Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

21 "Алпамыс" бөбекжай- балабақшасы тренинг

Материал туралы қысқаша түсінік
"Қуыршақ терапиясы" педагогтерге арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы

21 «Алпамыс» бөбекжай – балабақшасы











«Ертегі терапиясы» бойынша

«Көбелек» медитативті ертегісі

(ата-аналарға арналған)





Психолог: Картабаева Арайлым

















2021 жыл

Арт - терапияның бір түрі – «Ертегі» терапиясы

Керекті құралдар: кофеден жасалған сироп, А4 парағы, қылқалам

Мақсаты: Стресті жою, бейсанамыздың жеңілдеуіне көмек беру, ата – ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты нығайту, бір – біріне сенімділігін арттыру. Бойымыздағы шыға алмай калған шығармашылықты сыртқа шығаруға көмек беру. Өз – өзіне деген сенімділігін қалыптастыруға, эмоционалды тепе – теңігін бір қалыпқа түсіруге, өзінің бағалауын жоғарлатуға көмектесу.

Тренинг барысы: Ыңғайлы отырамыз. 3 рет тыныс аламыз. Артық дыбыстар, проблемалар бәрі сыртта. Тек сіз ғанасыз. Тынысымызға мән береміз. Қалай мән береміз, ол үшін үйіңізге көптен күткен, көптен көрмеген, қатты күтіп сағынып күтіп жүрген қонағыңыз келді. Сіз оны қуанып қарсы алдыңыз. Үйіңізге келгеніне қатты қуанғаныңызды айтып, дастарқан жайып күтесіз. Қуанып шығарып саласыз. Сол секілді көптен бері күтіп сағынып жүрген қонағым деп ойлаңыз да тынысыңызды көтеріңіз. Қонағыңызды қуанып шығарып салғандай тынысыңызды да солай шығарыңыз.

«Көбелек» әуені қосылып тұрады.

Көзімізді жұмамыз. Күн жарқырап, жеңіл самал жел соғып тұрды. Күмбезделген көк аспан әдемі жұпары аңқыған гүлдері бар, алыс бір сиқырлы елде көбелек өмірге келеді. Бірақ ол жалбыраған құрт секілді ұсқынсыз еді. Оған айналасындағылардың барлығы күлетін еді. Оның достары да болмады. Көбелек өзінің құрт секілді түрінен қатты ұялатын. Ол биік ескі ағашта өмір сүрді. Оның бірнеше шынжыр аяқтары болатын. Алысқа жылжып бара алмайтын. Көз алдымызға елестетіп отырамыз. Ол бүкіл әлемді көргісі келді. Ол қияалдады. Ол қатты армандады. Ол таулардың ар жағындағы сиқырлы елдің тұрғындарын алыста қалай өмір сүретінін білгісі келді. Ол әлемді көргісі келді. Бір күні ол өзінің армандарын анасына айтты

- «Анашым менде басқа әдемі көбелектер секілді менде әдемі болғым келеді. Әдемі гүлдерге қонғым келеді.мағанда мына әлем тамсанса екен деймін. Менде әдемі сұлу болып барлығы мені қызықтаса екен деймін» - деп кішкентай көбелек бар арман тілегін анасына жеткізді. Ал анасы кішкентай көбелегіне жымия қарап, басынан сипап, көп ұзамай армандары орындалатынын айтты. Кішкентай көбелегім менің сен менің әлемдегі ең қымбатымсың. Мен үшін әлемдегі ең сұлу көбелегімсің. Сен менің баға жетпес байлығымсың деп- анасы кішкентай көбелегін құшақтап отырып көп ұзамай сенде басқа көбелектер секілді әлемді аралайтын боласың деді. Ал кішкентай көбелек көзі күлімдеп анасына мақтанышпен қарады. Күндердің күнінде, айлардан айлар өтіп кішкентай көбелек әдемі көбелекке айналады. Енді ол көбелек биікке ұша алатын болды. Ол аспанда кемпірқосақты жиі көре алатын болды және басқа көбелектермен достасып кетті. Өзіне сенімді көбелек сиқырлы елдің тұрғындарымен бірге бақытты өмір сүрді.

Жайлап көзімізді ашамыз.

Көбелектің суретін салуға 5 минут уақыт беріледі.

Қорытынды:

  1. Осы ертегі сіз үшін нені білдіреді ?

  2. Не жайында деп ойлайсыз?

  3. Сіздер көбелектің суретін салу барысында қандай сезімде болдыңыз. Сіздерге ұнадыма? Ішкі әлеміңізге қуаныш, ләззат сыйлай алдыңызба?

  4. Егер көбелегіңіз аяқ-астынан бір ғажап нәрсе болып сөйлей алу қабілетіне ие болып кетсе, сізге ол не айтуы мүмкін? Сізге не айтар еді?





Қатысушылардың жауабы: Сұрақтардың жауабы бұл сіздің ішкі даусыңыздан келіп тұрған. Сол жауап сіздің ішіңізде, мына сыртқы жағымсыз әсерлердің кесірінен, өзіңізді төмен бағалауыңыздын, жолым бір болмайтын қырсық шалған бір адаммын деген ойлардан, қолымнан ештеңе келмейді деп санамызға әбден сіңіп қалады да сіздердің жауаптарыңыз осы жағымсыз әсерлердің кесірінен астында түнжығып қалып қоя береді де санамызды, ойымызды, қабілетімізді, мүмкіндігімізді, күш қайратымызды басып тастай береді екен. Соның кесірінен өз-өзімізді бағалауымыз төмендей береді, сенімділігіміз жойылады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.02.2021
268
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12