Материалдар / 2025жыл ақпан айында атқарылған жұмыстар

2025жыл ақпан айында атқарылған жұмыстар

Материал туралы қысқаша түсінік
2025 жыл ақпан айында атқарылған жұмыстарға анықтама
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

«Бекітемін»:

ЖШС «Бес жұлдыз» бөбекжай

балабақшасының меңгерушісі:

__________А.М.Чавкенова

«29» қаңтар 2025жыл



2024-2025 оқу жылының ақпан айына арналған айлық жоспары

Жұмыс жоспары


Мерзімдері

Балалармен жұмыс


Диагностика


1

Баланың жас-ерекщелігіне қарай дамуын бақылау

03-07.02.2025

Түзеу-дамыту жұмыстары


1

Мінез-құлқы күрделі балалармен түзету жұмыстары

Балалардың қол моторикасын дамыту.


10-13.02.2025

Ата-аналармен жұмыс


1

МАД топтарының ата-аналарына « 5-6 жастағы балалардың жас ерекшеліктері?» тақырыптарында кеңес беру.

21.02.2025

Педагогтармен жұмыс


1

« 4 жастағы баланың тілін қалай дамытуға болады?» тақырыбында кеңес беру


28.02.2025




Педагог-психолог:Тәжібай А.Н.











Бекітемін:

ЖШС «Бес жұлдыз» бөбекжай

Балабақшасының меңгерушісі

А.М.Чавкенова ____



Балабақша психологы Тәжібай А.Н. ақпан айының апталық жұмыс жоспары

Күні

1-апта

2-апта

3-апта

4-апта

Дүй

Кіші топ балаларына «Немен қоректенеді?» сөздік жаттығу

«Допты бидонға сал» дидактикалық ойыны.

«Аюмен ойнайық» қимылды ойыны.

Логикалық ойлау негіздерін дамыту. «Көлікті тап» ойын

Сей

Балаларға бау-бақшада өсетін жемістердің атауларын үйрету мақсатында «Жемістер» сөздік ойын

Түстерді анықтауға баулу; қабылдау, зейін, ойлау қабілетін дамыту. «Түстерін тап» ойын

Үлкенді-кішілі заттар туралы түсініктерін қалыптастыру. «Қайсы үлкен және кіші» ойын

Ойлау, еске сақтау, сөйлеуді дамыту. «Біреу және көп» дидактикалық ойын

Сәр

Балаларға түстерді ажыратуды және дұрыс айтуды үйрету.

«Не қандай түсті болады»

Жануарларының қайда мекендейтіні туралы білімдерін тиянақтау; сөздік қорын байыту; «Не қайда мекендейді»

Балаларды аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа баулу. «Көлеңкесін тап» ойын

Балалардың қабылдау, зейін, ойлау, қолдың ұсақ моторикасын дамыту «Пазлды жина»

Бей

Танымдық процестер, мазасыздық, коммуникация, эмоционалды дамуды түзету

«Есте сақта» сабақ

Жеке тұлғаның коммуникативті қасиеттерін дамыту; достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

«Мұқият бол» сабақ

Формаларды, түстерді қабылдауды, жалпы белгі бойынша жіктеуді, ұзақ мерзімді еске сақтауды, логикалық ойлау негіздерін дамыту «Сандықтағы ғажайып» сабақ

Зейін, қиял, эмоционалдылығын түзету «Лабиринт әлемі» сабақ

Жұм

Шығармашылық ойлауды дамыту

Балалармен түзету жұмыстарын жүргізу

Гипербелсенді балалармен жеке жұмыс жүргізу

Құжатпен жұмыс, диагностикалық материалдарды әзірлеу..



Балабақша психологы: Тәжібай А.Н.

2024-2025 оқу жылы













2025 жылдың ақпан айына (03.02-07.02) арналған

педагог-психологтың циклограммасы

Мақсаты: Балабақша тәрбиеленушілерінің танымдық қабілеттерін дамыту



Апта күні

Уақыты

Сабақтар

Дүйсенбі

09.00 – 10.00



10.00-12.00



12.00 – 13.00

Топтарды аралап, балалардың көңіл-күйлерін бақылау.

Кіші топ балаларына «Немен қоректенеді?» сөздік жаттығу

«Құжатпен жұмыс, диагностикалық материалдарды әзірлеу.

Сейсенбі

09.00 – 10.00







10.00 – 12.00

12.00 – 13.00




Топтарды аралап, балалардың көңіл-күйлерін бақылау.Ерте,І-кіші топтардың ата-аналардан

Балаларға бау-бақшада өсетін жемістердің атауларын үйрету мақсатында «Жемістер» сөздік ойын

«Құжатпен жұмыс, диагностикалық материалдарды әзірлеу.

Сәрсенбі






09.00 – 10.00



10.00 – 12.00



12.00 – 13.00


Топтарды аралап, балалардың көңіл-күйлерін бақылау.



Балаларға түстерді ажыратуды және дұрыс айтуды үйрету.

«Не қандай түсті болады»

Құжатпен жұмыс, диагностикалық материалдарды әзірлеу.

Бейсенбі

09.00-10.00

10.00-12.00



16.00-18.00

Тәрбиешілерге кеңес (сұраныс бойынша)

Танымдық процестер, мазасыздық, коммуникация, эмоционалды дамуды түзету

«Есте сақта» сабақ

Ата-аналарға кеңес беру (Сұраныс бойынша)

Жұма

08.00 – 09.00



09.00 - 10.00

12.00 – 13.00


Топтарды аралап, балалардың көңіл-күйлерін бақылау.

Жеке балалармен шығармашылық қабілеттерін дамыту, түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу.

Құжатпен жұмыс, диагностикалық материалдарды әзірлеу.









2025 жылдың қаңтар айына (10.02-14.02) арналған

педагог-психологтың циклограммасы

Мақсаты: Балабақша тәрбиеленушілерінің психологиялық ахуалын дамыту



Апта күні

Уақыты

Сабақтар

Дүйсенбі

09.00 – 10.00



10.00-11.00



12.00 – 13.00

Топтарды аралап, балалардың көңіл-күйлерін бақылау.



«Допты бидонға сал» дидактикалық ойыны.



Құжатпен жұмыс, диагностикалық материалдарды әзірлеу.

Сейсенбі

09.00 – 10.00



10.00 – 12.00

12.00 – 13.00


Топтарды аралап, балалардың көңіл-күйлерін бақылау.

Түстерді анықтауға баулу; қабылдау, зейін, ойлау қабілетін дамыту. «Түстерін тап» ойын

Танымдық процестерін дамытуға арналған жаттығулар.

Құжатпен жұмыс, диагностикалық материалдарды әзірлеу.

Сәрсенбі


09.00 – 10.00

10.00 – 12.00

12.00 – 13.00


Топтарды аралап, балалардың көңіл-күйлерін бақылау.

Жануарларының қайда мекендейтіні туралы білімдерін тиянақтау; сөздік қорын байыту; «Не қайда мекендейді»

Құжатпен жұмыс, диагностикалық материалдарды әзірлеу.

Бейсенбі

09.00- 10.00

10.00-12.00



12.00-13.00

Тәрбиешілерге кеңес (сұраныс бойынша)

Жеке тұлғаның коммуникативті қасиеттерін дамыту; достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

«Мұқият бол» сабақ

Ата-аналарға кеңес беру (Сұраныс бойынша)

Жұма

09.00 – 10.00



10.00 – 12.00





12.00 – 13.00


Топтарды аралап, балалардың көңіл-күйлерін бақылау.



Эмоционалдық ерік-жігерін дамытуға арналған топтық түзету-дамыту жұмыс (тренинг, ойын)(орыс аралас тобы)

«Гипербелсенді баламен» жекелей жұмыс

Танымдық процестерін дамытуға арналған жаттығулар

Құжатпен жұмыс, диагностикалық материалдарды әзірлеу.











2025 жылдың ақпан айына (17.02-21.02) арналған

педагог-психологтың циклограммасы

Мақсаты: Балабақша тәрбиеленушілерінің психологиялық ахуалын дамыту



Апта күні

Уақыты

Сабақтар

Дүйсенбі

09.00 – 10.00



10.00-12.00



12.00 – 13.00

Топтарды аралап, балалардың көңіл-күйлерін бақылау.



«Аюмен ойнайық» қимылды ойыны.



Құжатпен жұмыс, диагностикалық материалдарды әзірлеу.

Сейсенбі

09.00 – 10.00



10.00 – 12.00



12.00 -13.00

Топтарды аралап, балалардың көңіл-күйлерін бақылау.



Үлкенді-кішілі заттар туралы түсініктерін қалыптастыру. «Қайсы үлкен және кіші» ойын



Құжатпен жұмыс, диагностикалық материалдарды әзірлеу.

Сәрсенбі






09.00 – 10.00



10.00 – 12.00



12.00 – 13.00

Топтарды аралап, балалардың көңіл-күйлерін бақылау.

Балаларды аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа баулу. «Көлеңкесін тап» ойын



Құжатпен жұмыс, диагностикалық материалдарды әзірлеу.

Бейсенбі

09.00- 10.00

10.00-12.00



12.00-13.00

Тәрбиешілерге кеңес (сұраныс бойынша)

Формаларды, түстерді қабылдауды, жалпы белгі бойынша жіктеуді, ұзақ мерзімді еске сақтауды, логикалық ойлау негіздерін дамыту «Сандықтағы ғажайып» сабақ

Ата-аналарға кеңес беру (Сұраныс бойынша)

Жұма

09.00 – 10.00



10.00 – 12.00





12.00 – 13.00

Топтарды аралап, балалардың көңіл-күйлерін бақылау.



Эмоционалдық ерік-жігерін дамытуға арналған топтық түзету-дамыту жұмыс (тренинг, ойын)(орыс аралас тобы) (Гүлдер)

«Гипербелсенді баламен» жекелей жұмыс (орыс аралас тобы) (Радуга)

Танымдық процестерін дамытуға арналған жаттығулар (Ботақан тобы)

Құжатпен жұмыс, диагностикалық материалдарды әзірлеу.







2025 жылдың ақпан айына (24.02-28.02) арналған

педагог-психологтың циклограммасы

Мақсаты: Балабақша тәрбиеленушілерінің психологиялық ахуалын дамыту



Апта күні

Уақыты

Сабақтар

Дүйсенбі

09.00 – 10.00



10.00-12.00



12.00 – 13.00

Топтарды аралап, балалардың көңіл-күйлерін бақылау.

Логикалық ойлау негіздерін дамыту мақсатында «Көлікті тап» дамытушы ойын.





«Құжатпен жұмыс, диагностикалық материалдарды әзірлеу.

Сейсенбі

09.00 – 10.00

10.00 – 12.00



12.00 – 13.00

Топтарды аралап, балалардың көңіл-күйлерін бақылау.

Ойлау, еске сақтау, сөйлеуді дамыту. «Біреу және көп» дидактикалық ойын

Танымдық процестерін дамытуға арналған жаттығулар

Құжатпен жұмыс, диагностикалық материалдарды әзірлеу.

Сәрсенбі

09.00 – 10.00



10.00 – 12.00





12.00 – 13.00


Топтарды аралап, балалардың көңіл-күйлерін бақылау.

Балалардың қабылдау, зейін, ойлау, қолдың ұсақ моторикасын дамыту «Пазлды жина»







Құжатпен жұмыс, диагностикалық материалдарды әзірлеу.

Бейсенбі

09.00- 10.00

10.00-12.00



12.00-13.00

Тәрбиешілерге кеңес (сұраныс бойынша)

Зейін, қиял, эмоционалдылығын түзету «Лабиринт әлемі» сабақ

Ата-аналарға кеңес беру (Сұраныс бойынша)

Жұма

09.00 – 10.00



10.00 – 12.00





12.00 – 13.00


Топтарды аралап, балалардың көңіл-күйлерін бақылау.



Эмоционалдық ерік-жігерін дамытуға арналған топтық түзету-дамыту жұмыс (тренинг, ойын)(орыс аралас тобы) (Радуга)

«Гипербелсенді баламен» жекелей жұмыс (орыс аралас тобы) (Радость)

Танымдық процестерін дамытуға арналған жаттығулар (Бәйтерек тобы)

Құжатпен жұмыс, диагностикалық материалдарды әзірлеу.






Ақпан айында жүргізілген жұмысқа қорытынды анықтама



2024-2025 оқу жылының ақпан айына айлық жоспар жасалынды. Кіші топ балаларының жануарлар не жейтіні туралы түсінігін дамыту мақсатанда «Немен қоректенеді?» сөздік жаттығу, зейінін дамыту мақсатында «Допты бидонға сал» дидактикалық ойыны, қимылдарын реттеу мақсатында «Аюмен ойнайық» қимылды ойыны,логикалық ойлау негіздерін дамыту мақсатында «Көлікті тап» ойындары өткізілді.
Ортап топ балаларға бау-бақшада өсетін жемістердің атауларын үйрету мақсатында «Жемістер» сөздік ойын, түстерді анықтауға баулу; қабылдау, зейін, ойлау қабілетін дамыту мақсатында «Түстерін тап» ойыны, үлкенді-кішілі заттар туралы түсініктерін қалыптастыру мақсатында «Қайсы үлкен және кіші» ойыны, ойлау, еске сақтау, сөйлеуді дамыту мақсатында «Біреу және көп» дидактикалық ойындары өткізілді.
Ересек топ балаларға түстерді ажыратуды және дұрыс айтуды үйрету «Не қандай түсті болады» ойын, жануарларының қайда мекендейтіні туралы білімдерін тиянақтау; сөздік қорын байыту мақсатындпа «Не қайда мекендейді» ойын, балаларды аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа баулу. «Көлеңкесін тап» ойын, балалардың қабылдау, зейін, ойлау, қолдың ұсақ моторикасын дамыту «Пазлды жина» ойындары өткізілді.
Мад топтарына танымдық процестер, мазасыздық, коммуникация, эмоциомен түзету мақсатынды «Есте сақта» , жеке тұлғаның коммуникативті қасиеттерін дамыту; достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында «Мұқият бол» , формаларды, түстерді қабылдауды, жалпы белгі бойынша жіктеуді, ұзақ мерзімді еске сақтауды, логикалық ойлау негіздерін дамыту мақсатында «Сандықтағы ғажайып», зейін, қиял, эмоционалдылығын түзету мақсатынжа «Лабиринт әлемі» психологиялық түзету сабақтары өткізілді. Балалармен жеке шығармашылық ойлауды дамыту, түзету жұмыстары жүргізілді. Құжатпен жұмыс, диагностикалық материалдар әзірленді.




Балабақша педагог-психологы: Тәжібай А.Н.





Анықтама


Қатысушы топ: Кіші топ

Күні:03.02.2025ж

Тақырыбы: «Немен қоректенеді?» сөздік жаттығу


Мақсаты


Балаларға мысық, ит пен тауық немен қоректенетінін түсіндіру. Заттардың атауларын үйрету.Shape1

Барысы.
Педагог:
- Балалар, суреттен нені көріп тұрмыз?
- Ыдыстарды көріп тұрмыз. Дұрыс айтасыңдар, балалар!
- Ыдыстарда не бар?
- Ыдыстарда қаймақ, сүйек, бидай бар.
- Балалар, бұны қай жануарлар жейді? 
- Мысыққа не береміз?
- Мысыққа қаймақ береміз. Жарайсыңдар!
- Сүйекті қай жануарға береміз? 
- Сүйекті итке береміз. Дұрыс. 
- Бидайды не жейді?
- Бидайды тауыққа береміз. Тамаша!
- Жарайсыңдар, балалар!
Бала дұрыс жауап берген кезде суреттегі кейіпкердің әрқайсының қасында қажетті азық-түліктің суреті пайда болып отырады. Балалар суреттегі заттардың атауларын білмей жатса, педагог өзі көмектесіп жібереді.




Қорытындысы:


Балаларға « Немен қоректенеді» ойыны ойнатылды.Балаларға мысық, ит пен тауық немен қоректенетінін түсіндірілді.




Балабақша педагог-психологы: Тәжібай А.Н.





Анықтама

Қатысушы топ: Кіші топ

Күні:10.02.2025ж

Тақырыбы: «Допты бидонға сал» дидактикалық ойыны.


Мақсаты


Сенсорлық тәжірибені кеңейтеді; шарларды алып шығу және оларды тесігі бар контейнерге салу қабілетін бекітеді; қол қозғалысын үйлестіруді дамытады.
Құралдар. 
Диаметрі 8см доптар. Әр балаға 1 доптан беріледі. Аузының диаметрі 12-15 см, биіктігі 30 см, ені 40/40 см болатын пластик бидон.
- Балалар, көлікке жақындайық. Қолға доп алайық. Доптың бетін алақанмен сипап көрейік.
- Болдыңдар ма? Маған жол жүру керек, барлық доптарды көлікке салайық.
Педагог көлікті жүргізіп жатқан кезде барлық доптар еденге домалап, жан-жаққа шашылып қалады. Көліктің дыбысы ақырын шыға бастайды. Педагог балаларға жүк көлігіне көмектесуге ұсыныс жасайды. Олар енді шашылмау үшін, барлығын үлкен бидонға бір-бірден салуды ұсынады. Балаларға допты бидонның аузына қалай түсіру керектігін көрсетеді.
Барлық доп жиналғаннан кейін педагог балаларды мақтайды.
- Жарайсыңдар, балалар! Мінекей, балалар, бізде көп доп жиналды! 
Балаларға толтырылған бидонды көрсетуге болады.
- Осындай көмектерің үшін мен сендерге сыйлық беремін. Менімен бірге жүріңдер. Тамаша!


Қорытындысы:


Балаларға «Допты бидонға сал» ойыны ойнатылды.Балалардың сенсорлық қабілеттері дами түсті.




Балабақша педагог-психологы: Тәжібай А.Н.










Анықтама


Қатысушы топ: Кіші топ

Күні:17.02.2025ж

Тақырыбы: «Аюмен ойнайық» қимылды ойыны.


Мақсаты

Балаларды белгі бойынша әрекет етуге, бүкіл топпен бір уақытта алға қарай жүгіруге жаттықтыру.


Ойын барысы.
Педагог:
- Ал енді біз ойын ойнаймыз. Бұл Аюдың үйі болады. Ол ұйықтап қалды, құстар сияқты ұшайық.

- Ой, аю оянды! Құстар ұяларыңа қарай ұшыңдар! Аю тағы ұйықтап қалды, ұшуға болады, абай болыңдар! Ол ешкімді ұстай алмады.
Педагогтің қалауы бойынша «Мен сені қазір қуып жетемін» деп аталатын музыкалық ойынын ойнауға болады.




Қорытындысы:


Балаларға «Допты бидонға сал» ойыны ойнатылды.Балалардың сенсорлық қабілеттері дами түсті. Балаларды белгі бойынша әрекет етуге, бүкіл топпен бір уақытта алға қарай жүгіруге жаттықты.




Балабақша педагог-психологы: Тәжібай А.Н.













Анықтама



Қатысушы топ: Кіші топ

Күні:24.02.2025ж

Тақырыбы: «Көлікті тап» дамытушы ойыны.


Мақсаты


Логикалық ойлау негіздерін дамытады.


Ойынның шарты.


Балалардың алдына үш орамал қойылады. Педагог бір орамалдың астына көлікті жасырады. Балалар орамалды ашады, көлікті тауып алады. Ойын бірнеше рет қайталанады.

Қорытындысы:


Балаларға «Көлікті тап» ойыны ойнатылды.Балалардың сенсорлық қабілеттері дами түсті.Балалардың логикалық ойлау қабілеттері дами түсті.




Балабақша педагог-психологы: Тәжібай А.Н.



















Анықтама



Қатысушы топ: Орта топ

Күні:04.02.2025ж

Тақырыбы: «Жемістер» сөздік ойын


Мақсаты-міндеттері:


Балаларға бау-бақшада өсетін жемістердің атауларын үйрету.


Шарты.
Педагог:
- Балалар, қазір жемістерді тауып, бәрін жинап көрейік.
- Мынау бау-бақша. Бау-бақшада жеміс ағаштары бар. Осы ағаштарда қандай жемістер өседі?
Педагог балаларға жемістердің суреттерін жеке қиылған карточка түрінде ұсына алады.        Shape2    Shape3     Shape4    Shape5 Shape6
- Бұл не? Дұрыс, алма (өрік, алхоры, алмұрт, апельсин, құрма). Қайталаймыз. Жайна, бұл не? Жақсы. Алма бау-бақшада (ағашта) өседі. Қайталаймыз.
Алхоры, өрік, алмұрт, апельсин, құрманы қорапшаға салады.
- Мынау (көрсеткішпен айналдырып атау) жемістер.
Ескерту.
Балалардың дайындығы жоғары болса, қосымша материалды беруге болады.
- Жемістер бау-бақшада (ағашта) өседі.
- Балалар, еске сақтаңдар!


Қорытындысы:


Балаларға «Жемістер» ойыны ойнатылды. Балаларға бау-бақшада өсетін жемістердің атаулары үйретілді.



Балабақша педагог-психологы: Тәжібай А.Н.









Анықтама



Қатысушы топ: Орта топ

Күні:11.02.2025ж

Тақырыбы: «Түстерін тап»ойын


Мақсаты-міндеттері:.

Түстерді анықтауға баулу; қабылдау, зейін, ойлау қабілетін дамыту.

Бір үлкен қорапта текшелер мен шарлар орналастырылған. Текшелер қызыл, шарлар жасыл түсті болады.

Тапсырма: шарлар мен текшелерді түсі бойынша ажырату. (сенсорика)






Қорытындысы:


Балаларға «Түстерін тап» ойыны ойнатылды.Балалар түстерді анықтауға үйренді, қабылдау, зейін, ойлау қабілеттері дамытылды.



Балабақша педагог-психологы: Тәжібай А.Н.



















Анықтама


Қатысушы топ: Орта топ

Күні:18.02.2025ж

Тақырыбы: «Қайсы үлкен және кіші» дидактикалық ойын


Мақсаты-міндеттері:

.

Балаларға ойыншықтарды үлкенді-кішілі өлшемдері бойынша ажыратуға және топтастыруға үйрету; үлкенді-кішілі заттар туралы түсініктерін қалыптастыру.
Шарты: үлкен және кішкентай ойыншықтарды екі топқа бөлу арқылы жинау.
Құрал-жабдықтар: үлкенді-кішілі өлшемді ойыншықтар.

(сенсорика, сөйлеуді дамыту, қоршаған ортамен танысу)




Қорытындысы:


Балаларға «Қайсы үлкен және кіші» ойыны ойнатылды. Балаларға ойыншықтарды үлкенді-кішілі өлшемдері бойынша ажыратуға және топтастыруға үйретілді; үлкенді-кішілі заттар туралы түсініктерін қалыптастырылды.



Балабақша педагог-психологы: Тәжібай А.Н.















Анықтама



Қатысушы топ: Орта топ

Күні:25.02.2025ж

Тақырыбы: «Біреу және көп» дидактикалық ойын


Мақсаты-міндеттері:.


Балаларға «біреу» және «көп» ұғымын ажыратуды үйрету. Ойлау, еске сақтау, сөйлеуді дамыту.


Шарты:


Тәрбиеші балалардан заттардың арасынан саны аз (біреу) және одан көп заттарды табуды ұсынады. Мысалы: 1) көк балық біреу - қызыл балық көп; 2) сары балық біреу - сұр балық көп.
Педагог:
- Балалар, мына суретте көк балық нешеу? Көк балық біреу. Дұрыс.
- Сары балық нешеу? Сары балық көп. Жарайсыңдар! Суретте сары балық көп.
1)
- Балалар, мына суретте сұр балық нешеу? Сұр балық көп. Тамаша!
- Сары балық нешеу? Сары балық біреу. Дұрыс айтасыңдар, балалар! Суретте сары балық біреу ғана, ал сұр балық көп.
2)Ойынға ойыншықтарды да пайдалануға болады. 
Үлгі:
- Кілт нешеу? Қоңыраулар нешеу?



Қорытындысы:


Балаларға «Біреу және көп» ойыны ойнатылды.Балалар «біреу» және «көп» ұғымын ажыратуды үйренді.



Балабақша педагог-психологы: Тәжібай А.Н.






Анықтама



Қатысушы топ: Ересек топ

Күні:05.02.2025ж

Тақырыбы: «Не қандай түсті болады?» дамытушы жаттығу.


Мақсаты-міндеттері:


Балаларға түстерді ажыратуды және дұрыс айтуды үйрету. 
Шарты.
Панноға жеті түсті бірыңғай бояуға боялған жеті карточкалар жапсырылады. Іші ойылған белгілі заттардың кескіндері кезегімен көрсетіліп тұрады.
Балалар кескінді көріп, оның қай түсте болуы мүмкін екені туралы болжам жасайды.
Құралдар: боялған және боялмаған заттардың суреттері.
Педагог:
- Балалар, мен көрсеткен заттың түсін айтайық. Жауаптың дұрыстығын карточканың үстіне салып тексереміз.
Лимон, балапан, күн - сары; құлпынай, алма, жүрек - қызыл; бақа, шырша - жасыл; сәбіз, апельсин - қызғылт сары; баклажан, алхоры - күлгін; аспан - көгілдір; кит - көк.
Балаларға «күннің түсі сары» сияқты толық фразаларды айтқызу маңызды. Толық жауап берген балалардың үлгілерін қайталатуға

Қорытындысы:


Балаларға «Не қандай түсті болады?» ойыны ойнатылды. Балалар түстерді ажыратуды және дұрыс айтуды үйренді.



Балабақша педагог-психологы: Тәжібай А.Н.














Анықтама



Қатысушы топ: Ересек топ

Күні:12.02.2025ж

Тақырыбы: «Не қайда мекендейді?» дамытушы жаттығу.


Мақсаты-міндеттері:


Балалардың ұғымындағы жабайы аңдар, құстар, үй жануарларының қайда мекендейтіні туралы білімдерін тиянақтау; сөздік қорын байыту; еске сақтау, ойлау, байланыстыра сөйлеу қабілеттерін дамыту; дүниетанымын кеңейту.

Құралдар: жабайы аңдар, құстар, үй жануарлары және олар мекендейтін орындар салынған суреттер. Ойынның бірнеше нұсқасы бар.1-нұсқа.Бір суретке ғана қарап, жануарды және оның мекен ету ортасын табу. Жануарды және оның мекен ету ортасын білдіретін жұптарды құрастыру.

2-нұсқа.Өздік ойын түрінде өткізу. Жануардың мекен ету ортасының атауын естіп, жануардың қалай аталатынын айту. Жануардың дауысын естіп, мекендейтін орнын атау. Балаларды өз ойларын түсіндіруге талпындыру қажет.(қарым-қатынас іс-әрекеті, танымдық іс-әрекеті, зерттеу іс-әрекеті)




Қорытындысы:


Балаларға «Не қайда мекендейді?» ойыны ойнатылды. Балалар ұғымындағы жабайы аңдар, құстар, үй жануарларының қайда мекендейтіні туралы білімдерін тиянақталды; сөздік қоры көбейді; еске сақтау, ойлау, байланыстыра сөйлеу қабілеттерін дамыды.



Балабақша педагог-психологы: Тәжібай А.Н.










Анықтама



Қатысушы топ: Ересек топ

Күні:19.02.2024ж

Тақырыбы: «Көлеңкесін тап» дамытушы ойыны

Мақсаты-міндеттері:

балаларды аңғарымпаздыққа, тапқырлыққа баулу.

Ойын барысы: Балалар суреттердің көлеңкесін тауып, фломастермен сызып сәйкестендіреді.)Балалардың ұғымындағы жабайы аңдар, құстар, үй жануарларының қайда мекендейтіні туралы білімдерін тиянақтау; сөздік қорын байыту; еске сақтау, ойлау, байланыстыра сөйлеу қабілеттерін дамыту; дүниетанымын кеңейту.




Қорытындысы:


Балаларға «Көлеңкесін тап» ойыны ойнатылды. Балалардың аңғарымпаздық, тапқырлық қасиеттері дами түсті.



Балабақша педагог-психологы: Тәжібай А.Н.





 














Анықтама



Қатысушы топ: Ересек топ

Күні:26.02.2025ж

Тақырыбы: «Пазлды жина» үстел үсті ойыны

Мақсат-міндеттер: балалардың қабылдау, зейін, ойлау, қолдың ұсақ моторикасын, бөлшектерден тұтас затты құрастыру қабілетін дамыту; жабайы аңдар туралы түсініктерін бекіту.
Құрал-жабдықтар: балаларға таныс бейнелер мен заттарды, олардың бөшектерін (жануарлардың дене мүшелерін) бейнелейтін суреттер.
Педагог: 
– Балалар, суретте не бейнеленген?
– Жабайы жануарлар. Жарайсыңдар!
– Қандай жануарлар бейнеленген? Оларды атаңдар.
– Түлкі, қоян, аю, қасқыр, кірпі.
– Тамаша! Балалар, суретке мұқият қарап алыңдар, енді осы суреттің бөлшектерін тауып құрастырыңдар.
Ескерту: балалар үлгіге қарап, сол суретті бөлшектерден құрастырады, жинағаннан кейін үлгімен салыстыру керек.


Қорытындысы:


Балаларға «Пазлды жина» ойыны ойнатылды. Балалардың аңғарымпаздық, тапқырлық қасиеттері дами түсті.









Балабақша педагог-психологы: Тәжібай А.Н.



14 Ақпан 2025
118
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі