400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

21-ден 100-ге дейінгі сандар 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

2-сабақ. 21-ден 100-ге дейінгі сандар


Тақырыбы: Менің мектебім

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

2.1.1.2.Екі таңбалы сандарды оқу, жазу жəне салыстыру

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

100 дейінгі сандар, толық ондықтар, сандарды салыстыру, жазу жəне оқу.

Бірқатар оқушылар үшін:

100 дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну, натурал сандар тізбегінде санның орнын анықтау.

Кейбір оқушылар үшін:

100 дейінгі сандардың түрлі моделін ұсыну, модельдің көмегімен сандарды салыстыра алу.

Тілдік мақсаттар

Пəндік лексика жəне терминология:100 дейінгі сандардың аталуы, толық ондықтар, бірліктер, артық, кем, ерте, кеш, алдыңғы, артқы, аралықтағы сандар.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын тіл.

  1. Санды жазу үшін қандай цифрларкерек?

  2. Көршілес сандарды атай аласыңба?

  3. Санда неше ондық, бірлік бар? Оны қалайанықтайды?

4)Егер цифрлардың орнын алмастырса, онда екі таңбалы сан бола ма? Қандай сан шығады? Ол екі санды салыстырыңдар.

Жазу:

0-100 аралығындағы сандарды жазу, санның «көршілес» сандарын жазу

Тірек білімдер, білік, дағдылар

0-ден 20-ға дейінгі сандар, толық ондықтар, салыстыру, сандарды оқу жəне жазу

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Қоры



0–3 минут

Ынталандыру.

Сандардың адам өміріндегі маңызы туралы əңгімелеседі. 0–9 сандарының қиықшаларын көтеру арқылы қандай сандардың көрсетілгенін оқушылар анықтайды.

Бұл жұмыс мұғалімге оқушылардың екі таңбалы сандармен таныс не таныс еместігінен хабар береді.

0–9 сандарының карточкалары


Белсендіру.

0–20


4–6

Өткен сабақтағы сияқты сандар (20-ға дейінгі сандар, толық ондықтар) туралы əнді еске түсіру жəне орындау, сыныптағы заттарды санау (үстелдер, орындықтар, санау материалдары жəне т.б.)

Бұдан кейін мұғалім "Санды тап" ойынын жүргізеді. Ол үшін алдын-ала 0-ден 20-ға дейінгі сандардың қиықшалары дайындалады. Ойынның мақсаты – сандарды дұрыс жəне жылдам тауып жəне тура жəне кері ретпен тізбектеп көрсету. Ойынды күрделендіруге болады – бір сан немесе екі сан тастап сандарды атау. Оқулықтағы №2 тапсырма ауызша орындалады – тура жəне кері ретпен ондықтарды санау.

сандар,толық ондықтар




7–11

Мақсатты бекіту (мəселелі жағдаяттар).

Оқушылар командаға бөлінеді. Əрбір команда 21-ден 100-ге дейінгі сандарды тауып, дұрыс айта білулері керек. Аз уақытта көп сан тапқан, барлық мүшелері бірдей жақсы жұмыс жасаған команда жеңіске жетеді. Бұл тапсырма арқылы мұғалім оқушылардың екі таңбалы сандарды атай алуы жəне жаза білетіндігін бақылайды.

21-ден 100-ге сандар жазылған карточкалар










12–29

Жаңаны ашу.

№3 тапсырма оқушыны екі таңбалы сандардың құрылуымен таныстырады. Осындай жұмыс тақтада да жүргізіледі.

Ондықтар Бірліктер






Жапсырмалар жиынтығы ұсынылады.

Жұмысты топпен жүргізуге болады. Топпен сандарды жазады, оларды жіктейді (сипаттама береді):

  1. Санды жазуға қандай цифрларқатысады?

  2. Санның «көршілес» сандарын айта аласыңба?

  3. Санда неше ондық, бірлік бар? Оны қалайанықтайсың?

  4. Егер цифрларды алмастырса, екі таңбалы сан шыға ма? Қандай сан шығады? Екі санды салыстырыңдар. Оқулықтағы №4тапсырманы орындауды ұсынады. №5 тапсырма ойын түрінде жүреді. Дайын 100-ге дейінгісандар кестесі ұсынылады. Топта кейбір оқушылар теріс қарайды, басқалары кестедегі сандарды фишкамен жабады. Санды дұрыс тауып, оған дұрыс сипаттама беріледі, одан соң оқушылар алмасып, тапсырманы орындай береді. Сан сипатамасыныңмысалы:

  1. Сандыата.

  2. Сандағы ондықтар саны мен бірліктер саныната.

  3. Сандағы жалпы бірліктер саныната.

  4. Санның алдында тұратын жəне саннан кейін тұратын сандардыата.

  5. Берілген санды жазу үшін барлығы неше цифрқажет болды жəне олардың арасында əртүрлі цифрлар нешеу екендігінкөрсет.

Түсіндіру арқылы алғаш бекіту.

Жұмыс дəптерінен №1-2-тапсырма. Осы тапсырма екі таңбалы сандардың нөмірленуін білдіреді.

Үлгі бойынша өз бетінше тексеру оқушының өз қатесін анықтауға мүмкіндік береді.

Бағалау критерийлері:

Оқулық, 100 дейінгі сандар кестесі, санау материалдары, дəптер.

Shape1


  1. Екі таңбалы сандардың моделінкөрсетемін.

  2. Екі таңбалы сандарды ондықтар мен бірліктергежіктей аламын.





30–40

Жаңаны қолдану.

№3тапсырма. Санның құрамын дəптерге жазады.

Өздік жұмыс

№4 тапсырманы дəптерге орындауды ұсынады.

Дəптер

41–45

Рефлексия.

Оқушы өз біліктерінің мақсатқа сай екенін салыстырады: осы сабақта оқушы:

  • екі таңбалы сандарды оқу, жазу жəне салыстырады,100

көлемінде сандарды тура жəне кері ретпен санайды;

  • натурал сандар тізбегінде санның орнын анықтайды, 100 көлемінде екі таңбалы сандардың құрылу жолын түсіндіреді;

  • 100 көлемінде сандардың əртүрлі моделдерінұсынады, сандарды моделдерінің көмегіменсалыстырады.

Жетістіктербаспалдағы



30


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
9 наурыз
1000
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі