400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

20-ға дейінгі сандарды азайту

Материал туралы қысқаша түсінік
математикадан қысқа мерзімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақ : №13

Мектеп : «

Күні: 27.11.2017 жыл

Мұғалімнің аты –жөні:

Сынып : 1 «А» Пәні: математика

Қатысқандар:15

Қатыспағандар:

Тақырыбы: 20-ға дейінгі сандарды азайту

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.1.2.5** ондықтан аттамай 20 көлеміндегі сандарды/ ондықтарды ауызша қосу және азайтуды орындау


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар білу керек:

Екі таңбалы саннан бір таңбалы санды азайтуды үйренеді

Көпшілігі: екі таңбалы саннан екі таңбалы санды азайтқанда бірліктен бірлікті, ондықтан ондықты азайту керектігін біледі

Кейбір оқушылар:азайту амалының компаненттерін есеп шығару барысында ажыратып айта алады.

Тілдік мақсат

Түйінді сөздер мен сөз тіркесі:

Бірлік,ондық, азайғыш, азайтқыш,айырманың мәні

Талқылауға арналған сұрақтар :

  • Екі таңбалы саннан бір таңбалы санды қалай азайтамыз?

  • Екі таңбалы саннан екі таңбалы санды ше?

Алдыңғы оқу :

20-ға дейінгі сандарды қосуды біледі

Жоспар:

Жоспарланған уақыт есебі

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

5 мин















5 мин

1. Психологиялық дайындық.

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

- Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы

жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша,

қандай қуаныш!

Көркем жазу. Дәптерге 7 санын жазу

1-тапсырма.Сандық сәулемен жұмыс. 20-ға дейінгі

Прямая соединительная линия 2 Прямая соединительная линия 3 Прямая соединительная линия 4 Прямая соединительная линия 5 Прямая соединительная линия 6 Прямая соединительная линия 7 Прямая соединительная линия 8 Прямая соединительная линия 9 Прямая соединительная линия 10 Стрелка вправо 1 сандарды азайтуды үйрену

Екі таңбалы саннан бір таңбалы санды азайту үшін бірліктен бірлікті азайту керек, ал ондыққа тиіспейді.

Шарлар,

әр түрлі суреттер,


Ортасы

10 мин

2-тапсырма. Сурет бойынша азайту амалына мысал құрастырып, шығару.

14 – 1 = 11 – 1 = 17 – 3 =

3- тапсырма. Азайту амалын орында

Екі таңбалы саннан екі таңбалы санды азайтқанда бірліктен бірлікті, ондықтан ондықты азайту керек.

18 – 12 = 15 – 13 =

17 – 14 = 19 – 15 =

4- тапсырма. Шығарып көр. «Кім жылдам?» жеке жұмыс.

- Қалталарда неше кәмпит қалды? Өрнектер құрастыру және шығару.

Суреттер, қағаз, оқулық,дәптер.

Соңы 5 мин










Қызықты тапсырма

5- тапсырма. Көлік тұрағы. Жылдам есептеу.

Тұрақта 14 машина тұрды. 3 машина кетсе, неше машина қалады?

Жауабы: 11 машина

11,12,13,14,15,16,17,18,19,20 сандарынан 1 санын азайтып көр. Не байқадың? Айырманың мәні неше санға кеміді?

Ауызша орындау. Неше қоян, неше доп? Салыстыру

Группа 1








Қосымша мәліметтер

саралау -оқушыға мейлінше қолдау көрсетуге қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті балаға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау –оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз

Смайликтер, бағдаршам



Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік, АКТ -мен байланыс тәрбие элементі

7 цифрын жазады ж/е

7 санын қалай алуға болатынын біледі

Мадақтау,смайликтер арқылы көңіл-күйін анықтау

Қоршаңан ортаны, сыныптастарын сыйлап, бағалап үйренеді.

Рефлексия

1.Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма ?


2.Бүгін оқушылар не үйренді?


3.Сабақ қалай өтті,қандай деңгейде өтті


4.Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? тапсырмалар сәйкес болды ма ?


5.Уақытты қалай пайдаландым ?


6.Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге ?













Сабақ: 14

Мектеп: «

Күні: 28.11.2017 жыл

Мұғалімнің аты жөні:

Сыныбы: 1 «А»

Пәні: математика

Қатысқаны: 15

қатыспағаны

Тақырыбы: Санды өрнек

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

1.2.1.1 **сандық өрнектерді құру, оқу, жазу және тану (қосындылар,

айырмалар)

1.5.2.2** «+», «-», «=» таңбасын қолдану

1.5.2.4 қосу мен азайту амалдарының компоненттері атауларын өрнектерді оқу мен жазуда қолдану

Сабақтың мақсаты:

Санды өрнектер” және “санды өрнектің мәні” түсініктерін қалыптас -тыруға жағдай жасау; “+” және “–” арифметикалық амалдарын пайда- ланып санды өрнектер құрастыру дағдыларын қалыптастыру; санды өрнектердің мәнін табу біліктілігін қалыптастыру.

жетістік критерийі

Барлық оқушылар орындай алады: санды өрнек туралы түсінеді

Көпшілігі: санды өрнектерді (қосынды, айырма) құрастырады, жазады, оқиды және ажыратады;

Кейбірі: қосу мен азайту амалдары компоненттерінің атауын өрнектерді оқу мен жазуда қолданады.

Тілдік мақсат

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: санды өрнек, санды өрнектің мәні

Талқылауға арналған сұрақтар:

- Санды өрнек дегеніміз не?

- Әріпті өрнек дегеніміз не?

Алдыңғы оқу

20-ға дейінгі сандарды қосып ,азайта алады

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрі

ресурстар

басы

Ұйымдастыру кезеңі

Бала, бала, балапан

Қане, қайсы, алақан.

Саусақтарың әйбат,

Былай-былай ойнат.

Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Өткен сабақты еске түсіру.

- Екі таңбалы саннан бір таңбалы санды қалай азайтамыз?

- Екі таңбалы санға екі таңбалы санды қалай қосамыз?

Жаңа сабақтың мәнін ашу, мақсатымен таныстыру

Математикалық өрнектер cанды және әріпті өрнектер болып бөлінеді.

Санды өрнек — сандар, арифметикалық амалдар, жақшадан тұратын өрнектің түрі. Егер өрнектің құрамында әріп болмаса, ол өрнек “санды өрнек” болады. Өрнектегі берілген амалдарды орындау, өрнектің мәнін табу болып саналады.

Сиқырлы қапшық” н/е цилиндр-қалпақ;

түрлі түсті дөңгелектер немесе сандар жазылған кішкентай доптар;


Ортасы


10 мин












Қалыптастырушы бағалау

Пысықтау тапсырмалары

Санды өрнектерді амалдардың компаненттерін атау арқылы оқуға болады. 5 + 10 өрнегі былай оқылады; 5 пен 10 санының қосындысы.

1- тапсырма. «Цирктегі қойылым»

Суреттен санды өрнектерді тауып оқу және өрнектің мәнін табу.

5 + 10 = 15 9 – 8 = 1

5 + 3 = 8 60 – 20 =40

2- тапсырма. «Шығарып көр» Санды өрнектерді оқып, олардың мәнін табу.

80 – 70 = 12 + 5 =

10 + 30 = 17 - 1=

30 + 20= 2 + 18 =

1-тапсырма

Суреттер бойынша қосу және азайту амалдарына өрнек құрастырып жазыңыз

және оқыңыз.

Дескриптор: Білім алушы

- сурет бойынша қосындыға өрнек құрастырып жазады және оқиды;

- сурет бойынша айырмаға өрнек құрастырып жазады және оқиды.

2-тапсырма

Қосындыларды қоршап сызыңыз.

10+ 7= 17 7+ 1= 8 9 - 4 = 5

10 - 0 =10 6 - 3 = 3 6 + 3 = 9

Дескриптор: Білім алушы

- қосындыларды анықтайды және қоршап сызады.

топпен жұмыс жасауға А4 форматындағы қағаздар;

сандар және санды өрнектер жазылған парақшалар;


Соңы



3-тапсырма. «Орындап көр»

Тізбекпен жүріп лтырып,санды өрнектің мәнін табу

6 – 1 5 – 1 5 – 4

4 + 1 5 – 4 2 + 2

4 – 3 4 – 1 4 – 2


Саралау

-оқушыға қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?


Бағалау

- оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

(Смайликтер, мадақтау,бағдаршам)

Пән аралақ б-ныс.

Денсаулық және қауіпсіздік,АКТ-мен байланыс,

Рефлексия

1. сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

2. бүгін оқушылар не үйренді?

3.Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

4.жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? Тапсырмалар тақырыпқа сәйкес болды ма?

5.Уақытты қалай пайдаландым?

6.Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?

Қорытынды бағамдау. Оқушылар сабақ соңында:

+”, “–” және “=” таңбаларын санды өрнектер жазуға және олардың мәнін табуға пайдалануды;

өрнектер құруды және жазуды меңгереді. Оқушылардың оқу материалын қандай деңгейде

меңгергенін анықтау мақсатында келесі сұрақтарға жауап беруді ұсыныңыз:

санды өрнектер деген не?

санды өрнектерді жазуда қандай арифметикалық амалдар қолданылады?

— “+” таңбасы мен 7 және 2 сандарын пайдаланып өрнек құрастыр.

20 + 50; 80 – 40 санды өрнектерін оқыңдар. Олардың мәнін табыңдар.

Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалау жұмысын өткізіңіз.


Сабақ: 1

Мектеп: «

Күні: 30.11.2017 жыл

Мұғалімнің аты жөні:

Сыныбы: 1 «А»

Пәні: математика

Қатысқаны: 15

қатыспағаны

Бөлім: Сандар және заңдылықтар

Тақырыбы: Екі-екіден сана

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары:

1.1.1.5 20-ға дейінгі сандарды 2-ден топтап тура және кері санау; тәжірибе арқылы 2, 4, 6, 8, 10 заттың жартысын табу

1.4.3.1** 20- ға дейінгі сандар тізбегін/ ондықтармен 100-ге дейінгі сандар тізбегін құрастыру; 100 көлеміндегі сандар, суреттер, фигуралар, символдардан тұратын тізбектердің заңдылықтарын анықтау

жетістік критерийі

Барлық оқушылар орындай алады: жұптап санай алады

Көпшілігі:Жұптап тура және кері санай алады

Кейбірі: Жұпта санауды қосу мен азайту амалдары орындауда, оқу мен жазуда қолданады.

Тілдік мақсат

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: жұп, екі-екіден

Талқылауға арналған сұрақтар:

- неше жұп?

- Барлығы нешеден?

Алдыңғы оқу

Санды өрнектердің мәнін таба алады

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрі

ресурстар

Басы



10 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Өткен сабақты еске түсіру.

-санды өрнек дегеніміз не?

- санды өрнектердің қандай компаненттері бар?

Жаңа сабақтың мәнін ашу, мақсатымен таныстыру.

- Балалар, сендер санаудың қандай түрін білесіңдер?

Дәптерлерді екіден санап көрсетіп, мен санаудың қандай түрін қолдандым?- деп сұрау.

- Қандай тиімділігі бар?

Оқушыларға сыныптағы парталарды, оқушыларды екіден санату.. Санау ретін дауыстап айттыру.

Екі, төрт, алты, сегіз, он т.с.с. Соңынан заттарды екі-екіден тез санауға болады деген қорытындыға келтіру.

1- тапсырма. Барлық қатысушылар саны неше?

Екі-екіден санау

сан кестесі;

А3 форматты қағаздар;

түрлі түсті маркерлер.

20-ға дейінгі сандар тізбегін/ондықтармен 100 көлеміндегі сан, сурет, фигура,

Ортасы


15 мин













Пысықтау тапсырмалары

2- тапсырма. «Барлығы неше дөңгелек?»

Велосипед дөңгелектерін екеуден тез санау.

3- тапсырма. «Шығарып көр» Суретте неше қоңыз, неше көбелек бар? Екі-екіден санау.

Жауабы: 4 жұп қоңыз, 4 жұп көбелек

4-тапсырма. Ойлан. Суреттегі аяқкиімдерді екі-екіден сәйкестендіргенде неше жұп болатынын анықтатып, суға түсуге келген балалардың санын аяқкиімдердің санына қарап табу.

Баскиімдер саны балалар санымен бірдей болатынын салыстырту арқылы анықтау.

Жауабы:6 бала.

Орындап көр. Cыныптан екі-екіден санауға болатын заттарды тауып, заттарды екі-екіден, яғни жұппен санату арқылы тез санай білуге жаттықтыру. Екі-екіден санағанда жұп сандар қолданылатынын байқату. Екі-екіден санау мен жұппен санаудың бірдей екенін түсіну.

топпен жұмыс жасауға А4 форматындағы қағаздар;

сандар және санды өрнектер жазылған парақшалар;


Соңы



Қызықты тапсырма.

Дәптермен жұмыс



Қояндар. Қояндарға қажетті сәбіздің санын табу үшін бос ұяшықтарға суреттерін салып, барлығы қанша сәбіз екенін табады.

Жауабы:8 сәбіз.

Моншақ. Моншақтар тізбегін өздері түстерді таңдай отырып екі-екіден бояп шығады. Әрбір оқу-шы бояған тізбектерінен неше жұп пайда болғанын есептеп жауабын жазады.

Жауабы: 5 жұп.

Шұлық жұбын тап.

Оқушылар шұлықтардан жұптар құрастырып, оларды сызықтар арқылы бір-бірімен қосады. Жауабы:6 жұп шұлық.

Тура ретпен екі-екіден сана. Оқушылар сан қатарындағы жоқ сандарды тауып, толтырады. Олар тапсырмадан сан қатарының кез келген жерінен бастап, екі-екіден санай беруге болатынын түсінуі керек.

Жауабы: 10, 12, 14, 16, 18.



Жұмыс дәптері




Саралау

-оқушыға қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?


Бағалау

- оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

(Смайликтер, мадақтау,бағдаршам)

Пән аралақ б-ныс.

Денсаулық және қауіпсіздік,АКТ-мен байланыс,

Рефлексия

1. сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

2. бүгін оқушылар не үйренді?

3.Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

4.жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? Тапсырмалар тақырыпқа сәйкес болды ма?

5.Уақытты қалай пайдаландым?

6.Жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неге?

Қорытынды бағамдау.

заттарды екі-екіден санауды меңгереді. Оқушылардың сабақ тақырыбын түсінгенін тексеру сұрақтары:

Бүгін сабақта санаудың қандай түрімен таныстыңдар?

4-тен бастап 20-ға дейін екі-екіден сана.

10-нан екі сан аттап кері сана.

Өмірде жұбымен болатын заттарға мысал келтір.

Адам денесіндегі жұп мүшелерді ата. Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағымен” өзін-өзі бағалауға байланысты жұмыс өткізу




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
2433
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі