Материалдар / 1 сынып "Қош бол әліппе"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

1 сынып "Қош бол әліппе"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін-өзі басқаруға үйрету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Қаңтар 2024
329
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Қош, сүйікті Әліппем!»

Әліппемен қоштасу ертеңгілігі. 
Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін-өзі басқаруға үйрету. 
Көрнекіліктер: Шарлармен безендіру,слайдтар, нақыл сөздер.

Жүргізуші мұғалім: 
1 жүргізуші:-Құрметті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Қош, бол, Әліппе!» атты мерекемізге қош келдіңіздер!

2 жүргізуші:Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысыла да қызыға аттаған біз енді өзіміздің ең алғашқы оқулығымыз болған Әліппемен бүгін қоштасқылы отырмыз. 
1 жүргізуші:-Ендеше, «Қош бол,Әліппе!» атты ертеңгілігіміздің кейіпкерлерін 1 « Б» сынып оқушыларына қол соғып, қошемет көрсетейік. 

2.Жүргізуші: Көз салып қараңызшы бойымызға ,

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға,

Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға

1.Жүргізуші: Балалар,мен сендерге бір сұрақ қояйын....

Іші толған әріпке,

Білімдегі жарық не ?

Оқушылар хормен: Ол сүйікті Әліппе!


2 жүргізуші: Олай болса,бәрімізге ең қымбат «Әліппені» ортаға шақырамыз.

Әліппе: (Әліппе әнін айтып кіреді)

- Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата - ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаға.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын бізге халайық.
Не үйретіп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!

Әліппеге арналған тақпақтар:

Досымбек:Рахмет саған, Әліппе!
Көп нәрсені үйреттің.
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
Балауса:Бар кітапқа бас болған
Әліппе - ғылым анасы.
Әліппеден басталған
Даналықтың данасы.
Бекарыс:Келгенде алғаш мектепке,
Білмеуші едік әріпте,
Оқимыз қазір ертекте,
Үйреткен оны Әліппе!

Айсұлтан

Әліппем менің, әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.



Мұхидин А:Ең алғаш алғанымда Әліппені


Қызығып қарай бердім әріптерге.

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді

Ұстазым оның кілтін алып берді.

Абдулбасит:Әліппе-білім бұлағы,

Әліппе –өмір шырағы.

Әліппе-білім көзі,

Әліппе – мұғалімнің асыл сөзі.

Айғаным:Әке-шеше атын сен

Бізге үйреттің әліппе.

Бізге нағыз жақынсың

Сенен білдік әріпті.
Рамазын:Таныстырған 42 әріппен

Қош бол, менің қасиетті әліппем.

Сенің арқаң, оқи, жаза аламын.

Сауатты адам санатына кіргенім.

Ән: «Әліппе»

Нұрислам:

Алфавитті үйрендік,
Онда жүйе, қалып бар.
Біздің қазақ тілінде
42 әріп бар.


А Абдулбасит:Атыраудың айдыны,

Алтай таудың айбыны.

Астанамыз - Астана,

Алматымыз - бас қала.

Н — әрпі:Досымбек

Ас біткеннің анасы
Қасиетті нан осы.
Қайсы әріптен басталған
Соңғы әрпіне де қарашы.





Ғ М Амина : Ұқсайды өзі шалғыға
Елестет көз алдыңа,
Қане, ойланып табайық
Болды екен бұл қай әріп?
Ж Нұртөре:Түн шымылдық ашқаннан
Жымыңдайтын аспаннан.
Көп шырақты жұлдыздар
Ж әрпінен басталған.
З Биғаным: Қаздан көре аласың
Қағаздан да табасың

Байқамасаң анықтап
Үш екен деп қаласың.


Ө Айсұлтан: Өрікте сөздің басында
Бөрікте б - ның қасында.
Бұл қай әріп көріңдер,
Енді айтып беріңдер.
Е Ақмаржан :«Е» әрпінің үстіне
Екі нүкте қойғанда,
Қандай әріп шығады?
Жауабын айт, ойлан да.

Ә Айғаным:Таныстырар әріппен,

Мынау кітап әліппең,

Әліппе деген аты оның

Басталған ә әрпінен.

Т – әрпі:Рамазан

Бастайды ол «таңды» да,

Бастайды ол «талды» да.

Келіп тұрған қай дыбыс,

«Тау» мен «тастың» алдында?



Б Бекарыс:қызықтырып әркімді,

Суда жүзер жалтылдап.

Б әрпінен басталған

Сол жүзгіштің атын тап.

І Балауса:Ірімшікті жедің ғой,

Тәтті екен дедің ғой.

Ірімшіктің атауы

І әрпінен басталған.

1жүргізуші:Міне, біз әліппені аяқтадық. Осы оқулықтан біз өз Отанымыз туралы көп оқып білдік.

2 жүргізуші:- Ендеше Отан туралы қандай әндер, өлеңдер үйрендік, соны ортаға салайық.

Рамазан:Отан- сенің ата-анаң

Отан-досың бауырың

Отан-өлкең, астанаң

Отан-аудан,ауылың

Бекарыс:Отан-тарих, Отан –тіл

Жасаған ерің, ер халқың

Отан-өлең, Отан-жыр

Көтерген көкке ел даңқын.

Балауса:Отан осы достарым

Көңілге мұны түйе біл.

Отан деп өс,жас қауым,

Оны ардақтап,сүйе біл.

Нұртөре Кең жазық Отан мекенім,
Сен де өсіп көктедім
Сені қорғау парызым,
Мұны біліп өтемін.

Ақмаржан Отаным менің Қазақстан
Атыңнан сенің айналам
Бас иіп саған өтемін
Жасай бер жаса Қазақстан.

Ән: «Отан»

1.жүргізуші Біз бүгін шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан әліппені бітірдік.

2 жүргізуші: «Әліппе»даңғыл жол ашты
Жаңадан пәндер жалғасты
Әліппе сырын ұқтырған
Рахмет ұстаз алғашқы.

Абдулбасит:

Келгенімде алдыңа,

Қызыл арай гүл алып.

Жақын тарттың өзіңе

Шәкіртім деп қуанып.

Нұрислам Қалам беріп алғаш сәби қолыма,
Дайындадың ұзақ өмір жолына
Сүйікті ұстазыма мың алғыс,
Дарытқан білім нәрін өн бойыма.  



Мұхидин А:

Сипадың да басымнан,

Әліппені ұсындың.

Бақытымның осыдан басталғанын түсіндім.

Айғаным :

Мен енді өзім оқып, өзім жаза аламын. Ертегі-әңгімені де өз бетіммен оқитын болдым. Осы үшін ұстазыма көп рахмет!

Досымбек: Біз көп нәрсені – кітап оқуды, өлең жаттауды, ән айтуды, сурет салуды үйрендік. Осы үшін ұстазыма көп рахмет!

Ән: «Мұғалім ол біздің»

Әліппе:

Менің сендермен қоштасатын уақытым таяп қалды. Сендерге де рахмет балалар! Өздеріңдей тәртіпті, оқуға ынталы балалардың талабына қуанамын. Енді білімдеріңді жалғастырып, әрі қарай білімді болу үшін Ана тілі кітабымен таныстырайын. Ана тілі, мында келші!

Ана тілі:

Сәлеметсіздер ме балалар?
Туған елдің тілімін
Ақылыммен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Балалар,енді бұрынғыдан да көп оқитын боласыңдар.Ынта қойып оқысаңдар көп нәрсеге үйренесіңдер.

Әліппе:

Әр сөзімді жаттаған,

Балалар үшін мақтанам.

Рахмет айтып, шаттанам,

Риза болып аттанам.

Оқумен өсіп толыңдар,

Аман есен болыңдар!

Ән: «Рахмет саған, Әліппе!») 

Мұғалім:

Осымен «Қош бол, сүйікті Әліппе!» ертеңгілігіміз аяқталып келеді! рұқсат Балаларды бүгінгі мерекелерімен құттықтау үшін және Әліппені аяқтағаны жөнінде сертификат табыстау үшін мектеп директорын шақырамыз.  (Әліппені бітіргендері үшін куәлікті тапсыруға рұқсат етіңіздер.)

Куәлікті тапсыру.
Ата-аналар арасында ортаға шығып сөз сөйлеймін деушілерге сөз кезегі беріледі.
 

Ән: «Әрқашан күн сөнбесін»
Нұртөре Кең жазық Отан мекенім,
Сен де өсіп көктедім
Сені қорғау парызым,
Мұны біліп өтемін.

Ақмаржан Отаным менің Қазақстан
Атыңнан сенің айналам
Бас иіп саған өтемін
Жасай бер жаса Қазақстан.



Айсұлтан

Әліппем менің, әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.



Н — әрпі:Досымбек

Ас біткеннің анасы
Қасиетті нан осы.
Қайсы әріптен басталған
Соңғы әрпіне де қарашы







Т – әрпі:Рамазан

Бастайды ол «таңды» да,

Бастайды ол «талды» да.

Келіп тұрған қай дыбыс,

«Тау» мен «тастың» алдында?



Нұрислам Қалам беріп алғаш сәби қолыма,
Дайындадың ұзақ өмір жолына
Сүйікті ұстазыма мың алғыс,
Дарытқан білім нәрін өн бойыма.  























«Әліппеге мың алғыс!» әліппемен қоштасу ертеңгілігі

Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін-өзі басқаруға үйрету.

Көрнекіліктер: Шарлармен безендіру, алма ағашы.

Кейіпкерлер:ханзада,ханшайым,алма ағашы,

Жүргізуші мұғалім:

-Құрметті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Әліппеге мың алғыс!» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысылса да қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы,бірі кенжесі,бірі әзірге жалғызы,ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасқылы отыр.

-Ендеше,кішкентай бүлдіршіндеріңіздің білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын!Сонымен «Әліппеге мың алғыс!» атты ертеңгілігімізді бастаймыз!

-Ерте,ерте,ертеде бір жаһанда «Әліпби» атты ел болса керек.Бұл елде ханзада мен ханшайым ұзақ жылдар өмір сүріпті.Содан екеуі елдің орта шетіне көшет отырғызады. Оны күтіп бағады. Күтім жақсы болған алма ағашының тамыры кеңге жайылып,көкке шарлап өседі.Алайда ханзада мен ханшайымның алма ағашына көңілдері толмайды. Өйткені оның себебі де бар еді. Ал ол қандай себеп екен?

Ханзада: Е,ханшайым,біз отырғызған алма ағашы тамыры жайылып өскенмен неліктен жеміс бермейді?

Ханшайым: Ханзада,мұның да бір себебі болар-ау!

Алма ағашы: Уа, ханзада мен ханшайым,маған күн шуағы жеткілікті,суда бар.Бірақ жемістерім жоқ,неге екенін өзім де түсінбеймін.

Ханзада:Иә,солай шығар!Оның сырын тезірек ашу керек қой. Неліктен бүгін орман іші тып-тыныш?

Ханшайым:Бұл сұрақтың сырын сиқыршы қыздан сұрап көрейік.

Cиқыршы қыз: Бұл орманда неше жылдан бері ешқандай кеш,ешқандай сабақ өтпейді. Сол себептен осы ормандағы тіршілік есінің бәрі ұйқыда

Ханшайым :Онда оларды оятайық.Сен оған көмектесші.

«Ертегілер әлемі». Сиқыршы қыз ормандағы тіршілік иелерін оятады.

(Сахнада жайлы әуен ойналады. Ортаға Әліппе шығады)

Әліппе

Армысыздар,жас достар!

Армысыздар ата-ана.

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

Білім деген ғажаптың,

Әліппесін меңгерген

Келешегі қазақтың

Басталады сендерден.

Таудай болса талабың

Айтары көп әріптің

Қуанышы халықтың

Жақсы білім көрімдік,

Болсын бізге халайық.

Не үйреніп.не білдік.

Қане.ортаға салайық!

-Амансыздар ма.ханзада мен ханшайым. Мен мұнда 40 әріп пен 2 таңбамды ертіп келдім.ендеше олар сізге көмек беріп қалар.

-Менің әр әрпімнің сыры бар.Іші толып толған ғажап.Қазір өздері де таныстырар.

(Әр әріп өздерін таныстырған

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!