400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

20-30 жылдардағы Қазақстан мәдениеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Жетістіктер қорын жинақтау
Материалдың қысқаша нұсқасы

№12 «Тараз» колледжі

Тарих пәнінің мұғалімі: Нурпейсова Мария Атыхайқызы




Сабақтың тақырыбы: 20-30 жылдардағы Қазақстан мәдениеті

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға 20-30 жылдардағы Қазақстан мәдениеті туралы

мағлұматтар беру.

Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды білімділікке, мәдениеттілікке, сауаттылыққа

тәрбиелеу.

Сабақ барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі( оқушыларды түгендеу)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (сұрақ - жауап)

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту

ІV. Сабақты қорытындылау, бағалау

V. Үйге тапсырма

Үй тапсырмасы:

20-жылдары Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірінде қандай

өзгерістер болды?

“Кіші Қазан ” теориясына және оған қарсы болғандардың көзқарасына

баға беріңдер?

20-30 жылдары мыңдаған қазақ зиялыларын жазықсыз жазалағанда

қандай мақсат көзделген?

Қазақ АКСР-ін Қазақ КСР-і етіп өзгертудің сол уақыт үшін

қандай маңызы болды?

Сабақ барысы.

І. Ересек адамдардың сауатсыздығын

жою

ІІ. Халық ағарту ісінің дамуы

ІІІ. Кәсіптік білім берудің жайы

ІV. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының

дамуы

V. Әдбеиеттің дамуы

VІ. Қазақ өнерінің гүлденуі

VІІ. Мәдениетті дамыту жолында кездескен қиындықтар мен нәубеттер

Жаңа сабақ

Ересек адамдардың сауатсыздығын жою

1924 жылы ұйымдастырылған “Сауатсыздық жойылсын”

қоғамы тікелей ересектерді сауаттандырумен айналысты. 1928 жылдың

аяғында республикада сауаттылар саны 25% болды. Ал қазақтар

арасында сауаттылық мұнан да төмен етін.Қазақ АКСР Орталық

Комитетінің төралқасы мен Халық Комиссарлар кеңесі 1931 жылы

15 пен 50 жас аралығындағыларды міндетті түрде жаппай

оқытуды енгізді.1939 жылдың өзінде республика халқының

сауаттылығы 65 % - ға жетті. Республиканың құрылғанына

20 жыл толу қарсаңында 50-ге дейінгі ересек адамдардың

сауатсыздығы, негізінен, жойылды.

20-жылдардың орта кезінде республикада қазақ, орыс тілдерінде оқытатын мектептерді былай қойғанда, 73 татар, 40 өзбек, 35 ұйғыр,

44 неміс және эстон бастауыш мектептеріжұмыс істеді.

Қазақ мектептерін дамытуға сол кездегі қазақ ғалымдары, мемлекет қайраткерлері, ақын-жазушылар белсене араласты. А.Байтұрсынұлы, Қ.Сәтбаев, С.Асфендияров, С.Сәдуақасов, Ғ.Мүсірепов, М.Дулатұлы

Еңбегі сіңген, озат мұғалімдер мемлекеттік құрметті атақтармен, ордендермен марапатталды. Олардың арасында С.Көбеев, Л.И.Добранская, Н.В.Волков, С.Ақышев, А.Ақатов, Ш.Сарыбаев.

Кәсіптік білім беру

1928 жылы Қазақстандағы тұңғыш жоғары оқу орны – Қазақ педагогика

институты ашылды (қазіргі Абай атындағы Ұлттық педагогикалық

университет).Іле-шала жыл сайын жоғары оқу орындары:

Орал және Қызылорда пединституттары (1931-1932 жж.), малдәрігерлік –

зоотехникалық (1929 ж.), ауыл шаруашылығы (1930 ж.), медицина

(1931 ж.) институттары ашылды. 1934 жылы Қазақ Мемлекеттік

Университетінің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті)

ашылуы мәдени маңызы зор оқиға болды. Республикада инженер-техник

кадрлар даярлаудың негізін салған Қазақ кен-металлургия институты

Алматыдағы қазақ университетімен бір мезгілде ашылды.

20-30 жылдардағы қазақ әдебиетінің дамуында танымал

қайраткерлер С.Сейфуллин, М. Дулатұлы, Ғ.Мүсірепов, Б.Майлин

т.б. көрнекті орын алды. Осы кезеңде қазақтың

ақын-жазушыларының тамаша шығармалары жарық көрді.

Қазақ поэзиясы С.Сейфуллиннің “Советстан”, “Көкшетау”,

С.Мұқановтың “Сұлушаш”, І.Жансүгіровтың “Құлагер”,

И.Байзақовтың “құралай сұлу” сияқты поэмаларымен толықты.

Б.Майлиннің “Азамат Азаматыч”, Ж.Аймауытовтың “Қартқожа”

М.Әуезовтың “Қараш-қараш оқиғасы” және басқа да

шығармалары қазақ прозасын жаңа сатыға көтерді.

Қазақ халқының ән-күй өнерін зерттеуге А.В.Затаевич көп еңбек сіңірді.

Ол ерінбей-жалықпай ауылауылды аралап, 2300-ден астам халық әндері

мен күйлерін жазып алып, нотаға түсірді. Соның негізінде “Қазақ

халқының мың әні”, “Қазақтың 500 ән мен күйі” деген жинақтар шығарды.

Бұлардың қазақ өнерінің қалыптасуында зор маңызы болды. 1925 жылы

Парижде, 1927 жылы Берлинде өткен саз, өнер фестивальдерінде қазақ

Әншісі Ә.Қашаубаев өзінің орындаушылық шеберлігімен бүкіл Еуропаны

таңғалдырды. 1926 жылы қазақтың тұңғыш ұлттық театры ашылды. Оның

Басы қасында Е.Өмірзақов, С.Қожамқұлов, Қ.Қуанышбаев, Қ.Бадыров,

Қ.Жандарбеков, Ә.Қашаубаев, И.Байзақовтар болды. Театрды талантты

драмашы, режиссер және әртіс Ж.Шанин (1891-1937 жж.) басқарды. 1933

жылы Алматыда халық тарихында тұңғыш рет ұйғыр сазды драма театры,

Ал 1937 жылы Қызылордада корей театры ашылды.

30-жылдары Қазақстан кино өнерінің де негізі салынды. “Восток-киноның”

Алматы бөлімшесі “Жайлауда”, “Түрксіб”, “Дала әндері”, “Жұт”

фильмдерін шығарды. 1938 жылы “Ленфильм” студиясы арқылы

“Амангелді” киносы түсірілді.

Бекіту сұрақтары

1.Мемлекетке барлық халықтың сауатты болуы не үшін керек?

2.Қазақстанда ересектердің сауатсыздығы қашан және қалай жойылды?

3.Мектеп жасындағы барлық балаларды оқыту үшін қандай жұмыстар жүргізілді?

4.Алғашқы ғылыми-зерттеу жұмыстары қандай бағыттарда жүргізілді?

5.Жоғары білім мен ғылымды дамытуға үлес қосқан қайраткерлерден кімдерді білесіңдер?

6.Алғашқы жылдары өнердің қандай жанрлары дамыды?

Үй тапсырмасы: § 19













































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
27 қазан
1091
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі