Материалдар / 1-сынып Қозғалыс деген не?

1-сынып Қозғалыс деген не?

Материал туралы қысқаша түсінік
Бағалау түрі: «Кемпірқосақ» әдісі: Оқуды бағалау үшін мұғалім әр тапсырмадан соң дұрыс тұжырым айтқан және тапсырманы дұрыс орындаған топқа кемпірқосақтың түстерін беріп отырады. Сабақ соңында кімде түстері көбірек жиналды сол топ жақсы жұмыс жасаған болады. «Менің жұлдызым» әдісі: Бұл әдіс топтар бір-бірін бағалау үшін қолданылады. Яғни топтар тапсырмалардан соң бір-бірін бағалап, ұтымды ой айтқан, өздеріне ұнаған топқа жұлдызша сыйлап отырады. Өте көп жұлдызша жинаған топ ұйымшыл, тапқыр топ болып есептеледі. Сонымен қатар топ көшбасшыларына шаршылар таратылып беріледі. Топ басшысы топта жақсы жұмыс жасаған, ойымен бөліскен, белсенді жұмыс жасаған балаға 1 шаршыдан береді.Сабақ соңында топ мүшесінде шаршы қалған болса, топ мүшелері жұмыс жасамаған болады. Егер шаршының барлығы үлестірілген болса,онда барлығы сабаққа белсенді қатысты деп саналады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Ақпан 2022
442
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Жаратылыстану

Сабақ тақырыбы:


Қозғалыс деген не?

Күні : 21. 12. 2019 ж.

Сабақ өткізген мұғалімнің есімі:

Атамкулова А.Г.

Қатысқандар:

Мектеп мұғалімдер

Ресурстар:

Ойыншық көліктер,кемпірқосақ түстеріне қима қағаздар, клей, қайшы, О.Шишигинаның, Ш.Сапарғалиқызының, кенгурудың, көгершіннің суреті, жанды және жансыз заттардың суреттері, ребус, геометриялық фигуралар.


Сабақ кезеңдері

Сабақ барысы

Сабаққа қатысты ескертпелер





Психологиялық ахуал қалыптастыру, топқа бөлу











Барлық қатысушыларды ортаға шығару. Бірінші адамнан бастап (құс болып ұшуға, секіруге,билеуге, жүгіруге) әртүрлі қимылдарды көрсететін қылып атап шығу. Содан бірден топтарға бөліп отырғызу:

**Құс болып ұшатын кісілер ұшып алға шығыңыздар деймін. Алдыға шыққан кісілерді «Көгершін» тобына;

**Секіру керекті кісілерді алға секіртіп шығарып, «Кенгуру» тобына;

**Билейтін кісілерді билетіп шығарып, «Шұғыла Сапарғалиқызының» тобына;

**Жүгіретін кісілерді жүгіртіп шығартып, «О.Шишигина» тобына топтаймыз.










Мұғалімдер түрлі қимылдар жасап топтарға бөлінеді.












Кіріспе

--Неге сіздерді құс қылып ұшырып, секіртіп,билетіп,жүгірте отырып топқа бөлдік? Қалай ойлайсыздар мұның құпиясы неде? (СТО)

--Сабағымыз қандай тақырыпта болмақ? (топта талқылау,топ көшбасшылары шығады, ойларымен бөліседі)

--Жақсы, сабағымыз қозғалыс жайлы болмақ.

Қозғалыс дегеніміз не жалпы?


Топта талқылап,сабақ тақырыбын өздері болжап табады.

Қозғалыс жайлы қысқаша мәлімет беру.

Негізгі бөлім

1-тапсырма: Суреттер сөйлейді.

**Суреттер таратып беру, қозғалысқа қатысты суреттермен жұмыс жасай отырып екі топқа бөлу. Себебін түсіндіру, талдау, бағалау.













2-тапсырма: Ребус шешу,қорғау.

--Әр топқа сандар арқылы жасырынған сөздерді тауып, орысша, ағылшынша атау. Топтар аударып, өздігінен қозғалатын, күш жұмсау арқылы қозғалатын заттарды ажыратып айтады.

1-топ:ат,піл,шана

2-топ:сиыр,жұмыртқа, тікұшақ

3-топ:поезд,парта,жылан

4-топ:автобус,төсек, қой


Топтарға суреттерді екі топқа бөлу керектігі тапсырылады.қандай топтарға бөлінетіні айтылмайды.



Сабақ тақырыбымен байланысты топтарға бөлу керек.Яғни, суреттегі тірі және өлі табиғатты өздігінен қозғалатын, күш жұмсау арқылы қозғалатын деп екі топқа бөледі.























































Аудармалардың дұрыстығын тексеруде ағылшын тілі пәні мұғалімдері көмек береді.


Қорытынды бөлім

3-тапсырма:

** Жер бетінде қозғалыс тоқтап қалса не болуы мүмкін деп ойлайсыздар ? Топтарға шағын эссе жазу тапсырылады. (тіршілік тоқтайды)

Әр топтан сөйлемей отырған бір топ мүшесіне шақырту жіберу,ортада сол топ мүшесінің ойын тыңдау



4.Тәжірибе көрсету, тұжырым жасату,бағалау.

Ойыншық жеңіл көлік пен жүк көлігінің жүріп өткен жолын салыстыру, қорытынды жасау.

Жауабы

Көлік неғұрлым ауыр болса, соғұрлым ұзағырақ жүріп барып тоқтайды.





Шақыртуға «Құрметті әріптес, ортаға шығып,өз ойыңызбен бөлісіңіз» деген сөйлем жазылған.


























Бұл тапсырмада тек қана тәжірибе көрсетіледі. Көрсетілген тәжірибе бойынша қорытынды шығару, талдау топтарға беріледі.

Кері байланыс

Сабақ соңында барлық топ өз топтарының атауларын қозғалыспен байланыстыра отырып, бір-екі сөйлеммен ойларын айтып, кері байланыс жасайды.






Бағалау

Бағалау түрі:

«Кемпірқосақ» әдісі: Оқуды бағалау үшін мұғалім әр тапсырмадан соң дұрыс тұжырым айтқан және тапсырманы дұрыс орындаған топқа кемпірқосақтың түстерін беріп отырады. Сабақ соңында кімде түстері көбірек жиналды сол топ жақсы жұмыс жасаған болады. «Менің жұлдызым» әдісі: Бұл әдіс топтар бір-бірін бағалау үшін қолданылады. Яғни топтар тапсырмалардан соң бір-бірін бағалап, ұтымды ой айтқан, өздеріне ұнаған топқа жұлдызша сыйлап отырады. Өте көп жұлдызша жинаған топ ұйымшыл, тапқыр топ болып есептеледі.

Сонымен қатар топ көшбасшыларына шаршылар таратылып беріледі. Топ басшысы топта жақсы жұмыс жасаған, ойымен бөліскен, белсенді жұмыс жасаған балаға 1 шаршыдан береді.Сабақ соңында топ мүшесінде шаршы қалған болса, топ мүшелері жұмыс жасамаған болады. Егер шаршының барлығы үлестірілген болса,онда барлығы сабаққа белсенді қатысты деп саналады.








Әр тапсырмадан соң бағаланып отырады.





«Бәйтерек орта мектебі» КММ











Ашық сабақ

Пәні: Жаратылыстану

Тақырыбы: Қозғалыс деген не?











Өткізген мұғалім: Атамкулова А.Г.







2019-2020 оқу жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ