1 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА
ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР
(әдістемелік көмекші құрал)
КІРІСПЕ
«Орыс тілінде оқытатын мектептердегі «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша бағалау тапсырмаларын әзірлеу және сараптау» орта білім беру ұйымдары педагог кадрларының біліктілігін арттыру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бойынша «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының (бұдан әрі – ДББҰ) материалдары негізінде әзірлеген «Мұғалімге арналған нұсқаулық» (бұдан әрі – Нұсқаулық) мұғалімдердің біліктілікті арттыру барысында және одан кейін өзінің оқыту тәжірибесінде пайдаланатын оқу құралдарының бірі болып табылады. Бағдарламаның мақсаты мұғалімдердің пән бойынша бағалауға арналған құралдарды (бағалау критерийлері, тапсырмалар, дескриптторлар мен балл қою кестесі) әзірлеуіне және сараптама жасауына әдістемелік көмек көрсету болып табылады. Нұсқаулық бағдарламаның мақсат-міндеттерін, күтілетін нәтижелерді, бағалау үдерісін ұйымдастырудағы педагогикалық әдіс-тәсілдерді, оқушылардың оқу жетістігін бағалау, бағалау тәсілдері мен қағидаттары, бағалау үдерісі туралы ақпаратты қамтиды және бағалауға арналған тапсырмаларды әзірлеу мен оларға сараптама жасауды үйренуге көмектеседі. Нұсқаулықта тапсырма әзірлеуге қатысты практикалық ұсыныстар мен бағалауға арналған құралдарды құрастыру кезінде кездесетін әртүрлі мәселелерді шешуге көмектесетін пайдалы кеңес берілген. Нұсқаулық біліктілікті арттыру Бағдарламасымен қатар қолданылады. Бағдарламаның мақсаты: орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында критериалды бағалау құралдарын әзірлеу және сараптама жасау саласында педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру. Бағдарламаның міндеттері: 1) критериалды бағалау құралдарын әзірлеудің негізгі тәсілдерін зерделеу; 2) критериалды бағалау үдерісінде қолданылатын тапсырмалардың түрлері мен сипатын ашып көрсету; 3) бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау тапсырмасын әзірлеуді және оларға дескрипторлар құрастыруды үйрету; 4) тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмасын әзірлеуді және балл қою кестесін құрастыруды үйрету; 5) критериалды бағалау құралдарына сараптама жасау дағдысын қалыптастыру. Оқу нәтижесі: 1) мұғалімдер критериалды бағалау құралдарын әзірлеудің негізгі тәсілдері туралы білімі мен түсінігін кеңейтеді; 2) критериалды бағалауда қолданылатын тапсырмалардың типтері мен сипаттамаларын біледі және түсінеді; 3) бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау тапсырмасын әзірлеуді және оларға дескрипторларды құрастыруды үйренеді; 4) тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмасын әзірлеуді және балл қою кестесін құрастыруды үйренеді; 5) критериалды бағалау құралдарына сараптама жасау дағдысын қалыптастырады. Біліктілікті арттыру барысында түрлі тапсырмаларды әзірлеуге, оларды көрсетудің әртүрлі тәсілдерін қолдануға, әзірленген тапсырмаларға сараптама жасаудың педагогикалық әдіс-тәсілдерін жетілдіруге, тест сұрақтарының дұрыс жауабы мен дистракторларды құрастыра білуге, тапсырмалар мен тест сұрақтарының мазмұнын талдай білуге және пәнбойынша бағалауға арналған тапсырманы дұрыс таңдай білуге назар аударылады.
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ
Оқушылардың жетістіктерін критериалды бағалау әдісі көптеген шет елдерде кең таралған, өйткені бұл технология барынша шынайы, нақты және валидті болып табылады. Критерийлер арқылы бағалау оқушыларды оқу тапсырмаларын барынша сапалы орындауға ынталандырады, білімін тереңдетіп, кеңейтеді, оқушылардың ойлау қабілетінің деңгейін көтереді және олардың психикалық үдерісіне ықпал етеді. Сонымен қатар оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау оқыту, оқу мен бағалаудың өзара тығыз байланысына негізделген және оқу үдерісін ұйымдастыруға бірыңғай көзқарасты қамтамасыз етеді (Бойл және Чарльз, 2010). Бұл бағалаудың барлық элементтерінің арасында теориялық негіздеме және өзара байланыс болуын қажет етеді (оқу мақсаттары, түрлері, құралдары және бағалау нәтижелері), бұл тәсілдің практикалық маңызы мен төмендегідей артықшылықтарын көрсетеді: - оқушының жеке тұлғасы емес, оның орындаған жұмысы бағаланады; - оқушының жұмысы оларға алдын ала белгілі бағалау критерийлері бойынша бағаланады; - баға оқушылардың нені оқығанына қарай қойылады, себебі бағалау критерийлері нақты оқу мақсаттарын сипаттайды; - баға қоюдың нақты алгоритмі оқушыға белгілі, соған сәйкес оқушы өзінің оқу үлгерімін өзі анықтап, ата-анасына хабарлай алады; - оқушылардың өзін-өзі бағалауға және оқуға деген ынтасы артады. Бағалау ағымдағы және қорытынды оқу кезеңдерінде оқушылардың үлгерімі жөнінде ақпарат беретін білім беру үдерісінің маңызды бөлігі болып табылады. Бағалау тәсілдері пәннің мазмұны мен критериалды бағалаудың түріне сәйкес ерекшеленуі мүмкін. Қалыптастырушы бағалау оқудың бір бөлігі болып табылады және оқу үдерісінің өн бойында жүргізіледі. Қалыптастырушы бағалау арқылы мұғалім: - оқушының оқуда қаншалықты «ілгерілегенін» айқындай алады, өзінің оқыту әдістәсілдеріне өзгеріс енгізу қажеттілігін талдайды; - қандай бағалау тәсілдері оқудың жақсы жүзеге асып жатқанын анықтауға мүмкіндік беретінін шешеді; - қолданылған бағалау әдістерінің тиімділігін зерттейді және салыстырады; - оқушылардың оқуы жайында барынша мол ақпарат алады, мысалы, ауызша сауалнамалар, оқушылардың топтық әрекеттері, тапсырманы өз бетінше орындау, тақырыптық зерттеулер, рөлдік ойындар ұйымдастыру және қадағалау арқылы ақпарат алады. Мұғалім оқушылар мен ата-аналарға кері байланыс ұсына отырып, оқушыларға пәнді меңгеру мен түсінуде көмекші болу арқылы олардың оқуда алға ілгерілеуді қадағалайды, сонымен қатар бағалау критерийлеріне сәйкес объективті көзқарасты ұстана отырып, оқушыларды оқуға ынталандырады. Оқушыны дамытуда қалыптастырушы бағалаудың мәні зор, сондықтан ол оқу үдерісіне қатысушылардың барлығына түсінікті және анық, оқушыны жетістіктерге ынталандыратын сипатта болуы тиіс. Жиынтық бағалау оқушының жазбаша тапсырманы, емтихан немесе жобаны өз бетінше орындауын бақылау арқылы жүзеге асады. Оқушының кез келген жиынтық немесе қорытынды жұмысы өзге біреулердің қатысуынсыз орындалады және белгіленген оқу мақсаттары мен бағалау критерийлеріне сәйкес бағаланады. Оқушылардың оқудағы жетістіктерін критериалды бағалау тәсілі оқушылардың жетістіктерін оқытудың белгілі бір кезеңінде меңгеру қажет біліммен салыстыруға мүмкіндік береді, өйткені мұғалім оқушының қандай оқу мақсаттарын меңгергенін, ал қай мақсаттар бойынша жұмысты жетілдіру қажет екендігін бағалауы тиіс. Осы арқылы оқушыны оқытудың дербес бағыт-бағдары немесе оқушылардың оқу жетістіктері бағаланады. Әдістемелік –көмекші құралымда әр –түрлі сыныптардан қалыптастырушы, жиынтық, тоқсандқ бағалау үлгілері бойынша тапсырмалар жиынтығы берілген.
1-сынып оқушыларына қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
Аталған тапсырмалар жинағы мұғалімге 1-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» (оқыту қазақ тілді емес мектептері үшін) пәні бойынша қалыптастырушы бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жинақ тапсырмалары оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар мұғалімнің ұқсас тапсырмаларды құрастыруына, іріктеуіне, білім алушылардың оқу мақсаттарына жету бойынша сындарлы (конструктивті) кері байланыс беруіне көмектесетін үлгілер болып табылады.
Жинақта ұсынылатын сипаттама білім алушылардың қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып, тапсырмаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге, бейімдеуге мүмкіндік береді.
Жинақ бастауыш сынып мұғалімдеріне, әдіскерлерге, критериалды бағалау бойынша өңірлік, мектеп үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Жинақты дайындау барысында ресми интернет-сайттарынан алынған қолжетімді ресурстар (суреттер, мәтіндер, бейне-аудиоматериалдар және т.б.) қолданылды.
Қолданылған шартты белгілер:
-
әр тоқсан барысында 2 ортақ тақырып қамтылатынын ескеріп, оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін берілетін тапсырмалар мазмұнына ортақ тақырыптарды (мүмкіндігінше) кіріктіру ұсынылады.
Бөлім «Тыңдалым»
![]()
Бөлімше 1.1 «Тыңдалым тәсілдерін қолдану»
Оқу мақсаты: 1.1.1.1 Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес
дұрыс әрекет ету (қимыл, ым-ишараны қолдану, іс-әрекет жасау).
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі: Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
Сөздің мағынасын түсінгенін сурет арқылы
көрсетеді.
Сөздің, сөйлемнің мағынасына сәйкес ым-ишара
жасайды, қимыл-әрекет орындайды.
1-тапсырма
Аудиожазбаны мұқият тыңдаңыз. Көңіл күйді білдіретін сөздерге сәйкес суреттерді таңдаңыз және ым-ишарамен көрсетіңіз.
Қуанышты/ Мен қуаныштымын.
Көңілді/ Мен көңілдімін.
Көңілсіз/ Мен көңілсізбін.
Ашулы/ Мен ашулымын.
Өкпелі/ Мен өкпелімін.

Дескриптор: Білім алушы
-
тыңдалған сөздің мағынасына сәйкес суретті анықтайды;
-
сөзді/сөйлемді түсінгенін ым-ишара арқылы көрсетеді.
2-тапсырма
Сөйлемдерді мұқият тыңдаңыз. Кейіпкердің көңіл күйін ым-ишарамен бейнелеп көрсетіңіз.
Ажар мектепке келді. Ол көңілді.
Асан дәрігерге келді. Ол көңілсіз.
Әлия циркке келді. Ол қуанышты.
Дескриптор: Білім алушы
-
сөздің мағынасына сәйкес ым-ишара жасайды.
Бөлімше 1.2 «Сөздердің лексикалық
мағынасын түсіну»
Оқу мақсаты: 1.1.2.1 Күнделікті өмірде қолданылатын таныс
сөздердің мағынасын түсіну.
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі: Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
Таныс сөздерді анықтайды.
Таныс сөздерді мағынасына қарай
қолданады.
1-тапсырма
Мәтінді тыңдаңыз. Мәтінде айтылған киімдердің суреттерін түсіне келтіріп бояңыз.
Ербол далаға шықты. Ол көк жейде мен көк шалбар, сары қалпақ және қара аяқ киім киді.

Дескриптор: Білім алушы
-
мәтінде айтылған киімдерді табады;
-
киімдерді түсіне келтіріп бояйды.
2-тапсырма
Мәтінді тыңдаңыз. Мәтін бойынша суретті аяқтап салыңыз.
Мынау - Айдос. Айдостың шашы қара, көзі қоңыр. Айдос көңілсіз. Мынау - Алина. Алинаның шашы сары, көзі көк. Алина көңілді.

Дескриптор: Білім алушы
-
бет-әлпет атауларын ажыратады;
-
көңіл күйді білдіретін сөздерді ажыратады;
-
суретті мәтінге сәйкес салады.
Бөлімше 1.3 «Тыңдаған мәтіннің
мазмұнын түсіну»
Оқу мақсаты: 1.1.3.1 Тыңдаған мәтін мазмұны бойынша мұғалімнің көмегімен сұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация/суреттер/сызбалар таңдау.
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі:
Бағалау критерийі: Білім алушы
-
Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
-
Мәтіннің мазмұнына сәйкес иллюстрация/сурет/сызбаны анықтайды.
1-тапсырма
Мәтінді тыңдаңыз және сұрақтарға жауап беріңіз.
Мынау – Марат. Ол – оқушы. Оның қалам, қарындаштары бар. Қаламының түсі көк. Марат қаламмен жазады. Қарындашпен сурет салады.
-
Мараттың қандай оқу құралдары бар?
-
Қаламының түсі қандай?
-
Суреттен Мараттың оқу құралдарын тауып, белгілеңіз.

Дескриптор: Білім алушы
-
мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
-
мәтінге сәйкес суреттерді табады.
2-тапсырма
Сөйлемдерді тыңдаңыз. Суреттер қатарынан сөйлемге сәйкес келетін суретті белгілеңіз.
-
Мен мектепке барамын.

-
Мен сабақта отырмын.

-
Мен үзіліске шықтым.

-
Мен тамақ іштім.

Дескриптор: Білім алушы
-
берілген сөйлемдерге сәйкес суреттерді анықтайды.
Бөлім «Айтылым»
![]()
Бөлімше 2.1 «Сөздік қорды толықтыру»
Оқу мақсаты: 1.2.1.1 Сөйлеу барысында танысу, өзі туралы айту
және затты сипаттау үшін сөздер мен сөз тіркестерін қолдану.
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі:
Бағалау критерийі: Білім алушы
Өзін таныстыруда сөздер мен сөз тіркестерін
пайдаланады.
Сөйлеу барысында сипаттау сөздері мен сөз
тіркестерін қосып айтады.
1-тапсырма
Іздермен жүріп отырып, өзіңіз туралы айтыңыз.

Дескриптор: Білім алушы
-
өзін таныстыруда сипаттау сөздерді қолданады.
2-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Менің атым - Айдана. Мен жеті жастамын. Менің шашым қара. Менің көзім қоңыр. Менің көйлегім қызыл. Аяқ киімім ақ.
-
Оның аты кім?
-
Ол неше жаста?
-
Оның шашы қандай?
-
Оның көзі қандай?
-
Ол қандай киім киген?
Мәтінге сүйеніп, суреттегі балаларды таныстырыңыз.

Дескриптор Білім алушы
-
мәтін бойынша сұрақтарға жауап береді;
-кейіпкерді таныстыру барысында сипаттау сөздері мен сөз тіркестерін қолданады.
Бөлімше 2.3 «Түрлі жағдаяттарда
қарым-қатынасқа түсу (диалог) және тілдік нормаларды
қолдану»
Оқу мақсаты: 1.2.3.1 Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және
тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі:
Бағалау критерийі: Білім алушы
Сұрақтарға жауап бере отырып, сұхбатқа
қатысады.
Сұхбаттасу барысында тілдік нормаларды
сақтайды.
Тапсырма
Суретті пайдаланып, досыңызбен диалог құрыңыз.

-
Мынау не?
-
Сынып қандай?
-
Сыныпта не бар?
-
Партада не жатыр?
-
Тақтаның түсі қандай?
Дескриптор: Білім алушы
-
қойылған сұрақтарға жауап береді;
-
сұхбаттасының ойын жалғастырып, сұхбатқа қатысады;
-
тілдік нормаларды сақтайды.
Бөлімше 2.6 «Оқылған/ тыңдаған
материал бойынша ой-пікір білдіру»
|
Оқу мақсаты: |
1.2.6.1 Тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің |
||
|
|
қарапайым |
пікірін |
(келісемін/келіспеймін, |
|
|
ұнайды/ұнамайды) айту |
|
|
|
Ойлау дағдыларының |
Қолдану |
|
|
|
деңгейі: |
Бағалау |
|
|
|
Бағалау критерийі: |
Білім алушы |
|
|
-
Кейіпкердің көңіл күйін анықтайды.
-
Тыңдаған/оқыған мәтін туралы өз көзқарасын білдіреді.
Тапсырма
Мәтіндерді тыңдаңыз. Сізге мәтіндегі қай бала ұнайды, қай бала ұнамайды?
Неліктен?

Дескриптор: Білім алушы
-
кейіпкердің көңіл күйін сипаттайды;
-
мәтін бойынша өз пікірін айтады;
-
өз ойын түсіндіреді.
|
|
Бөлім «Оқылым» |
|
|
|
|
|
Бөлімше 3.1 «Оқу түрлерін қолдану» |
|
Оқу мақсаты: |
1.3.1.1 Таныс сөздерді тұтас оқу. |
|
Ойлау дағдыларының |
Қолдану |
|
деңгейі: |
|
|
Бағалау критерийі: |
Білім алушы |
|
|
Тұтас сөздермен оқиды. |
|
Тапсырма |
|
Сөздерді оқыңыз және сәйкес суретпен байланыстырыңыз.

Дескриптор: Білім алушы
-
сөздерді тұтас оқиды;
-
сөздерді суретпен сәйкестендіреді.
Бөлімше 3.3 «Мәтіннің жанрлары мен
түрлерін анықтау»
Оқу мақсаты: 1.3.3.1 Мәтіннің жанрын (өлең, ертегі, жұмбақ,
жаңылтпаш, санамақ және т.б.) ажырату.
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі: Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
Жанрдың ерекшеліктерін анықтайды.
Мәтіннің жанрын атайды.
Тапсырма
Мәтінді мұқият оқыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Ертеде кітап пен қалам дос болыпты. Екеуі көбіне бірге жүретін. Бір күні қалам көңілсіз болып келді. Кітап досына қызықты суреттер көрсетті. Суреттер қаламға ұнады. Қалам көңілденді.

-
Сіздің ойыңызша бұл қандай мәтін? Әңгіме ме, ертегі ме?
-
Оны қандай сөздерден білуге болады? Өз пікіріңізді дәлелдеңіз.
Дескриптор: Білім алушы
-
мәтіннің жанрын атайды;
-
мәтіннен жанрды нақтылайтын сөздерді табады.
Бөлімше 3.2 «Мәтіннің мазмұнын
түсіну»
Оқу мақсаты: 1.3.2.1 Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі: Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
Білетін сөздерді мағынасына қарай қолданады.
1-тапсырма
Жақшадағы сөздердің біреуін таңдап, сөйлемдерді оқыңыз.
Менің (атым, көзім) - Әйгерім. Мен екінші сыныпта (келемін, оқимын). Менің шашым (қара, көңілді). Менің көзім (сары, қоңыр).
Дескриптор: Білім алушы
-
жақшада берілген сөздердің дұрыс нұсқасын таңдайды;
-
сөйлемді тиісті сөзді қосып оқиды.
2-тапсырма
Суреттердің орнына сөз қойып, сөйлемдерді оқыңыз.

Дескриптор: Білім алушы
-
суреттегі заттарды таниды және атайды;
-
сөйлемді суреттердің атауын қосып, дұрыс оқиды.
|
|
Бөлім «Жазылым» |
|
|
|
|
Бөлімше 4.1 «Кейіпкердің атынан мәтін құрастырып жазу» |
|
|
Оқу мақсаты: |
1.4.1.1 Суретте берілген заттардың сынын білдіретін |
|
|
сөздерді жазу. |
|
Ойлау дағдыларының |
Білу және түсіну |
|
деңгейі: |
Қолдану |
|
Бағалау критерийі: |
Білім алушы |
|
|
Заттарды сипаттайтын (түсін, көлемін, |
|
|
материалын) сөздерді жазады. |
1-тапсырма
Заттарды сипаттап жазыңыз.

Дескриптор: Білім алушы
-
заттардың қасиеттерін сипаттап жазады.
2-тапсырма
Суретті сипаттап жазыңыз.

Дескриптор: Білім алушы
-
сөйлемдерді толықтырып жазады;
-
сөздерді суретке сәйкес жазады;
-
сөздерді сауатты жазады.
Бөлім «Тілдік нормаларды қолдану»
![]()
Бөлімше 5.1 «Грамматикалық нормаларды сақтау (термин сөздерді қолданбау)»
Оқу мақсаты: 1.5.1.2 .Мұғалімнің көмегімен көптік/тәуелдік/ жіктік
/септік жалғауларын ауызша тілде қолдану.
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі: Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
Сөйлеу барысында жалғауларды (тәуелдік)
орынды қолданады.
Тапсырма
Берілген бет- әлпет мүшелерінің суреттерін қиып алып, ұл немесе қыз баланың бейнесін толықтырыңыз. Бояңыз және таныстырыңыз.

Дескриптор: Білім алушы
-
бет-әлпет атауларын дұрыс атайды;
-
суретті ІІІ жақта сипаттап айтады;
-
тәуелдік жалғаулы сөзді дұрыс қолданады
Бөлім «Тыңдалым»
![]()
Бөлімше 1.2 «Сөздердің лексикалық мағынасын түсіну»

Аудиожазбаны мұқият тыңдаңыз.
https://www.youtube.com/watch?v=BsyfFlArDBg&index=1&list=RDBsyfFlArDBg
Мәтінде аталған отбасы мүшелерін анықтаңыз. Суреттердің ретін астына цифрмен
жазып көрсетіңіз.
Бармақ әке, бармақ әке, қайдасың? Бармақ әпке, бармақ әпке,
Мұндамын, осында. қайдасың?
Қалың қалай? Мұндамын, осында.
Бармақ ана, бармақ ана, қайдасың? Қалың қалай?
Мұндамын, осында. Бармақ бөбек, бармақ бөбек,
Қалың қалай? қайдасың?
Бармақ аға, бармақ аға, қайдасың? Мұндамын, осында.
Мұндамын, осында. Қалың қалай?
Қалың қалай?

-
Берілген сөздерді пайдаланып, өз отбасыңыз туралы айтыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
-
мәтінде кездесетін таныс сөздерді атайды;
-
суреттерді мәтін мазмұны бойынша ретімен белгілейді;
-
отбасы туралы әңгімелеуде таныс сөздерді қолданады.
Бөлімше 1.4 «Мәтіндегі негізгі,
қосалқы ақпараттарды түсіну»
Оқу мақсаты: 1.1.4.1 Мұғалімнің көмегімен тыңдаған материалдың
кім/не туралы екенін түсіну.
Ойлау дағдыларының Білу және түсіну
деңгейі: Қолдану
Бағалау критерийі: Білім алушы
Мәтіннің тақырыбын анықтайды.
Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді.
Тапсырма
Мәтінді мұқият тыңдаңыз. Сұрақтардың дұрыс жауабын белгілеңіз.
Менің әпкем бар. Менің әпкем әдемі. Оның шашы қара, көзі қоңыр. Әпкем кітап оқуды ұнатады. Әпкем жануарлар туралы кітапты көп оқиды.
1.Мәтін кім туралы?
А)
В)
С) 
2.Оның шашы қандай?

А) В)
С) 
3.Ол нені жақсы көреді?
А)
В)
С) 
Дескриптор: Білім алушы
-
мәтіннің кім туралы екенін айтады;
-
мәтін бойынша түстерді анықтайды;
-
мәтінге қатысты ақпаратты табады.
Бөлімше 1.5 «Тыңдау-көру
материалдарының мазмұнын түсіну»
Оқу мақсаты: 1.1.5.1 Қимыл-қозғалыс, сұрақ қою, қысқа жауап
арқылы тыңдаған/көрген мәтінді түсінгенін білдіру.
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі:
Бағалау критерийі: Білім алушы
Тыңдаған/көрген материалды түсінгенін түрлі
әрекеттер арқылы көрсетеді.
Тапсырма
Бейнематериалды мұқият қараңыз.
(https://www.youtube.com/watch?v=5OVKAobiyIg)
Бейнематериал бойынша сөйлемдердің дұрыс немесе бұрыстығын анықтаңыз.
Егер сөйлем дұрыс болса, жасыл белгіні, ал бұрыс болса қызыл белгіні көтеріңіз.
-
Кішкентай қозы анасына қарай жүгірді.
-
Әтеш құлыншақ пен бұзауды оятты.
-
Сүйкімді құлыншақ пен бұзау бірге ойнады.
-
Әдемі ақ тауық ән айтты.
-
Фермада құстар жоқ.
-
Фермада қандай жануарлар мен құстар бар? Дұрыс жауаптарды қоршап сызыңыз.
Сиыр, бұзау, арыстан, құлын, қозы, түлкі, тауық, қой, түйе, бота, үйрек, балапан.
-
Қалаған жануардың даусын немесе жүрісін салып көрсетіңіз.

Дескриптор: Білім алушы
-
сөйлемдердің дұрыс/бұрыстығын анықтап, белгімен көрсетеді;
-
берілген сұраққа жауап бере отырып, сөздерді табады;
-
қалаған жануарының даусын салады немесе жүрісін қимыл-қозғалыс арқылы көрсетеді.
Бөлім «Айтылым»
![]()
Бөлімше 2.2 «Берілген тақырып бойынша ойын жеткізу»
Оқу мақсаты: 1.2.2.1 Сурет бойынша 2-3 сөйлеммен өз ойын
білдіру.
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі:
Бағалау критерийі: Білім алушы
Сурет бойынша сөйлемдер құрастырады.
Сөйлемдер арқылы өз ойын жеткізеді.
Тапсырма
Суретте кімдер бейнеленген? Cуретке ат қойыңыз. Сурет бойынша сөйлем құрастырыңыз. Суретте қандай отбасылық көрініс бейнеленген деп ойлайсыз?

Дескриптор: Білім алушы
-
отбасы мүшелерін атайды;
-
суретке ат қояды;
-
сурет бойынша сөйлемдер құрастырады;
-
суретке қатысты ойын айтады.

сақтау»
Оқу мақсаты: 1.2.3.1 Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну
және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру.
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі:
Бағалау критерийі: Білім алушы
Сұрақтарға жауап бере отырып, сұхбатқа
қатысады.
Сұхбаттасу барысында тілдік нормаларды
сақтайды.
Тапсырма
Сұрақтарды пайдаланып, сурет бойынша диалог құрастырыңыз.

-
Суретте қандай отбасы бейнеленген?
-
Отбасында неше адам бар?
-
Отбасында кімдер бар?
Дескриптор: Білім алушы
-
сұрақтарға жауап береді;
-
диалогті жалғастырады;
-
сұраққа жауап беруде тілдік норманы сақтайды.
Бөлімше 2.5 «Тыңдау-көру
материалдары негізінде ойын айту»
Оқу мақсаты: 1.2.5.1 Қысқа фильмдер мен тыңдалым
материалдарының сюжетін өз сөзімен суреттеу.
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі:
Бағалау критерийі: Білім алушы
Тыңдаған/көрген материалдағы сюжеттің
ретін анықтайды.
Суретке, сұрақтарға сүйеніп материалдың
мазмұнын өз сөзімен баяндайды.
Тапсырма
«Ұсқынсыз балапан»мультфильмін
( https://www.youtube.com/watch?v=qafXdmFsTbE) қараңыз. Мазмұны бойынша суреттердің ретін анықтаңыз.

Сұрақтарға жауап беріңіз.
-
Жұмыртқадан қандай балапан шықты?
-
Ана үйрек пен әке үйрек неге ашуланды?
-
Балапан неге жылады?
-
Ұсқынсыз балапанды көргендер бар ма?
-
Ұсқынсыз балапан неге бақытты?
-
Мультфильмнен кез келген үзінді айтып беріңіз.
Дескриптор: Білім алушы
-
мазмұнына сәйкес суреттердің ретін көрсетеді;
-
бейнематериал бойынша қойылған сұрақтарға жауап береді;
-
мультфильмнің үзіндісін өз сөзімен айтады.
Бөлімше 2.6 «Оқылған/ тыңдаған
материал бойынша пайымдама жасау»
Оқу мақсаты: 1.2.6.1 Тыңдаған/оқыған материал туралы өзінің
қарапайым пайымдамасын (келісемін/келіспеймін, ұнайды/ұнамайды) жасау.
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі: Бағалау

Жануарлар туралы мәтінді оқыңыз. Қай мәтін ұнайды/ұнамайды? Неліктен?

Маған ___________туралы мәтін ұнайды/ұнамайды, өйткені ______________.
Дескриптор: Білім алушы
-
кейіпкердің көңіл күйін сипаттайды;
-
мәтінге қатысты өз пікірін білдіреді;
-
өзінің ойын дәлелдейді.
Бөлім «Оқылым»
![]()
Бөлімше 3.1 «Оқу түрлерін қолдану»
Оқу мақсаты:
1.3.1.1 Таныс сөздерді тұтас оқу.
Ойлау дағдыларының деңгейі:
Қолдану
Бағалау критерийі:
Білім алушы
Тұтас сөздермен оқиды.
Тапсырма
Өлеңді дауыстап, қатесіз оқыңыз.
Мынау – менің отбасым.
Танысыңдар, достарым.
Мынау – әкем, бұл – шешем,
Інім, әпкем және мен!
Сөздер мен суреттерді сәйкестендіріңіз.

Дескриптор: Білім алушы
-
өлеңді дауыстап, қатесіз оқиды;
-
сөздерді тұтас оқиды;
-
сөздер мен суреттерді сәйкестендіреді.
|
Бөлімше 3.2 «Мәтіннің мазмұнын түсіну» |
|
|
Оқу мақсаты: |
1.3.2.1 Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну. |

Суреттердің орнына тиісті сөз қойып, оқыңыз.

Дескриптор: Білім алушы
-
суреттердің орнына тиісті сөз қояды;
-
сурет пен сөзді дұрыс байланыстырып айтады;
-
сөйлемдерді дұрыс оқиды.

Мәтінді қатесіз оқыңыз. Сұрақтарға жауап беріңіз.

-
Бұл ертегі ме, өлең бе? Неліктен?
-
Мәтіндегі ұйқас сөздерді табыңыз.
-
Сол сөздерді қатыстырып ана туралы бір сөйлем құрастырыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
-
мәтінді қатесіз оқиды;
-
мәтіннің жанрын атайды;
-
мәтіннен ұйқас сөздерді табады;
-
ана туралы сөйлем құрастырады.
Бөлімше 3.4 «Сұрақтар мен жауаптар
құрастыру»
Оқу мақсаты: 1.3.4.1 Мұғалімнің көмегімен мәтін немесе
иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар (кім?
не? қандай? қанша?) қою.
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі:
Бағалау критерийі: Білім алушы
Мәтін бойынша қарапайым сұрақтар құрастырады.
Иллюстрация бойынша қарапайым сұрақтар
қояды.
1-тапсырма
Мәтінді оқыңыз. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.
Арман биыл бірінші сыныпқа барды. Оның мектебі үлкен. Мектеп үш қабатты. Бірінші қабатта асхана, кітапхана, спортзал бар. Екінші және үшінші қабаттарда кабинеттер бар. Арманның мектебі өте үлкен және әдемі.
Дескриптор: Білім алушы
-
мәтінді түсініп оқиды;
-
мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар құрастырады.
2- тапсырма
Суретке мұқият қараңыз. Сурет бойынша жұпта бір-біріңізге сұрақ қойыңыз.

Дескриптор: Білім алушы
-
суреттерді сипаттауға бағытталған сұрақтар қояды;
-
суреттің мазмұны бойынша сұрақтар қояды;
-
сұраулы сөздерді орынды қолданады.
Бөлім «Жазылым»
![]()
Бөлімше 4.1 «Кейіпкердің атынан мәтін құрастырып жазу»
Оқу мақсаты: 1.4.1.1 Суретте берілген заттардың сынын
білдіретін сөздерді жазу.
Ойлау дағдыларының Қолдану
Деңгейі:
Бағалау критерийі: Білім алушы
Заттарды сипаттайтын (түсін, дәмін, көлемін,
пішінін т.б.) сөздерді жазады.
Тапсырма
Суретте нелер бейнеленген? Олар қандай? Жазыңыз.

Дескриптор: Білім алушы
-
заттардың атауын жазады;
-
заттардың түсін/ дәмін/ көлемін/пішінін сипаттайтын сөздерді жазады.
Бөлімше 4.4 «Каллиграфиялық
нормаларды сақтау»
Оқу мақсаты: 1.4.4.1 Бас әріптер мен кіші әріптерді санитарлық-
гигиеналық талаптарға сәйкес бір-бірімен дұрыс байланыстырып, анық, айқын жазу.
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі:
Бағалау критерийі: Білім алушы
Каллиграфиялық талаптарды сақтай отырып,
әріптерді дұрыс байланыстырып жазады.
Тапсырма
Суретте нелер бейнеленген? Дыбыстардың орнын тауып, кеспе әріптерден сөз құрастырыңыз. Сөздерді дәптерге көшіріп жазыңыз.

Дескриптор: Білім алушы
-
берілген дыбыстардан сөз құрастырады;
-
сөздерді жазба әріптермен жазады;
-
жазу жолын және көркем жазу талаптарын сақтайды.
Бөлім «Тілдік нормаларды қолдану»
![]()
Бөлімше 5.1 «Грамматикалық нормаларды сақтау
(термин сөздерді қолданбау)»
Оқу мақсаты: 1.5.1.2 Мұғалімнің көмегімен көптік/тәуелдік/ жіктік/
септік жалғауларын ауызша тілде қолдану.
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі:
Бағалау критерийі: Білім алушы
Сөйлеу барысында көптік жалғауларды
орынды қолданады.
Тапсырма
Суреттегі жануарларды атаңыз. Оларды көпше түрде айтыңыз. Суретке сәйкес көптік жалғауын тауып, байланыстырып сызыңыз.

Дескриптор: Білім алушы
-
жануарлардың атауын айтады;
-
көптік жалғауын анықтап, суретпен сәйкестендіреді.
Бөлімше 5.1 «Грамматикалық
нормаларды сақтау
(термин сөздерді қолданбау)»
Оқу мақсаты: 1.5.1.3 Сөйлеу барысында мұғалім көмегімен
етістіктің шақтарын; бұйрық рай; болымсыз етістікті қолдану.
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі:
Бағалау критерийі: Білім алушы
Сөйлеу барысында етістіктің шақтарын
орынды пайдаланады.
Тапсырма
Жақшаның ішінен сөйлемге сәйкес сөзді тауып, сөйлемді толық оқыңыз.
-
Кеше Саматтың туған күні (болады, болды, болып жатыр).
-
Ертең біз саябаққа (бардық, бара жатырмыз, барамыз)
-
Мен ойнап (отырмын, отырамын, отырдым).
Суреттерге мұқият қараңыз. Торкөздерге суретке сәйкес сөйлемнің нөмірін жазыңыз.

Дескриптор: Білім алушы
-
сөйлемге сәйкес сөзді анықтайды;
-
сөйлемді толықтырып оқиды;
-
суреттерге сәйкес сөйлемнің нөмірін белгілейді.
Бөлімше 5.1 «Грамматикалық
нормаларды сақтау
(термин сөздерді қолданбау)»
Оқу мақсаты: 1.5.1.4 Мұғалімнің көмегімен сөйлеу барысында
сілтеу есімдіктерін дұрыс қолдану.
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі:
Бағалау критерийі: Білім алушы
Сөйлеу барысында сілтеу есімдіктерін
орынды пайдаланады.
Тапсырма
Суретке мұқият қараңыз. Сөйлемдерді оқыңыз.

«Анау» және«мынау» сөздерін қолданып,сурет бойынша сөйлем құрастырыпайтыңыз.

Дескриптор: Білім алушы
-
сөйлемдерді дұрыс оқиды;
-
суреттер бойынша сөйлемдер құрастырады; -«анау» сөзін орынды қолданады; -«мынау» сөзін орынды қолданады.
Бөлімше 5.1 «Грамматикалық
нормаларды сақтау
(термин сөздерді қолданбау)»
Оқу мақсаты: 1.5.1.5 Мұғалім көмегімен сөйлемдегі сөздердің
орын тәртібін сақтап құрастыру.
Ойлау дағдыларының Қолдану
деңгейі:
Бағалау критерийі: Білім алушы.
Сөздерден сөйлем құрастырады.
Сөйлемнің құрылымын сақтайды.
Тапсырма
Қима сөздерден сөйлем құрастырыңыз және сәйкес суретпен байланыстырып сызыңыз.

Дескриптор: Білім алушы
-
сөйлемдегі сөздерді дұрыс орналастырады;
-
сөйлемдерді оқиды;
-
сөйлемдерді сәйкес
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Алишев Т.Б., Гильмутдинов А.Х. Опыт Сингапура: создание образовательной системы мирового уровня [Сингапур тәжірибесі: әлемдік деңгейдегі білім беру жүйесін құру]. // Журнал «Вопросы образования». - Выпуск № 4. 2010.
2. Аллан Дж. Уильямс, Сарбасов Н.С. Международный подход к системе оценивания (Великобритания, США, Сингапур и Новая Зеландия). [Халықаралық бағалау тәсілдері. Ұлыбритания, АҚШ, Сингапур, Жаңа Зеландия] – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, Педагогикалық шеберлік орталығы, 2014.
3. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (27.07.2007ж. № 319- III, 13.01.2015 жылғы өзерістер және толықтыруларымен).
4. Казакова И.А. Система оценивания знаний в историческом аспекте [Білімді бағалау жүйесінің тарихи аспектісі].
5. Критериалды бағалау жүйесінің кіріктірілген моделі. Әдістемелік ұсыныстар– Астана. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ.
6. Оңтүстік Корея және Қытайдағы білім беру бағдарламаларын іске асыруды бағалау жүйелерін талдау]. Наука и школа №1, 2016, https://cyberleninka.ru/article/n/analiz-sistem-otsenki-realizatsii-obrazovatelnyh-programm-vsingapure-yuzhnoy-koree-i-kitae
7. Құракбаев К.С., Омарбекова А.К. Совершенствование национальной системы оценивания учебных достижений учащихся в контексте системы критериального оценивания [Критериалды бағалау контекстінде оқушылардың білімін бағалаудың ұлттық жүйесін жетілдіру]// KazNU Bulletin. «Pedagogikal science» series № 1(44), 2015.
8. Негізгі орта және жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдістемелік құрал /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ /О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен. - Астана, 2016. - 55 б.
9. Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін енгізудің әдіснамалық және оқу-әдістемелік негіздері. Әдістемелік құрал. –Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2015. – 58 б.
10. Өңірлік және мектеп үйлестірушілеріне арналған критериалды бағалау бойынша нұсқаулық: Оқу-әдіст. құрал /«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ /О.И.Можаева, А.С.Шилибекова, Д.Б.Зиеденованың редакциясымен. - Астана, 2016. - 46 б.
11. Решетников О.В. Оценка личностного развития ученика [Оқушының тұлғалық дамуын бағалау] //Проблемы современного развития ученика (Оқушыны дамытудағы заманауи мәселелер). – 2011. – №5. – С. 2-27.
12. «Тиімді оқыту мен оқу» Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Астана, 2016. -201б.
13. Ұлттық білім беру саясатына шолу. Қазақстандағы орта білім беру. ЭЫДҰ, 2014ж.
14. Ұлыбританиядағы бастауыш және орта білім беру. Интернет ресурс: http://www.studentinfo.net/faq84-secondary-school.
МАЗМҰНЫ
-
1.
Кіріспе.................................................................................................................
3
2.
Критериалды бағалау жүйесі............................................................................
4
3.
1-сынып оқушыларына қалыптастырушы бағалау тапсырмалары................
6
4.
Пайдаланылған әдебиеттер..............................................................................
38
6
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІ БОЙЫНША ТАПСЫРМАЛАР

шағым қалдыра аласыз