Материалдар / 1 тоқсан Физика пәндік тест жұмысы 7 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

1 тоқсан Физика пәндік тест жұмысы 7 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тоқсандық тесттер А жауабы дұрыс нұсқасы. 7 сынып 1 тоқсанға арналған Тест жұмысы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2024
44
0 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Физика 7 сынып І-тоқсан

І нұсқа

1. Табиғаттағы өзгерістерді не деп атайды?

А) табиғат құбылыстар

B) физикалық құбылыстар

C) электр құбылыстар

D) жарық құбылыстар


2. Броун ( броундық қозғалыс) байқаған қозғалыс:

А) ерітіндіде жүзген бөлшектердің қозғалысы

B) химиялық реакция

C) биологиялық құбылыстар

D) кристалл торлардың түйіндеріндегі молекулалардың тербелістері


3. Қайсысы физикалық дене ?

А) автомобиль

B) ауа

C) килограмм

D) қайнау


4. Дыбыс құбылысына сәйкес құбылысты тап :

А) қоңыраудың сыңғыры

B) шардың қозғалысы

C) таңның атуы

D) қардың еруі


5. Тарихта «екінші ұстаз» аталған ғалым.....

А) Әбу-Насыр-Әл-Фараби

B) Аристотель

C) Ломоносов

D) Архимед


6. Күнді айналып жүрген сегіз планеталардың бірі:

А) Жер

B) ай

C) жұлдыз

D) құс жолы


7. Аспан денелерінің пайда болуын, дамуын зерттейтін ғылым.

А) астрофизика

B) космогония

C) космонавтика

D) космология


8. Аспан денесін көрсет:

А) комета

B) ағаш

C) тікұшақ

D) ауа


9. Велосипедші 250м жолды 5 м/с жылдамдықпен қанша уақытта жүріп жетеді ?

А) 50с

B) 20 с

C)12 50 с

D) 30 с


10. Бұлт пен жердің арасындағы аса қуатты электр ұшқыны....

А) найзағай

B) электр өрісі

C) күн жарығы

D) электр тогы


11. Диффузия дегеніміз не?

А) бір заттың екінші затқа енуі

B) заттардың өз бетінше араласуы

C) бір заттың екіншісінде еруі

D) заттың бөлінуі


12. Халықаралық бірліктер жүйесінде жылдамдықты қандай бірлікпен өлшейді?

А) м/с

B) секунд

C) метр

D) кг


13. Бірқалыпты қозғалыс теңдеуі:

А) x= x0 + vt

B) s= vt

C) v= s/t

D) v= x2 - x1 / t2 –t1


14.72 км/сағатты м/с-пен өрнектеп көрсет.

А)20

B)10

C)15

D)72


15. Құбылыстардың қасиеттерінің сандық сипаттамалары не деп атайды?

A) физикалық шамалар

B) өлшеулер

C) физикалық теориялар

D) кванттық теория


16. Дене деп:

А) кеңістікте белгілі пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе

B) нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе

C) кеңістікте белгілі пішіні болмайтын жеке тұрған нәрсе

D) дененің сапалық тектілігін сипаттайтын материя түрін.


17. 3 сағатта автомобиль 50 км/сағ жылдамдықпен қанша жол жүреді ?

А) 150 км

B) 17,5 км

C)170 км

D)120 км


18.Төменде берілгендердің ішінен векторлық шамаларды анықтаңыз:

1) жылдамдық; 2) үдеу; 3)жол.

А) 1 және 2

B) 1 және 3

C) 2 және 3

D) 1


19. Футболшы футбол алаңында солтүстікке қарай 40 м, шығысқа қарай 10м, оңтүстікке қарай 10м және тағы да шығысқа қарай 30 м жүгіріп өтті. Оның орын ауыстыру модулі:

А) 50 м

B) 90 м

C) 0

D) 5 м


20. Денеге басқа денелер әсер етпегенде өзінің жылдамдығын сақтау құбылысы

А) инерция

B) масса

C) күш

D) материя


21. Ұзындықтың негізгі өлшем бірлігіне не алынған.

А) метр

B) секунд

C) сағат

D) метр2


22. Тәжірибенің бақылаудан айырмашылығы неде?

А) арнайы құрылғыларды пайдалануында

B) алдын-ала жоспар құрылуында

C) арнайы мақсаттылығында

D) Dөлшеулер жүргізілуінде


23. Физикалық шаманы өлшеу дегеніміз не?

А) оны осы шаманың өлшеу бірлігі етіп алынған біртекті шамамен салыстыру

B) оны кез-келген өлшеуіш құралымен салыстыру

C) таразымен салыстыру

D) формула арқылы анықтау



24. Молекулалардың ретсіз қозғалыста болатындығын дәлелдеген ғалым......

А) Р. Броун

B) Ломоносов

C) Демокрит

D) Аристотель


25. Түзу сызықты бір қалыпты қозғалыстағы дене 54 км/сағ жылдамдықпен жүріп келеді. м/с –пен өрнектегендегі дененің жылдамдығы неге тең ? A)15 м/с

B) 54 м/с

C) 54000 м/с

D)0,015 м/с


26. Дененің температурасы мен оның молекулаларының қозғалыс жылдамдығының байланысы қандай?

А) қозғалыс жылдамдығы үлкен болса, температурасы соғұрлым жоғары болады

B) қозғалыс жылдамдығы үлкен болса, температурасы төмен болады

C) қозғалыс жылдамдығымен температурасы тең болады.

D) қозғалыс жылдамдығы төмен болса, температурасы соғұрлым жоғары болады


27. Заттың ең ұсақ бөлшегі қалай аталады?

А) атомдар

B) молекулалар

C)дене

D) зат


28. Сутегі молекуласының химиялық формуласын жаз.

А) H2

B) C2

C) HC

D) CO


29.Термометрмен нені өлшейміз ?

A) дене температурасын

B) дене массасын

C) дененің көлемін

D)дене тығыздығын


30. Автобус алғашқы 4км жолды 20 км/сағ орташа жылдамдықпен, келесі 12км жолды 40км/сағ орташа жылдамдықпен жүріп өтсе, барлық жолдағы автобустың орташа жылдамдығы қандай?

А) 32 км/сағ

B) 30 км/сағ

C) 60 км/сағ

D) 25 км/сағ






Физика 7 сынып І-тоқсан

ІI нұсқа

1. Бүкіл материалық дүниеге тән қасиет ...

А) қозғалыс

B) санақ денесі

C) тыныштық

D) салыстырмалы


2. Санақ жүйесі дегеніміз:

А) санақ денесімен байланысқан координата жүйесі мен сағат.

B) координат жүйесі

C)уақыт өлшейтін құрал

D) санақ денесі


3. Қозғалыс траекториясы деген не ?

А) Қозғалыстағы дененің кеңістікте қалдырған ізі

B) жылдамдыққа қарсы қозғалыс

C) қозғалыс бағытын анықтамайтын

D) Қозғалыстағы дененің бастапқы және соңғы орнын қосатын бағыталған кесінді


4.Дүниенің жетілдірілген гелиоцентрлік жүйесін жасаған ғалым кім ?

А) Коперник

B) Гиппарх

C) Птолемей

D) Аристотель


5. Төмендегі қозғалыстардың қайсысы бір қалыпты қозғалыс ?

А) Жердің өз осінен айналу қозғалысы

B) шаңғышының қозғалысы

C) автомобиль қозғалысы

D)Орнынан қозғалған автомобиль


6. Жердің Күнді айнала қозғалуын қарастырғанда қай кезде Жерді материялық нүкте деп есептеуге болады?

А) Жер мен Кұннің ара қашықтығы метр мен анықталғанда (өлшегенде)

B) Жыл мезгілінің ұзақтықы тәулікпен өлшегенде

C) Жыл мезгілінің өзгеру уақытын қарастырғанда

D) Жыл мерзімінің ұзақтығын секундпен анықтағанда


7. Дене тең уақыт аралығында әр түрлі жол жүріп өтсе, ондай қозғалыс не деп аталады?

А) бірқалыпты қозғалыс

B) бірқалыпты емес қозғалыс

C) түзу сызықты қозғалыс

D) қисық сызықты қозғалыс


8. Денеге еш нәрсе әрекет етпесе, ол кандай қозғалыста болады?

А)түзу сызықты бірқалыпты қозғалыста

B) біркалыпты емес қозғалыста

C) қисық сызықты қозғалыста;

D) парабола бойымен қозғалыста.


9.Серуендеп жүрген адам алдымен оңтүстікке қарай 3 км, содан соң шығысқа қарай тағы 4 км жүрді, оның жасаған орын ауыстыруының модулі:

А) 5км

B) 7 км

C) 8 км

D) 6 км


10. Астрономия нені зерттейді ?

А) аспан денелерін

B) ауа райын

C) зат құрылысын

D) табиғатты


11. Қайсысы зат болып табылады ?

А) мыс

B) жарық

C) Ай

D) грамм


12. Молекула-кинетикалық теорияның негізгі қағидаларын қорытындылаған ғалым?

А) Ломоносов

B) Демокрит

C) Аристотель

D) Ньютон


13. Теорияларды заңдарды оқып үйрену үшін қолданылатын сөздерді не деп атайды.

А) терминдер

B) теориялар

C) заңдар

D) ережелер


14. Аталғандардың ішінде қайсысы затқа жатады?

А) ауа

B) ағаш

C) шамның жарығы

D) жылу

15. Табиғат құбылыстары жайлы білімді біз қандай жолдармен аламыз?

А) ғылыми тәжірибелерден

B)күнделікті бақылаулардан

C)кітаптан

D) білімді адамдардан






16. Аспап бөлігінің құнын анықтау үшін тұсына шаманың мәні жазылған шкаланың жақын жатқан екі сызықшасын тауып:

А) үлкен мәнінен кіші мәнін шегеру керек;

B) үлкен мәніне кіші мәнін қосу керек;

C) үлкен мәнінен кіші мәнін шегеріп, шыққан санды олардың арасында жатқан бөліктердің санына бөлу керек;

D) үлкен мәніне кіші мәнін қосып шыққан санды олардың арасында жатқан бөліктердің санына көбейту керек.


17. Галилей нені зерттеді?

А) еркін түсуді

B) көлбеу мұнараны

C) темір шарларды

D) ауа шарын


18. Аталған шамалардың қайсысы физикалық шама?

А) ауаның температурасы

B) ағаштың қаттылығы

C) жер сілкінісінің балдық күші

Г) автомобильдің жылдамдығы

19. Көкіністерді балықты және басқа азық-түлікті тұздау қандай құбылысқа негізделген?

А) диффузия

B) механикалық

C) жылулық

D) кристалдану


20. Газдың берілген көлемді толық толтырып тұратындығы қалай түсіндіріледі?

А) газ бөлшектері тұрақты бейберекет қозғалыс жасайды

B) бірі-бірінен алыс қашықтықтағы орналасқан молекулалар әлсіз тартылады

C) газ молекулалары ыдыс молекулаларына тартылады

D) тартылыс күші өте күшті



21. Сұйықтың пішінін сақтамайтындығы қалай түсіндіріледі?

А) сұйық бөлшектері қозғалғыштығымен ерекшеленеді

B) сұйық молекулаларының арасында үйкеліс жоқ жєне олар бір-бірінен сырғиды

C) сұйық молекулалары тартылысы сұйық пішінін сақтайтындай соншалық үлкен емес

D) тартылыс күші өте күшті



22. Заттың температурасын төмендеткенде молекулалардың ретсіз қозғалысының жылдамдығы өзгере ме?

А) кез – келген күйде температура кемісе жылдамдық кемиді;

B) өзгермейді

C) кез – келген күйде температура кемісе жылдамдық артады

D) тек газдарда өзгереді


23. 20км жолды қасқыр 30 минутта жүгіріп өтті. Қасқырдың орташа жылдамдығын м/с-пен анықта (секундына, метрмен).

А)11,1

B)21

C)33

D)7


24. Егер Жер мен Күннің ара қашықтығы 150 миллион километр болса, Күннің жарығы Жерге қанша уақытта жетеді ?

А) 500 с

B)200 с

C)700 с

D)1,2 мин


25. Бірнеше атомдардың өзара байланысуынан не түзіледі ?

А) молекула;

B) атом;

C) көміртегі;

D) графит.


26. Ғылыми деректер негізінде ұсынылған болжамдар не деп аталады ?

А) гипотеза

B) бақылау

C) теория

D) эксперимент


27. Инерция заңын кім ашты (сыртқы әсерсіз дене қалай қозғалады) ?

А) Галилей

B) Аристотель

C)Ломоносов

D) Ньютон


28. Газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде диффузия құбылысының жүру жылдамдығы бірдей бола ма ?

А) сұйықтарда диффузия газдарға қарағанда өте баяу жүреді, қатты да сұйықтарға қарағанда өте баяу жүреді.

B) қатты денелерде тез, газбен сұйықта баяу жүреді

C)сұйықпен қатты денелерде тез, газда баяу жүреді

D) газбен сұйықта бірдей, қатты денелерде баяу жүреді









Физика 7 сынып І-тоқсан

IIІ нұсқа

1. Әлем кеңістігінде не бар болса, соның бәрі не деп аталады ?

А) материя

B) физикалық дене

C) зат

D) материялық нүкте


2. Зат құрылысының молекулалық –кинетикалық теориясының негізгі қағидаларын көрсетіңіз.

А) барлық заттар өте ұсақ бөлшектерден тұрады, олар ретсіз қозғалыста болады және өзара әрекеттеседі.

B) барлық заттар өте ұсақ бөлшектерден тұрады, олар белгілі бір бағытта қозғалады;

C) бөлшектер ретсіз қозғалыста болады;

D) бөлшектер бір-бірімен өзара әрекеттеседі.


3. Физикалық құбылыстарды, олардың өзара байланыстарын түсіндіретін жүйелі білім:

А) физикалық теория

B) физикалық эксперимент

C) бақылау

D) физикалық шама


4. Кристалл денелердің пішінін сақтайтыны қалай түсін-діріледі?

А) қатты денелердің молекулалары арасындағы тартылыс сұйықтардағыдан көп

B) дене бөлшектері белгілі реттелген нүктенің төңірегінде тербеледі

C) қатты денелердің молекулаларының араларында сырғанауға кедергі келтіретін тыныштық үйкелісі болады

D)қатты дененің бөлшектері өз пішінін саќтайды

E)тартылыс күші өте әлсіз


5. Табиғатты зерттеудің негізгі әдістері:

А) бақылау, эксперимент, теориялық әдіс

B) гипотеза ,бақылау, эксперимент

C) эксперимент, теориялық әдіс, өлшеу

D) гипотеза, бақылау


6. Жарық Күннен Жер бетіне қанша уақытта жетеді?

А) 8 мин;

B) 8 с;

C) 5 сек;

D) 5 мин.





7. Кеңістікте белгілі пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсені не деп атайды ?

А) дене

B) материя

C) зат

D) термин



8. Аталған физикалық аспаптардың қайсысының шкаласы жоқ?

А) айна

B) секундомер

C) мензурка

D) термометр


9. Сандарды стандартты түрде жазудың мысалын көрсет.

A) 1000

B) 103

C) 0,0010

D) 1/1000


10. Астрономиялық бақылау үшін қолданылатын аспап:

А) телескоп

B) таразы

C) секундомер

D) аккумулятор


11. Дененің сапалық тектілігін сипаттайтын материя түрін не деп атайды?

А) зат

B) материя

C) дене

D) термин


12. Төмендегі сөздердің қайсысы физикалық денелерді білдіреді?

А) атом

B) дыбыс

C) оттегі

D) килограмм


13. H2O формуласы нені береді?

А) суды

B) су молекуласын

C) судың химиялық құрамын

D) сутегін







14. Заттың үш күйде болуының себебі неге байланысты?

А) молекулалардың орналасуына.

B) молекулалардың өлшеміне.

C) атомдардың санына.

D) молекулалардың сұлбасына


15. Диффузияның себебі неде?

А) зат бөлшегінің бейберекет қозғалысынан

B) сезілмейтін діріл мен естілмейтін дыбыс әсерінен

C) денедегі тоқтаусыз бейберекет тербеліс пен ағыста

D) зат бөлшегінің секірмелі қозғалысынан


16. Дене өзінің көлемін және пішінін сақтайды, сонда бұл дене құралған зат қандай күйде болады?

А) қатты

B) сұйық

C) газ

D) жауаптар арасында дұрысы жоқ.


17. Заттың сұйық күйіне тән қасиет ...

А) аққыштық, көлемін сақтау

B) пішінін сақтау

C) көлемін өзгету

D)кристалл торлардан тұрады



18. Қатты денелерге тән қасиет ..

А) сыртқы әсерлер болмаған жағдайда (қатты денелер) өз пішінінде, көлемін сақтайды.

B) әрқашанда қатты денелер өз пішінін сақтайды, бірақ көлемін сақтамауы мүмкін

C) әдетте қатты денелерді сығу немесе созу қиын

D) қатты денелер әрқашан өз көлемін сақтайды


19. Кез-келген заттың молекулалары өзара қалай әсерлеседі?

А) тартылады және тебіледі, өте кішкентай ара қашықтықта тебілу күші тартылу күшінен көп

B) тек тартылады?

C) тек тебіледі

D) тартылу күшінен тебілу күші өте кішкентай ара қашықтықта аз болады, тартылады және тебіледі.


20. Механикалық қозғалыс

А) дененің басқа денелермен салыстырғанда уақыт өтуіне қарай орнының өзгеруі

B) денені құрайтын бөлшектердің бей-берекет қозғалысы

C) дененің құрайтын бөлшектердің бір-бірімен соқтығысуы

D) жауаптар арасында дұрысы жоқ




21. Көзбен көруге болатын планета:

А) Юпитер

B) Уран

C) Нептун

D) Плутон


22. Дененің бастапқы және соңғы орнын қосатын кесінді не деп аталады?

А) орын ауыстыру

B) түзу сызықты

C) қозғалыс траекториясы

D) салыстырмалы


23. Қандай қозғалысты бір қалыпты қозғалыс деп атайды ?

А) кез келген өзара тең уақыт аралықтарында бірдей жол жүрсе

B) кез келген уақыт аралықтарында әртүрлі жол жүрсе

C) дене қозғалысының траекториясы түзу сызықты болса


24.Дененің бір қалыпты қозғалыстағы жылдамдығы қай формуламен есептелінеді ?

А) V= s/t

B) = m/v

C) F= mg

D) v=a ·b · c


25. Велосипедші 30 минутта 900 м жол жүрді. Велосипедшінің орташа жылдамдығын есепте (м/с есебімен)

А) 0,5м/с

B) 30 м/с

C) 27000 м/с

D) 300 м/с


26. 10,2 см-ді миллиметрмен көрсет.

А)102

B)1020

C)110

D)1,02


27. Айды не себепті есептеу кезінде материялық нүкте деп санауға болады ? (Жермен салыстырғанда)

А) Жерден Айға дейінгі арақашықтық Айдың радиусынан әлденеше рет артық

B) Айдың массасы жердің массасынан кем

C) Ай-Жер серігі

D) Жерден Айға дейінгі арақашықтық Айдың радиусынан әлденеше рет кем.




28. Біз таксиге не үшін төлейміз ? Жол үшін бе, әлде орын ауыстыру үшін бе ? Ұшаққа ше ?

А) ұшаққа орын ауыстыру үшін, таксиге жол үшін

B) ұшаққа жол үшін, таксиге орын ауыстыру үшін

C) такси мен ұшаққа жол үшін

D) ұшақ пен таксиге орын ауыстыру үшін.


29.Уақыттың негізгі өлшем бірлігіне не алынған.

А) секунд

B) метр

C) сағат

D) метр2


30. Трамвай алғашқы 200 метрді 5 м/с орташа жылдамдықпен, келесі 600 метрді 10 м/с орташа жылдамдықпен жүрді. Оның бүкіл жол бойындағы орташа жылдамдығын анықтаңдар.

А) 8м/с

B) 15м/с

C) 7,5м/с

D) 20 м/с



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!