21 ғасыр көшбасшысы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

21 ғасыр көшбасшысы

Материал туралы қысқаша түсінік
3-сыныпқа арналған сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

21 ғасыр көшбасшысы

Өтетін күні: 26.02.2019

Қатысатын оқушылар : 3- сынып

Мақсаты: 

Оқушылар жаратылыстану пәндерінен білімдерін кеңейтеді және тереңдетеді. Өз сөзін дәлелдей білу дағдысын жетілдіруі, өз көзқарасын жеткізе білуі, ауызша сөйлеу біліктілігін жетілдіру және сөздік қорын байытады.Эмоционалды – танымдық ортасын кеңейтеді. Көңіл қоя білу, ойда сақтау, ұшқырлық , ойлау қабілетін шыңдайды, шапшаңдық пен нақтылыққа бейімделеді, тиянақты сөйлеу әдеттерін жетілдіреді.

Көрнектілігі: интерактивті тақта, слайдтар, сыйлықтар, тест тапсырмалары

Іс шараның барысы

Жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар. Бүгінгі «21 ғасыр көшбасшысы» интелектуалды сайысына қош келдініздер! Ең алдымен сайысымызға төрелік ететін әділ қазылар алқасымен танысайық

Абыкеева Б.К. - директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары:

Секуова А.Т. - тарих пәнінің мұғалімі

Қаңтарбаева Ж.С. - бастауыш сынып мұғалімі

Қазылар алқасымен танысып болсақ Сайысымызды бастайық Сайыс 5 кезеңнен тұрады

  1. кезең Таныстыру

  2. Бәйге

  3. Дода

  4. Жорға

Әр кезең сайын қазылар алқасы белгілі бір ұпайлармен топтарды бағалап отырады. Ең жоғарғы ұпай 15 ең томенгі 5 ұпай Сайыс кезінде топтарға сұрақтар қойылады Алдарынызда тұрған қоңырауларды кім бірінші соқса сол топ бірінші жауап береді

Ен деше 1- кезең таныстыруды бастайық Бұл кезеңде топтар өздерін таныстарды

Мен қазір қарапайым жұмбақ айтайын қай топ жылдам жауап берсе сол топ сайысты бірінші болып бастайды

Жылт жылт етеді

Жылғадан өтеді

Өте жақсы бірінші алғырлар тобы бастайды

Топтар өздерін таныстырып болса келесі кезеңге өтейік

2-кезең Бәйге қарап тұрмай  бәйгеге  еріңіз Шәкірттерге  әділ  шешім  беріңіз Жүзден  жүйрік, мыңнан тұлпар  шығарар Бәйге, бәйге, бәйгелерді  көріңіз дей келе  біз  келесі  кезең БӘЙГЕ  кезеңін бастайық Оқушыларға 8 сұрақ қойылады Жүргізуші қатысушыларға қарапайым сұрақтар қояды, әр сауалға жауаптың үш нұсқасы ұсынылады.2. Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 10ұпай иеленеді.3. Жауапқа он бес секунд уақыт беріледі, одан кейінгіжауаптар қабылданбайды.

Қай топ бірінші қоңырауды соқса сол топ жауап береді

  1. Күн жүйесінде неше планета бар?

А) 6

Ә) 2

Б) 9

  1. Су қабаты қалай аталады?

А) Гидросфера

Ә) Биосфера

Б) Атмосфера

  1. Қағазды басып шығаруға арналған құрылғы қалай аталады

А) тышқан

Ә) принтер

Б) монитор

  1. «Менде атқа міне аламын» әңгімеснің басты кейіпкері кім?

А) Амир

Ә) Еркін

Б) Алан

  1. «Кел балалар оқылық» өлеңінін авторы

А) Абай

Ә) Ыбырай

Б) Мағжан

  1. «Әдемі» сөзінің синонимін ата

А) Әдемі, көрікті

Ә) Тәртіпсіз , сұлу

Б) Ақылды, қамқор

  1. Сын есімнің сұрақтарын ата

А) Кім не

Ә) Қандай қай

Б) Не істеді Қайтті

  1. 8.Теректе 5 алма өсіп тұр, 1 алма үзіліп түсті нешеуі қалды

А) 4 алма

Ә) теректе алма өспейді

Б) 2 алма

Әр сұрақ 10 ұпаймен бағаланады

3 кезең Полиглот

Бұл кезеңде оқушыларға жұмбақ жасырылады. Жұмбақтың шешуін тауып қана қоймай оны орысша ағылшынша айтуы керек Толық жауап 15 ұпай егер тек қана жауабын ғана айтса 5 ұпай

  1. Бес қаруы белінде
    Самғап жүреді көгімде.
    (бүркіт) орел

  2. Шәкіртке жанашыр,

Мейірман кім, жаны асыл.

(ұстаз) учитель теасһеr

  1. Ұшады қанатсыз,

Зырлайды аяқсыз.

(Зымыран) ракета

  1. Білімнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы.

(мектеп) школ school

  1. Жіп-жіңішке денесі,

Ортасында шегесі.

(қарындаш) карандаш pencil

  1. Ақ құман жүр жүзіп.

Су бетін сүзіп.

(аққу) лебедь

  1. Қыста киімін тастайды,

Көктемде киіне бастайды.

(ағаш) дерево

ай тәтті болуы үшін не қосады?

Сахар – қант — sugar

30-20

Оң – десять — ten

Жаздан кейінгі жыл мезгілі

Осень – күз — autumn

Парағы бар– ағаш емес

Тігілген – көйлек емес

Баяндайды – адам емес

Кітап – книга — book

Өзі домалақ, өзі қызыл

Бұтақта өседі

Үлкенде, кішіде

Оны сүйеді

Алма – яблоко — apple

Баланын бір ағасы бар. Ағасының бір інісі бар. Жанұяда неше бала бар?

Екі – два — two

Ұшымен қазық

Тор көздi жазық.

Үстiне өттiм,

Асыл сөз жазып.

Тетрадь – дәптер — notebook

Ірімшік, айран, қаймақ неден істелінеді?

Молоко – сүт — milk

Өзі кішкене дөп-дөңгелек,

Тапшы, қане біле алсаң.

Өзіңнен де биікке асады,

Мықтап жерге ұра алсаң.

Мячик – доп — ball



3-тур Жорға

КЕЗЕҢ«ДОДА» Мәңгі  бақи  есте  қалар Ғажайып  бір  сайыс  болсын Білімдірек  шәкірт  озар Қиынырақ  сұрақ  болсын  деп біз  енді  сайысымыздың  келесі  кезеңіне  келдік. 

Пәндер бойынша

10- ҰПАЙ Қазақ тілі Зат есімнің түрлерін ата

20 –ұпай АКТ Сурет салу бағдарламасы қалай аталады Paint

30-ұпай Атқа міндім өлеңінің авторы Қастек Баянбай

40 – ұпай Жер қабаттарын ата Атмосфера гидросфера биосфера литосфера

Логиклық сұрақтар

10-ұпай 12 жұмыртқа 5 минутта піседі, 10 жұмыртқа неше минутта піседі. 5 минут

20 – ұпай Олжа

30 ұпай- Бір жанұяда 5 ұлдың әрқайсының бір- бірден қарындасы бар. Жанұяда неше бала бар? 6 бала

40 – ұпай Үш түйеқұс ұшып келе жатты. Аңшылар біреуін атып алды. Қаншасы қалды?

Түйеқұс ұшпайды

 (4-тур «ДОДА»)

Бұл кезеңге топ басшылары қатысады. Әрқайсысына 1 минут ішінде 16 сұрақ оқылады егер білмесе келесі деп келесі сұраққа жауап береді . 1 минут ішінде неше сұраққа дұрыс жауап береді сонша ұпай алады.

 1-ОЙЫНШЫ:

  1. Күздің алғашқы айы? (қыркүйек?)

  2. Адам ауырғанда дене қызуын немен өлшейді? (градусник)

  3. Қазақстан туының түсі? (көк)

  4. 8 + 12 (20)

  5. Адамның қалыпты температурасы (36,6)

  6. Барлық қабырғасы тең тіктөртбұрыш (квадрат)

  7. Қай материкте барлық меридиан қиылысады? (антарктида)

  8. Ғарышқа тұңғыш ұшқан адам (Гагарин)

  9. Қазақ тілінде неше әріп бар? (42)

  10. Ақмола Астана деп қай жылы аталды? (6 мамыр 1998 жыл)

  11. Қазақстанның ең ірі қаласы (Алматы)

  12. Тұңғыш Президенттің күні (1 желтоқсан)

  13. Ғылым патшасы (математика)

  14. Ақпараттық процесстерді зерттейтін ғылым (информатика)

  15. Ең  ірі жәндік (кит)

  16. «Кел балалар оқылық» авторы (Ы.Алтынсарин)

 2-ОЙЫНШЫ:

  1. Қай жылы Қазақстан тәуелсіздігін алды? (1991)

  2. Қазақстанда неше облыс бар? (14)

  3. 12+7 (19  )

  4. Қалтасы бар жануар? (кенгуру)

  5. Қыстың соңғы айы? (ақпан)

  6. Бүкіл меридиан қиылысатын мұхит бар ма? (Солтүстік мұздық мұхит)

  7. Тұңғыш Қазақстан ғарышкері (Т.Аубакиров)

  8. 1 байтта неше бит? (8 бит)

  9. 10 көейту екі

  10. Қазақ алфавитінің авторы (Ы. Алтынсарин)

  11. Ғылымдар атасы (тарих)

  12. Ең кіші құс (колибри)

  13. Пингвиндер мекені (антарктида)

  14. Ай нені айналады? (Жерді)

  15. Футболда немен ойнайды? (доп)

  16. Күн жүйесіндегі 4 планета? (Марс)

 Көрермендерге сұрақ

  1. Кері сандардың көбейтіндісі неге тең? (1)

  2. Жердің серігі (Ай)

  3. 1 жылда неше күн бар? (365)

  4. Қарама-қарсы сандардың қосындысы (0)

  5. Шығыс күнтізбесінде биыл қай жыл? (жылаң)

  6. Аты бар байттар тізбегі (файл)

  7. Астанадағы өзен (Есіл)

  8. Ең ірі материк (Еуразия)

  9. Қай материкте өзең жоқ? (Антарктида)

  10. Манипулятор типті басқару құрылғысы (тышқан)

  11. Неше жүз бар? (3)

  12. Ең ірі мұхит (Тыңық)

  13. «Медеу» мұзайдыны бар қала (Алматы)

  14. ҚР Президент неше жылға сайланады? (7)

  15. «гео»-жер, ал «метрео» … (өлшеу)

  16. Экранның басқаша атауы (монитор, дисплей)






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.03.2019
2145
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі