№1 Затобол орта мектебі 1 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

№1 Затобол орта мектебі 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

2 - бөлім: Менің мектебім

6-сабақ

Тақырыбы:

Мектепте

Мектебі: №1 Затобол орта мектебі

Күні,айы: 23.10.2016 жыл

Мұғалімнің аты-жөні: Тулепова Алима Алимхановна

1 сынып А,Б,В,Г

Сабаққа қатысқан оқушылар саны:

Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.2.1.Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің мағынасын түсіну.

1.1.3.1. Тыңдаған мәтінге (баяу қарқында) мұғалімнің көмегімен иллюстрациялар/ суреттер/сызбалар орналастырып, сұрақтарға жауап беру.

1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі тәсілдермен жауап беру

1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен жіктік/септік жалғауларын ауызша тілде қолдану.


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

Сен мектепте не істейсің?деген сұрақты түсінеді, берілген үлгі бойынша жауап бере алады.


Оқушылардың басым бөлігі:

Сөйлеу барысында жіктік жалғауын дұрыс қолдана алады, сұрақ қоя алады.


Кейбір оқушылар:

Мектепте не істейтіні туралы ақпаратты өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

(2-5 минут)


(МК – мұғалімнің көрсетуі) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Сабақтың басталуына ықпал ететін жағымды көңіл-күй қалыптастыру. Сабақ мақсатымен таныстыру


Сабақтың ортасы

(5-35 минут)


(МК – мұғалімнің көрсету. Ұ-ұжымдық жұмыс) Оқулықтағы 1- тапсырманы орындамас бұрын оқушылардың назарын оқимын, жазамын, сөйлеймін сөздеріне аударады. Осы сөздерді хормен, топпен айтқызып жаттықтырады. Содан кейін тапсырмадағы сурет бойынша жұмыс бастайды. Оқушылар Сен мектепте не істейсің? сұрағымен және жауаптарымен танысады.

Диалогты тыңдайды, қайталайды.Сыныптағы оқушылар берілген үлгі бойынша сыныпта не істейтіндерін айтады. (МК) «Есте сақта!» айдары бойынша мұғалім оқимын сөзінің қолданылу ерекшелігіне назар аударады, салыстыра отырып үлгілер бойынша есте сақтауға жағдай жасайды. Оқушылар

«Мен бірінші сыныпта оқимын», «Мен мектепте кітап оқимын» деген сөйлемдерді қайталау арқылы есте сақтайды, бірінші сыныпта оқимын, кітап оқимын тіркестерін бірнеше рет қайталау арқылы жаттығады.

(МК,Ұ) 2-тапсырмада оқушылар суреттер бойынша жұмыс істейді.Оқушылар аудиодискіден бірінші сөйлемді тыңдайды,содан кейін сол сөйлемге сәйкес келетін суретті табады.Мысалы: Мен мектепте кітап оқимын (4 сөйлем) Осылай 4 сөйлем бойынша жұмыс жүргізіледі.

(Ж) 3-тапсырманы орындаған кезде оқушылар Сен мектепте не істейсің? сұрағына өз бетінше жауап беруге тырысады, сыныптастарының жауаптарын тыңдайды.

(Ж) 4- тапсырмада оқушылар алдымен диалогты тыңдайды, сонан соң жұппен жұмыс істейді. Бұл тапсырмада оқушылар алдыңғы сабақтарда өткен сұрақ үлгілерін еске түсіріп, жауап беруге жаттығады. Балалар сұрақтарға дұрыс жауап беруге тырысады.Мысалы:

-Сен неше жастасың?

-Мен....жастамын.

-Сен нешінші сыныпта оқисың?

Мен....сыныпта оқимын.

-Сен мектепте не істейсің?

-Мен мектепте.........

(МК,Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі.


(Ө) Қосымша тапсырма арқылы оқушылар сабақта алған білімдерін бекіте түседі. Өз бетінше жұмыс істеуге дағдыланады.



























Оқулық



:























1жұмыс дәптері





Қосымша тапсырма: 2.6.




Сабақтың соңы

35-40 минут

(Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады


Қосымша ақпарат

Қорытындылау

Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға олданыңыз.Өз сабағыңыз бойынша сол жа бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз


1. Сабақ барысында өзгертулер енгіздіңіз бе?

Неге?

2. Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды?



Дескриптор

- сөйлеу барысында жіктік жалғауын дұрыс қолдана алады, сұрақ қоя алады.

-мектепте не істейтіні туралы ақпаратты өмірлік жағдаятта еркін қолдана алады.


Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі нәрсе не?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?

1:

2:





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.11.2018
404
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі