400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 20 материал табылды

1-сыныптар бойынша жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогикалық кеңес

















Тақырыбы:

1-сыныптар бойынша жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктері

















Дайындаған: Сырлыбаева К.Р





2016-2017 оқу жылы



1-сыныптар бойынша жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктері



Биылғы оқу жылынан бастап 1-сыныптар бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты бойынша білім мазмұнын жаңарту жұмысын бастадық.Оның ерекшелігі:

Жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктері

- Сперальдік қағидатпен берілуі

- Блум таксаномиясы бойынша оқу мақсаттарының құрылуы (білу, талдау, түсіну, жинақтау)

- Оқу үдерісін ұзақ,қысқа, орта мерзімді жоспарлау

- Белсенді, бейнелік, таңбалық іс- әрекеттер арқылы жүзеге асуы



Осы ерекшеліктер оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі әр пәннің әдістемелік әлеуетін қолдануға оқу,жоба,зерттеу іс-әрекеттері тәсілдерін меңгеру арқылы өмірде өз тәжірибесін қолдана алуға бағыттайды.Мұғаліммен бірлесіп,шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.Салыстыра келгенде пәндерді оқытуда Т,А,Ж,О түрлерін дамыту арқылы функционалды сауаттылығын дамуына мүмкіндік жасалып жатыр.

Бастауыш сыныптарда әр пән ортақ тақырып бойынша беріледі. Әр пәндер бойынша 8 ортақ тақырып берілген.Мысалы:

1-сынып «Өзім туралы»

2-сынып «Өзім туралы»

3-сынып «Тірі табиғат»

4-сынып «Менің Отаным-Қазақстан»


Бастауышта білім берудегі өзгерістер

  • Білімді функционалды және шығармашыл қолдану

  • Сын тұрғысынан ойлау

  • Зерттеу жұмысын жүргізу

  • АКТ қолдану

  • Тілдік ұғым

  • Топпен және жеке жұмыс


Сын тұрғысынан ойлау стратегиясына байланысты оқушылардың бойында мына дағдылар қалыптасады.

  • Өз бетінше тұжырым жасау;

  • Қорытындыға келу;

  • Ұқсаса құбылыстар арқылы арасынан тиімдісін таңдай білу;

  • Проблеманы шеше білу;

  • Пікірталасты жүргізе білуге қабілеті;


Сонымен қатар Блум таксономиясының да маңызы зор.

Схемасы

Бастауыш сыныптарда білім беру саласы және пәндер:

  1. Тіл және әдебиет саласы

-қазақ тілі

Әдебиеттік оқу

Орыс тілі

Ағылшын тілі

  1. Математика және АКТ

Математика

Ақпараттық коммунткациялық технологиялар

  1. жаратылыстану

-жаратылыстану

4) Адам және қоғам

Дүниетану

Өзін-өзі тану

  1. Өнер

Бейнелеу

Еңбекке баулу

Көркем еңбек

  1. Дене шынықтыру

-дене шынықтыру

Осы жүргіліліп жатқан пәндердің енді бір ерекшелігі математика пәнінің ерекшелігі ол тек қана сандарды үйретіп қана қоймай оны өмірде өз қажеттілігіне пайдалану,қолдану ,модельдеу,зерттеу жұмыстарын жүргізуге баулу.Мысалы:( мысалдар келтіре кету)


Сонымен қатар биылғы оқу жылынан бастап «Жаратылыстану» пәні енгізіліп отыр.Бұл пән «биология» , «химия», «физика»пәндеріне бағытталған.Осы пәннің негізігі ерекшелігі оқу мақсаттарын жүзеге асыра отырып,практикалық түрде зерттеуге назар аударады.Кішкентай 6 жасар бала нені білемін? Қалай? Қайтіп? Қалай жасалады? –деп білуге құштар болып тұрады.Сондықтан баланың ішкі уәжін өшіріп алмау үшін әр жұмысқа зерттеу жүргізіп,тәжірибе жұмыстарын жасатып,өздеріне дәлелдетіп отырамыз.


( суреттер)

Күнделікті тәжірибемізде оқушылардың ілгерілеуін, меңгеру деңгейін өлшеу үшін және өздерінің қаншалықты сол күнгі алған білімдерін меңгергендіктерін әр түрлі әдіс –тәсілдер қолдану арқылы мысалы:

«Екі жұлдыз, бір тілек», «Қолмен белгі беру», «Бағдаршам», «Сөйлеу үлгілері», «Үш минуттық үзіліс», «Ауызша бағалау», викториналар, сұрақтар және т.б. Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін оқу әрекеттерін ұйымдастырудың әр кезеңінде, тақырыпты түсіндіру, тапсырма орындау, оқушыларға кері байланыс беру кезінде балалар өз ойларын толық,анық,айқын жеткізе алады және қызығушылықпен қатысып отырады. Қалыптастырушы бағалаудың әдістерін жеке, жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастыру кезінде өз іс-тәжірибемізге енгізіп,қолданып жүрміз.

Осы уақыт аралығында оқушылар зерттеу жұмыстарына белсенді қатыса отырып,өмірмен байланыстыру арқылы жүйелі сөйлеу және өз ойларын дәлдей алуғабейімделуде.

Қазіргі кезеңде оқушының өз бетімен білімге ие болу барысында оның белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру оқу үдерісіне қойылатын негізгі талаптардың бірі болып табылады.

Бұл тәсілдеме пәндік ұғымды біліп қана қоймай сонымен қатар болашағын сезінуге, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік береді, ықпал етеді. Мұғаліммен бірлесіп шығармашылықпен айналысу және серіктес, кеңесші ретінде мұғалімнің қолдауы кезінде оқушының белсенді танымдық қабілеті тұрақты сипатқа ие болады.











Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 қараша
409
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі