С.Байшев атындағы ЖОББМ-нің 2024-2025 оқу жылы бойынша "Мектепке жол" дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы
2024 жылдың 1 тамызда «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды. Ағымдағы жылы қайырымдылық акциясына ерекше көңіл бөлініп, «Жақсылық жаса» ұранымен өткізілді. Жақсылық жақсылыққа әкеледі. "Жақсыны артқа тастаңыз- ол алға жетелейді" – деген мақал бар. Жақсы өмір сүру үшін мүмкіндіктеріде, жағдайларыда жоқ адамдарға көрсетілген мейірімділік ерекше бағаға ие.Қайырымдылық- мұқтаж адамдарға көмек және мейірімділік көрсету.Қайырымдылықтың басты ерекшелігі-көмек түрін, орнын және мазмұнын ерікті түрде таңдау. Мәселен, ағымдағы 2024-2025 оқу жылында С.Байшев атындағы жалпы білім беретін мектебінде қайырымдылық акциясы өтті.Оған біздің қаламыздың жомарт жүректі көмек көрсету мүмкіндіктері бар тұрғындары қатысты. Олар аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға үлкен көмек көрсетті. Бұл демеушілердің барлығы –біздің мектептің бұрынғы оқушылары, елдің лайықты азаматтары.
Әлеуметтік педагогтың жұмыстануы барысында қала кәсіпкерлері, мекеме басшыларына, мектеп түлектеріне түсінік жұмыстары жүргізіліп, акция мақсаты таныстырылды. Нәтижесінде, игілікті іске азаматтар айтарлықтай үлес қосып, балаларға қуаныш сыйлады.
«Азаматына қарап, ауылын таны» дегендей, Темір топырағынан түлеп ұшқан, билік тізгінін ұстамаса да, қайырымдылық жасап жүрген түлектеріміз, ауыл азаматтары көп. Аз қамтылған отбасыларының балаларына мектепке жол акциясы арқылы көмек қолын созған азаматтар ісі – алғыс айтуға тұрарлық. Олар қамқорлық пен сүйіспеншілікті өмір қағидаларының бастауына айналдырып, сөзі мен қимылын ұштастырған озық талантпен, жүректіліктің үлгілерін көрсетті.
Қамқорлық жасау, өзіңде барды өзгемен бөлісу, мұқтаж, көңілі жарым жандарға қол ұшын беру жомарттылықтың белгісі және ондай іс тек жомарт жандардың қолынан келері анық. Адамның жүрегі көңілсіз, жылусыз ескіреді. Ал басқаларға көмектесетіндер шын мәнінде мейірімі мол және олармен бөлісетін күшті адамдар. Өзара көмек көрсету дәстүрі алдағы уақытта да жоспарланып отыр.
Балаң көңілдерге балауса көңіл сыйлауда мектеп әкімшілігі , жергілікті кәсіпкерлер мен түлектердің қамқорлық жұмыстарына жұмылуына ықпал етіп келеді.Білім ордамыздың басшысы С.К.Тасбауова және мектеп ұжымы балаларға көңіл сыйлаған, күлкі сыйлаған қайырымды жүрек иелеріне алғысын білдіреді.
С.Байшев атындағы ЖОБММ-нің әлеуметтік педагогы Тұнғатарова Назгүл Ерланқызы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
2024-2025 оқу жылы бойынша "Мектепке жол" дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы
2024-2025 оқу жылы бойынша "Мектепке жол" дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы
С.Байшев атындағы ЖОББМ-нің 2024-2025 оқу жылы бойынша "Мектепке жол" дәстүрлі жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы
2024 жылдың 1 тамызда «Мектепке жол» республикалық акциясы басталды. Ағымдағы жылы қайырымдылық акциясына ерекше көңіл бөлініп, «Жақсылық жаса» ұранымен өткізілді. Жақсылық жақсылыққа әкеледі. "Жақсыны артқа тастаңыз- ол алға жетелейді" – деген мақал бар. Жақсы өмір сүру үшін мүмкіндіктеріде, жағдайларыда жоқ адамдарға көрсетілген мейірімділік ерекше бағаға ие.Қайырымдылық- мұқтаж адамдарға көмек және мейірімділік көрсету.Қайырымдылықтың басты ерекшелігі-көмек түрін, орнын және мазмұнын ерікті түрде таңдау. Мәселен, ағымдағы 2024-2025 оқу жылында С.Байшев атындағы жалпы білім беретін мектебінде қайырымдылық акциясы өтті.Оған біздің қаламыздың жомарт жүректі көмек көрсету мүмкіндіктері бар тұрғындары қатысты. Олар аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға үлкен көмек көрсетті. Бұл демеушілердің барлығы –біздің мектептің бұрынғы оқушылары, елдің лайықты азаматтары.
Әлеуметтік педагогтың жұмыстануы барысында қала кәсіпкерлері, мекеме басшыларына, мектеп түлектеріне түсінік жұмыстары жүргізіліп, акция мақсаты таныстырылды. Нәтижесінде, игілікті іске азаматтар айтарлықтай үлес қосып, балаларға қуаныш сыйлады.
«Азаматына қарап, ауылын таны» дегендей, Темір топырағынан түлеп ұшқан, билік тізгінін ұстамаса да, қайырымдылық жасап жүрген түлектеріміз, ауыл азаматтары көп. Аз қамтылған отбасыларының балаларына мектепке жол акциясы арқылы көмек қолын созған азаматтар ісі – алғыс айтуға тұрарлық. Олар қамқорлық пен сүйіспеншілікті өмір қағидаларының бастауына айналдырып, сөзі мен қимылын ұштастырған озық талантпен, жүректіліктің үлгілерін көрсетті.
Қамқорлық жасау, өзіңде барды өзгемен бөлісу, мұқтаж, көңілі жарым жандарға қол ұшын беру жомарттылықтың белгісі және ондай іс тек жомарт жандардың қолынан келері анық. Адамның жүрегі көңілсіз, жылусыз ескіреді. Ал басқаларға көмектесетіндер шын мәнінде мейірімі мол және олармен бөлісетін күшті адамдар. Өзара көмек көрсету дәстүрі алдағы уақытта да жоспарланып отыр.
Балаң көңілдерге балауса көңіл сыйлауда мектеп әкімшілігі , жергілікті кәсіпкерлер мен түлектердің қамқорлық жұмыстарына жұмылуына ықпал етіп келеді.Білім ордамыздың басшысы С.К.Тасбауова және мектеп ұжымы балаларға көңіл сыйлаған, күлкі сыйлаған қайырымды жүрек иелеріне алғысын білдіреді.
С.Байшев атындағы ЖОБММ-нің әлеуметтік педагогы Тұнғатарова Назгүл Ерланқызы
шағым қалдыра аласыз













