400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

1-сынып Сауат ашу Щ дыбысы мен әрпі

Материал туралы қысқаша түсінік
Жанартылган ББ бойынша 1-сынып мұгалімдеріне арналган ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні: 05.03.20

Сынып: 1е

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ойын ережесін құра аламын? Щ дыбысы мен әрпі.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1.9.1 Сөздегі дыбыс түрлерін (дауысты

дауыссыз, жуан және жіңішке дауыстылар) ажырату және дұрыс дыбыстау

1.2.1.2 Оқудың түрлерін (буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу) қолдану.

1.2.4.1Мұғалімнің көмегімен қарама-қарсы мағыналы/ мәндес/ көп мағыналы сөздердің мағыналарын ажырату

1.3.8.1 Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын сақтап, әріп элементтерін каллиграфиялық талаптарға сай жазу

Сабақтың мақсаттары

Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.

Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.

Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.

Жетістік критерийлері

Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.

Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.

Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Өнер, ана тілі сабағы

АКТ қолдану дағдылары

Аудиожазба , таныстырылым.

Тілдік құзыреттілік

Плащ

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

10 минут

Жарқырап күн де ашылады

Айналаға нұр шашылады.

Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз!

Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Щётка тұрлеріне қарай топқа бөлу:

1-топ: «Киім щёткасы»

2-топ: «Тіс щёткасы»

3-топ: «Шаң щёткасы»

Өткенді қайталау «Қар кесегі» ойыны. Қар кесегі қағаз па-рақтарындағы қайталауға арналған сұрақтарға жауап беру.





Шаттық шеңбері


Щётка түрлері-нің суреттері.






Сабақтың ортасы

8 минут



Миға шабуыл

Жұмбақ шешу

Тазартады киімді. 
Тазартады үйіңді. 
Не дейді бұл бұйымды? 
( Щётка)

- Балалар щетка сөзінде таныс емес дыбыс бар ма? (Щ ды-бысы).

Ой қозғау

Тапсырма:

1-топ: «Щ» дыбысы қандай дыбыс? Неге?

2-топ: Щётканың қандай түрлері бар? Қызметтері қандай?

3-топ: «Щ» дыбысы бар сөздер айту.

«Щ» әрпінің баспа, жазбаша түрін көрсету.

Дұрыс, балалар, Щ дауыссыз дыбыс. Айтылу ерекшелігіне қарай Ш дыбысына ұқсайды. Щ сөздің басында, ортасын-да, соңында келеді. Көбінесе басқа тілден енген сөздерде кездеседі. Щ әрпі жазылу жағынан Ш әрпіне ұқсайды.

Щ әрпі 4 элементтен тұрады.(3 ілмек,1 ілгек) Щ-негізгі және жоғарғы қосымша жолға жазылады. щ- негізгі жолға жазылады.

Жұмыс дәптерге жазу.


Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Сергіту сәті

1 минут

«Үйін тап» ойыны: дауысты , дауыссыз дыбыстарды орындарына орналастыру.

Сергіту сәтіне арналған жинақ

Аяқталуы


16 минут

Қызықты тапсырма

8 минут



№1 Оқылым. Балқаш көлі туралы бейнебаяннан көру.

Балқаш көлі – Қазақстанның оңтүстік – шығысында орна-ласқан. Каспий, Арал теңіздерінен кейін аумағы бойынша үшінші орында. Батыс бөлігінің суы тұщы, ал шығыс бөлігінің суы ащы болады. Балқаш көлі – Алматы, Қарағанды, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарын қамтиды. Бетпақдала жерімен шектеседі.

Мен не үшін Балқаш көлін айтып бердім. Осы бүгінгі Щ дыбысына қатысы бар ма, жоқ әлде қатысы жоқ па?

Бұл мәтінде «щ» дыбысы бар мағыналары қарама-қарсы сөздер бар. (Ащы-тұщы).

3 топқа тапсырма беру: Сөздерге дыбыстық талдау жасау

1-топ: Щётка

2-топ: Ащы

3-топ: Тұщы

№3 Кел,ойнайық.

Ащы

Тұщы

Бұрыш

Су











Оқулық, дәптерлер.


Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия



Кеменің суреттері

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Балық «аулау» ойыны.

Аквариумнан балықтар аулау. Әр балық ауланған сайын ащы, тұщы, щетка, сөздеріне сөйлем құрау.

 Мадақтау


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
7 мамыр
1050
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі