1«А,Ә»сынып
Тақырыбы : «Ойнайықта , ойлайық»
Мақсаты: Оқушылардың өз ойларын жүйелеп қиялын тұжырымдауға үйрету. Жан жақты ойлауын, ізденуін дамытып, есте сақтау қабілетін қалыптастыру. Ой өрісін кеңейтіп, тілдік сөздік қорларын молайту. Болашаққа үлесін қоса білетін, білімді, ізденімпаз ұрпақ етіп тәрбиелеу. Оқушыларды әдептілікке адамдарды қарым - қатынас жасай білуге баулу.
Сабақтың түрі: Дамытпалы ойын сабақ.
Әдісі: Сөздік, көрнекілік, сұрақ - жауап, ой қозғау.
Көрнекілігі: Нақыл сөздер
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру бөлімі.
Мұғалім: Сайыстың ретімен таныстырып өтейін. Сайыс 7 бөлімнен тұрады
2. «Ұшқыр ой»(математикалық жұмбақ)
3. Тура және кері санау.
4.«Тілашар»
5. «Кім жылдам?»
6. «Ширату»
7. Сөз құрау.
Ал, келіндер, келіңдер, Біріңе - бірің еріңдер,
Біліміңді тексеріп, Ойынға қатысып көріңдер.
(Әділқазылар алқасын сайлау) (ойын ережесімен таныстыру)
Топтарды таныстыру. 1 - топ «Болашақ»
Жақсы бала еңбекшіл, Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп , Құшағы гүлге толады.
2 - топ.«Достық»
Сабақтан қалмаймыз,Жаман баға алмаймыз
Кім болып өсуді, Қазірден таңдаймыз.
1.«Бәйге» 1-топ:
-
Бір жылда неше мезгіл бар? (4 мезгіл)
-
Көктемнен кейін қай мезгіл келеді? (жаз мезгілі)
-
Уақыт бірліктерін ата (секунд, минут, сағат, күн, апта, ай, жыл)
-
3 буынды сөзге мысал келтір (балалар)
-
Дыбыс дегеніміз не? (дыбысты естиміз, айтамыз)
2-топ:
-
Бір аптада неше күн бар? (7 күн бар)
-
Жұмадан кейін қай күн келеді? (сенбі күні)
-
Әріп дегеніміз не? (әріпті көреміз, жазамыз)
-
7 санының көршілес сандарын ата (6 және 8 сандары)
-
2 буынды сөзге мысал келтір (дәптер)
2. «Ұшқыр ой»(математикалық жұмбақ)
1. Сатып алып бір сәбіз, Қойды үйрек себетке.
Тағы сонша қосса оған, Нешеу болмақ әдетте? (2сәбіз)
2. Үш алманы бақтағы .Кірпі барып жинады.
Ең әдемі тәттісін, Ақ тиінге сыйлады.
Ыдыстағы алманың Санап көрші қалғанын? (2алма)
3. Алшаға кеп ,күнара Қонушы еді бір ара. Бүгін тоғыз туысын,
Ертіп келді бұл ара. Сонда бүгін алшаға, Келіп қонды қанша ара? (Қонды 10 ара)
4.Құмырсқа еңбекшіл, Ұйымшыл және ол көпшіл.
Екеуі жүр дән тосып, Екеуі шөпке жармасып, Сонда шырша түбінде Нешеу болды санап шық? (4 құмырсқа)
5. Шығармақ боп кеше есеп, Жиналғанды бес есек. Үшеуі ұйықтап отырды, Ынталысы неше есек? (Ынталысы 2 есек)
6. Жаңа ғана шалғында, Алты бұзау жүр еді. Әлде шаршап қалды ма, Жатып қапты біреуі. Нешеуі енді жайылып, Айт, жүргенін айырып. (Жайылып жүр 5 бұзау)
3. Тура және кері санау.
1-20 дейін санау (тура,кері)
4.«Тілашар»
1. Қыс бойына жатады тәтті ұйқыға батады? Аю - медведь
2. Үсті толы ине, Инесіне тиме. Инесіне тисең Жете алмайсың үйге? кірпі
3. Адамға серік, Күзетке берік? Ит
4. Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар? қой
5-кезең «Кім жылдам?»
Ойланайық азырақ уақытты үнемдеп,
Кім шығады қанеки?
«Мен жылдаммын бәрінен» деп.
– Балалар «Маса» ұшып жүр буындарды оқу.
1-топ: 2-топ:
А-РА ОР-МАН
ҚА-ЛА ҚА-РА
ДА-ЛА А-ДАМ
О-ТАН Ө-ЗЕН
6-кезең «Ширату»
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір сайыс болсын,
Білімдірек шәкірт озар.
1 минут уақыт беріледі. Бақылаушы ханымның уақыт белгісімен бастап, аяқтаймыз. Менің қойған 4 сұрағыма әріптердің көмегімен жауабын шығарады.
Сұрақтар:
І -топ. О-А, Р-М, П-С,
Ы-А
Сұрақтар:
1. Ұшатын, шағатын 4 әріпті
жәндік? (маса)
2. Дәнді-дақылдың бір түрі: бидай, күріш, тары,... (арпа)
3. Күннің түсі? (сары)
4. Сникерс, натс, твикс,... шоколадтың
түрі? (марс)
ІІ- топ Қ-А, З-А, Н-Қ, Р-А
1. Ошақта тамақты неге істейді? (қазан)
2. Сенің ұлтың қандай? (қазақ)
3. Қыста не жауады? (қар)
4. Қарғаның түсі қандай? (қара)
7 -кезең «Сөз құрау»
Білімге деген құштарлық,
Билесін адам санасын.
Білімді болсаң білікті,
Бар сыннан жолды табарсың
4 қиылған сурет бар. Сол суретті құрастырыңдар, шыққан суретті атаңдар: алма, сағат , тал,тауық,орындық, тақта, ойыншық,қоян сөзін буынға бөліңдер, неше дыбыс бар?
Қорытындылау, марапаттау.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 сынып ойнайықта ойлайық ойын сабақ

шағым қалдыра аласыз