Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

1сынып цифрлық сауаттылық баағдарламасы

Материал туралы қысқаша түсінік
2023-2024 оқу жылына арналған бағдарлама
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2019 жылғы «7» наурыздағы

105 бұйрығы


Бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған
«Цифрлық сауаттылық» пәнінен
жаңартылған мазмұн бойынша үлгілік оқу бағдарламасы


1-тарау. Жалпы ережелер


1. Бастауыш орта білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Цифрлық сауаттылық» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының
6 тармақшасына
сәйкес әзірленген.

2. «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқыту мақсаты – білім алушылардың оқу мен күнделікті өмірде есептей білу дағдылары, робототехника, базалық білім, заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс жасаудағы білік және дағдыларды тиімді қолдануын қамтамасыз ету.

3. Негізгі міндеттері:

1) білім алушыларға компьютер туралы, қазіргі заманғы цифрлық құрылғылар және олардың қоғамдағы рөлі туралы бастапқы ақпараттар беру;

2) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, білім алушылардың есептей білу, роботтарды жинау және программалау, іздеу, жинақтау, өңдеу, ақпараттарды сақтау және тарату дағдыларын қалыптастыру;

3) білім алушылардың әртүрлі қолданбалы программаларды қолдану арқылы өз идеяларын ұсыну дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету;

4) байланыс, ақпарат алмасу және ынтымақтастық үшін ақпараттық-коммуни­кациялық технологияларды пайдалануын ынталандыру;

5) білім алушыларды компьютермен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері мен авторлық құқықтарды құрметтеуді үйрету.

4. Оқу бағдарламасында үш тілде оқыту ғана емес, сонымен қатар білім алушылардың мектептен тыс сабақтарын үш тілде (қазақ, орыс және шетел тілдерінде) ұйымдастыруды көздейтін үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған.

5. Оқу бағдарламасының ерекшелігіне оның пән бойынша білім мен білігінің қалыптасуына бағдарлануы ғана емес, сонымен қатар, білімді функционалдық және шығармашылық жағынан қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, әртүрлі коммуникациялық әдістерді пайдалану, топта және жеке жұмыс істей білу, проблемаларды шешу және шешім қабылдау сияқты кең ауқымды дағдылар жатады.

6. Жеке тұлғалық қасиеттердің кең спектрлі дағдылардың табиғи үйлесімде дамуы – білім алушылардың бойында «қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек және шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты базалық құндылықтарды қалыптастырудың негізі. Бұл құндылықтар білім алушылардың мінез-құлқына және күнделікті іс-әрекеттеріне ынталандырушы болуға арналған оның тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс.



2-тарау. «Цифрлық сауаттылық»
пәнінің мазмұнын ұйымдастыру


7. «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша білім жүктемесінің көлемі: 1-сыныпта, аптасына – 0,5 сағат, оқу жылында – 17 сағат.

8. «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудағы негізгі талап – компьютерлік жүйелерге қолжетімділік. «Цифрлық сауаттылық» пәнін тиімді өткізуге арналған қажетті жабдықтардың тізімі:

1) гарнитурамен жабдықталған дербес компьютерлер (микрофоны бар құлаққаптар);

2) Интернетке кең жолақты қосылуымен мұғалімдер мен білім алушылар арасындағы байланыс және құралдарын деректермен алмасуды қамтамасыз ететін жоғары сапалы ашық қатынас желісі;

3) перифериялық құрылғылар: принтер, сканер, көшіру техникасы, интерактивті проектор/интерактивті тақта;

4) робототехникаға арналған жиынтықтар.

9. Оқу пәнінің негізгі мазмұны 5 бөлімнен тұрады:

1) компьютер;

2) ақпаратты ұсыну және өңдеу;

3) Интернет желісінде жұмыс істеу;

4) есептей білу;

5) робототехника.

10. «Компьютер» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:

1) компьютердің құрылғылары;

2) программалық қамтамасыз ету;

3) қауіпсіздік.

11. «Ақпаратты ұсыну және өңдеу» бөлімі келесі бөлімдерден тұрады:

1) мәтіндер;

2) графика;

3) презентациялар;

4) мультимедиа.

12. «Интернеттегі жұмыс» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:

1) ақпаратты іздеу;

2) ақпаратпен алмасу.

13. «Есептей білу» бөлімі төмендегі бөлімдерді қамтиды:

1) алгоритмдер;

2) программалау.

14. «Робототехника» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:

1) жалпы робототехника;

2) роботтың қозғалысы;

3) датчиктер мен қозғалтқыштар.

15. 1-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық мазмұны:

1) «Компьютер»: информатика кабинетінде жүріс-тұрыс ережелері; Интернет желісінде жұмыс істеу қауіпсіздігі;

2) «Интернет желісіндегі жұмыс»: желіде орналастырылған ақпараттың сенімділігі мен пайдалылығы; желідегі қалаусыз байланыс тәуекелдері;

3) «Есептей білу»: алгоритмдер; сызықты алгоритмдерді орындаушы; программалау ойын алаңының интерфейсі (Scratch); программалау ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу;

4) «Робототехника»: білім беру роботының негізгі моделін құру; роботқа арналған программаны жүктеп алу және іске қосу;роботтың доңғалақ бұрылыстарының белгіленген саны бойынша қозғалысы, роботтың берілген бұрышта қозғалысы (90, 180 градус).


3-тарау. Оқу мақсаттарының жүйесі

16. Оқу мақсаттары программада кодпен берілген. Кодта бірінші нөмір сыныпты, екінші және үшінші сандар – бөлім мен бөлімше, төртінші сан оқу мақсатының нөмірленуін көрсетеді. Мысалы, 2.1.2.1 кодында: «2» – сынып, «1.2» – бөлімше, «1» – оқу мақсатының нөмірленуі.

17. Оқыту мақсаты жүйесі әр сыныпқа бөлім бойынша берілген:

1) Компьютер

Білім алушылар міндетті

Бөлімше

1-сынып

1. Компьютердің құрылғылары

  • Компьютердің құрылғыларымен танысу

2. Программалық қамтамасыз ету

  • Программалармен танысу

3. Қауіпсіздік

1.1.3.1 информатика кабинетінде тәртіп ережелерін сақтау;

2) Ақпаратты ұсыну және өңдеу

Бөлімше

1-сынып

1.Мәтіндер

Мәтіндермен жұмыс жасау

2. Графика

Сурет салу, кескіндермен жұмыс жасау

3. Презентациялар

Презентация жасау

4. Мультимедиа

Дыбыс, аудиомен жұмыс

3) Интернет желісінде жұмыс істеу

Бөлімше

1-сынып

1. Ақпараттар іздеу

1.3.1.1 желідегі барлық ақпарат сенімді және пайдалы емес екенін түсіну;

2. Ақпарат алмасу

1.3.2.1. желідегі қажетсіз байланыстардың тәуекелдерін түсінгенін көрсету;

4) Есептей білу

Бөлімше

1-сынып

1. Алгоритмдер

1.4.1.1. сызықтық алгоритмді іске асыру;

2. Программалау

1.4.2.1.программалау ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу (Scratch)

  1. Робототехника

Бөлімше

1-сынып

1. Жалпы робототехника

1.5.1.1. білім беру роботының негізгі моделін жинау;

1.5.1.2. роботқа арналған программаны жүктеп алып, іске қосу;

2. Роботтың қозғалысы

1.5.2.1. белгілі бір жылдамдықта роботтың қозғалысын ұйымдастыру;

1.5.2.2. дөңгелек айналымының белгілі бір санына робот қозғалысын ұйымдастыру;

1.5.2.3. роботты алға жылжыту қозғалысын ұйымдастыру;

1.5.2.4. роботты артқа жылжыту қозғалысын ұйымдастыру;

1.5.2.5. роботтың 90, 180 градустағы бұрылысын ұйымдастыру;

3. Датчиктер мен қозғалтқыштар


18. Осы оқу бағдарламасы қосымшаға сәйкес бастауыш білім беру деңгейінің 1-сыныбына арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу жоспарының ұзақмерзімді жоспарына сәйкес іске асырылады.

Бастауыш білім деңгейінің 1-сыныбына арналған «Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасына

қосымша


Бастауыш білім деңгейінің 1-сыныбына арналған

«Цифрлық сауаттылық» пәні бойынша

үлгілік оқу жоспарын жүзеге асырудың

ұзақмерзімді жоспары


Ұзақмерзімді жоспардың бөлімдері (ортақ тақырыптар)

Пән тақырыптары

Оқу мақсаттары

3 тоқсан

1-бөлім. Ақпараттық этикет

(ортақ тақырыбы: «Саяхат»)

Өз денсаулығы­мызды сақтаймыз

1.1.3.1 информатика кабинетінде тәртіп ережелерін сақтау;

Интернет желісінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік

1.3.1.1 желідегі барлық ақпарат сенімді және пайдалы емес екенін түсіну;

1.3.2.1 желідегі қажетсіз байланыстардың тәуекелдерін түсіну;

2-бөлім. Бағдарламалау

(ортақ тақырыбы: «Дәстүр және фольклор»)

Менің алғашқы программам

1.4.1.1. сызықтық алгоритмді іске асыру;

1.4.2.1.программалау ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу (Scratch);

4 тоқсан







3-бөлім. Біздің өміріміздегі роботтар (ортақ тақырыптар: «Тағам және сусындар», «Дені саудың – жаны сау»)

Роботпен алғашқы танысуым

1.5.1.1 білім беру роботының негізгі моделін жинау;

Роботқа арналған программа

1.5.2.1. роботтың белгілі бір жылдамдықтағы қозғалысын ұйымдастыру;

1.5.1.2. роботқа арналған программаны жүктеп алып, іске қосу;

Роботтың қозғалысы

1.5.2.2. дөңгелек айналымының белгілі бір санына робот қозғалысын ұйымдастыру;

1.5.2.3 роботты алға жылжыту қозғалысын ұйымдастыру;

1.5.2.4. роботты артқа жылжыту қозғалысын ұйымдастыру;

Лабиринттен шығу

1.5.2.5. роботтың 90, 180 градустағы бұрылысын ұйымдастыру


ОРТА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР

ЦИФРЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ

1-сыныпқа арналған орта мерзімді жоспар

Аптасына 1 сағат, барлығы 17 сағат


Сабақтың тақыры-бы

Сағат

саны

Мер
зімі

Сабақтың мақсаты

Оқыту мақсаты

Күтілетін нәтиже

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер

Үйрену мақсатында оқытуды бағалау

Оқу үдерісін ұйымдастырудағы тәсілдер

1

§ 1. Өз денсаулығымызды сақтаймыз


1


Компьютермен және цифрлық құрылғылармен жұмыс жасау барысында қауіпсіздік ережелерін қатаң есте сақтайды


1.1.3.1 информатика кабинетіндегі тәртіп ережелерін сақтау.

Информатика кабинетіндегі тәртіп ережелерін білу

«Көңілді танысу» жаттығуы

«Суреттер сөйлейді» әдісі, «Анықта», «Орында тапсырмалары

Рефлексия (жеке, жұпта, топта)

«Бас бармақ» кері байланысы




Бағалау парағы арқылы топтарды топ сарапшысы өзара бағалау жүргізеді. Әр тапсырмада бағалау парағына смайлик жапсырылып отырады. Сол арқылы оқушының сабаққа қандай деңгейде қатысқаны көрінеді.

«Оқытуда ақпараттық-коммуни­кациялық тех­нологияларды пайдалану», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Сыни тұр­ғыдан ойлауға үйрету», «Оқы­туды басқару және көш­басшылық», «Талантты және дарынды балаларды оқыту», «Оқу­шылардың жас ерекшелікте­ріне сәйкес оқыту»

2

§2. Интернет желісінде жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік


1


Интернет желісімен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелеріне сүйенеді.

1.3.1.1 желідегі барлық

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
04.01.2024
446
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12