400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

1.Қатынас саласы, 2.Таным саласы 3.Шығармашылық саласы 4.Денсаулық саласы 5.Әлеумет саласы

Материал туралы қысқаша түсінік
салалалар бойынша сабақтар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні,айы,жылы: қыркүйек 2020

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

Тақырыбы: «Бір және көп,көп заттарды салыстыру және арасындағы сәйкестіктерді орнату»

Мақсаты:

Білімділік: Тәулік бөлігімен таныстыру,таныс заттарды көлеміне қарай және санына қарай салыстыруді үйрету.

Дамытушылық: қоршаған ортадан бір және көп затты таба білуді дамыту.

Тәрбиелік: еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, сұрақ-жауап,шаттық шеңбері,сергіту сәті, әңгімелеу,мадақтау,қорытындылау.

Көрнекі құралдар: суреттер.

Жеке жұмыс: Ақтілекке таныс заттарды көлеміне қарай салыстыруді үйрету.

Оқу қызметінің барысы

I.Ұйымдастыру бөлімі:

Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды соғайық.

Бір отырып,бір тұрып

Тынығып біз алайық

Жыл мезгілін,ерекшеліктерін сұрау.Өткен тақырыпты еске түсіру,сол тақырып бойынша сұрақ-жауап алу.

Бүгінгі оқу қызметіміз Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.Тақырыбыз : «Кеш.Үлкен-кіші.Бір-көп»

II.Негізгі бөлім:

«Бұл қай кеде болады?» ойыны.

Шарты: суреттерде көргендерін айтады.

«Үлкен-кішкентай» ойыны

Шарты: суреттегі заттарды салыстыру

Сергіту сәтін ұйымдастыру.

Оңға бір қадам

Солға бір қадам

Шапалақ ұрамыз

Алға бір қадам,

Артқа бір қадам

Шапалақ ұрамыз.

«Бір-көп» дидактикалық ойын

Шарты: суретте бір-бірден тұрған ойыншықтарды атауын айту.

III.Қорытынды бөлім:

Қандай оқу қызметі болғанын сұрау,оқу қызметін қорытындылау,белсенді балаларды мадақтау.


















































Күні,айы,жылы: қыркүйек 2020ж

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Қуыршақ бізге қонаққа келді»

Мақсаты:

Білімділік: балаларды сюжеттік сурет,жеке заттарды атау бойынша әңгіме құрастыруға үйрету.

Дамытушылық: сөйлеу мәдениетін ,сөз қорларын дамыту.

Тәрбиелік: достыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, сұрақ-жауап,шаттық шеңбері,сергіту сәті, әңгімелеу,мадақтау,қорытындылау.

Көрнекі құралдар: тақырыпқа байланысты суреттер.

Жеке жұмыс: Айзереден текшелерден мұнара құрастыруді үйрету.

Оқу қызметінің барысы

I.Ұйымдастыру бөлімі:

Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Бір шаңырақ астында,

Тату-тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз

Жыл мезгілін,ерекшеліктерін сұрау.Өткен тақырыпты еске түсіру,сол тақырып бойынша сұрақ-жауап алу.

Бүгінгі оқу қызметіміз Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: «Қуыршақ бізге қонаққа келді»

II.Негізгі бөлім:

Сурет бойынша әңгімелеп беру.

Сөздерді қайталау

Мұнара,текше,қоршау.

Сергіту сәтін ұйымдастыру.

Санайықшы жаңаша,

Бір,екі,үш.

Желбіре,жалауша,

Достықта біздің күш!

Ойын: «Түсі бойынша қос»

Шарты: суреттегі заттарды түсі бойынша сызықпен қосу.

III.Қорытынды бөлім:

Қандай оқу қызметі болғанын сұрау,оқу қызметінен алған әсерлерін,көңіл күйлерін сұрап,балаларды мадақтау.



Күні, айы, жылы: 28 қараша 2019ж

Білім беру саласы: Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Жолдағы кірпі»

Мақсаты:

Білімділік: Ермексазбен шырша қылқаламдарын пайдаланып, кірпі пішінін жасауды үйрету, ермексазды алақан арасына салып домалақтай алу тәсілін үйретуді жалғастыруды.

Дамытушылық: Балалардың тілдерін дамыту. Саусақ ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру

Тәрбиелік: : Жануарларды қорғауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,сұрақ-жауап,шаттық шеңбері,сергіту сәті, әңгімелеу, мадақтау, қорытындылау.

Көрнекі құралдар: кірпінің суреті,ермексаз,шырша қылқандары,сүлық.

Сөздік жұмыс: шырша қылқандары

Жеке жұмыс: Ибрахим мен Әділбекке ермексазды домалақтау тәсілін үйрету.

Оқу қызметінің барысы

I.Ұйымдастыру бөлімі:

Шаттық шеңбері

Бір шаңырақ астында,

Тату-тәтті тұрамыз.

Бірге ішеміз асты да,

Бірге сайран құрамыз.

Жыл мезгілін,ерекшеліктерін сұрау.Өткен тақырыпты еске түсіру,сол тақырып бойынша сұрақ-жауап алу.

Бүгінгі оқу қызметіміз Мүсіндеу.Тақырыбы : « Жолдағы кірпі»

Педагог балаларға орманнан ақылды ақ қоян келгендігін, ол өзінің досы туралы балаларға жұмбақ жасырғысы келіп тұрғанын айтады:

Бір мақұлық бар екен төрт аяқты,

Доп- домалақ, арқасы мың тікенді.

Ашуланса аяғын көрсетпейді,

Көрсең көз салсаң бір ғажайыпты. ( кірпі)

II.Негізгі бөлім:

Тәрбиеші балаларға иллюстрациялық суреттерді көрсете отырып, кірпі туралы мағлұмат береді.

Кірпі- жабайы, ол орманда өмір сүреді.

Қыс бойы жерге түскен қалың жапырақ астына ұйықтап жатады. Кірпінің денесі тікенекті болады, төрт аяғы, екі көзі мен құлағы бар. Жауын көрсе, аяқ- қолын жинап, домалана қалады.

Сергіту сәті

Ал, балалар, тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Оңға қарай иіліп,

Солға қарай иіліп,

Жоғары- төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

-Алдымен ермексазды алып, оны домалақтаймыз. Домалақ бөлшекті сопақша пішінге келтіреміз.

Созу арқылы тұмсығын шығарамыз. Кішкентай дөңгелектер жасап, тұмсығының үстіне, көзінің орнына жапсырамыз.

Тікенектерін шырша қылқанынан жасаймыз. Тікенектер ермексазға оңай қадалады

III.Қорытынды бөлім:

Қандай оқу қызметі болғанын сұрау,оқу қызметін қорытындылау,белсенді балаларды мадақтау.





































Күні,айы,жылы: қыркүйек 2020ж

Білім беру саласы: Коммуникация

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Айна» ертегі

Мақсаты:

Білімділік: ертегі мазмұнын зейін қойып тыңдауға үйрету.

Дамытушылық: балалардың сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: көркем әдеби тілде сөйлеуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, сұрақ-жауап,шаттық шеңбері,сергіту сәті, әңгімелеу,мадақтау,қорытындылау.

Көрнекі құралдар: ертегі желісі бейнеленген суреттер,

Сөздік жұмыс: керік

Оқу қызметінің барысы

I.Ұйымдастыру бөлімі:

Шаттық шеңберін ұйымдастыру.

Арайлап бүгін атты таң,

Шашып бізге шапағын.

Тілейміз сізге ақ таңның

Қуанышын,шаттығын

Қайырлы таң

Қайырлы күн

Қуанышты күн!

Жыл мезгілін,ерекшеліктерін сұрау.Өткен тақырыпты еске түсіру,сол тақырып бойынша сұрақ-жауап алу.

Бүгінгі оқу қызметіміз Көркем әдебиет.Тақырыбы «Айна» ертегі.

Үй жануарлары туралы түсінік беру.

II.Негізгі бөлім:

«Айна» ертегісін мәнерлеп оқып беру.

Сұрақ-жауап арқылы ертегіні түсіндіру.

Сергіту сәтін ұйымдастыру

Кірпідей жиырылып,

Қояндай секіріп.

Керіктей керіліп,

Бой түзеп аламыз.

Балалар «Айна» ертегісін рөлге бөліп сахналайды.

III.Қорытынды бөлім:

Қандай оқу қызметі болғанын сұрау,оқу қызметінен алған әсерлерін,көңіл күйлерін сұрап,балаларды мадақтау.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
22 желтоқсан
1573
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі