Қазақстан Республикасының Білім және
ғылым
Министрлігі
№
94 жалпы орта
мектеп

8 сынып
Пәні:
Математика
Дайындаған: Ниязалиева
З.У
«Мың бір мақал, жүз бір
жұмбақ»
атты математикалық сайыс
Сабақтың мақсаты:
-
Жұмбақтарды тез шешуге, мақал мәтінін түсіне
білуге баулу, мақал-мәтел, жұмбақтарды математика пәніне де қолдана
білуге үйрету. Математика пәніне деген қызығушылығын
арттыру.
-
Оқушылардың ой-өрісін, дамыту. Шығармашылыққа,
шапшаңдыққа баулу.
-
Салт-дәстүрді өмірмен байланыстыру. Сөз мәйегін
түсіне білуге, өмірде қолдана білуге үйрету.
Көрнекілігі:
Плакаттар: «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»,
бағдарлама, түрлі-түсті шарлар.
Түрі: ойын-сайыс.
Өту барысы:
І. Ұйымдастыру
бөлімі: (сәлемдесу, бағдарламамен
таныстыру, ойынға қатысатын оқушыларды
таныстыру)
Жүргізуші:
Армысыздар ағайын,
Ағайын тілін табайын.
Бармысыздар, бауырлар,
Өкпе жоқ, бізде бауыр бар.
Есенбісіз, ұстаздар,
Шаршамайтын қыс-жаздар.
Ізетке ие ілінер,
Інілер, еті тірілер.
Кешке келген сайланып,
Отырам деп жайланып.
Көрермендер аманба,
Отырған анау ойланып,
Бәріңізге бір сәлем.
Енді кешті бастайық.
Қонақтар шықсын қасқайып,
Ду қол шапалақтап, қарсы алайық. (Әрбір топ
қатысатын оқушыларды таныстырады.)
Ең алдымен әділқазылар алқасын
Сайлап алайық:
ІІ.
Бағдарлама.
Жүргізуші: Сайысымыз 5 сатыдан тұрады.
Олар:
-
Мақалшылар сайысы
-
Полиглот
-
Жұмбақшылар сайысы
-
Тапқырлар сайысы
-
Шешуші сайыс
ІІІ. Мақалшылар сайысы:
а) Жүргізушілер мақалдардың бір бөлігін айтады,
ойыншылар әрі қарай жалғайды. Ең аз ұпай жинаған ойыншы ойыннан
шығады. Әрбір дұрыс жауап ушін 5 ұпайдан
беріледі.
-
Бір түйір
дәнде, бір тамшы тер
бар.
-
Алтау ала болса,
Ауыздағы кетеді.
Төртеу түгел
болса,
Төбедегі келеді.
-
Екі жақсы қас болмас,
Екі жаман дос болмас.
-
Бес бармақ
жиылса, жұдырық
болады.
-
Алдыңа бір
қарасаң, артыңа он
қара.
-
Досыңның мың болғанына мақтан,
Дұшпаның жалғыз болсада
сақтан.
-
Алты аға бірігіп әке болмас,
Жеті жеңге бірігіп ана
болмас.
-
Дос егіз болса,
Дұшпан сегіз.
-
Досыңды үш күн
сынама, үш жыл
сына.
-
Бермегенге бесеу де көп,
Алғанға он болса
да аз.
-
Ер бір рет
өледі, қорқақ мың
рет.
-
Қырық кісі бір
жақ, қыңыр кісі бір
жақ.
-
Жалқаудың екі досы бар:
Бірі – ұйқы, бірі
– күлкі.
-
Білгенің бір тоғыз,
Білмегенің тоқсан
тоғыз.
-
Алты
қырлы, алты
сырлы.
-
Отыз тістен шыққан сөз,
отыз рулы елге
жайылады.
-
Білекті бірді жығады,
Білімді мыңды
жығады.
-
Математика ғылымдар патшасы,
Ал арифметика
математика патшасы
б) қалған екі мақалшының біреуі екіншісіне мақал
айтады. Екіншісі сол мақалдың ішіндегі бір сөзге мақал құрастырады.
Мақалдардың ішінде сан есімдер болуы шарт: а) 1 кісі қазған
құдықтан 1000 кісі су ішеді.
1000 – ның қамын 1 ойлар, біреудің қамын 1000
ойлар.
VI. Жүргізуші:Білімдіден шыққан
сөз
Талаптыға болсын кез
Нұрын, сырын көруге
Көкірегінде болсын наз – дей келе 2-сайысымызды
бастайық. Әрбір дұрыс жауап ушін 5 ұпайдан
беріледі.
Полиглот
№
|
Қазақ
тілі
|
Орыс
тілі
|
Ағылшын
|
1
|
Кесінді
|
|
|
2
|
Қорытынды
|
|
|
3
|
Сәуле
|
|
|
4
|
Құрама
сан
|
|
|
5
|
Көбейту
|
|
|
6
|
Бөлу
|
|
|
7
|
Бөлік
|
|
|
8
|
Тригонометрия
|
|
|
9
|
Дәреже
|
|
|
10
|
Логарифм
|
|
|
VI. Жұмбақшылар сайысы:
а) жүргізуші жұмбақтарды айтады, ойыншылар
шешеді. Ең аз ұпай жинаған ойыншы ойыннан шығады. Әрбір дұрыс жауап
ушін 5 ұпайдан беріледі.
-
Өзі төрт қанатты және алты
аяқты,
Сөйтсе де тікұшақтың көшірмесі
сияқты.(инелік)
-
Екі айнасы бар, екі найзасы
бар,
Төрт сылдырмағы бар,
бір шыбыртқысы бар.(сиыр)
-
Аяғы біреу, қолы жоқ,
шиыр – шиыр жрлы көп.(қалам)
-
Екі ағайынды,
Екеуі де бір
үйде,
Бірін – бірі көрмейді.(көз)
-
Таңертең төрт аяқты,
Түсте екі аяқты,
Кешке үш аяқты.(адамның қартаю
кезеңі)
-
Бес ін, бес іннің ауызы бір
ін.(қолғап)
-
Екі желім күйдің көрігі, әннің
көлігі.(домбыра)
-
Он бір түйе, бес жылқы,
Екі сиыр, бес жылқы,
Екі қоян, үш түлкі,
Таба алмасаң бос
күлкі.(28)
-
Бір – бірімен жарысқа
Төрт аю, бір
арыстан
Екі қой мен бір
түлкі
Бәрі нешеу кім
білді?(8)
-
10. Түйе, бота маң
басқан.
Төрт аяғын тең
басқан.
Шұнақ құлақ бес
ешкі
Қос лақты қос
ешкі
Бәрін бірге санап қой
(15)
-
Дүкеннен мен сабын алдым,
Оның және қабын
алдым
Екі дәптер, бір
қарындаш
Тіс ысқышты тағы
алдым.
Есептеші сонда
бәрі
Қанша болды қолда
бары?(6)
б) қалған екі жұмбақшылар бір-біріне жұмбақ
айтады. Жұмбақтардың ішінде сан есімдер болуы
шарт:
-
Тоғыз белбеу, қос жибек,
Екі мұрын, бір жүмек.(домбыра)
-
Қаршында бір көлдің балығы бар,
Немесе жандының алыбы бар.(кит)
Жүргізуші:ІІ – тур. Тіл -
өнер. І –турды қорытындылай келе, осы
тур бойынша сайыскерлердің алған ұпайларын айта
кетейік.
«Ана тілің – арың
бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте»
Бұл бөлім бойынша сайыскерлерімізге жұмбақ немесе
мақал мателдерден сөз жасырылады. Жауабын үш тілде жазып көрсету
керек. Жауабын дұрыс тауып үш тілге аударса: 30 ұпай, ал екі
тілдегі аудармаға 20 ұпай, ал аударма жоқ болса 10 ұпайға ие
боласыңдар.
-
Жұт... ағайынды.
(Жұт жеті ағайынды) Жеті – семь-
seven
-
Айдағаны ... ешкі ысқырығы жер
жарады.(Айдағаны бес ешкі ысқырығы жер
жарады.) бес – пять –
five
-
Өзі сөйлей білмейді, салған
ізі сөйлейді. Қалам – ручка – pen
-
Алты қырлы, алты сырлы. Қарындаш – қарандаш –
pensl
-
Екі қолға ... күрек. (екі
қолға – бір күрек). Бір – один – one
-
ел құлағы нешеу? (Ел құлағы – елу ) Елу –
пятьдесят – Fivty
-
Жігітке жеті өнер де аз, неше
өнер көп емес? (Жігітке жеті өнер аз, жетпіс өнер көп
емес)
-
Отыз тістен шыққан сөз – неше
рулы елге жайылады? (Отыз тістен шыққан сөз –
отыз рулы елге жайылады) Отыз –
тридцать – soty
VIІ. Тапқырлар
сайысы: Әрбір дұрыс жауап ушін 5
ұпайдан беріледі.
-
Елу тісті, екі қолды. (екі кісілік
ара)
-
Жүд төрт түйме, он бір
ине.(есепшот)
-
Басында таяғы бар,
Төрт аяға бар,
Сегіз түяғы бар,
Иегінде сақалы бар.(ешкі)
-
Торы тай, табанында төрт
ай.(таға)
-
Ақ шапанын үстінен
Алты ай бойы шешпейді.
Қара шапанын үстінен алты ай бойы түспейді.(қыс
пен жаз)
VIІІ. Шешуші
сайыс: Әрбір дұрыс жауап ушін 5
ұпайдан беріледі.
Жеңген мақалшы мен жұмбақшы
жарысады.
-
5 алманы 5 кісіге
тең бөліп беру керек және де себетте 1 алма қалу
керек.
-
Жыл 12 айдың ішінде 30 және 31 сандары ауысып
отырады. Ал 28 саны қай айда кездеседі.
-
1 кг тас ауырма, әлде 1 кг мақта
ауырма?
-
Ұшақ А қаласынан В
қаласына дейін 1 сағат 20 мин ұшады да, қайтқанда 80 мин ұшты.
Себебін түсіндір. (екеуі бірдей 1 сағ. 20мин
=80
мин)
-
Бір жанұядағы 5 ұлдың бір – бірден қарындасы бар.
Жанұяда барлығы қанша бала бар.(6 бала)
-
Санасаң сан жетпейтін
нүктелерден
Құралған фигура бар қарапайым
Салу үшін сен оны сызғыш ізде
Бұл не өзі, бар ма, сірә, дара
пайым
IХ. Жеңімпазды
марапаттау. Сайысдан кейін жеңімпаз
анықталады және
марапатталады.
Көңіл бөліп бұл кешке
Келгендерге көп рахмет
Шын
сезінген көрерменге
Мың
рахмет, мың рахмет.


