1-ден 20-ға
дейінгі сандар және
олардың таңбалануы.
Сабақтың
тақырыбы: 1-ден 20-ға дейінгі сандар
және олардың таңбалануы.
Білім
саласы: Таным
Ұйымдастырылған оқу
іс-әркекеті: Математика
Мақсаттары: Білімділігі: 1-ден 20-ға дейінгі сандар
қатарымен таныстыру, 1-ден 20-ға дейінгі сандар қатарына берілген
тапсырмаларды пысықтау.
Дамытушылық: 1-ден 20-ға дейінгі көлемінде
реттік санауға үйрету. Тура және кері санау. 1-ден 20-ға дейінгі
сандарға берілген тапсырмаларды пысықтау.
Тәрбиелігі: балалар логикалық танымдық
тапсырмаларды тез шешуге дағдыланады.
Көрнекілігі: санау материалдары, суреттер,
дидактикалық материалдар.
Әдіс-тәсілі: түсіндіру, көрсету,
санау.
Ұйымдастырылған оқу
іс-әрекеті: ұйымдастырушылық, оятушылық,
балалардың сабаққа дайындығын тексеру.
Шаттық
шеңбері: «Жүрек
жылуы»
-
Жыл мезгілі нешеге
бөлінеді?
-
Төрт
-
Қазір жылдың қай
мезгілі?
-
Көктем
-
Көктем мезгілінде неше
ай бар?
-
3 ай
-
Ал әрбір жыл мезгілінде
неше ай бар?
-
3 айдан
-
Сонда
1 жылда неше ай
бар?
-
12 ай
-
Көктем мезгілінің
ерекшелігі қандай?
Олай
болса балалар мен сендерге көктемгі табиғат көрністерін тамашалай
отырып, математика еліне саяхатқа шақырамын. Саяхатты көктемнің
алғашқы жаршысы болған КӨКЕКТІҢ көңілді сандарымен
бастасақ.
Біз
шашылған сандармыз, орнымызды табамыз,
Көңілді
боп жүрейік, енді санап көрейік.
1-ден 20-ға дейін тура
санау.
20-дан 1-ге дейін кері
санау.
Жарайсыңдар, балалар
сендерге КӨКЕК риза, осы 1-ден 9-ға дейін сандар қалай
аталады?
Бір таңбалы сандар. Ең
үлкені 9 саны.
Ал, 10-нан кейінгі
сандарды қалай атаймыз?
Екі таңбалы
сандар.
Балалар көктем
мезгілінде тағы қандай өзгерістер болады?
Жер бетіне көк шыға
бастайды, гүлер шыға бастайды. Енді балалар өз қолымызбен жерге гүл
отырғызайық. Ол үшін тапсырмаларды орындайық, әр дұрыс
жауабына Қыр
қызғалдақтарын отырғызайық. Ал, ендеше
логикалық тапсырмаларды оқимын, кім жауабын айтады сол бала гүл
отырызады.
Үйге келді
Мадияр,
Оған қоса
Алдияр,
Кейін келді
Айдана,
Қанша болды бар
бала? (3)
Бес алманың
екеуін
Досың сұрап
алады
Айтшы сонда
нешеуі
Өз қолыңда
қалады? (3)
Бір бірімен
жарысқан
Төрт аю, бір
арыстан
Екі қоян, бір
түлкі
Бәрі нешеу кім
біледі? (8)
Сегіз асықтың
үшеуін
Досың сұрап
алады
Айтшы сонда
нешеуі
Өз қолыңда
қалады (5)
Шомылып жүр
үшеуі
Жағалауда
алтауы
Балалардың
барлығын
Санап берші, сен
тауып? (9)
Алма бағы
жайнаған
Қызыл алма
айналам
Алдым үзіп
бесеуін
Тағы да алдым
екеуін
Алдым сонда
нешеуін? (7)
Үшеуі аз деп
балапан
Қосты тағы үш
балапан
Табыңдаршы
ойланып,
Қанша болды
балапан? (6)
Балапанын
көгалда
Санай алмай тауық
жүр
Жетеуі жүр
жүгіріп
Үшеуі жем тауып
жүр
Қанша барлық
балапан
Санап берші
балақан? (он)
Сергіту
сәті:
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес
саусақ
Қосып едім
екеуін
Болып шықты он
саусақ
Оқулықпен
жұмыс:
Бірінші
тапсырма:
Қалдырылған сандарды
жазу. Әрбір екінші жапырақты сары түспен бояу.
Екінші
тапсырма:
Әр ыдысқа бір
қарындаштан қосу. Әр ыдыста неше қарындаштан
болды?
Үшінші
тапсырма:
Қоршаудың жартысын тауып
жапсыру.
Төртінші
тапсырма:
Берілген сандарды
қаламмен бастырып салу.
Қосымша тапсырма:
«Ойлан тап» берілген сандардың көршілерін
табу
Балалар, бүгінгі сабақ
ұнады ма?
Сабақта не
үйрендік.
Сабақты қортындылау.
Балалар сабаққа қатыстыңдар барлықтарыңа ризамын өте жақсы
барлықтарыңа бес жұлдызша таратамын. Бағалау.
Мадақтау.