400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"2025 жыл - Жұмысшы мамандықтар жылына" арналған мерекелік құттықтау іс-шарасы

Материал туралы қысқаша түсінік
"2025 жыл - Жұмысшы мамандықтар жылына" арналған мерекелік құттықтау іс-шарасының сценарийі, салтанатты құттықтау рәсімі
Материалдың қысқаша нұсқасы


2025 жыл - Жұмысшы мамандықтар жылына орай мекеме жұмысшыларын құттықтауға арналған мерекелік іс-шара


БАҒДАРЛАМАДА:

  1. Алғы сөз /жүргізуші/

  2. Құттықтау сөз /Директор Ожайтов Айдын Абилович/

  3. «Алғыс хаттар» табыстау рәсімі /мекеме әкімшілігі, кәсіподақ ұйымы/

  4. Құттықтау сөз /Кәсіподақ ұйымының төрағасы Серіков Нұрбол Серікұлы/

  5. Ән «Қырманға кел, қалқатай!» Абирова

  6. Көңілді қозғалмалы ойындар.

5.1. «Алғыр» ойыны /бөтелкелерді теңестіріп қою/

5.2. «Шапшаң» ойыны /шарды үрлеп, сол шармен ыдысты көтеріп жинау/

5.3. «Сұңқар» ойыны /қасықпен шарларды тасып келесі ыдысқа жинау/

5.4. «Қомағай» ойыны /ілініп тұрған алманы жарыса жеу/

6. «Мерекелік дәм-тарту» /мерекелік палау ұсыну/

Барысы:

Жүргізуші:

Жұмысшы мамандықтар – ел мақтаны!

Өздеріңдей жандардың асқақ аттары!

Бүгін мейрам, уа, халайық, жарандар!

Ұжымдастар басын қосып жатқаны!

Армысыздар, бармысыздар, халайық!

Мерекелік думанға бал-бұл жанайық!

Әсем әннің әуеніне би билеп

Ойын ойнап, алғысты да алайық!

  • Өмір үшін тамақ қандай қажет болса, денсаулық үшін еңбек те соншалық керек!

  • Еңбек өмірдің шырағына май құяды, ал қиял оны тұтандырады, еңек әрқашан таланттан биік тұрады!

  • Жасасын, біздің жұмысшы мамандар!!! /қайталау/

Төрінен табылған еңбектің!

Осылай өмірде ер жеттің!

Құттықтаймыз Сіздерді

Мерекемен кезекпен!



Жүргізуші:

Шығыс Қазақстан облысы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының «Тарбағатай арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры Ожайтов Айдын Абилұлына жұмысшы мамандарды құттықтау сөзді ұсынамыз!

(құттықтаудан соң алғыстар табыс етіледі)

-----------------------------------------------------------------------------------------

Жүргізуші:

Еңбек етсең арта бермек мәртебең,

Аймағыңда асатын жан да жоқ сенен.

Адал еңбек Адал азамат еткен ғой

Баршамызды, ұжымдас, біле білсең! – дей келе құттықтау сөз «Тарбағатай арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Кәсіподақ ұйымының төрағасы Серіков НұрБол Серікұлына беріледі!

-----------------------------------------------------------------------------------------

Ән: «Қырманға кел, қалқатай!» /Орындайтын Абирова С.К./


Жүргізуші:

Еңбек Адамы!

Құтты болсын мерекең!

Кетпесін отбасында бақ-берекең!

Бір уақыт мерекелік көңіл-күйде

Ойнап-күлген, көңіл көтерген жөн екен!

Ұйымдастырушылардың дайындаған көңілді ойындарына ір кісідей белсене қатысуға шақырамыз!!!


  1. «Алғыр» ойыны /бөтелкелерді теңестіріп қою/

  2. «Шапшаң» ойыны /шарды үрлеп, сол шармен ыдысты көтеріп жинау/

  3. «Сұңқар» ойыны /қасықпен шарларды тасып келесі ыдысқа жинау/

  4. «Қомағай» ойыны /ілініп тұрған алманы жарыса жеу/



«Мерекелік дәм-тарту»

Мерекелік палаудан дәм татуға шақырамыз!!!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
13 қазан
233
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі