Материалдар / 2024-2025 оқу жылы Тәрбие жұмысының жоспары 1 сынып

2024-2025 оқу жылы Тәрбие жұмысының жоспары 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
2024-2025 оқу жылы Тәрбие жұмысының жоспары 1 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Қырқүйек 2024
633
9 рет жүктелген
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫ»

БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТЫ:

Қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ МІНДЕТТЕРІ:

Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу:

  • отанға, өз халқына, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;

  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу;

  • адалдық, әділдік, мейірімділік, ар-ұят пен қамқорлық, қайырымдылық және басқа да адамдық қасиеттерді дамыту;

  • табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.

Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту:

  • жетістіктері үшін мақтаныш сезімін ұялату;

  • отбасы, қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру;

  • өз құқығы мен бостандығы, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға дайын

  • болуға баулу;

  • әлеуметтік маңызы бар қызметке белсенді қатысуға тәрбиелеу.

Парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру:

  • басқалармен қарым-қатынаста адал әрі әділ болуға және әдептілік нормаларын ұстануға тәрбиелеу;

  • өз іс-әрекеттері мен сөздері үшін жауапкершілікті түсінуге тәрбиелеу;

  • еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру;

  • біреудің еңбегі мен мүлкін құрметтеуге тәрбиелеу.

Білім алушының жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау:

  • әрбір білім алушыны тәрбиелеу мен оқытуда даралау мен саралау тәсілдемелерін қамтамасыз ету;

  • білім беру ортасында жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал қалыптастыру.

Бағдарлама мазмұны: Білім алушылардың бойында құндылықтарды дамыту білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесі жағдайында жүйелі ұйымдастырылады. Бұл міндетті іске асыру білім беру мазмұны, сынып сағаттары мен сыныптан тыс іс-шаралары арқылы жүзеге асырылады.

Ай сайын өткізілетін тұрақты іс-шаралар білім алушылардың біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталуы тиіс:

Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;

Қазан айы – тәуелсіздік және отаншылдық айы;

Қараша айы – әділдік және жауапкершілік айы;

Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айы;

Қаңтар – заң және тәртіп айы;

Ақпан – жасампаздық және жаңашылдық айы;

Наурыз тәуелсіздік және отаншылдық айы;

Сәуір – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;

Мамыр – бірлік және ынтымақ айы.



Бағдарламаның күтілетін нәтижелері:

Бағдарламаны дәйекті және кешенді іске асыру нәтижесінде білім берудің барлық деңгейіндегі ұйым түлектерінің бойында құндылықтар мен негізгі құзыреттері қалыптастыру және дамыту күтіледі:

Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық

Құзыреттілік: ұлттық мүддені дамыту

Бастауыш мектеп түлегі:

  • мемлекеттік тілді білу және құрметтеу;

  • мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету және өз еліне сүйіспеншілік таныту;

  • дәстүрлерді сақтау және құрметтеу;

  • отбасының құндылығын түсіну;

  • тарихи және мәдени мұраны зерттеуге қызығушылық таныту;

  • қоршаған ортаға қамқорлық жасау.

Құндылық: бірлік және ынтымақ

Құзыреттілік: тиімді коммуникация

Бастауыш мектеп түлегі:

  • командада жұмыс істеу, бір-бірін тыңдау және ортақ мақсатқа жетуде бірлесіп әрекет ету;

  • өз ісіне мұқият болу және басқаларға көмек көрсету;

  • басқаларға құрмет көрсету және олардың ерекшелігіне төзімді болу;

  • бірлескен жетістіктерге ұмтылу және ұжымдық күш жігерді ынталандыру;

  • тапсырмаларды орындауда және мәселелерді шешуде бір-біріне көмектесу.

Құндылық: әділдік және жауапкершілік

Құзыреттілік: қоғамға қызмет

Бастауыш мектеп түлегі:

  • шындықты айту;

  • достыққа адал болу;

  • жақсылық пен жамандықты, әділдік және әділетсіздікті ажырата білу;

  • өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарау;

  • заттар мен мүлікті ұқыпты ұстау.

Құндылық: заң және тәртіп

Құзыреттілік: азаматтық борыш және парасаттылық

Бастауыш мектеп түлегі:

  • өз құқықтары мен міндеттерін білу, әдеп нормаларын ұстану, сыныптағы және мектептегі мінез-құлық

  • ережелерін сақтау;

  • қауіпсіздік ережелерін, оның ішінде жол қозғалысы ережелерін білу және сақтау;

  • педагогтерге немесе ата-аналарға проблеманың алдын алу және шешу үшін шаралар қабылдауда көрген

  • немесе білетін қауіптер туралы хабарлау;

  • кемсітушілік пен қудалаудың кез-келген түрінен аулақ бола отырып, педагогтердің, сыныптастарының

  • құқықтары мен қадір-қасиетін құрметтеу.


Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік

Құзыреттілік: инновациялық ойлау

Бастауыш мектеп түлегі:

  • мамандықтың ерекшеліктерін білу және адамдардың еңбегін құрметтеу;

  • өз-өзіне қызмет ету және өзін-өзі ұйымдастыру дағдыларын қолдану;

  • отбасында және оқуда қажетті жұмыстарды жүйелі түрде тәртіпті және сапалы орындау;

  • нәтижеге жету мақсатын белгілеу және оны іске асыруды жоспарлау, ұйымдастыру және оған қол

  • жеткізуге ұмтылу;

  • өз білімі мен дағдыларын дамыту үшін тыңғылықты жұмыс істеу.

Құндылық: жасампаздық және жаңашылдық

Құзыреттілік: шығармашылық

Бастауыш мектеп түлегі:

  • қоршаған әлемді зерттеу, сұрақтар қою, эксперименттер жүргізу және алынған мәліметтер негізінде

  • қорытынды жасай алу;

  • жаңа идеяларды қалыптастыру, мәселелердің стандартты емес шешімдерін көру және оларды іс жүзінде

  • қолдана алу;

  • инновациялық идеяларды жүзеге асыруға ықпал ететін компьютермен жұмыс істеу негіздерін және басқа

  • да технологиялық дағдыларды меңгеру;

  • жаңа тәсілдер мен технологияларды қолдануды талап ететін балалар жобаларына қатысуға дайын болу;

  • өз әрекеттерінің қоршаған әлем үшін маңыздылығы мен салдарын түсіну.


Әр айдың іс-шаралары :

күнделікті

«Менің Қазақстаным» – оқу аптасының басында бірінші сабақта білім алушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайды.

«Апта дәйексөздері» – бүкіл білім беру ұйымның оқу және оқудан тыс іс-әрекетінің лейтмотиві ретінде қызмет ететін мақал-мәтелдер, халық даналығы, көрнекті тұлғалардың ұлағатты сөздері. Аптаның дәйексөздері ақпараттық стендтерде, Led-экрандарда, сынып тақталарында және т.б. орналастырылады.

«Қауіпсіздік сабағы» – жол қозғалысы ережелерін, өмір қауіпсіздігі негіздерін зерделеу, білім алушылардың жеке қауіпсіздігін, қауіпсіз мінез-құлқын және т.б. сақтауы туралы сынып сағаты шеңберінде 10 минут ақпарат беру немесе әңгіме өткізу.

«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» – үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру – асық, тоғызқұмалақ, бес тас және т.б.

«Өнегелі 15 минут» – ата-аналардың баласымен мінезқұлық және адамгершілік туралы күнделікті 15 минут жеке әңгімелесуі.

«Үнемді тұтыну» – суды, тамақты, энергияны тұтыну бойынша күнделікті табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру: жадынамалар, нұсқаулықтар мен парақшалар әзірлеу.

«Күй күмбірі» – қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде күй тыңдау апта сайын.






ҚЫРКҮЙЕК – «ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК» АЙЫ

1 қыркүйек – «Білім күні»

5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күні

Қыркүйек айының екінші жексенбісі – Отбасы күні

Қыркүйек айының екінші жексенбісі- Аналар күні

Қыркүйек айының соңғы жексенбісі – Еңбек күні

Іс – шараның атауы

Ұйымдастыру түрі

Жүзеге асырушы жауапты мамандар

Күні

ҚҰНДЫЛЫҚТАР: ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ, БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ, ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК,ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП , ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК, ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ.


1 қыркүйек Білім күні:

«Мектебім – мейірім мекенім»

Сынып сағаты

Сынып жетекші

Шыңғысова А.Н.

01.09.2024

1

Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл (1995)

«Менің құқығым мен міндеттерім»

Танымдық сабақ

Сынып жетекші

Шыңғысова А.Н.

02.09.2024

2

"Тілім бар да қазағым бар, халқым бар"


Сынып сағаты, сұрақ-жауап, талдау

Сынып жетекші

Шыңғысова А.Н.

09.09.2024

3

«Отбасы – бақыт аясы»

ЖЖЕ № 1 «Көше күтпеген оқиғаларға толы»

Тәжірибелік сабақ

Сынып жетекші

Шыңғысова А.Н.

16.09.2024

4

«Еңбек елдің мұраты»

Қауіпсіздік сабағы № 1 «Төтенше қызмет нөмірлері»

Сынып сағаты

Сынып жетекші

Шыңғысова А.Н.

23.09.2024

5

Ұлттық ойын – ұлт қазынасы

«Асық ойнау білесің бе?»

Танымдық, тәжірибелік сабақ

Сынып жетекші

Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі

30.09.2024


ҚАЗАН – «ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ» АЙЫ

1 қазан- Халықаралық қарттар күні

5 қазан – Мұғалімдер күні

24 қазан – Кітапханашылар күні

25 қазан – Республика күні

6

«Ұстаз – мектептің жүрегі»

ЖЖЕ №2 Жаяу жүргінші өтпелері.

Кездесу сағаты

Сынып жетекші

Шыңғысова А.Н.

07.10.2024

7

«Зорлық зомбылықсыз балалық шақ»

Қауіпсіздік сабағы № 2 «Төтенше жағдай туындаған кезде жедел қызметтерге қоңырау шалу скриптері»

Сынып сағаты

Сынып жетекші

Шыңғысова А.Н.

14.10.2024

8

25 қазан Республика күні.

«Менің Отаным Қазақстан!»

Сайыс сабақ

Сынып жетекші

Шыңғысова А.Н.

21.10.2024


ҚАРАША – «ӘДІЛДІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІК» АЙЫ

15 қараша – Ұлттық валюта –теңге күні

16 қараша- Халықаралық толеранттылық күні


9

«Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы»

Сынып сағаты


04.11.2024

10

«Үнемділік ұқыптылық»

Сынып сағаты

Сынып жетекші

Шыңғысова А.Н.

11.11.2024

11

«Ұлттық теңге – тәуелсіз Қазақстанның айшығы»

Бейнеролик

Сынып жетекші

Шыңғысова А.Н.

18.11.2024

12

«Еңбегі адал жас өрен» жобасы «Мамандықтар әлемі»

Қауіпсіздік сабағы № 3 «Есік қағылды. Қауіпті қалай тануға болады?»

Сынып сағаты

Сынып жетекші

Шыңғысова А.Н.

25.11.2024


ЖЕЛТОҚСАН – «БІРЛІК ЖӘНЕ ЫНТЫМАҚ» АЙЫ

5 желтоқсан – Дүниежүзілік еріктілер күні

16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздік күні

13

Рухани адамгершілік тәрбие негізі. Буллингке жол жоқ!

Танымдық сабақ

Сынып жетекші

Шыңғысова А.Н.

02.12.2024

14

«Отбасы – тәрбиенің алтын бесігі»

ЖЖЕ №3 Реттелетін жол қиылыстары. Бағдаршам.

Сыныптан тыс іс шара

Сынып жетекші

Шыңғысова А.Н.

09.12.2024

15

«Тәуелсіздік тұғырым»


Бейнежазбалар шеруі

Сынып жетекші

Шыңғысова А.Н.

16.12.2024

16

ДосболLIKE акциясы

«Достық қолын ұсын»

Қауіпсіздік сабағы № 4 «Ойыншықтарды қауіпсіз пайдалану ережелері».

Достық акциясы

Сынып жетекші

Шыңғысова А.Н.і


23.12.2024


ҚАҢТАР – «ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» АЙЫ


17

«Мінез – адам көрсеткіші» Құқық бұзушылықтың алдын алу.

Қауіпсіздік сабағы № 5 «Егер бейтаныс адам көшеде көмек сұраса не істеу керек?»


Сыныптан тыс іс шара

Сынып жетекші

Шыңғысова А.Н.

13.01.2025

18

Үнемді тұтыну:

«Қалдықтарды табысқа

айналдырайық»

Бейнероликтер шеруі

Сынып жетекші

Шыңғысова А.Н.

20.01.2025

19

«Балалар кітапханасы» жобасы

«Шын жүректен кітап сыйла»

Челлендж

Сынып жетекші

Шыңғысова А.Н.

27.01.2025


АҚПАН – «ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖӘНЕ ЖАҢАШЫЛДЫҚ» АЙЫ

14 ақпан – Халықаралық кітап сыйлау күні

Ақпан айының бірінші сейсенбісі – дүниежүзілік қауіпсіз интернет күні.

20

«Еңбек түбі береке»

Қауіпсіздік сабағы 6 «Дүкенге алғашқы рет жалғыз бару»

Сынып сағаты

Сынып жетекші

Шыңғысова А.Н.

03.02.2025

21

«Экология және біз»

Топсеруен

Сынып жетекші

Шыңғысова А.Н.

10.02.2025

22

«Біздің қоғамдағы азаматтық жауапкершілігіміз»

Сынып сағаты

Сынып жетекші

Шыңғысова А.Н.

17.02.2025

23

«Өнертапқышқа алғашқы қадам»

Қауіпсіздік сабағы № 7 «Біріктіруге болмайтын өнімдердің комбинациясы»

Бейнеролик

Сынып жетекші

Шыңғысова А.Н.

24.02.2025


НАУРЫЗ – «ТӘУЕЛСІЗДІК ЖӘНЕ ОТАНШЫЛДЫҚ» АЙЫ

1 наурыз – Алғыс айту күні

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні

21,22,23 наурыз- Наурыз мерекесі

30 наурыз – Дүниежүзілік жер күні

24

«Ізгіліктің бір ісі – алғыс

айту»

ЖЖЕ №4 Автобуспен немесе троллейбуспен сапарға шығу.

Сынып сағаты

Сынып жетекші

Шыңғысова А.Н.

03.03.2025

25

«Бәрі де, Ана, бір өзіңнен

басталады»

Қауіпсіздік сабағы № 8 «Ата-аналармен құпия сөз»

Тәрбие сағаты

Сынып жетекші

Шыңғысова А.Н.

10.03.2025

26

«Наурыз –жыл басы»


Сыныптан тыс іс шара

Сынып жетекші

Шыңғысова А.Н.

17.03.2025


СӘУІР– «ЕҢБЕКҚОРЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК» АЙЫ

2 сәуір –Халықаралық балалар кітабы күні

7 сәуір- Дүниежүзілік денсаулық күні

12 сәуір – Ғылым күні

15 сәуір- Халықаралық мәдениет күні

18 сәуір – Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күні

23 сәуір – Ұлттық кітап күні

27

«Әр бала зорлық зомбылықсыз өмір сүру керек»

ЖЖЕ №5 Қай жерде ойнауға болады және қай жерде ойнауға болмайды.

Сынып сағаты

Сынып жетекші

Шыңғысова А.Н.

07.04.2025

28

«Мамандықтың бәрі жақсы..»

Сынып сағаты

Сынып жетекші

Шыңғысова А.Н.

14.04.2025

29

«Қауіпсіз ғаламтор»

Қауіпсіздік сабағы № 9 «Жасанды интеллект мүмкіндіктері. Ата- аналардың дауыстарымен қоңырау шалу».

Сынып сағаты

Сынып жетекші

Шыңғысова А.Н.

21.04.2025

30

«Кітап білім қазынасы»

Сынып сағаты

Сынып жетекші

Шыңғысова А.Н.

28.04.2025


МАМЫР– «БІРЛІК ПЕН ЫНТЫМАҚ» АЙЫ

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні

7 мамыр – Отан қорғаушылар күні

9 мамыр- Ұлы Отан соғысының Жеңіс күні

15 мамыр – Халықаралық отбасы күні

18 мамыр-Халықаралық мұражайлар күні

31 мамыр – Саяси қуғын –сүргін құрбандарын еске алу күні

31

Біздің тілегіміз достық.

ЖЖЕ №6 Қорытынды сабақ.

Сынып сағаты

Сынып жетекші

Шыңғысова А.Н

05.05.2025

32

«Жеңіс деген шат күлкісі баланың»

Сынып сағаты

Сынып жетекші

Шыңғысова А.Н

12.05.2025

33

«Қауіпсіз жаз -2025»

Қауіпсіздік сабағы № 10 «Су қоймаларындағы қауіптер»

Сынып сағаты

Сынып жетекші

Шыңғысова А.Н

19.05.2025











«Апта дәйексөздері»

Оқу тоқсаны

Апта реті

Апта күндері

Апта дәйексөздері







І тоқсан

ҚЫРКҮЙЕК

І апта

02.09 - 06.09.2024 жыл

«Білім қымбат қазына, қанағат тұтпа азына» (Мұзафар Әлімбаев)

ІІ апта

09.09 - 13.09.2024 жыл

«Жанұям қорғаным, ата-анам тірегім»

ІІІ апта

16.09 - 20.09.2024 жыл

«Ақырын жүріп анық бас, еңбегің кетпес далаға»

(Абай Құнанбайұлы)

ІҮ апта

23.09 - 27.09.2024 жыл

Еңбек етсең ерінбей

Тояды қарның тіленбей

ҚАЗАН

І апта

30.09 – 04.10.2024 жыл

«Ел жұртымның бақыты аталатын, Сөнбесін мәңгі сенің, Отан атың!»

ІІ апта

07.10 – 11.10.2024 жыл

«Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас»

ІІІ апта

14.10 – 18.10.2024 жыл

«Отан отбасынан басталады»

ІҮ апта

21.10 – 25.10.2024 жыл

«Отаным алтын бесігім!»





ІІ тоқсан

ҚАРАША

І апта

04.11 – 08.11.2024 жыл

«Әділдік пен жауапкершілік біртұтас ұғым!»

ІІ апта

11.11 – 15.11.2024 жыл

«Тура биде туған жоқ!»

ІІІ апта

18.11 -22.11. 2024 жыл

«Жауапкершілік –адамгершілік көрінісі»

ІҮ апта

25.11 – 29.11.2024 жыл

«Әділетте берік болсаң, аяғың таймайды»

ЖЕЛТОҚСАН

І апта

02.12 – 06.12.2024 жыл

«Бірлігі күшті ел озады»

ІІ апта

09.12 – 13.12.2024 жыл

«Ынтымақ жүрген жерде, ырыс бірге жүреді»

ІІІ апта

16.12 – 20.12.2024 жыл

«Бірлік болмай, тірлік болмас»

ІҮ апта

23.12 –27.12.2024 жыл

«Ынтымақ – бұзылмайтын қорған»







ІІІ тоқсан

ҚАҢТАР

І апта

13.01 – 17.01.2025 жыл

«Талап бар жерде, тәртіп бар»

ІІ апта

20.01 – 24.01.2025 жыл

«Тәртіп –тәрбие бастауы»

ІІІ апта

27.01 – 31.01.2025 жыл

«Әділет жолы – адал жол»

АҚПАН

І апта

03.02 – 07.02.2025 жыл

«Жасампаздық – бәрімізге өнеге»

ІІ апта

03.02 – 07.02.2025 жыл

«Талаптыға нұр жауар»

ІІІ апта

03.02 – 07.02.2025 жыл

«Өнерлі бала өрге жүзер»

ІҮ апта

03.02 – 07.02.2025 жыл

«Жаңашылдық –заман талабы»

НАУРЫЗ


І апта

03.03 – 07.03.2025 жыл

«Патриотизм- ата-анаңды құрметтей білуің..»

(Бауыржан Момышұлы)

ІІ апта

10.03 – 14.03.2025 жыл

«Тәуелсіздік тәтті сөз ғана емес, ұлттық жауапкершілік»

ІІІ апта

17.03 – 21.03.2025 жыл

«Ар –намыс қана тәіелсіздікке тірек бола алады»









ІҮ тоқсан

СӘУІР

І апта

01.04 – 04.04.2025 жыл

«Патриотизмі жоқ халық, жаны жоқ тәнмен тең»

ІІ апта

07.04 – 11.04.2025 жыл

«Еңбек- қуаныш-жалқаулық, айырылмас азап»

(Абай Құнанбайұлы)

ІІІ апта

14.04 – 18.04.2025 жыл

«Көп еңбек еткенге, бақыт басын иеді» (Леонардо да Винчи)

ІҮ апта

21.04 – 25.04.2025 жыл

«Болашағы зор мамандықтар жоқ, тек болашағы зор мамандар бар»

Ү апта

28.04 – 02.05.2025 жыл

«Білікті білім жинап кәсіп етер, білімнің дәмін татып өсіп өнер»

МАМЫР

І апта

05.05 – 09.05.2025 жыл

«Күннің көзі ортақ, жақсының сөзі ортақ»

ІІ апта

12.05 – 16.05.2025 жыл

«Бірлік жоқ болса ұйым жоқ, ұйым жоқ болса күнің жоқ»

ІІІ апта

19.05 – 23.05.2025 жыл

«Жалғанда ойлап тұрсаң бірлік керек, бірлікті ойлау үшін тірлік керек»



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ