2023-2024 оқу жылына арналған талдау үлгісі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

2023-2024 оқу жылына арналған талдау үлгісі

Материал туралы қысқаша түсінік
2023-2024 оқу жылында тәрбие бойынша артқарылған жұмыс талдауының үлгісі
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Шаңырақ» көпсалалы мектеп – гимназия» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі















2023 – 2024 оқу жылындағы

4«Ә» сыныпта атқарылған

жылдық

тәрбие жұмыстарына талдау













Сынып жетекші: Жұмабекова Ж.Ж










Риддер қаласы


Биылғы оқу жылында сыныпта барлығы 16 оқушы болды. Оның 11 –і ұл

5 –і қыз.

Сыныптың әлеуметтік құрамы : Көпбалалы отбасы - 7, толық емес – 5 отбасы бар. 11оқушы мектептен алыс ауданда тұратындықтан, тегін жолмен қамтамасыз етілген.

Арнайы медициналық топта (астма), яғни дене шынықтыру сабағынан босатылған 1 оқушы. Сонымен қатар бұл бала комиссияның шешмімімен негізгі пәндерді жеңілдетілген бағдарлама бойынша оқиды.

1 оқушы эпилепсия бойынша ауруханада тізімге алынған,жылына бір рет арнайы бақылаудан өтіп, ауруханаға жатып отырады.

Көпбалалы отбасылар.

Оқушының аты-жөні

Отбасындағы бала саны

1


4

2


4

3


6

4


4

5


5

6



4

7


4

Толық емес отбасылар:

Өгей әкемен тұратын балалар: Жыл бойында тәрбиенің сегіз бағыты және үш құндылық бойынша тәрбие жұмыстары жүргізіліп келді.

1.«Қазақстандық патриотизм және азаматтық құқықтық тәрбие»

бағыты бойынша «Мектеп мейірім мекені», «Қазақстан татулық мекені»,

«Менің құқығым», «Жол ережесін білесің бе?» , «25 қазан Республика күні», «Ұлттық теңге – тәуелсіз Қазақстанның айшығы», «7 мамар – Қазақстанның қарулы күштері күні», «Ел рәміздерін біл!»,«Елімнің алғашқы президенті», «Көк тудың желбірегені», «Ұлттық тәрбие-ұлт болашағы», «Сен және Заң», «Тәрбие басы-тал бесіктен», «Ауған жеріндегі ақиқат», «12 сәуір – ғарышкер күні», «23 сәуір - Халықаралық кітап күнін атап өту», «1 мамыр- ынтымақ,бірлік күні», «9 мамыр – Жеңіс күні», «Білімім –Отаныма?»атты сынып сағаттары өткізілді. Бұл сынып сағаттары тәрбие сағаты,интеллектуалды ойын, танысу саяхат,дөңгелек үстел түрінде өтті. «Көк тудың желбірегені» сынып сағаттарында дөңгелек үстел түрінде өткізілді. Еліміздің тарихына көз жүрігтіп, балалар тәуелсіздіктің қандай жолмен қол жеткізгеніміз туралы өз ойларын ортаға салды. . «Кітап білім бұлағы» атты сынып сағатында оқушылар өздерінің қызыға оқитын кітаптарын әкеліп,ондпғы оқиғаларды баяндап берді. Сабақ соңында ұнаған кітаптарымен алмасты. Кітпақа деген қызығушылықтары оянды. «Жолы болсын әркімнің,орында жол тәртібін» атты сынып сағатында оқушыларды жол жүру ережесімен таныстырып, бағдаршамның жұмысы, жолдан өту тәртібі, жолда өзін – өзі дұрыс ұстауы, жол жүру ережесінің жол белгілерімен мектеп инспекторы Ұлан ағалары таныстырып шықты. «Елімнің алғашқы президенті» «Тілге құрмет – Тәуелсіздікке құрмет!» атты тәрбие сағатында Ел басының өмір жолымен, қазіргі астанамыздың көркейуімен, 33жылда жеткен ел жетістіктерімен таныстық.

Сабағы, тәртібі үлгілі төрт оқушы «Жас қыран» қатарына 5 бала өтті:Бағдаш Маржан, Иманғазина Әдемай, Кумарбеков Сырым, Оқанов Құрмет, Төлеубек Мақсат

«Жол ережесін білесің бе?» Тәрбие сағатының мақсаты:
1. Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру
2. Жол қапуіпсіздігін есте сақтауға, білуге, жол ережесінің белгілерімен жүре білуге үйрету. Ой өрісін шығармашылық тұрғыда дамыту.
3. Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу. Тәрбие сағатында жолда жүру ережесін еске түсіріп, үнемі сол ережелерді есте сақтауға, өзін – өзі қатерден сақ жүруге айтылып, ескертілді.Әр жол белгісінің шартты белгісімен танысты, көшеде жүру тәртібін кім басқарады, көше қилысының қай жерінен өту керектігі туралы айтылды. Оқушылар тәрбие сағатынан көп мағлұмат алды.


2. «Рухани адамгершіік тәрбие» бағытында бір тәрбие сағаты өткізілді. «Қарттарым - қазынам», «Буллинг деген жау», «Ар-ұят және жауапкершілік», «Уәдеде тұру деген не?», «Отбасы құндылығы-отбасы жылуы», «Спорт денсаулық кепілі»тақырыбында танымдық сынып сағаттары өткізілді.Бұл сынып сағаттарында әр түрлі ойындар, шығармашылық тапсырмалар , орындалды. «Жүректен жүрекке» деп оқушылар бір –біріне мейірімді сөздер айтып, жүректерінен шыққан мейірімді сөздерін жолдады.

«Ең басты қасиет - мейірімділік» тәрбие сағатының Мақсаты:

білімділік: балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту;

Тәрбиелік: оқушыларды мейірімділікке,қайырымдылыққа,кішіпейілдікке тәрбиелеу.




3. «Ұлттық тәрбие» бағытында ана тілі, салт-дәстүрімізбен бірге басқа тілдерді де оқып үйреніп , олардың салт- дәстүрімен танысып олардың да мәдениетін құрметтеуге бағдарлау мақсатында «Бәрі де, Ана, бір өзіңнен басталады», « Ұлыстың ұлы күні», «Әдептілік белгісі- иіліп сәлем бергені», «Асық ойынын» ұйымдастыру, «Бала тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар» атты тәрбие сағаты өтті.

Тәрбие сағат мақсаты:

Жас жеткіншектердің бойына үлкенді сыйлап тыңдай білуге, халқының салт – дәстүрінен нәр алуға, инабаттылық пен мейірімділікке тәрбиелеу.8- наурыз аналар күнін балалар өз құттықтауларын жасады. Ананы әр уақытта сыйлауға, құрметтеуге баулу.

Тәрбие сағатындағы жоспарланған міндеттер толық орындалды. Сынып қыздары мен аналарын құттықтап шағын концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Сонымен қатар «Ұлыстың ұлы күні» атты 22-наурызға арналған тәрбие сағаты да жоғары дәрежеде өткізілді. Халқысыздың ұлттық киімдерін киіп,ұлттық ойындары ойнатылды.






4. «Еңбек ,экономикалық және экологиялық тәрбие» бағытында өткізілген сабақтар оқушыларды экологиялық сауаттылыққа, қоршаған ортаны қорғауға,еңбек етуге баулу болды.Бұл бағытта төмендегідей сынып сағаты өткізілді. «Берекелі Алтын күз», Су мен электр энергиясын үнемдеуге бағытталған «Үнемділік- ұқыптылық» танымдық, шығармашылық түрінде өткізілді. Күз мезгілі туралы түсініктерін кеңейту, өзіне тән ерекшеліктерін ажырата білуге, өз ойын толық жеткізе білуге үйрету.Күзгі ойындарға қажетті құралдарды атау. Табиғатты аялауға, әсемдікті сезініп, көре білуге тәрбиелеу болды. Тәрбие сағаты осылай басталып, күз айлары, күз белгілері,күзгі ойындар , күз туралы тақпақтар айтылды.

«Алтын күз» тәрбие сағатында күздің молшылығы, сыйы, негізгі белгілері туралы айтылды.

Балалар ән айтып,би билеп сабақтың көркін кіргізді.

5. «Көпмәдениетті және көркем – эстетикалық» тәрбиеде көптілділікке яғни ағылшын, орыс тағы басқа тілдерді оқып – үйрену, көркемөнер саласы жайлы білім қалыптастыруға бағытталды.

«Жаңа жыл – жаңа жыр!» тәрбие сағаты өткізілді. Мақсаты:Жаңа жылдың ерекшелігімен таныстыру. Жаңа жылдың тойлануы және осы мейрамда кездесетін қауіпсіздіктерді айту. Балалармен және ата-аналармен қауіпсіздік ережелері жайында айтылып түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Балалар мерекені көтеріңкі көңіл –күйде өткізді.

6. «Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет» бағыты бойынша оқушылардың интернет желісі, теледидар т.б. ақпарат тарату көздерімен жұмыс жасай білу қабілеттерін, елімізде, әлем елдеріндегі әр түрлі бағдарламаларды көріп,жаңалықтарды тыңдап, түсініп күнделікті өмірде қолдана білуге, оқушылардың танымдылығын дамытуға бағытталғын жұмыстар жүргізілді. «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы», «Қ.И. Сәтбаев кім?»,атты сынып сағаттары өтті.Бұл сынып сағаттарында оқушылардың танымдылық қабілеттерінің дамуына көңіл бөлінді.

«Қ.И. Сәтбаев кім» атты сынып сағатында оқушылар қазақтан шыққан тұңғыш академик жайында тың деректермен танысты. Кітапханашы апайымыз академик жайында жазылған кітаптармен таныстырды.





7. «Отбасы тәрбиесі» бағытында «Отбасы – адамзат бесігін тербеткен ұя» атты тәрбие сағаты өткізілді. Оқушылар өз отбасылары жайлы коллаж жасап әкелді. Эссе жазды. Өлеңдер айтылып, тақпақтар жаттады.

8.«Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты» бағытында басты байлық- денсаулық екеніне көз жеткізу, жеке бас гигиенасы, салауатты өмір салты қағидаларын сақтау мақсатында «Мектеп автобусындағы қауіпсіздік ережесі», «Қазақтың ұлттық ойындары», «Сен және төтенше жағдай», «Қыс мезгіліндегі қауіпсіздікте», «Судағы қауіпсіздік», «Спорт – денсаулық кепілі», «Кене энцефалиті», «Қызылша» , «Жазғы каникул кезіндегі қауіпсіздік ережелер сағаты тәрбие сағаттары өтті.





Оқу жылының соңынды 4 –сыны оқушыларымен «Аттандық балалықтан болашаққа» атты сынып сағаты өткізілді.Мақсаты:

  1. Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу. 
    2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу. Білім берер ордасы – мектепті ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу.

«Білімім отаныма» атты соңғы қоңырауға арналған сынып сағаты өткізілді. Балалар ҚР гимнін орындап , ҚР Білім министірі Ғани Бейсембаевтың оқу жылының аяқталуына арналған құттықтау сөзін тыңдап, үздіктер мақтау қағаздарымен марапатталды.



Қорыты келгенде сынып белсенділері өздеріне жүктелген жұмыстарды уақытында орындауға дағдыланып қалды.Сынып жиналыстарын өтікізіп онда атқарылған жұмыстар туралы айтылып және тазалық,сыйластық, мейірімділік, мектепте, қоғамдық орындарда өздерін ұстау ережелері туралы айтылып отырылады. Сыныпта мүлдем тәрбиеге көнбейтін,тәрбиесі төмен оқушы жоқ. Әрқайсысы басқа балаларға жақсы тәртіптерімен,әдептіліктерімен үлгі бола алады.Қазірден оқушыларды дұрыс жолға салып, дұрыс бағыт,бағдар берсе сынып болашақта өте мықты сынып болайын деп тұр. Тәрбие жұмыстарына үнемі ата- аналарды тартып , бірлесе жұмыс жасауға тырысамын.Алдағы уақытта да оқу – тәрбие жұмысын ата-аналармен бірлесе атқаруды күшейте түсуге тырысамын.


Сынып жетекші:






























«Шаңырақ» көпсалалы мектеп – гимназия» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі

2018– 2019 оқу жылындағы 2 «Ә» сынып оқушыларының жылдық

тәрбие талдауы


Сыныпта жыл соңында 20 оқушы болды. Оның 12 –і қыз,8-і ұл бала.

Сыныптың жылдық білім сапасы:65 пайыз, үлгерімі -100 пайы, 6 - оқушы оқу озаты,7 – оқушы оқу екпіндісі.

Сыныптағы екі оқушының отбасы толық емес, қалған отбасылар толық отбасылар қатарына жатады. Төрт отбасы көпбалалы отбасылар қатарына жатады.Бес оқушыға тегін тамақ беріледі. Екі отбасының жеке меншік үйлері жоқ.Пәтер жалдап тұрып жатыр.Қалған оқушылар тұрмысы жақсы отбасынан. Жеті оқушы мектептен алыс ауданда тұратындықтан, тегін жолмен қамтамасыз етілген. Бір оқушы орыс тілді.Ол оқушымен тілін дамытуда жұмыстар жүргізілді. Бокеев Қуаныш, Камел Амина, Қайырхан Қайыржан,Қатиетолда Медеу, Құрманова Айзере,Сәлімбекова Еркежанның сабаққа ынталары өте жақсы.Ахмадиева Айдана, Ертіс Жансая, Жомартқанова Жансая, Қанатқызы Кәусар, Марат Ердос,Мұхаметуәли Дарын жеке қосымша жұмысты көп қажет ететін балалар. Сабаққа ынта, зейіндері өте төмен.Тынышсыз, өте көп қимылдайтын оқушылар -Марат Ердос,Мұхамеуәли Дарын, Қайырхан Қайыржан.Оларды үнемі бақылауда ұстау керек. Осы оқушылармен қосымша жұмыстар жүргізіп, білімдері, тәртіптері жақсарып қалды.Сыныпта 3 оқушыдан басқасы оқу жылдамдықтарын нормаға сай оқып тұр.Олар:Ертіс Жансая, Мұхаметуәли Дарын,Қанатқызы Кәусар. Оқу жылдамдығының сапасы -80 пайыз.Сыныптың мектепке бейімделуі жақсы.Сыныпта кезекшілікті атқару, сынып белсенділерінің өз жұмыстарын атқаруы, қоңырауда, асханада өзін-өзі дұрыс ұстай білуі, мектептің формасын сақтауы, жалпы бірыңғай талапты орындауы жақсы.Оқу құралдарын күтіп ұстауын қадағалап отырамын.Жеке бас гигиенасын сақтауға қатты көңіл бөлінеді.Сабақты себепсіз босатпайды.

І тоқсанда «Ел рәміздері», «Қарттарым аман бол», «Әкем,шешем және мен», «Әдептілік деген не?» , «Жол жүру ережесі», «Денсаулық күні», «Ұстазым - ақылшым» атты тәрбие сағаттары өтті.Сынып сағатында қала муражайына және мәңгілік отқа саяхат жасап өте көп құнды мәліметтермен таныстық.Ол жерлерден алған білімдерін сабақта қолданып жатырмыз.

«Білім негізі -бастауышта» атты ата-аналар жиналысы өтті.Ата-аналар үнемі мектеппен байланыста болады. Осы сыныбымның әкелері аналарға қарағанда бала тәрбиесінде белсенділік танытуда.Қандай тапсырма болса да уақытында орындап , үнемі баласы үшін жанын сала жүгіріп жүретін ата-аналар Турканова Анар,Каирбаева Мадина,Мамиева Зинара, Кеңесбаева Айгерім.Ата-аналар өз беттерінше балаларын үйде дамытып, әр түрлі жұмыстар атқарады. Барлық оқушылар оқу құрал – жабдықтарымен қамтамасыз етілген.

ІІ тоқсанда «Желтоқсан ызғары», «Әдептілік - әдемілік» , «Жол жүру ережесі», «Кел,Жаңа жыл » атты тәрбие сағаттары мен ертеңгіліктері өтті. «Кел,Жаңа жыл! » ертеңгілігі өте жақсы деңгейде өтті.Бұл жерде ата-аналардың ертеңгілікті өткізуге көмегі,қолдау көрсетуі өте жақсы болды.Ол ертеңгіліктерде пәндік байланыстар көрініс тапты.

«Білімді ата-ана – үлгі болар баласына» атты ата-аналар жиналысы өтті.Бұл жиналысты тапқыр ата-ана сайысы түрінде өткіздік.Ата-аналарды үш топқа бөліп, әр түрлі тапсырмалар орындап көзге білімімен түскен ата-аналарды басқа ата-аналарға үлгі боларлықтай еттік.

ІІІ тоқсанда «Гүл өссе – жер көркі, Қыз өссе- ел көркі», «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз!», «Жол жүру ережесін білейік!», «Шатырдағы мұздан сақтан! » атты тәрбие сағаттары мен ертеңгіліктері өтті.Аналар,қыздар күніне арналған және наурыз мерекесіне арналған ертеңгіліктері өте жақсы деңгейде өтті.Бұл жерде ата-аналардың ертеңгілікті өткізуге көмегі,қолдау көрсетуі өте жақсы болды.Ол ертеңгіліктерде пәндік байланыстар көрініс тапты.

«Ата-ана – баласының өмірлік ұстазы және тәрбиешісі» атты ата-аналар жиналысы өтті. Осы тақырып бойынша пікір –талас өтті. Ата-ана осы тақырып бойынша өз ойларын ортаға салды.Ата-аналар үнемі мектеппен байланыста болады.Ата –аналар жиналысына 100;95 пайыз қатысады.

4 тоқсанда «Ел рәміздері», «1 мамыр - еліміздің ұлттар бірлігі күні», «9 мамыр - Ұлы жеңіс күні», «Жігіт сұлтаны сайысы » атты тәрбие сағаттары мен ертеңгіліктері өтті. Жігіт сұлтаны сайысы өте жақсы деңгейде өтті.Бұл жерде ата-аналардың сайысты өткізуге көмегі,қолдау көрсетуі өте жақсы болды.Ол сайыста пәндік байланыстар, ұлдардың жеке күш сынасуы, ептіліктері көрініс тапты.

«Білімді мыңды жығар» атты ата-аналар жиналысы өтті. Осы тақырып бойынша ата-аналардан сауалнама алынды. Сауалнама қорытындысы бойынша ата –аналар балаларына қосымша білім көтеру бойынша аз көңіл бөлетіні анықталды. Үйлерінде балаларға арналған үй кітапханасы жоқтың қасы.Ата-ана осы тақырып бойынша өз ойларын ортаға салды. Үнемі баланың білімін жетілдіруде қосымша ертегі, әдеби кітаптар, энциклопедия, баспаларға жазылу керектігі айтылды.Қандай тапсырма болса да уақытында орындап , үнемі баласы үшін жанын сала жүгіріп жүретін ата-аналарға жиналыста ата-аналар атынан рахмет айтып, алғыс хат тапсырдық.

7 оқушы мектеп жанындағы лагерьде демалатын болды. 1 оқушы «Синегорье» сауықтыру лагерінде демалады. Қалған оқушылар ауылға, басқа қаладағы туған-туыстарында демалатындарын айтты. Қауіпсіздіктеріне ата-аналары жауапты.

Қорыта келгенде: сыныпта мүлдем тәрбиеге көнбейтін,тәрбиесі төмен оқушы жоқ. Әрқайсысы басқа балаларға жақсы тәртіптерімен,әдептіліктерімен үлгі бола алады.Қазірден оқушыларды дұрыс жолға салып, дұрыс бағыт,бағдар берсе сынып болашақта өте мықты сынып болайын деп тұр. Алдағы уақытта да оқу – тәрбие жұмысын ата-аналармен бірлесе атқаруды одан әрі күшейтуге ат салысуды күшейте түсемін.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.06.2024
879
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі