Материалдар / 21 ғасыр көшбасшысы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

21 ғасыр көшбасшысы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сыныптан тыс жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Қазан 2020
582
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: «XXI ғасыр көшбасшысы»

«Ұлағат» шаңырағы


Мақсаты: Шапшаң ойлауға, әр іске шығармашылықпен қарауға бейімдеу, білімді, дарынды, озық болуға тәрбиелеу. Игерген білімдерін қорытындылап бір жүйеге түсіру, пәнге қызығушылығын, ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту. Сөйлеу мәдениетін жетілдіру.


Көрнекіліктер: ойынға қажетті слайдтар, мақал-мәтелдер жазылған плакаттар, ойынға қажетті кеспе қағаздар, суреттер.

Мұғалім:

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер! «Халықтың кемеліне келіп, өркендеп өсу үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет» деп Ш.Уалиханов айтқандай бүгінгі өткізгелі отырған «ХХІ ғасыр көшбасшысы» ойынына қош келдіңіздер!


«Ғылым майданының қатардағы жауынгері тек үнемі оқу, іздену, талпыну, тану, өмір мектебінен өту арқылы ғана оның ірі қайраткері дәрежесіне дейін көтеріледі» деп Қаныш Сатпаев айтып өткендей еліміздің болашағы тек қана білімді жастар екені даусыз. Ойынды бастауға рұқсат етіңіздер. Алдымен қатысушы оқушыларды таныстырып өтейін. Ойынымызға 9 «А», «Ә», «Б» сыныптарының кіл жүйріктері қатысқалы тұр. (қатысатын оқушылардың аты-жөнімен таныстырамын. Әрбір оқушы өзінің өмірлік ұстанымын айтады)


Келесі кезекте сайыстың төрелігін айту үшін қазылар алқасын тағайындап алайық.

Математика пәні мұғалімі: Даули Қ.

Математика пәні мұғалімі: Еликенова Г. Р.

Математика пәні мұғалімі: Жусупова Д.О.


1-Жүргізуші:

Айналайын алға ұмтылған, дарындар!

Жауап беріп, шешу жолын табыңдар.

Жылдам әрі нақтырақ жауап беріп,

Осы ойынның көшбасшысы болыңдар!


Сайыс 4 бөлімнен тұрады.

1-бөлім: Бәйге

2-бөлім: Полиглот

3-бөлім: Көкпар

4-бөлім: Кім қырағы

5-бөлім: Шешендік сайысы

Сонымен ойыншылар іске сәт!

2-Жүргізуші:

Шақырамыз келіңіздер жарысуға,

Көш-өнер, білімменен алысуға.

Бар өнерді салайық ортамызға,

Дарабоздар, келіңдер сайысуға!

1-бөлім: Бәйге

Берілген сұрақтарға немесе логикалық есептерге жауапты магнитті тақтайшаға жазып көрсетеді. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.



  1. Айгерім 100 тиынға 10 дана көкөніс сатып алды. Сарымсақ 5 теңге, сәбіз 15 теңге тұрса, көкөністің әр түрінен қаншадан алған ? (5 сарымсақ, 5 сәбіз)

  2. Қазір әкесі 32 жаста, баласы 5 жаста болса неше жыл бұрын әкесі баласынан 10 есе үлкен болды? (2 жыл бұрын)

  3. Қандай үш санның қосындысы, көбейтіндісіне тең?

  4. Бір топ торғай бірнеше бұтаққа келіп қонды. Үш-үштен қонса 3 бұтақ артық қалады. Екі-екіден қонса 2 бұтақ жетпей қалады. Ағаштың неше бұтағы бар? (13)

  5. 0; 1; 2; 5 цифрлары арқылы әр түрлі үш таңбалы неше сан құрастыруға болады? (18)

  6. 13+15+17+...+95+97+99 қосындысын есептеңіз. (2464)

  7. Қорапта 3 қызыл, 3 сары, 3 көк, 1 ақ доп бар. Бірдей түсті кемінде 2 доп алу үшінтаңдамай бір жолданеше доп алу жеткілікті? (11)

  8. 5,6,7 цифрлары кіріспеген екі таңбалы жұп сандар нешеу? (24)

  9. 1,2,3,4 цифрларының орынын алмастыру арқылы жазылатын 4 таңбалы сандардың санын табыңыз. (24)

  10. Айдана өзінің дәптерін нөмірледі. Ол 59 цифр жазған болса, неше бет нөмірлеген болады? (34 бет)

Мұғалім: Берілген магнитті тақтаға кім дұрыс жауабын жазып бірінші көтереді, сол оқушыға 10 ұпай беріліп отырады. Мақал-мәтелдің арасында қалып қойған сөздерді үш тілде жазуы қажет.

2-бөлім: Полиглот

Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Екіншінің қатты істейтін миы бар.

Мақал-мәтел, жұмбақ шешсең үш тілде

Осы ойынның сізге деген сыйы бар.

1. Бір тал кессең, ........... тал ек /он , десять, ten/

2. Жігіт бір сырлы, ..............қырлы . /сегіз, восемь, eight/

3. Ер бір рет өледі, қорқақ........рет өледі. / мың, тысяча, one thousand /

4. Ел іші - ......... бесік. /алтын, золото, gold/

5. Сыйлап берген ....................да тәтті. /су, вода, water /

6. Өшпейтін өмір жоқ, сынбайтын..............жоқ. /темір, железо, iron /

7. Қызға ............ үйден тыю. /қырық, сорок, fourty/

8. ...........қайнауда шынығады, батыр майданда шынығады. /болат,сталь, steel/

9. « Жіпке ілдім мен өзім,

Кіп-кішкентай күн көзін» /шам, лампочка, Iamp/

  1. «Өзі затты құрайды,

Теңесуге таразыны сұрайды. /масса, масса, weight/


Мұғалім:

«Көкпар» сайысының шарттары төмендегідей: 10,20,30,40,50ұпайларға сәйкес сұрақтарға жауап береді.



4-бөлім: Кім қырағы

1-Жүргізуші:

Бұл бөлімде оқушының көз алдынан бірнеше сөз жазылған плакат өткізіледі. Содан кейін 1 минут қарап сөздерді жаттап алған соң есте қалған сөз жазылады. Әрбір жазылған сөзге 5 ұпайдан беріледі.




теңдеу

градус

бөлшек

сабақ

сандар

бөлу

математика

ана

аудан

бұрыш

мейрам

өрнек

периметр

шеңбер

апта

көлем

сынып

ұя

бөлінді

аудан



Ойынымыздың шешу сәті төрешілер өздеріңізде. Жеңімпазды анықтап, марапаттау.


Осымен бұл қызықты тәмамдасақ,

Бұл жайында айтамыз ба, жаман болсақ?

Үйрендік білмегенді осы жолы,

Тағы да үйренеміз, аман болсақ!


Тағы да үйренеміз, аман болсақ!

Шыңымыз биік болар, білім қусақ.

Өмір деген өнермен үйлеспей ме?

Жадыратар жанымызды ән тыңдасақ!


Бүгінгі көріп тамашалаған «XXI ғасыр көшбасшысы» ойыны өз мәресіне жетті.


Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін, алғысымыз шексіз.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!