Материалдар / 21 ғасыр көшбасшысы 5 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

21 ғасыр көшбасшысы 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
21 ғасыр көшбасшысы 5 сынып
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
19 Қаңтар 2024
408
8 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады




Сабақтың тақырыбы: «ХХІ – ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойын сайысы.


Мақсаты: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, математикадан білімін тексеруге, есте сақтау қабілеттерін жақсартуға, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға, жауапкершілікке тәрбиелеу.


Жүргізушінің сөзі: Қайырлы күн қадірменді көрермендер! Баршаңызды «ХХІ – ғасыр көшбасшысы» интеллектуалдық ойынына қош келдіңіздер. Ойынымызды бастауға рұхсат етіңіздер.


Математика сырлары,


Қызықтырды біздерді


Ойынға бірге қатысуға


Шақырамыз сіздерді – дей отырып сайыскерлеріміздің білім мен өнеріне баға беретін әділқазылар алқасын ортаға шақырамыз.


Әділ қазылар алқасын тағайындау:


1.Математика мұғалімі:


Сабақтың жоспары


І-тур: Бәйге.


ІІ-тур: Тіл - өнері.


ІІІ-тур: Ғажайып үштік.


ІҮ-тур: Көкпар.


Ү-тур: Жорға.



І-тур: «Бәйге»


Сұрақтарға жауап беру арқылы өтеді. Шарты белгіні кім бірінші көтерсе сол оқушы жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай.


1) Бөлімдері бірдей бөлшектерді қалай қосамыз? (бөлімдері сол қалпында жазылады, алымдарын қосып алым етіп жазамыз)

2) Бұрыс бөлшек дегеніміз не? (алымы бөлімінен үлкен болған жағдай)

3) Дұрыс бөлшек дегеніміз не? (алымы бөлімінен кіші болған жағдай )

4) Жай сандар дегеніміз қандай сандар? (1-ге және өзіне ғана бөлінетін сандар)

5) Құрама сандар дегеніміз қандай сандар? (2 немесе одан да көп бөлгіштері бар сандар)

6) 1 жай сан ба, әлде құрама сан ба? (1 жай сандарға, құрама сандарға жатпайды)

7) 4 пен 10 санының ең үлкен ортақ бөлгіші (2)

8) 9 бен 15 санының ең кіші ортақ еселігі (45)

9) 5 санына бөлінгіштік белгісі. (0 мен 5)

10) Сандарды координаталық сәуледе салыстырғанда неге назар аудару керек?


(қайсы оң жақта орналасқан болса сол сан үлкен болады)


Шарттары: Сұрақтарға жауаптар алу. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.

Сұрақтар:

1. Компьютердің негізгі бөлігіне жататын құрылғы ? Жүйелік болк (процессор)

2. Компьютер неше бөліктен тұрады? 3 (үш)

3. Қай фирманың шығарған компьютерлері кейіннен «дербес компьютер» деп аталды?

бит, байт

4. Ақпараттың өлшем бірлігі? Мickosorf

5. Қай жылы ЭВМ алғаш пайда болған? 1855ж

6. Арнайы пернеге жатпайтын перне? IBM

7. Ақпарат қандай мағына береді? баяндау, түсіндіру

8. Ең алғаш пайда болған есептеуіг құралы қалай аталады? есепшот

9. Пернелік тақтада неше перне бар? 101-102

10. Тышқаннның неше батырмасы болды. 2 немесе 3



ІІ-тур: «Тіл - өнер»


Бұл турда мақал-мәтелдер оқылады мен тастап кеткен сөзді тауып, толық оқып береді. Шарты белгіні кім бірінші көтерсе сол оқушы жауап береді. Тауып алған сөзді үш тілде айтуы керек.


1 тілде -10 ұпай, 2 тілде – 20 ұпай, 3 тілде – 30 ұпай алады.


1) Жұт ... ағайынды. (жеті) .


2) Айдағаны ... ешкі ысқырығы жер жарады. (бес) .


3) Білекті бірді жығар, білімді ... жығар ( мың).


4) ... жақсы қас болмас, ... жаман дос болмас (екі)


5) Екі қолға ... күрек. (бір)


6) Ел құлағы .... (елу)


7) Жігітке жеті өнер де аз, ... өнер көп емес.(жетпіс)


8) ... тістен шыққан сөз, ... рулы елге жайылады.(отыз)


9) Досынды ... күн сынама, ... жыл сына (үш)


10) Білгенің бір ..., білмегенің тоқсан .... (тоғыз)



Әділ қазылар алқасына сөз беріледі, ұпай саны ең аз екі оқушы ойыннан шығады.



ІІІ-тур. «Ғажайып үштік»


Бұл бөлімде оқушылар төмендегі кестеден ұпай бойынша сұраққа жауап береді.. Таңдаған оқушы бірінші жауап береді, ал қалғандары тыңдайды. Жауап дұрыс болмаған жағдайда, қарсыластар деген сөзден кейін басқа оқушылар жауап береді. Егер қарсыластар деген сөз болмай жауап бере бастасаңдар ешкімге де ұпай есептелмейді.


Тақырыптар


Ұпайлар саны


Туысқандар 20 30 50

Фигуралар 20 30 50


Жұмбақтағы математика 20 30 50


«Туысқандар»


20 ұпай . Жанұяда 2 ұл және әр ұлдың 2 әпкесі, 1әкесі бар. Әр қыздың бір анасы бар. Жанұяда барлығы қанша адам бар? (2ұл, 2 қыз, 1 әкесі, 1 анасы — 6 адам) .


30 ұпай. Бір қариядан «Неше балаңыз бар?» деп сұрағанда, ол:«Ұл мен қызымның саны бірдей, әр ұлымның 3 қарындасы бар» деген екен.Сонда қарияда қанша баласы болды?(3 ұл, 3 қыз).


50 ұпай. Әкесі 27 жаста болғанда баласы 3 жаста болды. Қазір баласының жасы әкесінің жасынан 3 есе кіші. Қазір әрқайсысының жасы қанша?(әкесі -81жаста, баласы 27 жаста)


«Фигуралар»


20 ұпай. Бұрыштары жоқ геометриялық фигура(шеңбер)


30 ұпай. Түзудің бір бөлігі


Екі шеткі нүкте көрігі

Ұзындығы және бар

Айтшы білсең кәнекей (кесінді).


50ұпай Бұрыш түрлерін ата?


«Жұмбақтағы математика»


20 ұпай. Көлден ұшты 50 қаз


Қайтып қонды 20 қаз


Қонбады оның нешеуі,


Қане кім тез шешеді? (30 қаз)


30 ұпай Түйе, бота маң басқан,


Төрт аяғын тең басқан.


Шұнақ құлақ бес ешкі,


Қос лақты қос ешкі.


Төрт қозылы екі қой


Бәрін білсең санап қой. (17)


50 ұпай


Отбасында 3 ер бала бар. Олардың әрқайсысы алдындағысынан 4 жас кіші. Бәрінің жасын қосқанда 24 болса, үш баланың әрқайсысы неше жаста?

(4 жаста, 8жаста, 12жаста)


Әділ қазылар алқасына сөз беріледі, ұпай саны ең аз бір оқушы ойыннан шығады.


ІҮ-тур: «Көкпар».


Бұл бөлімде 2 тақырып беріледі. Әрбір оқушы көрсетілген ұпайлар бойынша 1 тақырып таңдайды. Дұрыс жауап берсе, сол ұпай қосылады.


Логикалық есептер.


1) Тауық бір аяғымен тұрса 3 кг, екі аяғымен тұрса неше килограмм? (3кг)


2) Тік төртбұрышты үстелдің бір бұрышын кесіп тастады, неше бұрыш қалды? (5)


3) 5 жұмыртқа 12 минутта піседі, 10 жұмыртқа ше?


4). Қолымызда 10 саусақ бар. 10 қолда неше саусақ бар? (50)


5) Екі адам 2 сағат шахмат ойнаса, олардың әрқайсысы неше сағат шахмат ойнады? (2 сағат)


6) Әсем поездың басынан есептегенде 7-вагонға отырды. Мадина поездың соңынан есептегенде 7-вагонға отырды. Сонда қыздар бір вагонда болды. Поезда неше вагон болған?(13)


Формулалар.


1) Тік төртбұрыштың табу формуласын ата: S=a·b

2) Тік төртбұрыштың периметрін табу формуласын ата:P=2(a+b);

3) Квадраттың ауданын табу формуласын ата: S=;

4) Квадраттың периметрін табу формуласын ата: P=4a;

5) Тік бұрышты параллелепипедтің көлемін табу формуласын ата: V= a·b·c;

6) Тік бұрышты кубтың көлемін табу формуласын ата: V= ;


7) Пернелік тақтаның негізгі бөлігі қалай аталады? (символдық)

8) Сканер деген құрылғы не? ( баспа құрылғысы )

9) Пернелік тақта неше бөліктен тұрады? (төрт)

10) Paint деген не? ( графикалық редактор)

11)Компьютер неше бөліктен тұрады? (3 бөліктен түұрады)

12) Компьютердің қосақлы бөлігін ата? ( тышқан, модем, принтер, сканер, диск)



Әділ қазылар алқасына сөз беріледі, ұпай саны ең аз бір оқушы ойыннан шығады.




Ү-тур: «Жорға»


Бұл бөлімде қалған 2 оқушыға есеп беріледі. Есепті кім дұрыс шығарса, сол оқушыға 10 ұпай қосылады.


1-ші оқушыға:


2-ші оқушыға: .


Әділ қазылар алқасына сөз беріледі, ұпай саны ең аз оқушы ойыннан шығады және де жеңімпаз анықталады.


Қорытынды: Жоғары ұпай жинаған оқушыға «Жас математик» атағын беріп, марапатау.


Осыменен бұл қызықты тамамдасақ,


Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?


Үйрендік білмегенді осы жолы,


Тағы да үйренерміз аман болсақ!


Келгендеріңізге мың да бір рахмет. Ойынымызды аяқтауға рұхсат етіңіздер.



Пайдасы:

1.Компьютерлік ойын баланың ақыл – ойын дамытады

2. Баланың ойлау қабілетін күшейтеді.

3. Компьютермен қорықпай жұмыс жасауға үйретеді.

4. Шапшаңдыққа, байқампаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеуді.

5. Білімге деген құштарлығын арттырады.

6. Жасына сай әрекет жасауға бейімделеді.

Зияны:

1. Компьютер ойындары баланы қызбалыққа жүйелі ойлаумауға итермелейді.

2. Компьютерде ұзақ отырға болмайды, ультракүлгінді сәуле шығады.

3. Көздің көру қабілетін нашарлатады.

4. Жаттанды жұмысұа бейім болып келеді.

5. Денсаулыққа зиянды










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!