жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
1-сынып Сауат ашу П дыбысы мен әрпі
Пәні: Сауат ашу Күні: 28-29.01.20 Сынып: 1 "Е" Мұғалімі: Ержанова М.Е |
Мектебі: №34МГ Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
||
Сабақтың тақырыбы |
Табиғатқа саяхат. П дыбысы мен әрпі. |
||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты, дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау 1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану. 1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу 1.2.4.1Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы/ мәндес/ көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату |
||
Жетістік критерийлері |
Барлық оқушы білуге тиісті: Әріп пен дыбысты ажырата біледі, дыбыстардың дыбысталу ерекшелігін ескере отырып сөздерді дұрыс оқиды,жазады. Оқушылардың көпшілігі: Жиі кездесетін сөздерді тұтас,буындап,түсініп оқиды. Мәтіндегі негізгі ойды болжай алады. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін жазады. Сөздегі дыбыс түрлерін ажыратады және дұрыс дыбыстайды. Кейбір оқушылар орындай алады: Тақырыпқа сай оқу мақсатын анықтай алады және сабақ соңына дейін есте сақтайды, талдауға қатысады. Сұрақ қоя біледі және сұраққа жауап бере алады. Тұжырым жасай алады |
||
Құндылықтарды дарыту |
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
||
Пәнаралық байланыс |
Дүниетану, ана тілі сабағы |
||
АКТ қолдану дағдылары |
Аудиожазба , таныстырылым. |
||
Сабақ барысы |
|||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
|
Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 3 минут
3мин
|
«Қал қалай? Осылай!» ойыны. Əр сұраққа балалар хормен «Осылай!» деп жауап береді де, қолмен дұрыс бағытты көрсетеді (əрекет). Қал қалай? – Осылай! (Бас бармағын көтереді). Жүріс қалай? – Осылай! (Алақанда екі саусақпен «адымдайды»). Жүгіріс ше? – Осылай! (Қолдарын шынтағынан бүгіп, жүгіргендегідей етіп қозғалтады). Түнгі ұйқы? – Осылай! (Қолдарын бетінің астына салып, бастарын түсіреді). Аласың ба? Осылай! (Қолдарымен қармайтын əрекеттер жасайды). Бергенде ше? – Осылай! (Қолдарымен бір затты беріп тұрғандай қозғалтады). Ойын қалай? – Осылай! (Езулерін ауаға толтырып, оларды алақандарымен ұрады). Ұрысқанда? – Осылай! (Саусағымен көршісін қорқытады Сабаққа дайындығымыз қалай? -Осылай. Қызығушылығын ояту. «Ұйқыңнан оян!» ойыны арқылы сабақтың тақырыбын шығару. Шарты: оқушылар бастарын төмен түсіріп ұйықтап жатқан кейіп танытып, таныс емес дыбыстан басталатын буынды естігенде бастарын көтереді. Мысалы: па, по, ша, жу, ми, ту, пи, қа, пе, на, де, пан. Олай болса сіздерге таныс емес дыбыс қайсысы Пп дыбысы. Олай болса бүгін біз қандай дыбыспен танысамыз деп ойлайсыңдар. |
Шаттық шебері
|
|
Сабақтың ортасы
10 мин
9 минут
Қызықты тапсырма 9 минут
|
Жаңа сабақ: Пп дыбысы мен әрпі. Бүгінгі сабақтта алдымызға қоятын қандай мақсатар болуы мүмкін... (болжау әдісі )
1.2.9.1. Пп дыбысын таныстыру үшін электронды оқулықты пайдалану. Пп дыбысы туралы жан-жақты тұжырым жасау. Ұжымдық жұмыс. Оқыған әр оқушы дескриптор арқылы бағаланып отырылады. 1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану Кестедегі сөздерді оқытып, п әрпінің орнын анықтату. апа сап арпа ақпан әріп апан қап атпа қақпан пана тап теппе кептер әдеп Дескриптор: - Буындап немесе тұтас сөздермен оқиды. - Түсініп оқиды. 1.2.9.1. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру (МК; Ө; Қ) Дыбыстарды ажыратып, сөздерді буындап, дыбыстық талдау жасап, сюжетті сурет бойынша сөйлем құрай алу білігін бағалау. «П» дыбысы және әрпімен таныстыру. «П» дауыссыз екенін, оның сөз басында, ортасында, аяғында келу үлгілерін көрсетіп, таңбасын үйрету.Осы мақсатта топтық жұмыстар жүргізіледі. І топ. «Қонаққа келдім» ойыны. Бізде: кештер ақан шана ата қарта қар сөздері бар еді. Бұл сөздерге бүгін қонаққа П дыбысы келіп тұр екен. Бұл сөздердің қай жеріне енгізуге болады екен Дескриптор: - Әріптерді таниды және ажыратады.
ІІ топ. Кестедегі әріптердің арасынан берілген сөздерді тауып оқыңыз және бояңыз. Дескриптор: - Әріптерді таниды және ажыратады.
3-топ «Кім зерек?» ойыны. Ойын шарты: Бірнеше суреттер берілген. Осының ішінен Пп дыбысы кездесетін суреттерді п әрпінің айналасына жапсырады және п дыбысы туралы тұжырым жасайды. Дескриптор: - Әріптерді таниды және ажыратады.
1.2.2.1. (МК; Ө; Қ) Өлеңдегі негізгі ойды, автордың не туралы айтқысы келгенін түсіну білігін бағалау. Жұптық жұмыс Берілген мәтінді көршіңе оқып бер. Жұптар орындарымен алмасып, мәтіннің мазмұны бойынша қарсылас жұпқа бір сұрақ қояды және мәтінге тақырып қояды. Бір-біріңді дескриптордың көмегімен бағалаңдар. - көршіңді әділ бағалауға тырыс. Түсіріп қақпанға, Жыланды ол ұстайды. Тып-тыныш жатқанда, Шөткеге ұқсайды. Дескриптор: - Мәтіннің тақырыбын анықтайды. - Қандай мәтін екенін анықтай алады. - Сөздерді буындап немесе тұтас сөздермен оқиды. - Сұрақ қоя біледі және сұраққа жауап бере алады. |
Электронды оқулық арқылы.
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс |
|
Сергіту сәті 2 минут |
Сергіту сәтіне арналған жинақ |
||
5 минут
|
- сөйлемдерді сауатты, көркем жазады |
Оқулық, дәптерлер. |
|
Сабақтың соңы 2 минут
2 мин |
Сабақты қорытындылау. “Он қадам әдісі “ Пп дыбысы туралы не білетінін қанша қадам жасап айта алады. Кім он қадамға толтыра алады? Рефлексия «Бағдаршам» ойыны. Ойынның шарты: Егер оқушылар сабаққа жақсы түсінсе, бағдаршамның жасыл түсін көтереді; түсінді, бірақ өзіне сенімсіздік танытса, сары түсті көтереді; түсінбеген болса қызыл түсті көтереді. |
«Бағдаршам» түстері.
|
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? -Марапаттай отырып, нақтылау сұрақтарымен жетелеу. Өз ойын ашық айтуға жетелеу. - Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? - Мәтіндегі ойды жалғастыру, кірпі туралы деректер жинау. |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Әр мақсатқа дескриптор құру арқылы бағалап,топтық, жұптық, ұжымдық жұмыстар жүргізу. Мақсатқа жетпегендерін қойын дәптерге белгілеп келесі сабақтарда ескеру, жеткізу.
Соңғы рефлексия арқылы кімнің қалай түсінгенін анықтау. Өзін өзі бағалау. |
Пәнаралық байланыс Денсаулық
және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Дүниетану, ана тілі сабағы Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу. |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген