15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 сынып оқушыларына ағылшын тілін үйрету жолдары
1 сынып оқушыларына ағылшын тілін үйрету жолдары
Шетел тілі қазіргі кезде заман талабына сай көптеген мектептерде тереңдетіп оқытылуда. жүргізілуде. Бұл оқушы бойында ерте кезеңнен бастап ұлтаралық, мәдениетаралық бірлестікке дайындықтың қалыптасуына тікелей ықпал етеді. Әлемдік өркениетке ілесе біздің мемлекетіміздің халықаралық деңгейде әр салада түбегейлі өзгерістер енгізуі, достық, ынтымақтастық қатынастар орнатуы шет тілінің маңыздылығын арттырып отыр. Шетел тілін бастауыш сыныпта үйрене отырып оқушы өз білімін шыңдайды, басқа ел туралы кең көлемде мағлұматтар алады, салт –дәстүрін, мәдениетін таниды. Шетел тілін бастауыш мектептен бастап оқытудың артықшылығы әрбір балаға психологиялық ойлауына, шет тілі сөзіне көңіл аударуына, түсінуіне оң әсер ететіндігі, содан соң негізгі мектепте білімін берік нығайтуын, білім сапасын арттыруға мүмкіндік беретіндігінде. Бастауыш сынып оқушыларының шет тілін үйренуге ынтасы өте зор болады. Олар шет тілінде сөйлегісі және түсінгісі келеді. Олар көптеген жаттығуларды орындайды және олармен сабақ үстінде көп жұмыс жасауға мүмкіндік бар. Бастауыш сыныпта ауызша оқуға көп көңіл бөлінеді. Әрине, оқу процессінің тыңдау, сөйлеу, жазу, оқу түрлері де беріледі. Бастауыш сынып оқушыларының тілі толық дамып жетілмегендіктен әрине, ағылшын тілі басында қиынырақ сезілгенімен, соңына келе біртіндеп қалыптасып, жатық әрі әдемі шет тілінде сөйлеуіне болады. Бастауыш сынып оқушылары ауыр сабақ жүгін алып жүре алмайтындықтан біз балаларды ағылшын тілінен жалықпауы үшін көбінесе жаңаша әдіc-тәсілдермен тәрбиелеуіміз қажет. Ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілін дамыту, білім-білік дағдыларын қалыптастыру, сөйлеуге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру мақсатында қолданылатын əдістерге төмендегілерді жатқызуға болады:
Ауызша əдіс — теория жəне фактіге негізделген білімді қалыптастыруда, үй тапсырмасын жəне жаңа сабақты пысықтауда, ережелерді қайталауда пайдаланылады.
Көрнекі əдіс — бақылау қабілетін дамыту, оқылатын мəселеге ықыласын көтеру жəне оқу материалының мазмұнын көрнекілік арқылы түсіндіруде қолданылады.
Практикалық əдіс — практикалық іскерлік пен əдетті дамыту үшін жəне тақырып мазмұнына сəйкес практикалық жұмыстарды жүргізу үшін түсіндірілген материалды оқушылардың қаншалықты меңгергенін бақылау үшін пайдаланылады.
Ойын əдісі — оқушының сабаққа деген қызығушылығын оятып, белсенділіктерін арттыра түседі, сонымен қатар оқушылардың сөйлеу-білік дағдыларын қалыптастырады.Аталған əдістерді пайдалана отырып, түрлі тапсырмалар мен жаттығуларды, теориялық мəселелер мен қағидаларды оқушыға меңгерту тиімді болып табылады [3]. Шет тілін үйрету ауызша үйретуден басталады. Әуелі шет тілінің фонетикасының тек өзіне тән дыбыстарымен танысады, оның дауыс ырғағы, екпіні, ритмі үйретіледі. Жаңа әліпби, әріп ерекшеліктері ескерілді.Тілдің әріптер мен дыбыстарын үйренгеннен кейін сөздердің жазылу-оқытылуын үйрене отырып, сөйлем құрастырып, сөйлеуге қолдана бастайды. Яғни, сараптамалық ойлаудан синтетикалық ойлауға ауысады.Бұл әдістің жетістігі сол ол тілді үйренудің оқу, жазу, сөйлеу сияқты барлық түрлерін түгел қамтиды. Сондықтан бастауыш сынып оқулықтары ауызша бөлімнен басталады.Мысалы: жаңа сөзбен таныстыру. «Chair» сөзіTeacher: This is a chair.Is this a chair? Yes, it is.Is this a table? No, it is not. It is a chair?Оқушылар мұғалімді тындай отырып жаңа сөзді бірнеше рет естиді, жекелеп айтады. Бастауыш сыныптарда бірінші орынға оқып-түсіну және аудару қойылады. 1-ші сыныптың оқушысы мынаны білуі тиіс:
Суретті бейнені айта алу
Қысқа сөздерді айта алу
Әріптерді айта білу
Сұрақтарға жауап беруЖазбаша оқытуда мынадай талаптар қойылады:
мәтінді көшіріп жаза білу
қысқа сөйлеуді жаза білу2-ші сыныптың оқушысы ауызша сөйлеуден мынаны білуге тиіс:
Мұғалімнің сөзін түсіну
Өткен тілдік материалдар негізінде сұрақтарға жауап беру
Суретті бейнелеу және сұрақтарға жауап беру
Ауызша әңгіме айта білу
Тақпақты жатқа айта білу3-сыныпта бұл талаптар ұлғайды:
Мұғалімнің айтқаның түсіну
Мәтінді түсіндіре білу
Сұрақ қою, оған толық және қысқа жауап беруШет тілін оқыту – мұғалімнің үздіксіз еңбегінің және оқушының оған жауабының тізбегі. Шет тілін үйренуде оқушы мынадай кезеңдерден өтеді: І.а) ҚабылдауБұл кезеңде мұғалім сөйлейді. Оқушы мұғалымнің сөзін тыңдайды. Мысалы сынып бөлмасіндегі заттарды көрсетіп, оларды атайды.This is a book. Look at the book. I m going to put the book on the table.ә) Мұғалім сөйлейді. Оқушыларға тапсырма береді. Мысалы: «Дауыс ырғағына назар аударыңыз».б) Бұйрықтарды орындау жаттығулары.Мұғалім оқушыларға бұйрықтар береді.Мысалы: Get up. Sit down. Come here.Мұғалім бұйрықтарды ымдап түсіндіреді. в) “Yes”. “No”.Мұғалім сұрақ қояды. Оқушылар тек «Иә» не «Жоқ» деп жауап береді.II.Қабылдау – еліктеу.Мұғалім сөйлейді.Оқушылар қайталайды.III. Әңгімелесу.Оқушы әртүрлі сұрақ қойып, оған жауап беруді үйренеді.IV.Сөйлеу Мұғалім оқушымен ағылшын тілінде сөйлейді. Ағылшын тілін бастауыш сыныпта үйретубарысында музыканың ықпалы зор. Ән тілдік қарым-қатынас құралы ретінде жаңа сөздер мен сөз тіркестері құпалып оқушының сөздік қорының молаюына ықпал етеді. Ән, өлең тыңдау кезінде таныс лексика оқушы есінде тез жатталады. Шет тілінде ән айтып үйрену барысында оқушы дыбыстарды дұрыс атап үйренеді, сөйлемге дұрыс екпін қояды. Әнмен жұмыс барысында оқушының көңіл – күйі көтеріліп, тілге деген қызығушылығы арта түседі. Сабақта Интернеттен алынған əндермен қоса, əн туралы қызғылықты қысқаша деректер, əннің нотасын жəне фразаларды қолдануға болады. Əннің мəтінін қағазға шығарып оқушыларға таратып беру керек. Мысалы: «Twinkle, twinkle little star», «If you`re happy», «Spring is green» т.б. [8; 43].«Spring is green» əнін толықтыру: [http://lingualeo.com/] is green, spring is is bright. Summer is is yellow autumn, is is white. Winter is Сабақ барысындағы әндер мұқият жас ерекшелігі ескеріліп таңдап алынуы тиіс. Сонымен қатар электронды оқулықтардың пайдасы өте зор. Сабақта электронды оқулықтарды пайдалану арқылы оқушының шығармашылық қабілетін арттыруға, ізденісін ұлғайтуға, танымдық көзқарасын қалыптастыруға, өзіндік жұмыстарды тез орындауға машықтанады. да болады. Мысалы: Who has a pencil? Who has a ruller? жауап бергенде оқушылар кімде екенін табу керек. Janatbek has a pencil деп табу керек. Бұл ойын оқушының cабаққа деген қызығушылығын арттырып, сөздік қорын молайтады, сондай-ақ оқушылардың есте сақтау қабілеті арта түседі. Бастауыш сынып барлық білімнің қалануының негізі. Бастауыш сынып оқушыларына нені үйретсең соны санасына сіңіретін нағыз нағыз қабылдау жасында болғандықтан, мейлі қандай тіл болмасын өте тез игеріп алуға болады. Үш тұғырлы тілді алға ұстаған қазіргі кезде біздің мектебімізде ағылшын тілі мектеп алды дайындық тобынан бастап өтуді негіз етіп отыр. Балдырғандарымыз тіл жағындағы қадамын нық басса,а лдағы болашақта нұрлы жолға қадам басуына негіз қаланар еді. Бастауыш сынып оқушыларының тілі толық дамып жетілмегендіктен әрине,ағылшын тілі басында қиынырақ сезілгенімен,соңына келе біртіндеп қалыптасып,жатық әрі әдемі шет тілінде сөйлеуіне болады.Бастауыш сынып оқушылары ауыр сабақ жүгін алып жүре алмайтындықтан біз балаларды ағылшын тілінен жалықпауы үшін көбінесе жаңаша әдіc-тәсілдермен тәрбиелеуіміз қажет. Елдің болашағы келешек ұрпақтың қолында,яғни олар мұратты,мөралды, тәртіпті болумен қатар мықты білім иесі болуы тиіс. Бұнымен қоса дүниенің қай бұрышында болмасын өзін алып шығатын қабілетке ие болулары керек емеспе? Бұған қазіргі заманда дүние жүзі тіліне айналған ағылшын тілінің қатысы қалай болмасын.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген