жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
20-ға дейінгі сандарды қосу
|
Сабақ тақырыбы: |
20-ға дейінгі сандарды қосу |
Мектеп: Л.Н.Толстой атындағы орта мектеп |
||||
|
Күні :30.11.2017 |
|
Мұғалімнің есімі: Шаханова Ә.С |
||||
|
СЫНЫП: 1-сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
|
Оқу мақсаты: |
қосу амалын ортақ элементтері жоқ жиын-дардың бірігуі, азайтуды жиынның бөлігін ажыратып алу ретінде түсінеді; ондықтан аттамай, 20 көлеміндегі сандарды (ондықтарды) ауызша қосу және азайтуды орындайды; “+”, “–”, “=” таңбаларын қолданады. |
|||||
|
Барлық оқушылар: Оқушылардың басым бөлігі: Кейбір оқушылар: |
||||||
|
Ресурстар: |
Сандар жазылған парақшалар |
|||||
|
Тірек сөздер |
20-ға дейінгі сандарды қосу |
|||||
|
Сабақтың мақсаты: |
1.1.2.1 қосу амалын ортақ элементтері болмайтын жиындарды біріктіру ретінде жəне азайту амалын жиынның бөлігін жою ретінде түсіну ондықтарды ауызша қосу жəне азайту амалдарын орындау 1.5.2.2 ** «+», «-», «=» белгілерін пайдалану |
|||||
|
Сабаққа байланысты деректі материалдар |
Сабаққа қатысты ескертпелер |
|||||
|
Оқушылар сабақта 20-ға дейінгі сандарды он-дықтан аттамай қосу әдісімен танысады. 14 + 3 түріндегі мысалдарды шығарып үйренеді. Қосудың жаңа әдісін үйрену үшін екі таңбалы сандардың құрамын еске түсіріңіз. Оқушылардан 17, 13, 19, 11, 15 сандарының неше ондықтан, неше бірліктен тұратынын сұраңыз. Кіріспе тапсырма. Санау таяқшаларын пайда-ланып, екі таңбалы сандарды модельдеу бойынша тәжірибе жұмысын ұйымдастырыңыз. Оқушыларға бума жасау үшін санау таяқшалары мен резеңкелер таратып беріңіз. Оқушылардан таяқшалар бумасы және жеке таяқ-шалардың нені білдіретінін сұраңыз. (Таяқшалар бумасы — ондықтар, жеке таяқшалар — бірліктер.) Санау таяқшаларын пайдаланып 10, 20 сандарының моделін жасауды ұсыныңыз. Ондықтарды бумаларға жинатыңыз. Енді санау таяқшаларымен 14 санын көрсетуді тапсырыңыз (Ол үшін 1 ондық және 4 бірлікті алып қояды.). Сабақта екі таңбалы сандарғабір таңбалы сандарды қосуды үйренетіндерін ха-барлаңыз. 14-ке 3 санын қосуды ұсыныңыз. Оқу-шылар 3 таяқшаны қосады. Оқушылардың әрекетін бақылаңыз. Олардан жасаған іс-әрекеттері туралы сұраңыз: — Сендер 3 таяқшаны бумаға қостыңдар ма, әлде бөлек жатқан таяқшаларға қостыңдар ма? (Жеке жатқан таяқшаларға қостық.) — Неге? (3 және 4 таяқша бірігіп 7 таяқша болады — бұл бір ондық емес.) Оқушылардан барлығы неше таяқша болғанын анықтауды сұраңыз. (Барлығы 17.) Осы амалды өрнек ретінде жазуды ұсыныңыз. Тақтаға 14 + 3 өрнекті жазыңыз. Осы өрнектің сан мәнін сан түзуінің көмегімен шығаруға бола ма деп сұраңыз. Топқа сан түзуінің көмегімен өрнектің шешуін табуды тапсырыңыз. Сан түзуінің көмегімен екі таңбалы санға бір таңбалы санды қосу үшін сан түзуімен сол жаққа қарай екінші санда неше бірлік болса, сонша бірлікке аттап жылжиды деген қорытындыға келтіріңіз. Осы қорытындыны бекіту үшін ұқсас мысалдарды шығарып көрсетіңіз. Мысалы, 14-ке 3-ті қосқанда, 15-ке 3-ті қосқанда қанша болатынын айтуларын сұраңыз. 20-ға дейінгі сандарды қосу кезінде ауызша есептеуге тырысқан оқушыларды мақтаңыз. Орын-дауды түсіне алмаған оқушыларға көмектесіңіз. Бұл амалдарды тірек сызбасына сүйеніп немесе сан кесіндісі бойынша орындауға болады. |
Сурет бойынша қосу амалына мысал құ-растырып шығар. Берілген тапсырма екінші ондық бойынша сандық сәулені қолданып, сандарды қосу дағдысын бекітуге арналған. Кірпінің солдан оңға қарай қозғалуына қарап оқушылар бұл жағдайда азайту амалы емес, қосу амалының орындалатынын анықтайды. Содан кейін олар кірпінің алмаға жету үшін неше қадам жүруі керектігін санайды да, теңдік құрастырады: 5 + 10 = 15. Қосу амалын орында. Тапсырманы жалпы сынып оқушыларымен орындатамын. Оқушылар есептеу-лер жүргізгенде шығару жолын мүмкіндігінше түсі-ніп, оны толық айтуына назар аудартамын. Сыныппен бірінші мысалды талдап отырып шығартамын. Оқу-шылар мұғаліммен бірге мысалдарды шығару жолын талдап түсіндіреді. Осы қарастырылған әдіспен таныса отырып, оқушылар екі таңбалы сандарға бір таңбалы сандарды разрядтан аттамай қосуды есте сақтауы тиіс. Қалған мысалдарды жұппен орындау-ды ұсынамын. Оқушылардан тексеру барысында алдымен қосу компоненттерінің атауын айтуды, сосын жауабын сұраймын. Жауабы: 13 + 4 = 3 + 4 + 10 = 7+ 10 = 17; 11 + 3 = 1 + 3 + 10 = 4 + 10 = 14; 11 + 7 = 1 + 7 + 10 = 8 + 10 = 18; 14 + 5 = 4 + 5 + 10 = 9 + 10 = 19. Шығарып көр. Оқушылар әр ыдыстағы дәру-мендер санын анықтауы керек. Ол үшін бірінші ыдыстағы үлгі ретінде көрсетілген нұсқауды сыныптағы барлық оқушылармен бірге талқылып аламын да, жұмысты жұппен орындауды тапсырамын. Тапсырманы орындау қиындық туғызған жағдайда оқушыларға көмектесемін. Жауаптарын ламинатталған қағаздарға жазып, оны бірін-бірі тексергенде пайдалануға болатынын ескертемін. Жауабы: а) 18; ә) 20; б) 15; в) 19. Үй құстары. Тапсырманың мазмұнымен танысуды ұсынамын. Шешімін табу үшін оқушыларды топтарға біріктіремін. Топтардан бір оқушыдан жауабын айтуға ортаға шақырып, жауапты талқылаймын. Жауабы: 13 құс аулада жем шоқып жүр. Орындап көр. Тапсырманы жұппен немесе топпен орындауды ұсынамын. Тапсырманы орындай отырып, оқушылар 20 көлеміндегі мысалдарды шешеді. Алған нәтижесін талдайды және “кез келген санға бірді қосқанда, әрқашан келесі сан шығады” деген ереже тек бір таңбалы сандарды қосқанда ғана емес, сонымен қатар екі таңбалы сандарды қосу кезінде де орындалады деп қорытындылайды. |
|||||
|
Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру |
Қосымша тапсырмалар |
|||||
|
Сабақ барысында оқушылардың өз сөздерінде математикалық терминдерді дұрыс айтып және орынды қолдануына қолдау көрсетіп отырыңыз. Топпен немесе жұппен талқылау кезінде оқушы-лардың коммуникативті дағдысы дамиды (бірін-бірі тыңдай білуі, өз көзқарасын дәлелдеп айта білуі, сұрақтарға негіздеп жауап беруі). |
Мысалдарды шығар және оларды сурет арқылы көрсет. Тапсырма 20 көлеміндегі сандар- ды қосу дағдысын қалыптастыруға бағытталған. Оқушылар берілген мысалдарды шығара алады. Көрнекілік ретінде әрбір мысалға сурет салады. Мысалдағы бірінші санды білдіретін дөңгелектер суретін оқушылар бір түспен, aл екінші санға сәйкес келетін дөңгелектерді басқа түспен бояйды. Бұлай жасау оқушылардың өзін-өзі тексеруі үшін тиімді болады. Жауабы: 15 + 3 = 5 + 3 + 10 = 18; 16 + 2 = 6 + 2 + 10 = 18; 18 + 1 = 8 + 1 + 10 = 19. |
|||||
|
Бағалау |
Оқушылар сабақтың соңында: сандарды 20-ға дейін разрядтан аттамай, ауызша қосуды меңгереді. Оқушының тақырыпты түсіну деңгейін анықтау үшін мына сұрақтарды қоямын: — 20 көлеміндегі екі таңбалы сандарға бір таң-балы сандарды қалай қосады? — 13-ке 2-ні қосқанда неше шығады? — 12-ні 4-ке арттырып көр. Қандай сан шықты? — Гүлнар күзгі демалыста 12 кітап, ал Данияр — 7 кітап оқыды. Олар барлығы неше кітап оқыды? Оқушылармен жұмыс дәптеріндегі “Жетістік бас-палдағымен” өзін-өзі бағалау жұмысын өткіземін. |
|||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген