400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

1сынып математика пәнінен сабақ жоспары тақырыбы: "Кеңістік фигуралар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл сабақ жоспарын. жас мамандар үшін үлгі ретінде пайдалана алады.Жаңартылған білім мазмұны бойынша Смарт мақсат құру түрі.
Материалдың қысқаша нұсқасы

СҚО , Тайынша ауданы, «Амандық орта мектебі» КММ

Бастауыш сынып мұғалімі Салимова Раушан Жанабаевна

Сабақ жоспары

Пән: Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Геометриялық фигуралар

Мектеп: «Амандық орта мектебі»КММ

Күні:02.08

Мұғалімніңаты-жөні:Салимова Раушан Жанабаевна

Сынып: 1

Қатысқандар саны:12

Қатыспағандар саны: -


Сабақтақырыбы

Кеңістік фигуралар


Осы сабақта

қол жеткізілетін

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына

сілтеме)

1.​3.​1.​2 жазық фигураларды (үшбұрыш, дөңгелек, шаршы, тіктөртбұрыш) және кеңістік фигураларды (куб, шар, цилиндр, конус, пирамида, тікбұрышты параллепипед) тану және қоршаған ортадағы заттармен сәйкестендіру

Сабақ мақсаттары

Нақты-:кеңістік фигураларды біледі,түрлерімен танысады.

Өлшемді:-фигуралар мен суреттерді сәйкестендіре отыра,кеңістік фигуралардың ерекшеліктерін айтады.

Қол жетімді:-айналадағы заттардан кеңістіктегі фигураларды табады.

Ақын:-математика бағдарламасына және оқушылардың білім деңгейлеріне сай жасалған.

Уақытпен шектеулі:- сабақ барысында кеңістіктегі фигураларды түрлеріне қарай ажырата алады,өздігінен композиция құрастырады.


Бағалау

критерийлері

-«Фигура», «кеңістік фигуралары» ұғымын түсінеді;

-кеңістік фигуралар түрлерін біледі; атайды,көрсетеді

-айналадағы заттардан кеңістік фигураларды тауып, айта, ажырата алады;

-Кеңістік фигураларды қолжетімді ресурстар көмегімен модельдеп, ғимарат немесе композиция құрастыра алады; бірдей фигуралардың санын санайды, жазады, айтады


Тілдік мақсаттар


Пәнге тән лексика мен терминология:

«фигура» , «кеңістік фигура» ,цилиндр,текше ,шар,конус

Текше – квадрат - square

Шар – шар - ball

1.Талқылауға арналған сұрақтар:

-Қандай геометриялық фигуралар білесіңдер?

- Астанадағы ғимараттар неге ұқсайды?


Құндылықтарды

дарыту




-оқушылардың бойына кеңістік фигураларды өмірде қолдана алуға , отансүйгіштікке баулу.

-жауапкершілік;

-бір-біріне деген сыйластық

Пәнаралық

байланыстар

Көркем еңбек,дүниетану

АКТ қолдану

дағдылары

интербелсенді тақта, видеоролик ,көлемді фигуралар суреттері

Бастапқы білім


Кесінді, сынық сызықтың не екенін біледі.

Оларды сыза алады

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарлан-ған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың

басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

2мин

















Ұйымдастыру кезеңі

(топқа бөлу)

3мин


Қызығушылығын ояту, тиісті орта қалыптастыруға ықпал ету: Ғылымның сырын ұғына,
Шығамыз биік шыңына.
Тапқырлық пен зеректік
Жеткізеді біздерді
Математика сырына

Ширату жаттығуы:Оқушылардың қабылдау қабілетін дамытуға және тақырыпты ашуға арналған

«Сиқырлы қапшық» ойыны

Балаларды шеңбер жасай отырғызып жүргізуші олардың алдындағы кішкентай үстел басына отырады. Үстелдің басында сиқырлы қапшық тұр. Ішінде әртүрлі ұсақ ойыншықтар. Балаларды кезекпен шақырып қапшықтың ішіндегі екі бірдей затты тауып алуды талап етеді. Мысалы: екі доп, екі машина т.б.Балалар қолымен заттарды сипап бірдей затты тауып алған соң сипаттап айтады. Айтқанын тексеру үшін заттарды сыртқа шығарады, ойын осылайша жалғасады.

Оқушылар геометриялық фигуралар арқылы 3 топқа бөлінеді:

1-топ:цилиндр

2-топ:конус

3 – пирамида
























Ұсақ ойыншықтармен

толтырылған қапшық.



Геометриялық фигуралар суреті бар қима қағаздар







Сабақтың ортасы



/ 5мин/































Тақырыпты түсіндіру


/3мин/




























Топтық жұмыс

/3 мин/



























































Жеке жұмыс


/5мин/





















































/6мин/


1.тапсырма. «Кім тапқыр?» әдісі арқылы конверттегі суреттерді белгілері бойынша топтастыру.

-Оқушылар!Алдарыңызда конвертке салынған суреттер бар.Осы суреттерге қарап әртүрлі формаларға ұқсас суреттер жинақтаймыз.

1-топ:ЦИЛИНДР оқушыларға цилиндрге ұқсайтын формалары бар заттар: ағаштардың діңдері, зауыттың мұржалары т.б. осыған ұқсас суреттерді жинақтау.


2-топ:КОНУС оқушыларға конусқа ұқсайтын формалары бар заттар: мұз сүңгілер, балалардың пирамида тәріздес ойыншықтары т.б. осыған ұқсас суреттерді жинақтау.


3-топ:ШАР оқушыларға шарға ұқсайтын формалары бар заттар: доптар, шыршаға ілуге арналған ойыншық шарлар, маржандар т.б. осыған ұқсас суреттерді жинақтау.


4-топ:ПИРАМИДА оқушыларға күнделікті өмірде қолданып жүрген пирамида формасындағы сүттің тетрапакеті, мысыр пирамидаларының суреттері, шайдың пирамида тәрізді кішкентай қалташалары, ертедегі үйлердің шатырларының суреттерді жинақтау.


Топтарға суреттерге қарап, мынадай сұрақтар қойыңыз:

— Суреттерде не бейнеленген?

— Олардың ортақ белгілері қандай?

Оларға кеңістіктегі геометриялық фигуралардың ішінен оған ұқсасын тауып, сыныптағы барлық оқушыларға көрсетуді сұраймын. Осы фигуралардың цилиндр, конус, шар және пирамида деп аталатынын айтамын.

-Сонымен оқушылар біздің бүгінгі мақсатымыз қандай деп ойлайсыңдар?

-әрине осы фигуралармен танысып,оларды ажырата білу.

Кім солай деп ойлайды ,кане 3рет шапалақ ұрамыз

«Көлемді фигуралар» таныстырылымы арқылы оқушыларға ақпарат беру, кеңістіктегі фигуралардың түрлерімен таныстыру.

-Оқушылар, біз осыған дейін заттарды түсі,пішіні және өлшемі бойынша ажыратып,олардың ұқсастығы мен айырмашылығын танысақ.(Мысалы:өткен сабақтарға шолу жасай отырып)суретті пайдаланып қысқаша еске түсру арқылы заттардың ұқсастығы және айырмашылығын атап кетемін:

-Бүгін, біз жаңа « көлемді фигуралар» немесе « кеңістік фигуралар» деп аталатын жаңа геометриялық фигуралармен танысамыз. Ортаға фигураларды ұстаған әр топтан бір оқушыдан шығады.Фигуралардың атауын барлық оқушылармен қайталайды және бұл фигуралар « кеңістік фигуралар»деп аталатынын анықтайды және біледі. Өйткені,оларды ұстауға болады және олар үстел үстінде көрініп тұр және олар жарықтан көлеңке түсіреді.Интерактивтік тақтаға пирамида,конус,шар,

цилиндр фигураларының суретін көрсетемін.


ҚБ:оқушылар өзара геометриялық фигуралар арқылы бағалайды.

Равнобедренный треугольник 1 - жауабыңа қанағаттанамын

Прямоугольник 1 - жақсы

5-конечная звезда 1 - өте жақсы


2-тапсырма: «Ізден-ойлан-тап» әдісі (топтық жұмыс)

1-топ:

А.Кеңістік фигурасы мен оған сәйкес атауды сызықпен қос. Күнделікті өмірде қолданатын заттар мен кеңістіктегі фигураларды сәйкестендіре алады


ТЕКШЕ

ЦИЛИНДР

ПИРАМИДА


КОНУС

ШАР


2-топ: «Теледидар дикторы»әдісі. Топтағы әр оқушы фигураны Астана қаласының ғимараттарына ұқсатып сол ғимарат туралы білгенін айтады.

Суреттен кеңістік фигуралары пішініндегі ғимараттарды тап..



3-топ: Берілген кеңістік фигураларына сәйкес сыныптағы заттарды (кеңістік фигураларды) тауып, атау.

Дескриптор:Білім алушы - цилиндр пішіндес заттарды анықтайды және фигурамен сәйкестендіреді;

- куб пішіндес заттарды анықтайды және фигурамен сәйкестендіреді;

- шар пішіндес заттарды анықтайды және фигурамен сәйкестендіреді

-конус пішіндес заттарды анықтайды және фигурамен сәйкестендіреді.

ҚБ: мұғалім тарапынан жүретін «шәкіл» әдісі.

Блок-схема: узел 1 (оқушылар жасаған сызғыш шәкілдеріне « » белгісін қойылады).

Блок-схема: узел 4 - жаман емес, тырыс!


Блок-схема: узел 8 - жарайсың, бұдан да

жақсы орындай аласың!

Блок-схема: узел 7 - өте жақсы, жарайсың!

Сергіту сәті. «Көңілді күн» әнінің ырғағымен жаттығу түрлерін көрсету.


3-тапсырма. «Зерттеу» әдісі бойынша

Кеңістік фигуралардың ерекшеліктерін қарастыру:

-кеңістік фигуралардың қайсысы домалайды?

-ал қайсысы домаламайды? Неліктен?

Оқушыларға қолындағы фигураларды партаның үстінде домалатып көреді. Цилиндрдің алға да, артқа да домалайтынын, конустың тек айналатынын, шардың барлық бағытта домалай алатынын, ал пирамиданың домаламайтынын байқайды. Оқушылардан неге олай екенін сұрау. Цилиндрдің, шардың және конустің бүйір беттері тегіс, ал пирамиданың домалауына оның қырлары кедергі келтіретінін айтқызу, мысалдар келтіру.

4-тапсырма.Жеке жұмыс. Дәптермен жұмыс.

Әрбір құлтемірде қанша көлемді фигура барын сана.Айналадағы заттардан кеңістік фигураларын тауып, оларды түрлеріне қарай ажыратады.Нәтижесін босторкөздерге жаз.





Шар-

Пирамида-

Цилиндр-

Конус-

Текше-


Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

-айналадағы заттардан кеңістік фигураларды тауып, айта, ажырата алады;



-құлтемірде қанша көлемді фигура барын анықтайды;

-фигураларды пішіндерін

ажырата отырып, санайды;

-нәтижесін бостөркөздерге жазады.

ҚБ: Мұғалім тарапынан «Нысана» әдісі


5-тапсырма. «Боя және ата» Кеңістіктегі фигураларды боя, түрлерін анықтап, ата.

Конус-көк түс

Шар-жасыл

Цилиндр-қызыл

Текше-сары


Цилиндр 1 Куб 1


Кейбір оқушыларға арналған мақсатты жүзеге асыру үшін «Танграм» әдісі арқылы геометриялық фигуралардан композиция құрастырып үйрену

Берілген кеңістік геометриялық фигураларды пайдаланып әртүрлі композиция моделін құрастыр. Мысалы: балмұздақ, бәйтерек т.б.

Дескриптор: Білім алушы

-Құрастырған затты сипаттайды;

- жұмсалған фигураларды санайды;

-фигуралардың әр түрін жеке санап айтады.


ҚБ. «Әріптер бағасы» әдісі арқылы бағалау.

Выгнутая вниз стрелка 1

Жарайсыңдар!!!Күшті!!! Ұнады!!!










Конверттердегі суреттер,кеңістік

фигуралар



















































































































































Видеоролик















Оқулықтағы суреттер











Видеоролик



















































































Үлестірме карточкалар















































Сабақтың

соңы

/5мин/

Оқушылар сабақ материалын түсіну деңгейін анықтау мақсатында «Кубизм» әдісі арқылы сұрақтар қою:

-Кеңістік фигураларға қандай фигуралар жатады?

-қандай кеңістік фигуралар домалайды? Неліктен?

- цилиндрге қандай заттар ұқсайды?

-бөлменің ішіндегі кеңістік фигураларға ұқсайтын заттарды ата.

-кеңістік фигуралар пішініндегі гимаратттарды ата.

-жалпы кеңістік фигуралар туралы не білеміз?

Рефлексия: «Табыс сатысы»

Білемін





Білгім келеді











Түсінбедім



















Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін

қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



-тапсырмалар арқылы саралау

Блум таксономиясының 1,2,4,5 деңгейлеріне әрбір оқушының жеке қажеттіліктеріне сәйкес тапсырма мен әдіс-тәсілдерді іріктеп қолданылды

2.мақсат арқылы таным деңгейі жоғары оқушыларға шығармашылық тапсырмалар жоспарланды.

3.Ресурстар арқылы :дидактикалық ойындар арқылы көптеген оқушыларға арналған мақсатты жүзеге асыру үшін

1. Үлестірме карточкалар

2. Конверттердегі суреттер,кеңістік

фигуралар пішіндері

3.Геометриялық фигуралар суреті бар қима қағаздар арқылы тапсырмалар ұсынылды




















Мұғалімнің тарапынан

«Шәкіл» әдісі, «әріптер бағасы»әдістері қолданылды.

Оқушы тарапынан: белгілер арқылы бағалау «Геометриялық фигуралар» әдісі, «Нысана» әдісі жоспарладым.

1.Сергіту сәтінде қимыл-қозғалыс

жаттығулары жүргізіледі



2.Композиция құрастыру тапсырмасын орындау барысында қайшымен жұмыс істеу қауіпсіздік ережелер

сақтау.



Жалпы баға



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік /қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
6 ақпан
671
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі