"21 ғасыр көшбасшысы" интеллектауалды сайыс

Тақырып бойынша 31 материал табылды

"21 ғасыр көшбасшысы" интеллектауалды сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
21 ғасыр көшбасшысы интелектуалды сайыс
Материалдың қысқаша нұсқасы

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

«Таутүрген НОМ» КММ

2022 – 2023 оқу жылы





Жауапты:К.К. Карбузов







Таутүрген ауылы

«Бекітемін» Мектеп директоры К.Карбузов

Тақырыбы: XXI ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ

Сыныбы: 7 сынып


Мақсаты: 1. Оқушылардың тез ойлап шешім шығару қабілеттерін, ой ұшқырлықтарын, оқуға ынталарын дамыту.

2. Қазақ тілі, геометрия, физика, информатика пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыру.

3. Білімді, дарынды, қағылез болуға баулып, көшбасшылыққа тәрбилеу.

Барысы:

Ойын кезеңдері:

  • 1 тур БӘЙГЕ

  • 2 тур ПОЛИГЛОТ

  • 3 тур ҒАЖАЙЫП АЛАҢ

  • 4 тур ҚИЯЛ ӘЛЕМІНДЕ

  • 5 тур ЖОРҒА

Кезең шарттары:

1 тур. Бәйгеде сұрақтар беріледі. Оған бірінші болып жалаушаны көтерген оқушы жауап береді. Жауап бере алмаса, келесі жалаушаны көтерген оқушы жауап бере алады. Әр жауап 3 ұпайдан есептеледі. Ұпайы аз 2 оқушымен қоштасамыз.


2 тур. «Полиглотта» жұмбақ жасырылады. Жұмбақты дұрыс шешкен және шешімін қазақ-орыс-ағылшын тілінде айтқан жауапқа 3 ұпай беріледі. Ұпайы аз 2 оқушымен қоштасамыз.


3 тур. «Ғажайып алаңда» оқушылар тор көздерден өзі білем деген тор көзді таңдайды. Дұрыс жауап берген жағдайда сол торкөзде көрсетілген ұпай беріледі. Ұпайы аз 2 ойыншы ойыннан шығады.


4 тур. «Қиял әлемінде» Ойыншыларға тақырып беріледі. Тақырыпқа сәйкес әңгіме құрастыру керек. Ұпайы аз 2 оқушы ойыннан шығады.


5 тур. «Жорғада» ұпайлары жоғары 2 оқушы сайысқа түседі. «Жорға» ережесі бойынша оқушылар жеке-жеке бір минутта сұрақтарға жауап беруге тиіс.


Ойыншыларымызға әділ бағасын беретін әділқазы мүшелері:

Оқу ісінің меңгерушісі Рина Батихан

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қабаева Ардақ Оспанқызы

Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Сейтимбетова Гүлнар Нұрмолдақызы




Таныстыру. Алфавиттік рет бойынша оқушылар өздерін таныстырып, мақсаттары мен ұстанымдары туралы қысқаша айтады.




І тур. Бәйге

Жай отырмай қошеметпен келдіңіз...

Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.

Жүзден жүйрік шығарар,

Бәйге турын көріңіз.


Сұрақтар:

1. Жеті майшам жанып тұр, төртеуін сөндірсек неше майшам қалады? (7)

2. Евразия материгінің ең биік тау жүйелері (Гималай )

3. Жер шарын айналып шыққан кім? (Магеллан)

4. Абайдың неше қара сөзі бар? (45 сөз)

5. Ау, қызғыш құс, қызғыш құс! Кімнің өлеңі (Махамбет)

6. Екі немесе бірнеше адамның сөйлесуі (Диалаог)

7. Жасымда ғылым бар деп ескермедім! (Абай)

8. Дүниежүзінде неше құрлық бар? (6)

9. Дүниежүзінде неше мұхит бар? (4)

10. Судың химиялық формуласы. (Н2О)

11. Өзеннің басталатын жері (Бастауы)

12. Жер бетінде су көп пе, жоқ әлде құрлық па? (71% -су, 29% -құрлық).

13. Дүние жүзіндегі ең терең көл қалай аталады? (Байкал)

14. Әлемдегі ең тұзды су қай теңізде? (қызыл теңізде)

15. Дүние жүзіндегі ең үлкен көл ? (Каспий теңізі)

16. Евразияның оңтүстігі қандай мұхитпен шектеседі? (Үнді мұхит)

17. Жердің қатты қабаты ? (Литосфера)

18. Экватор ұзындығы неше км.? (40 000 км)

19. Ауа қабаты ғылыми түрде қалай аталады? (Атмосфера)

20. Жер шарының кішірейтілген моделін қалай атайды ? (Глобус)


Ұпайы аз 2 ойыншыларымызбен қоштасамыз!


ІІ тур. Полиглот.

«Жеті тілді білсең, бар әлемді билейсің»

1. Бес ін, бес іннің ауызы бір ін. (қолғап – перчатка, варешки - glove). 2. Күн мен түн теңелетін жыл мезгілі. (көктем –весна - spring)

3. Батырмасын бассаң, қажетті файлды ашасың. ( тышқан, мышка, mouse)

4. Қабат-қабат қаптама, ақылың болса аттама. (кітап – книга - book). 5. Екі тыңшысы, отыз екі бөрісі бар. (бас – голова - head). 6. Егер Т-дан бастасаң санмын, Т-ны алып тастасаң жаумын. (өрт – огонь, пожар - fire). 7. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да, ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш – линейка – line, ruler).

8. Әр адамның шағын отаны (отбасы – семья - samily)

9. Жүз мүйізі бар, үстінде киізі бар (киіз үй – юрта -yurt) 10. Жеті қазынаның бірі - (ит – собака - doq )

11. Аса қажет өмірге халық үшін,

Пайдаланады күн сайын жарық үшін. (ток, ток, energy)


Ұпайлары аз 2 ойыншымен қоштасамыз!


ІІІ тур. Ғажайып алаң.

Мәңгі бақи есте қалар,

Ғажайып бір кеш болсын.

Білімдірек шәкірт озар,

Қиынырақ сұрақ болсын


Қазақ тілі

5 балл: Қазақ тілінде қанша дыбыс бар? (37 дыбыс, 42 әріп бар) 10 балл: Көптік жалғаулар (лар, лер, дар, дер, тар, тер)

15 балл: Заттың түрін, түсін, сапасын, көлемін білдіретін сөз табы (Сын есім) 20 балл: «Менің атым Қожа» повесінің авторы кім? (Бердібек Соқпақбаев)

Геометрия

5 балл: Жазыңқы бұрыштың шамасы.( 1800)

10 балл: Диаметрі 8 м тең болғанда, радиус неге тең? (4м)

15 балл: Бұрышты тең екі бөлікке бөлетін кесінді (Биссектриса.)

20 балл: Бір нүктеден таралған екі сәуледен құралған фигура. (Бұрыш)


Физика

5 балл: Материяның ажырамас қасиеті? (Қозғалыс)

10 балл: Атомдағы теріс зарядталған бөлшек ? (Электрон)

15 балл: Бүкіләлемдік тартылыс заңын кім ашты ? (Ньютон) 20 балл: Қозғалыс траекториясының бойымен дененің жүріп өткен арақашықтығын не дейді ?(Жол)

Информатика

5 балл: Принтердің неше түрі бар? (3)

10 балл: Вирустың кері әсерін жоятын бағдарлама? (Антивирус)

15 балл: Компьютердің қосымша құрылғыларын ата? (тышқан, принтер, сканер, модем, дыбыс колонкалары, микрофон.) 20 балл: Қазіргі таңда бұл адам атақты Mikrosoft компаниясының президенті ( Билл Гейтс.)

Ұпайлары аз 2 оқушымен қоштасамыз!


ІV. Тур. «Қиял әлемінде» Алдын ала берілген тақырып бойынша эссе жазып келеді.Тақырып «Менің болашақ мамандығым». Қорытындысы бойынша ұпай беріледі. Ұпайлары аз 2 оқушымен қоштасамыз.


V. Тур. Жорға.

1-ші оқушыға.


1. Жылдан құр қалған жануар (Түйе) 2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі (Қазақ тілі) 3. Басты байлық (Денсаулық) 4. Ел басқару саласындағы ең жоғарғы лауазым туы (Президент) 5. Қара алтын (Мұнай) 6. Ұя салмайтын құс (Көкек) 7. Он екі ай (Жыл) 8. «Кел балалар оқылық» өлеңінің авторы (Ы. Алтынсарин) 9. Абайдың әжесі (Зере) 10. Көру мүшесі (Көз) 11. Қазақстан астанасы (Астана) 12. Жер бетінің қағазға кішірейтіліп салынған бейнесі (Карта) 13. Заттың сынын білдіретін сөз табы (Сын есім) 14. 9 мамыр қандай күн? (Жеңіс күні) 15. Жаңа туған балаға ат қойып, оны алғаш бесікке бөлеу дәстүрі (Бесік той) 16. Күйді орындайтын адам (Күйші) 17. Ақан Серінің тұлпары (Құлагер)


2-ші оқушыға:

1. Жыл басы не? (Тышқан) 2. Қазақстан Республикасының ұлтаралық тілі (Орыс тілі) 3. Адам денесінің тірегі (Қаңқа) 4. Үкіметті кім басқарады? (Премьер - министр) 5. Ақ алтын (Мақта) 6. Орман дәрігері (Тоқылдақ) 7. 7 күн (Апта) 8. «Менің атым Қожа» повесінің авторы кім? (Бердібек Соқпақбаев) 9. «Абай жолы» роман - эпопеясының авторы кім? (Мұхтар Әуезов) 10. Есту мүшесі (Құлақ) 11. Қырғызстан астанасы (Бішкек) 12. Заттың қимылын білдіретін сөз табы (Етістік) 13. 16 желтоқсан - қандай күн? (Тәуелсіздік күні) 14. Баланы тәй – тәй бастырып, күрмеу жібін шешетін кезең (Тұсау кесу) 15. Біржанмен айтысқан қыз (Сара) 16. Қобыландының тұлпары (Тайбурыл)

Марапаттау. Ұпайы жоғары оқушы «21 ғасыр көшбасшысы» атанады. Сыйлықпен және мақтау қағазымен марапатталады.

Осымен бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз! Ойынға қатысушыларға үлкен рахмет айтамыз, алдағы уақытта биік шындардан көрініп, еліміздің білімді де өнегелі азаматтары мен азаматшалары болуларыңызға тілектеспіз!

Сау болыңыздар!





Көркем еңбек пәнінің мұғалімі К.К.Карбузов

09.02.2023 ж.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.03.2025
122
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі