400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

1 тоқсан есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
1 тоқсан бойынша есеп
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Денисов ауданы білім бөлімінің №3 Денисов жалпы білім беретін мектебі" КММ

2025–2026 оқу жылының 1-тоқсаны бойынша

оқу жетістіктерін талдау есебі

Мектеп бойынша 2025–2026 оқу жылының 1-тоқсаны оқу жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылып, барлық сыныптарда сабақтар кестеге сай өткізілді. Оқу процесі мемлекеттік жалпыға міндетті стандартқа сәйкес жүргізілді.

Оқу жылының басын 74 оқушымен бастап, 1 тоқсанды 77 оқушымен аяқтадық. Мектепалды даярлық сыныбы – 14 тәрбиеленуші, шағын орталық – 44 тәрбиеленуші.

Оқу үлгерімі мен білім сапасының көрсеткіштері

Сынып

Оқушылар саны

Үлгерім (%)

Білім сапасы (%)

Орта балл

2-сынып

8

100%

62,5%

4

3-сынып

10

100%

60%

4,08

4-сынып

4

100%

75%

4,5

5-сынып

6

100%

66,67%

4

6-сынып

5

100%

40%

3,57

7-сынып

7

100%

42,86%

3,63

8-сынып

10

100%

70%

4,16

9-сынып

4

100%

50%

3,86

10- сынып

10

100%

70%

4,04

11- сынып

5

100%

100%

4,31

Жалпы мектеп бойынша:

  • Үлгерім – 100%

  • Білім сапасы – 63,8%

  • Орта балл – 4,02

Пәндер бойынша талдау

Бір пәннен «4» алып қалған оқушылар

Бір пәннен «3» алып қалған оқушылар


Жалпы үлгерім пайызы жоғары (100%), яғни барлық оқушылар оқу бағдарламасын меңгерген. Жаратылыстану және химия бағытындағы пәндерде жоғары нәтижелер байқалады. Мұғалімдердің көпшілігі жақсы нәтиже көрсетіп отыр, алайда кейбір пәндер бойынша сабақ сапасын арттыру бағытында жұмысты жалғастыру қажет.

Оқу сапасын төмендеткен негізгі себептер

  • Кейбір оқушылардың оқу мотивациясының төмендеуі;

  • Үй тапсырмасын жүйелі орындамау;

  • Қиын тақырыптарды меңгеруде жеке қолдау жетіспеуі;

  • Кей пәндерде сараланған тапсырмалар мен формативті бағалау нәтижелерінің жеткіліксіз талдануы.

Келесі тоқсанда атқарылатын іс-шаралар мен ұсыныстар

  • Білім сапасын арттыру мақсатында жеке және топтық жұмыс түрлерін көбейту.

  • Қиын тақырыптарды қайталау сабақтарын ұйымдастыру.

  • Ата-аналармен кері байланыс орнату арқылы үлгерімі төмен оқушылармен бірлесіп жұмыс жүргізу.

  • Сабақ барысында цифрлық білім беру ресурстарын (BilimLand, iTest т.б.) тиімді пайдалану.

  • Бір пәннен «3», «4» алған оқушылармен пән мұғалімдері және сынып жетекшілер бірлесіп жұмыс жасау.

  • Мұғалімдерге арналған ішкі әдістемелік семинарлар өткізу: «Саралап оқыту», «Қалыптастырушы бағалау нәтижесін талдау» тақырыптарында.

Қорытынды

1-тоқсан қорытындысы бойынша оқу процесі тұрақты деңгейде ұйымдастырылды. Білім сапасы өткен оқу жылымен салыстырғанда тұрақтылық көрсетуде. Алдағы тоқсанда білім сапасын арттыруға, оқушылардың пәнге қызығушылығын дамытуға және жеке оқу жетістіктерін көтеруге бағытталған жұмыстар жалғасады.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14.06.2026
4
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі