400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

1-сынып Сауат ашу Ц ц дыбысы мен әрпі Ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Жанартылган ББ бойынша 1-сынып мұгалімдеріне арналган ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сауат ашу



Бөлім: Салт –дәстүр және ауыз әдебиеті

Күні: 01.03.2017 жыл

Сынып: 1«В»

Мектебі: «Жібек жолы» жалпы орта мектебі

Мұғалімі: Зулпиева Сауле Шымырбаевна

Қатысқандар саны: 20

Қатыспағандар саны: 0

Сабақтың тақырыбы

Ойын ережесі деген не? Ц дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

1.8 Берілген тақырыпқа әңгіме құрап айту

1.9 Сөздерді, дыбыстарды орфоэпиялық нормаларға сәйкес дұрыс айту

Сабақтың мақсаттары:

Барлығы:Жаңа білімді меңгереді.

Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.



Бағалау критерийлері:

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Дескриптор:

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталайды.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді.





Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.



Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі, көркем еңбек сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Цирк, цемент, цифр.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Көзді салып қараңыз,

Былай қанат қағамыз.

/Б.Бөрiбаев/

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!



Шаттық шеңбері










Сабақтың ортасы

12 минут




1. Өткен сабақтарды пысықтау.

Ұяшық арқылы

2. Жаңа сабақты ашу.

Әріптердің арасынан таныс емес әріпті тапқызу

3. Топтық жұмыс:

цемент, цирк, цифр сөздеріне постер қорғау.



Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

3 минут

Оқушылар «Соқыртеке» ойынын ойнайды.

Ойынның ережесін түсіндіремін.

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Аяқталуы

20 минут

Қызықты тапсырма

6 минут






4. Оқылым.

Мәтінмен жұмыс

5. Дәптермен жұмыс.

6. Сандардың ретіне қарай әріптерді жазып сөз құра.

Қандай ұлттық ойын атауы шықты?

Үш топқа үш ойын атауын беремін.

1- топ «Ханталапай»

2- топ «Сақина тастау»

3- топ «Ақ сүйек»

Ойын ережесін қысқаша таныстырып өтеді.



5

8

9

1

6

4

2

10

3

7

а

п

а

х

л

т

а

й

н

а



6

7

2

4

3

8

11

9

10

1

12

5

а

т

а

и

қ

а

а

с

т

с

у

н



3

5

1

4

7

2

6

с

й

а

ү

к

қ

е





















Оқулық, дәптерлер.

























Сақина тастау — бұл ойын көгалды жерде, залда өткізіледі. Ойыншылардың саны 20—25 адамға дейін болады. Олар көгалды жерді қоршалана бір аяғын астына басып, енді бір аяғымен тізерлеп тұруға ыңғайланыш отырысады. Ойыншылардың аралары тым жақын болмауы керек.

Ойыншылар екі алақанын беттестіріп, қусырыңқырап, қолдарын алға соза отырады. Шеңбердін ортасына шыққан адам екі алақанын беттестіріп ойыншылардың алақандарының арасына сұғады. Ол бір шеттен бастап, басқаларға білдірместен отырған ойыншылардың біреуінің қолына сақина немесе сақина орнына алынған затты салып кетеді. Тегіс айналып өткен соң ортаға шығып, «Сақинам кімде?» деп дауыстап сұрайды. Сол уақытта қолында сақина қалған ойыншы жан-жағында отырғандарға білдірместен орнынан атып тұруы керек. Ал оның оң жағындағы адамның міндеті қасынан атып тұрған ойыншыны орнында ұстап қалу болып табылады.

Егер ұстап қалса, орнынан тұрушы жаза тартады. Көпшіліктің ұйғаруы бойынша ән, би, күй немес басқа бір білетін өнерін орындап береді. Берілген «жазаны» орындағаннан кейін ол алғашқы ойын бастаған адамның орнына тұрып, ойынды қайта жүргізеді. Ал егер ол ұстатпастан тұрып кетсе, онда ұстай алмай қалған ойыншы жоғарыдағыдай жазаға бұйырылады.



Пысықтау тапсырма:

2минут

7. Кластер құру.









Сабақтың соңы

2 минут























Рефлексия

Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бет – әлпеті салынған суреттерді таңдау.

Түсінбедім Сұрағым бар Түсіндім









Смайликтер

Сабақ бойынша рефлексия





Жалпы баға





Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойладыңыз)?

1: Балалардың постер қорғау арқылы өз топтарының атын табуы



2: Ұлттық ойын ережелерін өздерінің айта алуы



Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Оқушылардың қосымша ізденіп келуі



2: Жұптық, топтық тапсырмаларды жүйелі түрде беріп отыру








Оқу ісінің меңгерушісі:

Сабақ: сауат ашу


Мектеп: Ж.Жапаров атындағы ОММДШО

ТАҚЫРЫБЫ

Ойын ережесі деген не? Ц дыбысы мен әрпі.

Күні: 01.03

Мұғалімнің аты-жөні: Сансызбаева Е.А.

Сынып 1 а

Қатысқандар Қатыспағандар

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы

және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін

каллиграфиялық талаптарға сай жазу.

1.1.8.1 Берілген сюжетті сурет бойынша шағын мәтін құрап айту.

1.3.6.1 Мұғалімнің көмегімен әр түрлі жанр бойынша (хат, құттықтау хат, хабарлама, нұсқаулық) шағын мәтін/жай сөйлемдер құрап жазу.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар орындай алады - әріп элементтерін дұрыс байланыстырады; - тірек сөздерді орынды қолданады; Буындап немесе тұтас сөздермен оқиды.


Оқушылардың көпшілігі орындай алады

- - сөздерді дұрыс байланыстырып, сөйлем құрайды;Түсініп оқиды.


Кейбір оқушылар орындай алады:. - мәтінді түсінгенін сұрақтарға жауап беру арқылы көрсетеді.


Тілдік мақсат


Түйінді сөздер мен сөз тіркестер: цирк,концерт


Сыныптағы диалог/жазылым үшін сай келетін тіл стилі:

Талқылауға арналған тармақтар: Ц қандай дыбыс?

Цирк сөзінде неше буын бар?Неге?

Не себепті адамдар ойын ойнайды деп ойлайсыңдар?


Ишара:бармақпен бағалау


Алдыңғы оқу

Э дыбысы мен әрпі

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар


Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

Қуанамын мен де,

Қуанамын сен де,

Қарсы алайық достарым!

Келді қонақтар бізге.

-Балалар,бүгін қандай күн? Бүгін «Халықаралық алғыс

айту» күні. Ең бірінші өмір сыйлаған Аллаға рақмет, дүниеге әкелген ата-анамызға рақмет, білім берген ұстаздарға рақмет, ағайын-туыс, ел-жұртыма рақмет

Ендеше, бүгінгі білімімізді біз рақмет айтқан адамдарымызға арнаймыз.Сәрсенбі күндерің сәтті өтсін

Топқа бөлу «Аяулы», «Абзал», «Асыл», «Жандар»

Слайд , ламинатталған парақша,

Шаттық шебері






Сабақтың ортасы

8 минут



Дыбыс дегеніміз не? Әріп дегеніміз не? Буын дегеніміз не?

Э дыбысы бар қандай сөздерді білеміз?

Суретпен жұмыс

Сурет бойынша сөйлем құрау

№1 Оқылым.

цирк концерт цех цемент

Дыбыстық талдау жасау

Мәтінмен жұмыс

Бағалау критерийі: Білім алушы

Буындап немесе тұтас сөздермен оқиды.

Түсініп оқиды.

Дескриптор: Білім алушы

- мәтінді тұсас сөздермен және қатесіз оқиды;

- мәтінді түсінгенін сұрақтарға жауап беру арқылы көрсетеді.

Бұл ойын қалай аталады? Ойын ережесі деген не? Ол ойынның жүргізілу тәртібі ме?

Дәптермен жұмыс Ц әрпін жазу

Таныстырылым, оқулықпен жұмыс


Сергіту сәті

1 минут

Би жаттығуы

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Аяқталуы

16 минут

Қызықты тапсырма

8 минут




№2 Ханталапай


Қандай ұлттык ойындарды білесіңдер?

І топ ІІ топ ІІІ топ ІV топ

Ханталапай Аудараспақ Теңге алу Көкпар

Ережесімен таныстыру.

І топ ІІ топ ІІІ топ ІV топ

«Жасырынбақ ойыны» сахналау

Сурет бойынша әңгіме құрау

Тірек сөздерді пайдаланып, досыңызға арналған құттықтау айту.

Сөйлемдерден ц әрпі бар сөздерді тап

Бағалау критерийі: Білім алушы

Тірек сөздердің көмегімен әр түрлі жанрда

(құттықтау хат) сөйлемдер/мәтін құрап айтады

Тапсырма

Тірек сөздерді пайдаланып, досыңызға арналған құттықтау айтады.

Тірек сөздер: құрметті, денсаулық, туған күніңмен, бақыт, құттықтаймын,тілеймін.

Дескриптор: Білім алушы

- тірек сөздерді орынды қолданады;

- сөйлемдегі сөздерді дұрыс байланыстырады;

- тиісті жанрды сақтап жазады.

Оқулық, дәптерлер.


Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия


Кеменің суреттері

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеті орындалдыма?

Бүгін оқушылар не

үйренді? Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:




Сақина тастау —Ойыншылар екі алақанын беттестіріп, қусырыңқырап, қолдарын алға соза отырады. Шеңбердін ортасына шыққан адам екі алақанын беттестіріп ойыншылардың алақандарының арасына сұғады. Ол бір шеттен бастап, басқаларға білдірместен отырған ойыншылардың біреуінің қолына сақина немесе сақина орнына алынған затты салып кетеді. Тегіс айналып өткен соң ортаға шығып, «Сақинам кімде?» деп дауыстап сұрайды. Сол уақытта қолында сақина қалған ойыншы жан-жағында отырғандарға білдірместен орнынан атып тұруы керек. Ал оның оң жағындағы адамның міндеті қасынан атып тұрған ойыншыны орнында ұстап қалу болып табылады.



Егер ұстап қалса, орнынан тұрушы жаза тартады. Көпшіліктің ұйғаруы бойынша ән, би, күй немес басқа бір білетін өнерін орындап береді. Берілген «жазаны» орындағаннан кейін ол алғашқы ойын бастаған адамның орнына тұрып, ойынды қайта жүргізеді. Ал егер ол ұстатпастан тұрып кетсе, онда ұстай алмай қалған ойыншы жоғарыдағыдай жазаға бұйырылады

«Жасырынбақ» ойыны әдетте жаздыгүні, ай жарығында шөптесін алаңдарда, ал күндіз қорақопсысы көп, яғни жасырынатын қуысы бар жерлерде өткізіледі.

Ойнаушылар көмбеге жиналған соң саусақ санау арқылы кімнің тығылушы, кімнің іздеуші екенін белгілейді. Ойын жүргізуші іздеушінің көзін басып тұрып қатты айқайлап, елуге дейін санайды да (осы кезде ойнаушылар жасырынып үлгірулері керек) іздеушіні қоя береді. Ол жасырынған ойыншыларды іздеуге кіріседі. Іздеуші екінші рет кезекші болмас үшін бірінші көрген ойыншыдан көмбеге бұрын жетіп, хабар беруі керек. Іздеуші көрген ойнаушысын сирағынан алып тұрғызу шарт емес, ең бірінші көрген бетте-аң «Шика» деп дауыстап, көмбеге қарай жүгіруі керек. Сонан кейін асықпай басқаларын таба береді. Тағы бір ескеретін жай: іздеуші жасырынушыны көрмейінше, «шика» демейінше, өз бетінше жүгіріп, көмбеге келмеуі керек.

Саусақ санау әдісі ойында былай жүргізіледі: ойын жүргізушінің айтуымен «бір, екі, уш» дегенде, бәрі саусақ көрсетеді. Біреуі —5, біреуі —10, біреуі —2, тағысын тағы, көрсеткен саусақтың қосындысын шығарғаннан кейін саусақты ең аз берген, не ең көп берген ойыншыдан бастап айналдыра, айталың 47-ге дейін санай береді. 47-ші сан кімге түссе, сол іздеуші болады. Ойын қараңғыдан қорықпайтын батыл, түнде бағдарды дұрыс аңғара білуге, сезімталдыққа тәрбиелейд

«Орамал тастау». Ол жазда, алаңда, көгалды шөптесін жерде ойналады. Ойнаушылардың саны көп болса, ойын соншалықты қызық болады. Ойнаушылар тең екі топқа бөлінеді де, арасы он адымдай екі сызықтың бойына қарама-қарсы қатарласа тұрады. Жүргізуші қолындағы орамалын бірінші топтың өз жағындағы шеткі ойыншыға береді. Ол өзінің қарсыласының біреуіне тастайды да: «қа» деп дауыстайды. Ол қағып «ғаз», дейді, болмаса «ла» дейді. Сонда «қағаз», «қала», т. б. сөздер шығады. Айтатын сөз екі буыннан ғана тұруы керек, мысалы «са» деп дауыстаса, «са-дақ», «са-қа», «са-бын»-, «са-қал», «са-рын» т. б. сияқты сөздер айтылуы керек.

Орамалды қағып алған ойыншы сол бірінші буынның сөзі шығатындай етіп айтуы керек. Егер ол екі буынға арналған сөздің алғашқы буынын тез, дұрыс тауып айта алмаса, онда ортаға шығып, өнер көрсетеді. Енді орамалды қарсыластар тобына өзі лақтырады.

Лақтырған кезде жаңағыдай сөздердің бірінші буынын айтуы керек. Жазаны жауап бере алмаған ойыншы да тартып, ортаға шығып өнер көрсетеді. Осылайша екі топтың ойыншылары орамалды бір-біріне лақтыра отырып ойынды жалғастыра береді.

Асық – төрт түлік малдың тілерсегінде болатын, қызметі аса күрделі, буынға біткен шымыр сүйек. Қой, ешкі, сиыр, түйе асығы үлкен-кішілігіне қарамастан бір пішіндес, мүсіндес келеді. Ал жылқы асығы басқа пішінде болады. Алшы – асықтың иірілгенде тегіс табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ойын кезінде оған бірінші дәрежелі мән беріледі. Алшы – асықтың иірілгенде табаны жерге тиіп, тұрық түсуі. Ойын кезінде оған аса мән беріледі. Ол - бірінші дәрежелі асық. Тәйке – асықтың иірілгенде табаны үстіне қарап, тұрық түсуі. Ол – екінші дәрежелі асық. Бүге – асықтың иірілгенде дөңес жоны үстіне қарап, етпетінен жатық түсуі. Ол үшінші дәрежелі мәнге ие. Шіге – асықтың иірілгенде шұңқыр құрсақ жағы үстіне қарап, шалқасынан жатық түсуі. Ол төртінші дәрежелі мәнге ие.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
652
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі