жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
"1Қыркүйек-Білім күні"
«Балдырған» балабақшасы
Келісілді: Бекітемін:
Әдіскер:Дементьева Н.А Меңгеруші:Салиева Қ.С
«1 Қыркүйек – Білім күні»
«Жұлдызша» тобы
Тәрбиеші: Ақбаева Ә.М.
2013-2014 жж.
Құрметті балалар, ұстаздар! Бүгінгі күн бәрімізге ерекше күн. Міне, жазғы демалысымызды аяқтадық.Жаз бойы күнге қыздырынып, түрлі демалыстардан өзіміздің сүйікті бақшамызға оралдық.Алғашқы оқу жылы барлығымызға жемісті болсын.Бүгінгі ғарышкерлер, ел бастаған қайраткерлер, ақын-жазушыларымыз да дәл осылай бақшаға келген, оқып білім алған.Дендерің сау болып, ата-аналарыңның сүйікті ұл-қыздары болып өсе беріңдер!Білім күндерің құтты болсын!
«Балдырған» балабақшасының меңгерушісі: Салиева Қ.С. құттықтау сөзі(гүл сыйлау)
Ән: «Анашым қартаймашы»
Осы кезде шайтан келеді.
Шайтан: О-о, мен сендерді іздеп бар әлемді шарладым ғой. Неге маған айтпай кетіп қалдыңдар, ааа? Сендер бәрін қайда жиналдыңдар?
Жүргізуші: Сәлеметсің бе?! Біз балабақша балдырғандарымыз. Бүгін бізде білім күні.
Шайтан: Ол қандай мейрам?
Жүргізуші: Онда мен қазір сені білім ханшайымымен таныстырайын.
Ханша:
Қандай ғажап әлем! (таң қалып қарайды)
Біз қандай елге келдік, ақылшы періштем?!
Періште:
Бұл «Жұлдызша» балдырғандар елі. Бұл елде өте әдемі, ақылды, білімпаз, өнерпаз балалар тұрады.(осы сәтте бір топ бала шығады)
Тақпақтар:
Дана:
Құлдыраған құлын бөбек,
Шар болаттай шыңдалсын.
Балалары білімді боп
Өскеніне кім қарсы?
Әлішер:
Бейбітшілік әніміз
Өнерліміз бәріміз
Қазақстан даласында
Жарасады сәніміз
Балабақша аясында
Жадырайды жанымыз.
Еркеназ:
Бұл үлгілі білім күні
Бар күндерден бөлек күн
Оятатын бұрынғыны
Санасында бөбектің.
Арай:
Ақ қара деп бөлмейміз
Бір жыл туған төлдейміз
Туысқанбыз татумыз
Биіктерге өрлейміз
(Бір топ бишілер: «чачача» биімен ортаға шығады)
Ханша: Ой, қандай керемет балалар, қандай өнерлі балалар, қандай әдемі балалар.
Періште: Көрдің бе, сүйікті Ханша? Менің сізге жаңа ғана айтқаным шындыққа айналғандай. Мен сізге уәде беріп едім ғой, егер сіз тек әділдік пен адалдық жолында жүрсеңіз, мен сіздің тілегіңіздің бәрін орындаймын деп. Міне, мен өз уәдемде тұрдым.
Шайтан: Ой, мұндай тақпақты менде айта аламын. Ол да сөз болып па?(сәл ойланып қалады)
Періште: Сен Ханшаны азғырма. Ол тек әділдік пен адалдықты сүйеді. Сенімен дос.
Шайтан: Иә, мен де Ханшаның досымын. Өткенде өзеннен алтын балық ұстап алғанда Ханша оны аяп қайта өзенге жібере салғысы келді. Ал, мен болсам Ханшаны үгіттеп, 3 тілегіңді орындат дедім.
1-ші тілегің «Мен әлемдегі ең әдемі ханша болсам» деп айт дедім. Ол тілегі орындалды.
2-ші тілегің «Мен әлемдегі ең бай ханша болсам» деп айт дедім. Ол тілегі де орындалды.
3-ші тілекті айтқалы жатқанда сен келіп киліктің Періште білесің бе, есіңе түсті ме?
Періште: Иә, мен кешігіп қалдым. Әйтпесе, 3 тілегің де әділеттік деп адалдық, тек қана жақсылыққа арнатар едім. Тек соңғы тілегі ғана «Мен әлемдегі өте адал, мейірімді, өнерлі, білімпаз балалардың өмірін көріп, өзім де солардан өнеге алғым келеді» деген еді. Міне, сол тілек орындалып біз Ханша екеуміз «Жұлдызша» балдырғандар еліне келіп тұрмыз.
Ханша: Сендерге не болған, қойыңдар енді. Маған сөз беретін түрлерің жоқ қой. Маған Періштенің ақылы ұнады. Өйткені мен мынша жасқа келгенше, мынадай ғажайып елде болған емеспін. Сондықтан Шайтан сен бізбен мынадай ғажайыпты тамашала!
Шайтан: Құп! Мәртебелі Ханшам, құзырыңа құлдық.
Жүргізуші:
Бүгін бізде мереке, қуанышта балалар!
Қош келдіңдер, қош келдіңдер, ата-ана, қонақтар!
Құрметті «Жұлдызша», балабақшамыздың көркі де, сәні де болған бүлдіршіндеріміз! Бүгінгі білім күні мерекелеріңіз құтты болсын! Болашақтарыңыз жарқын, аспандарыңыз ашық, елімізді өркендетер келешектің кемеңгері болыңдар демекпін.
Жүргізуші: Бүгінгі ертеңгілігімізге «Ертегі әлемінің қонақтары да келіпті, қош келдіңіздер! Төрден орын алыңыздар! Құрметті Ханша менімен бірге бүлдіршіндер өнерін жүргізуге, басшылық жасауға қалайсыз? Келісесіз бе?
Ханша: Жарайды, келісемін, мен де соны қалап тұр едім.
Жүргізуші: Өте тамаша, менің қасыма келіңіз. Біздің балаларға қандай тартуыңыз бар? Мүмкін ән айтып не би билеп берерсіз?
Ханша: Әрине, мен де құр қол келген жоқпын. Мен сендерге білім жайлы мақал-мәтелдер ала келдім.
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
Өнерлі бала сүйкімді.
Ақыл азбайды,
Білім тозбайды.
Оқы да біл,
Ойна да күл.
Жүргізуші: Өте тамаша, өнеріңізге көп рахмет. Кезекті біздің балаларға берейік.
Өнер десе өрілген,
Биіктерден көрінген,
Бишілерді шақырсақ
«Қара жорға» биімен
«Мектеп алды даярлық» тобы, «қара жорға» биі.
Кір қожалақ киімді, Дымбілмес кіріп келеді. Шайтан досын таныстырады.
Дымбілмес: Менің әжем осында оқы деп жіберді. Бірақ мен ойынды жақсы көремін.
Жүргізуші: Олай болса, менің кішкентай достарыммен ойнағың келе ме?
Ойын: «Не қажет?» (бір бала, Дымбілмес мектепке қажетті заттарды сөмкеге салулары қажет.)
Ханша: Біздің елге қайтатын уақытымыз болды. Бізге рұқсат бересіңдер ме, балалар? Менің достарым қайда? (Періште мен Шайтан келеді)
Жүргізуші: Жарайды, келіп бізбен бірге мерекені тойлағандарың үшін көп рахмет! Жолдарың болсын!
Ханша: Сіздің балаларыңыздан көп өнеге алдық. Мен енді бойыма тек жақсы қажеттіліктерді жинауға уәде беремін. Осындай ғажайып әлеммен таныстырған Періште досыма көп рахмет.
Періште: Достар, қош болыңдар, кездескенше күн арайлы болсын!
Әже: Менің немеремді көрген кім бар? (Дымбілместі іздеп келеді)
Дымбілмес: Әже, мен осындамын. Мені өзің ғой осында жіберген. Маған осы жер қатты ұнап қалды. (жақсы бала болуға уәде береді)
Шайтан: Мен де енді жақсы дос болуға уәде беремі, кешіріңдер мені.
Жүргізуші: Балалар, сендер де маған жақсы оқуға, тәртіпті болуға, әдепті болуға уәде бересіңдер ме?
Балалар: Уәде береміз!!!!(хормен)
Әже: Олай болса, мен сендерге ақ батамды берейін. (балаларға арнап бата береді.) Олай болса, бізде қайтайық. Сау болыңдар, балалар!
Жүргізуші: Қане балалар, жақсы әнімізбен достарымызды шығарып салайық.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!»

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген