалуын өзара немесе мұғалім бағалайды.

Жауабы:

18 + 1 < 13+7; 7 + 10 > 10 + 2; 50 + 40 = 40 + 50;

5 + 3 = 4 + 4; 16 + 2 < 14 + 5; 30 + 60 > 70 + 10;

2 + 0 < 0 + 5. 18 + 1 = 0 + 19. 20 + 80 = 90 + 10.

Орындап көр.

Тапсырманы жұппен орындату. Оқушылармен құпия шифрлар туралы әңгімелесу. Суреттердің көмегімен санды ақпараттың қалай шифрленетінін айту. Бірдей суреттерде бірдей сандар шифрленгенін ескерту. Оқушыларға құпия шифрді шешіп, санды өрнектерді салыстыруды ұсыну.

Жауабы:

а) 2 + 2 < 3 + 3; ә) 3 + 5 > 2 + 5; б) 5 + 4 > 3 + 4; в) 4 + 5 + 2 > 4 + 3 + 2.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Оқушылармен “Өрнектердің мәнін тап” ойынын өткізу. Санды өрнектер және олардың жауабы жазылған парақшалар дайындап қою. Сынып оқушыларын екі топқа бөлу. Бірінші топқа мысалдар жазылған парақшаларды таратып беру. Ал екінші топқа жауаптары жазылған парақшаларды тарату. Өрнектердің жауаптары жазылған парақшалар ұстаған оқушылар тобына бір сызықтың бойына тұруды ұсыну. Жүргізушінің нұсқауы бойынша олар жауап парақтарын екінші топтағы оқушыларға көрсетулері керек. Мысалдар жазылған парақшаларды алған оқушылардың міндеті берілген өрнектің мәнін тауып, өз жұбының (жауабы жазыл­ ған парақшалар ұстаған оқушының) қасына барып тұру.

Қосымша тапсырмалар ж.д. 37 - 38 бет

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану. “Жануарлар” тарауы.

Қосымша тапсырмалар

Цифрды анықта.

Оқушылар бірдей суреттерді бірдей цифрлармен ауыстырып, өз бетінше санды өрнектер құрастырады және салыстырады. Тапсырманың екінші бөлігінде оқушылар тиісті сандарды таңдайды.


Бағытты таңда.

Санды өрнектердің мәндерін салыстыр.

Теңдікке апаратын жолды тауып, оны боя.

Жауабы:

15 + 3 = 20 - 2

Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

сандар, шамалар мен санды өрнектер ара­сын­ дағы қатынастарды (=, ≠, >, < ) таңбалары арқылы көрсетуді үйренеді.

Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бо-йынша­ өз-өзін бағалатыңыз.







Сабақ тақырыбы:

Әріпті өрнектерді салыстыру

Мектеп:

Күні :


Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

  1. жақшасыз берілген әріпті, санды өрнектерді салыстырады;

+”, “-”, “≠”, “=”, “>”, “<” таңбаларын, цифрларды,

(□) белгісіз сан символын қолданады.


Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

Әр оқушыға арналған:

1 ламинатталған қағаз парағы;

маркер;

әріпті өрнектер жазылған парақшалар (мысалы, а + 7; а + 8; 9 + а; 100 + а).

Сабақтың мақсаты:

а + 7 және 8 + а түріндегі әріпті өрнектерді сан компоненттері бойынша салыстыруды қалыптастыру.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Сабақта оқушылар мынадай тұжырымға келеді: қосуға берілген екі әріпті өрнекті мәндері бойынша салыстырғанда қайсысының сан компоненті артық (кем) болса, сол өрнек артық (кем) болады.

Кіріспе тапсырма.

Сабақтың басында тапсыр­ маны топпен орындату. Әр оқушыға әріптері бірдей әріпті өрнектері бар парақшалар тарату.

Мысалы,

а + 7; а + 8;

9 + а; 100 + а және т. с. с. Барлық өрнектердің қосуға берілуі міндетті шарт болып табылады. Оқушыларға мына сұрақтарды қою:

бұл өрнектердің бәріне не ортақ? (Олар қосуға берілген; барлығында бір әріпті қосылғыш қолданылған.)

Барлық өрнектердегі әріптің бірдей екеніне оқу­ шылардың назарын аудару. Егер бір өрнектегі әріптің мәні 2-ге тең болса, онда қалған басқа өрнектерде де ол сондай 2 деген мәнді қабылдайды. Егер бір өрнекте әріп басқа санды көрсететін болса, онда басқа өрнектерде де сол санды көрсетеді. Сұрау:

Өрнектердің айырмашылығы неде? (Сан компоненттерінде.)

Әріптердің сан мәндерін білмесек те, олардың сан компоненттері бойынша өрнектерді бір-бірі­ мен салыстыруға болатынын хабарлау. Мұны қалай істеуге болатынын сұрау. Оқушылардың пікірін тыңдап, мынадай тұжырымға әкелу. Қосуға берілген әріптері бірдей екі өрнектің қайсысының сан

компоненті (қосылғыш санмен берілсе) артық болса, сол өрнек артық болады.


Тапсырманы топта орындатып, нәтижелерін барлық сыныпқа айтқызу:


ең үлкен мәні бар өрнекті тап (әріптері бірдей болғандықтан­ оқушылар өрнектердегі сандарды салыстырып, үлкен саны бар өрнекті атайды);


ең кіші мәні бар өрнекті тап;

екі өрнекті “<” немесе “>” таңбаларының көмегімен салыстыр;


өрнектердің мәнін өсу ретімен орналастыр (оқушылар өрнектері бар парақшаларды қолдарына ұстап, бір қатарға тұрады);


біркелкі өрнектерді әртүрлі тәсілмен оқы;

теңсіздік алатындай жағдай ойластыр.

Мысалы, “b +8 <12 + b”. Мұны былай дәлелдеуге болады: “кәмпит қапшығына тағы да 8 кәмпит салғанда­ 12 кәмпит салынған дәл сондай қапшықтан кем болады”­.

Салыстыр.

Берілген тапсырма алдыңғы иллюстрацияның негізінде орындалады. Оқушыларға 1 кәмпитті бір топтан екіншісіне ауыстырып салып жатқан сияқты елестетуді ұсыну. Бұл жағдайда­ қандай әріпті өрнектер құрастыруға болатынын сұрау. Осы өрнектерді жазып, оларды салыстыруды ұсыну. Мәтінде кәмпитті солдан оңға қарай немесе керісінше салу керектігі көрсетілген жоқ. Сондықтан салыстырудың екі нұсқасы болуы мүмкін: х + 6 < х + 9; х + 8 > х + 7. Берілген тапсырмада оқушылар өз ойын түсіндіреді және жауаптарын негіздейді, осылайша олардың сөйлеу дағдысы дамиды.

Әріпті өрнектер құрастыр және оларды салыстыр.

Сыныппен жалпы орындалатын жұмыс

ұйымдастыру. Оқушыларға суреттер бойынша әріпті өрнектер құрып, оларды салыстырып және шыққан теңсіздіктерді ламинатталған қағаз парақтарына жазуды ұсыну. Бірінші теңсіздік екі қарындаштың ұзындығын салыстырудан шығады. “ Қарындаштардың ұзындығы белгілі ме?” — деп сұрау. Қарындаштардың ұзындығы бойынша өрнектер құрып, олардың ұзындығын салыстыра алатынымызды хабарлау. Мысалы, бірінші қарындаштың ұзындығы­ х + 4-ке тең, ал екіншісі: х + 5. Салыстырып жазғанда x + 4 < x + 5 теңсіздігі шығады, бұл бірінші қарындаштың ұзындығы екінші қарындашқа­ қарағанда қысқа екенін көрсетеді. Осындай жұмысты масса және көлемге байланысты жүргізу.

Жауабы:

а) x + 4 < x + 5; ә) x + 3 > x + 1; б) x + 3 < x + 7.

Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру

Оқығанда және жазғанда әріпті өрнектерді дұрыс атау. Әріпті өрнектерді әртүрлі тәсілмен дұрыс оқу дағдыларына жаттықтыру: арифметикалық амалды және оның белгісін компоненттерін атау.

Қосымша тапсырмалар

ж.д. 39 - 40 бет

Шелекке қанша литр су сыюы мүмкін? Дәптердегі иллюстрацияда бірдей аквариумдарға су құйылғаны көрсетілген:

бірінші аквариумдағы су екіншідегіден артық. Оқушылар қажетті есептеулер жасай отырып, 3-тен артық сандар жазылған парақшаларды анықтайды және 4 л, 5 л, 6 л, 7 л сандарын шелектердің суреттерімен қосып сызады.

Жауабы: 4 л, 5 л, 6 л, 7 л.

Бағалау

Оқушылар сабақ соңында: 8 + х > x + 9 түріндегі әріпті өрнектерді салыстыруды меңгереді;

қосу кезінде орындалатын ережелер азайтуда орындалмайтынын түсінеді.

Сабақты пысықтау үшін оқушыларға мынадай сұрақтар қою:

қайсысы ауыр: бір қап картоп па, әлде үш картоп па немесе бір қап картоп па, әлде бес картоп па?

Бір шелекке бір құмыра су және бес тостаған су құйылды, ал екіншісіне бір құмыра су мен жеті тостаған су құйылды. Қай шелектегі су артық?

Бір таспаның ұзындығы қарындаштың ұзындығынан 10 см-ге артық, ал екіншісі қарындаштың ұзындығынан 11 см-ге артық. Қай таспа ұзын?

а + 7 немесе а + 17 әріпті өрнектерінің қайсысы артық? Неге?

Азайтуға берілген әріпті өрнектерде бұл заңдылық сақтала ма? Неге?






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
1519
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі